Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы



Pdf көрінісі
бет28/48
Дата16.06.2020
өлшемі0,77 Mb.
#73621
түріДиплом
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48
Байланысты:
Отбасындағы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық қарым-қатынастың тиімділігі.-конвертирован

отбасындагы ата-ананың тәрбиелік ықпалымен пара-пар екенін дәлелдейді. 

Өйткені,  өнегелі  отбасында  ғана  тәрбиелі  ұрпақ  өсіп  жетіледі.  Қазіргі 

қоғамымыздың  өтпелі  кезеңінде  бала  тәртібінде  мәдениетті  сөйлеу 

белгілерін  қалыптастыруда  ең  алдымен  отбасы  жагдайының  әсері  зор. 

Бүгінде ата-ана болу - әрі қиын, әрі күрделі іс. Ертеректе бала тәртіпсіздік 

істеп, дөрекі қылықтар  көрсетсе, ол бала туғанда сондай болып туған деп 

түсіндірілсе,  соңғы  зерттеу  нәтижелері  бұл  ойды  толығымен  теріске 

шығарып  отыр.  Отбасы  тәрбиесі  кешенді  педагогикалық  мақсаттылық 

арқылы  іске  асатынын

 

психологиялық-педагогикалық  әдебиеттер 



талдауына сүйене отырып, дәлелдеуге тырыстық. А.С.Макаренко "... бала 

тәрбиесінде ата-ананың іс-қимылының өзі шешуші рөл атқарады", - дейді. 

Тәрбие өмірдің әр сәтінде, тіпті ата-ана үйде болмаған кезде де іске асады. 

Тәрбие  ата-ананың  қалай  киінетініне,  өзгелермен  қалай  сөйлесетініне, 

олар  туралы  не  ойлайтынына,  қалай  жүріп-тұрып,  күлетініне  де 

байланысты, осы іс-әрекеттердің бәрі де бала үшін маңызды.

 

Қазіргі  балалар  өздерінің  60-70  жылдардағы  құрбыларынан 



«білгіштіктерімен»  ерекшеленсе  де,  олардың  эмоциялды  көңіл-күйлері 

қарбалас, олар айналада, больш жатқан өзгерістерді қажет деңгейде дұрыс 

бермейді.

 

Бұрын балаға тәрбиелік ықпал ата-ана тарапынан ғана берілген болса, 



бүгін  көгілдір  экран,  ғаламтор,  кино,  радио,  сурет-кітапшалар  балаға 

алмастыруда.  Ата-ана,  ата-әжесінің  айтып  берген  әңгіме-ертегілерін 

тыңдап,  отбасы  тәрбиесінің шырынымен сусындаған бала мен бос уақытын 

сағаттар  бойы  теледидар  алдында  дисней  кейіпкерлерін  тамашалаумен 

өткізген  баланың  тәртібі  екі  түрлі  болатыны  көрінеді.  Міне,  сол  себепті 

баланың жеке тұлға болу ісінде отбасы мен ата-ана әсері өте ерекше. Бұл 

жайында  кеңес  одағы  педиатры  А.Ф.  Турр,  бала  бес  жасқа  келгенше, 

міндетті  түрде  отбасында  тәрбиеленуі  керек  деген  пікір  айтқан.  Бала 

тәрбиесінде  міндетті  түрде  психологиялык-педагогикалық  сауаттылық 



41 

 

қажет  екені  көрінеді.  Ата-ана  тәрбие  әрекетінде  баланың  жеке-дара 



ерекшеліктерін  ескерген  жағдайда  ғана  бала  тәрбиесі,  оның  қарым-

қатынас мәдениетін қалыптастыру нәтижелі болады.

 

Отбасьтнда балаға толық еркіндік берген ата-ана да, балаға шексіз бағып-



қағу (гиперопека) көрсеткен ата-ана да үлкен қателік жіберетіні көрсетілді 

[44].


 

Ғылыми  және  халықтық  педагогика  арасындағы  қатынастар  әрдайьш 

бірлескен  әрекет  негізінде  қаланған  жоқ.  Екі  жақтан  да  бір-бірінің 

жетістіктері мен тәжірибесІне немқұрайлы қараушылықты жеңіп, ғылыми, 

академиялық  психологияның,  педагогиканың  бай  тарихында,  көптеген 

теориялық  және  экспериментальды  зерттеулерінің  нәтижелерін  орынды 

пайдалану қажет.

 

Халықтық  педағоғика көбіне жеке адамның өз баласын тәрбиелеудегі 



жеке  тәжірибесінің  нәтижесі.  Ол  адамдар  академиялық  психологияға 

тікелей қатысы жоқ, педагогика мен психология саласында арнаулы білім 

алмаған.  Дегенмен  де,  ұлттық  тәрбие,  ұлттық  дәстүр  тәжірибесі  де  ата-

аналар жүрегінен орын алуы қажет.

 

Жас  ата-аналар  бөбекті  төрбиелеуде  халық  даналығы  мен  өмір 



тәжірибесіне  сүйенуге  тырысса,  дұрыс  тәрбиенің  іргесі  қаланбақ.  Жас 

жұбайлар алдындағы мәселелер әрине кәп. Отбасындағы тәрбие мәселесін 

шешуде  әсіресе  қалалық  жерлерде  түрлі  клубтар,  биресми  отбасы 

бірлестіктерін құрып, туындаған мәселелерді шешуге тырысады.

 

Дегенмен, зерттеу мәселесі бойынша жарық көрген педагогикалық  және 



психологиялық деректер көптеген қазақ отбасында баламен ұйымдастырылған 

дұрыс  қарым-қатынас  мәселесіне  айтарлықтай  көңіл  бөлінбей  отырғанын 

көрсетті.

 

Аталған  мәселені  шешу  мақсатында  зерттеу  жұмысымыздың  бірінші 



бөлімінде  қазақ  отбасындағы  ата-аналардың балалар психологиясына  қатысты 

білімдерін жетілдірудің кейбір әдіс-тәсілдері ұсынылып отыр (2-3 суретте). Ата 

-  ана  бала  бойында  қарым-қатынас  мәдениеті,  дұрыс  қатынас  жасау  әдебін 

үйретуде,  өздері  осы  мәселе  төңірегінде,  яғни  қарым-қатынас  мәдениеті 

бойынша  білім-тәжірибемен  жан-жақты  қаруланып, оны түзету, алдын алу 

шараларымен таныс болулары керек.

 

Қазақ  халкының  отбасындағы,  әулеттегі  әдеп-ғұрып  қағидалары,  әдеп 



нормаларын  бала  тәрбиесінде  дұрыс  қолдану  айрықша  орын  алған.  Балаға 

нәресте  кезінен  -ақ  ізеттІлІктің,  әдептіліктің,  инабаттылықтың  әліппесін 

үйретіп,  тілін  ашуға  тырысқан.  Осы  қағидаларды  қазіргі  өмір  талабына  сай 

пайдалана білу қажет екені көрінеді. Кез келген мемлекет іргетасының берекелі 

болуында  мәдениеттің,  ғылым  мен  білімнің  атқаратын  рөлі  ерекше  болса, 

мәдениеттің байып, көркейуінде ең басты қарым-қатынас құралы - тіл, сөйлеу 

мәдениетінің  де  орны  айрықша.  Қазақ  баласының  бойында  осы  аталған  тіл 

мәдениеті  сапаларының  басты  көрсеткіштері  ата-ананың  отбасы  -  ошақ 




42 

 

қасында жүргізген педагогикалық, психологиялық тәрбие шараларына тікелей 



байланысты жүзеге асады.

 

Зерттеу  мәселесі  бойынша  жарық  көрген  педагогикалық  және 



психологиялық 

еңбектердің 

теориялық 

талдауының 

негізінде, 

материалды  жағынан  бірқатар  қиындықтар  көріп  отырған  көптеген  қазақ 

отбасында  бала  тәрбиесіне  айтарлықтай  көңіл  бөлінбей  отырғаны 

байқалды. 

Осы 

тұрғыда 


"қарым-қатынас 

мәдениеті" 

ұғымына 

өз 


анықтамамызды  бердІк.  Мәселені  дұрыс  шешу  үшін  зерттеу  жұмысымыздың 

бірінші  тарауында  қазақ  отбасындағы  ата-аналардың  психологиялық-

педагогикалық  білімдерін  жетілдіру  жолдары  ұсынылып  отыр.  Ата-ана  бала 

тәрбиесіндегі  педагогтық  позициясын  түрлі  әрекеттер  орындау  арқылы 

көтерулері тиіс, ол үшін:

 

1.  Ата-аналардың қазіргі ғылыми жетістіктерге және ұлттық 



педагогика, психология құндылықтарыыа сүйеығен педагогикалық- 

психологиялық сауаттылықтарын арттыру; 

2.  Ата-аналардың балабақшалармен тығыз байланыста болуы; 

3.  Ата-аналарға тәрбиешілерге арналған психологиялық- 

педагогикалық көмектер көрсету. 

Осы 


көрсетілген 

теориялық 

жағдайлар 

мен 


Қ.Т.Шериазданова, 

К.Ж.Қожахметова,  Х.М.Махмудовтардың  қағидалары  негізінде  біз,  мектеп 

жасына  дейінгі  баланың  қарым-қатынас  мәдениетін  қалыптастырудың 

құрылымдық  үлгісі  жасалынды.  Сонымен  бірге  қарым-қатынас  мәдениеті 

қалыптасуының  өлшемдері  мен  көрсеткіштері 

нақтыланып,  деңгейлері  (ата-

ана  үшін  де,  бала  үшін  де)  анықталды  (6  сурет).  Келесі  тарауда  аталған 

мәселелердің  іс  жүзінде  берген  нәтижелері  туралы  баяндалады. 

Құрылымдық  үлгі  отбасындағы  тәрбие  үлгісін  ұлттық  тұрғыдағы 

(С.Қалиев,  Н.Қожахметова)  ғылыми  негізделген  (Қ.Т.Шериазданова) 

бағытта ұйымдастыруды көздейді.

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет