Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі
Мақсаты:
Оқушыларды ата-бабамыздың ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен таныстыру.
Оқушыларды халықтық салт-дәстүрден нәр алып өсуіне инабаттылыққа, мейірімді, қайырымды болуға тәрбиелеу.
Халықтық салт-дәстүрімізді, ұлттық мұрамызды дамыту
Көрнекілік: нақыл сөздер, қабырға газеттері, буклеттер
Сабақтың барысы
І. Кіріспе бөлім
ІІ. Негізі бөлім
Таныстыру
Көрініс
Шешендік сөздер, салт-дәстүр, ырым , тыйым сөздер
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сұрақтарға жауап беру
І.Кіріспе сөз.
Құрметті ұстаздар бүгінгі «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» атты тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
Бүгінгі «Ұлттық тәрбие – ұлағат көзі» атты тәрбие сағатында ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, кейінгі ұрпаққа жеткен мұрасымен танысамыз. Атамыз қазақ бір ауыз сөзбен қуантып, бір аыуз сөзбен жауын орнынан тұрғызбай тастаған шешен, қайсар, кеңпейіл халық болған.
Ізетіңді түйме етіп,
Иманыңды күйме етіп
Жүрші балам,
Жамандықты күйретіп,
Балалар бабаларымыздың жақсы дәстүрін бойларына сіңіріп, жалғастырып, жамандықтан аулақ, жаны таза, елжанды ұрпақ болыңдар!
ІІ. Негізгі бөлім
1 – бастаушы
Армысың , аманбысың асыл халқым,
Әрқашан арта берсін сенің даңқың.
Ұмытпай қазағымның ата-салтын
Әрқашан арат берсін сенің даңқың.
2-бастаушы
Қашанда жақсылардың соңына ерем,
Көкейден жыр нөсерін бүгін
Бүгінгі «Ұлттық тәрбие- ұлағат көзі» атты
Тәрбие сағатына қош келіпсіздер!
1-бастаушы
Мен қазақпын, биікпін байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім.
— Балалар! Ұлтымыздан, бабамыздан бізге не қалған.
1-топ Шешендік сөз нәрі
2-топ Салт-дәстүр нәрі
3 топ Ырым, тиым сөздер
2-бастаушы
Жаңарғаны сананың
Ұмытады мұны кім?
Ата-баба дәстүрін,
Жайып салар келді күн.
Олай болса, топтардың таныстыру кезеңіне сөз берейік, дайындаған қабырға газеттерін таныстырып өтеді.
1-топ Шешендік сөз нәрі
2-топ Салт-дәстүр нәрі
3 топ Ырым, тиым сөздер
1-бастаушы:
Атадан ұл туса игі,
Ата жолын қуса игі.
Өзіңе келер ұятын,
Өзі біліп тұрса игі! – деп Төле би айтқан екен. Олай болса ендігі кезекте ата жолын қуып жүрген «Шешендік сөз нәрі» тобы дайындап келген көріністерін көрсетеді
1-бастаушы:
Алтын ұяң – Отан қымбат,
Құт берекең – атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Асқар тауың — әкең қымбат,
Туып — өскен жерің қымбат,
Ұят пенен ар қымбат,
Өзің сүйген жар қымбат- деп Қаз дауысты қазыбек би айтқан екен. Келесі кезекті 2-топ «Салт-дәстүр» тобына береміз.
2-бастаушы:
Ашу деген ағын су,
Алдын ашсаң арқырар,
Ақыл деген дария,
Алдын тоссаң тоқырар,
Кісі бірге туыспау керек,
Туысқан соң сөз қуыспау керек,
Сөз қуған бәлеге жолығады,
Жол қуған олжаға жолығады, — деп әйтеке би айтқан екен. Олай болса 3-топ «Ырым, тиым сөздеріне» кезек береміз
1-бастаушы.
Жәнібек халықты жиып:
-Үш арсыз, үш ғайып, үш жетім болады, соны кім табады?-депті.
Жиналған халық көп дағдарып:
Үш арсыз: ұйқы арсыз, күлкі арсыз, тамақ арсыз.
1-бастаушы:
Үш ғайып : қонақ ғайып, несібе ғайып, ажал ғайып деп шешіпті.
Бірақ үш жетімді ешкім таба алмапты.
2-бастаушы:
Сонда Жәнібек хан:
-Елде келмеген кім қалды? Деп сұрапты.
-Келмеген Қарабас шешен қалды, -депті халық.
Жәнібек хан Қарабас шешенді шақырып алып жауабын содан сұрапты.
1-басатушы:
Сонда Қарабас:
-Жетім үшеу емес, бесеу еді ғой – депті де:
Оты жоқ жер жетім,
Басшысы жоқ ел жетім,
Елінен ауған ер жетім,
Тыңдаусыз қалған сөз жетім,
Жоқтаусыз қалған қыз жетім, — депті. Қалай тауып айтылған шешендік сөздер
Олай болса «Шешендік сөз нәрі» тобына кезек береміз.
2- бастаушы
Ата-баба ардақты,
Жамандыққа бармапты.
Ардақ тұтып үлкенді,
Ата жолын жалғапты .
2-топ « Салт-дәстүр нәрі»
Ата-бабамыз кейбір сандарды қасиетті деп есептеген. Ол сандар 3,5,6,7,9 т.б.
Үш байлық, -Төрт мұрат, -Бес қару, -Алты парыз
1-бастаушы:
Ата –салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты,
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
3-топ «Ырым, тиым сөздер»
2-бастаушы
Тілім барда қазағым бар, халқым бар,
Дәстүрім бар , ата – жолы салтым бар.
Кең даладай жиналмаған шалғайы,
Аңқау, ашық мінезім бар аңқылдақ.
1- бастаушы
Көк байрағым, ар-намысым жігерім,
Әнұраным қайрат күшім тірегім.
Елтаңба бүкіл елдің тарихы,
Тұрмыс салтым, тағы сонда білемін
2-бастаушы
Достарым түсініңдер сөздің нарқын,
Әр кезде бола берсе жүздер жарқын.
Салт-дәстүрін бабамның үйреніңдер
Бақытқа бөлеңдерші қазақ халқын.
ІІІ. Қорытынды бөлім
3 топ өздері бір-біріне сұрақтар қояды.
/ 1-топ 3-топқа, 2-топ 1-топқа, 3-топ 2-топқа /
Нақыл сөздермен жұмыс.
Міне, балалар біз тәрбие алатын ұлтымыздың ата-бабамыздан қалған шешендік сөздері, салт-дәстүрі,ырым, тиым сөздері өте көп. Олардың барлығын бір тәрбие сағатында айтып бітіру мүмкін емес. Әлі де оқып білмегенімізді толықтырамыз!
ХХІ – ғасыр азаматының бойында өркениетті өмірге талпынатын, ата-баба дәстүрін жалғастыратын, кіндік қамы тамған туған жерін, асқақтаған көк тулы Отанын сүйетін, үлкен-кішіге мейірімді, ізетті, текті, дені сау азамат және азаматша болып өсулеріне тілектеспін!