Диплом жұмыс Тақырыбы: Бүтін сандар жиынында теңдеулерді шешу. Орындаған: Нысанова Эльмира


Бүтін сандарда шешілетін байырғы қазақ есептері



бет200/213
Дата22.12.2019
өлшемі2,18 Mb.
#54313
түріДиплом
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   213
Байланысты:
Дип.-Бүтін-сандар-жиынында-теңдеулерді-шешу

2.6 Бүтін сандарда шешілетін байырғы қазақ есептері

Жүз қаз

Көктем. Жасыл жазираны жайлап отырған ауыл үстінен терістікке қарай үшбұрыш тәрізденіп бір топ қаз қаңқылдап ұшын өтеді. Қаздардың бірі қанаты қайрылып, жерге құлап түседі.

Өз тобынан қалып қойған қаз қайта ұша алмайды. Келесі күні оның үстінен үшбұрыштанып көп қаз баяу ұшып өтеді. Жаны жабырқау жалғыз қаз қанаттастарына:

- Сәлем алейкум, жүз қаз,- деп сағынышпен сәлемдеседі.

- Уәлейкум үссәлем, жалғыз қаз,- деп үн қатады қаздардың көсемі. Бірақ біз сен айтқандай, жүз емеспіз. Жүз болу үшін бізге әуелі өзіміздің санымыздай сан қос, одан соң сол қосқаныңның жартысын, одан кейін оның жартысын, ең ақырында өзіңді қос, сонда бәріміз жүз боламыз.

Көл жағасында отырған жалғыз қаз әрі-бері ойланып-толғана келіп, үстінен ұшып өткен қаздардың қанша екенін біледі.

Жаз өтіп, күз таяған шақта жалғыз қаз жайлаған көл үстінен оңтүстік жаққа бет алып бір тізбек қаз жіптей созылып өтеді.

- Сәлем алейкум, жүз қаз,- деп көлдегі жалғыз қаз оларға ебелектеп сәлем береді. Қаздардың көсемі оның сәлемін қабылдап алысымен үн қатады:



- Біз жаздай балапандап көбейдік, енді бес топ болып ұшып барамыз. Артымыздағы қаздар біздей ғана, одан кейінгісі екі есе, одан кейінгісі үш есе, ең соңғымыз төрт есе көппіз. Бәрімізге сен қосылсаң жүз боламыз.Жалғыз қаз олардың әр тобында қанша қаз бар екенін дәл есептеп табады. Мұны жалғыз қаз қалай білген.

Шешуі: Көктемде ұшқан қаздар санын табу үшін, олардың әуелгі санын деп алып, бір белгісізі бар теңдеу құрастырамыз және сол теңдеуді шешеміз.









Күздегі қаздар санын табу үшін, бірінші топтағы қаздар санын деп алып, әуелдегідей теңдеу құрастырамыз.







Жауабы: Көктемде ұшқан қаздар саны 36. Күзде ұшқан қаздардың бірінші тобы 9, екінші тобы да 9, үшінші тобы 18, төртінші тобы 27, бесінші тобы 36.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   213




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет