Тіл тарихи, мәдени және өмірлік құндылық.Тілді жасау және қалыптастыру ұзақ уақытқа созылатын үрдіс. Әр халық өз тілін жақтаушы ұжым болып келеді. Тілдегі сөздер қоршаған ортадағы құбылыстың, заттық ұғымның атауын білдіреді. Қай тіл болсын қалыптасу, даму барысында әр түрлі жайларды басынан кешіреді. Тілдер де тарихи қиыншылықтарды басынан өткізеді. Қазақ тілі тамыры тереңге кеткен араб,моңғол,орыс тілдерінің көлеңкесінде кетпей, еңсесін түсірмей өмір шеңдігін, ұзақ өмір сүретіндігін танытты. Қазақ тілі — үлкен ғажайып тіршілік әлемі. Ол қазақ деген халықтың тарихымен ұштасып жатыр. Қазақ әдеби тілінің қазіргі қоғам өмірінде алатын орны орасан зор. Сондықтан оның әр түрлі салаларын зерттеу, әсіресе күнделікті өмір талабына сай келетін мәселелерін зерттеуге көп көңіл бөліну керек. Тіл мәдениеті халықтың жалпы мәдени дәрежесімен, әдеби тілдің қандай белесте екенімен тығыз байланысты. Халықтың жазу, әдеби мұралары, тіл жұмсау, сөйлеу өнері неғұрлым жоғары болса, әдеби тілдің мәдениеті де солғұрлым биік болмақ. Қазіргі қазақ тілі әр алуан әдебиет майданында шыңдалған, кемеліне келген бай, мәдениеті жоғары тілдің бірі деуге болады. Қазақ халқының негізгі рухани құндылықтары тілі арқылы қалыптасып дамыды. Тіл ұлт жүрегінің бір бөлшегі. Тілді қасиет деп түсінбейінше, оның алдындағы қызметте айтарлықтай салмақ та болмайды. Қазір әлемді «жаһандану үдерісі» қарқынды жүріп жатқаны белгілі. Бұл әрбір халықтың ұлттық мәдениетіне, оның мазмұнына айтарлықтай кері ықпал етеді. Ал тіл туралы айтар болсақ, жаһандану – ұлт тіліне де қауіп төндіреді. Демек, мұндайда біз өз тілімізді он есе, жүз есе қорғауға күш салуымыз керек. Халықтың рухани құндылығы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгі өмір сүруі тиіс. Ұлттық сана-сезімді қалыптастыру қажет. Ол туа біткен биологиялық қасиет емес, ол әлеуметтік, яғни тарихи қалыптаса отыратын қасиет. Ең алдымен біз ана тілі – қазақ тілін өзіміздің қазақтар үйреніп, басқаларға үйреткеніміз жөн. Соңғы жылдары біраз жетістіктерге де жетіп жатырмыз. Десек те тіл білмейтіндердің қатары азаяр емес. Өзге тілді білгенің өте жақсы.
Бұл – тіл білер азаматтың артықшылығы. Оны ешкім сенен тартып ала алмайды. Бірақ өзің суын ішіп, топырағын басып жүрген жеріннің, еліннің тілін білмеуге болмайды, әрі ол – Қазақстан азаматының міндеті. Қорыта айтқанда, қазақ тілінің – мемлекеттік тіліміздің өркендеуіне әрбір азамат өзінің үлесін қосса, тарих алдында атқарған қасиетті парызы болар еді.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1. https://adyrna.kz/
2. https://martebe.kz/l
3. https://ult.kz/p