Диплом жұмысы 5В010200 «5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»



бет6/17
Дата30.06.2020
өлшемі370 Kb.
#74710
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Диплом

Зерттеу объектісі: 2 сыныптың қазақ тілі сабақтарындағы шығармашылық қабілеттері.

Зерттеу әдістері: теориялық, ғылыми-әдістемелік әдебиеттер мен жаңашыл педагогтардың тәжірибелері және баспасөзде жарық көрген ғылыми еңбектерді жинақтау, сұрыптау, талдау, тест әдісін қолдану., және т.б.

Дипломдық жұмыс құрылымы: кіріспеден, екі бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшадан тұрады.


  1. МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ




    1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың шығармашылық қабілетін

қалыптастыру

2000 жылдың 30 қыркүйегінде қабылданған "Білім" мемлекеттік бағдарламасы қоғамның экономикалық және әлеуметтік маңызды факторы ретінде білім берудің ұлттық моделін дамыту шығармашылық тұлға қалыптастыруға бағыт алу ақыл-ой қорын жинау сияқты мақсаттарын көздейді. Елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, мұғалімнің жаңаша жұмыс істеуін, шығармашылық ізденісін, балалардың белсенділігін, қабілетін арттыруды талап етеді. Қазақстанда Ж.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің, М.Жанпейісованың және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда. Бұл технологиялардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мысалы: тірек сигналдары арқылы оқыту технлогиясының ерекшелігі [4,5,6].

- үнемі қайталау, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;

- ізгілік, ықпал, жеке бағдарлы қарым-қатынас;



Ойын арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі;

- ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизм жеке

- бастың өзіндік талап - талғамына сүйену;

Модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі:

Білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін, танымдық процестерді арнайы жасалған оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту;

Ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру; т.б.

Ұлы неміс педагогы А.Дистерверг әйгілі "Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық" атты еңбегінде "Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойлауға үйретеді" деген [7].

Неміс педагогы И.Ф.Гербарт өзінің оқыту теориясының негізіне әр саладағы қызғушылықты алған. Адамдағы қызығушылықтар қоршаған дүниені танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты. Қызығу туралы психолог мамандар мынадай өз ой-пікірлерін жетік түсіндірген [8].

1)Қызығу мұқтаждықтан пайда болмайды.

2)Адамның қызығуларын соқыр сезімдерге теңейді.

3)Адамның қызығулары ерте кезден бастап нәсіл арқылы соқыр сезімдер, инстинктер ретінде ата-анасынан баласына көшіп отырады.

4)Сыртқы дүниемен байланыспайды. т.б. Қызығу мектепте оқу-тәрбие үрдісінде өте қажетті шарттар, яғни мәселелер болып табылады.

Қызығудың кіші мектеп жасындағы балалардың жақсы оқуына, оқығанын ары қарай дамытуына, адамгершілігі мол, шығармашыл етіп тәрбиелеуіне ықпалы зор.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжиірбелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Сонымен қатар халыққа Жолдауында ел дамуының негізгі кепілі - білім саласын ешуақытта назардан тыс қалдырған емес. Білім сапасын көтеріп, мұғалім беделін арттыру, жаңа мектеп, балабақша салу сынды жұмыстар елбасының тікелей тапсырмасымен кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Алдағы үш жылда мектеп жетіспеушілігін жойып, білім ордаларын мүмкіндігінше екі ауысымға ауыстыру керектігін алға тартты.Сондай-ақ, үлгерімі жоғары студентер мен балалардың қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құру қажеттігін айтып өтті. «Мәңгілік Ел» стратегиясын қолдаушы да, жалғаушы да осы ұстаздар қауымы болмақ. Өйткені,мұғалімдер оқушыларға дұрыс бағыт –бағдар бере отырып еліміздің болашағын қалауға атсалушы [1].

Бастауыш сынып мұғалімі үшін, оқушы жазылмаған ақ қағаз секілді таза, пәк. Мектепке дейінгі мекемедеоқытудың негізгі міндеті – баланың жеке басының жан-жақты қалыптасуын қамтамасыз ету, оның қабілетін анықтау мен дамыту, білімдерін ашу, дұрыс түсінік қалыптастыру. Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімдердің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөзге аса мән беріп курста оқыған модуль туралы қысқаша тоқталайық.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет