«№236 орта мектебі» КММ
Шуақ ауылы
Жанузакова Ляззат Нурсултановна
бастауыш сынып мұғалімі
Тақырыбы: «Білімділер сайысы»
Мақсаты:1/ Оқушылардың зеректік
қабілеттерін дамытып
ой-өрісін кеңейту, білімге
құштарлықтарын арттыру,
озық ойлы оқушыны анықтау.
2/Оқушылардың дүниетанымын,
білімге қызығушылығын
және ойлау, ойды жүйелеу
қабілеттерін дамыту.
3/ Өз мүмкіндігін дұрыс пайдалана
алатын зерделі тұлғаны
ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:сайыстың аты жазылған
плакат,
Жоспары:
-
Ойынның мақсатымен таныстыру.
-
Ойынның шартымен таныстыру.
-
Ойыншылармен таныстыру.
-
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
-
Жеңімпазды анықтау.
-
Марапаттау.
-
Ұйымдастыру кезеңі.
-
Бүгінгі біздің ойынымыз бірнеше турдан тұрады.
-
Ойынға 3 топ қатысады. Әр топ өзіне жетекші, белгі, ұран дайындады. Ендігі сөз кезегін соларға берейік. Мен топ жетекшілерін ортаға шақырамын, қазір кезекті анықтаймыз.
-
Біреуінің жүрегінің түгі бар,
Біреуінің арқалап жүрген қоғамдағы жүгі бар,
Бәрінен де бастысы – барлығының қатты істейтін миы бар!
Енді әр топ өзін таныстырады.
-
Сайыс болғандықтан жеңімпаз болады. Сол жеңімпазды анықтайтын әділқазылар алқасымен танысайық.
-
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына, - дей келе сайыскерлерімізге сәт-сапар тілейік.
1 тур: «Ертегілер кейіпкерлері»
Кім бұрын жауап берсе 5 ұпайдан алады.
-
Ол беске дейін ғана санау білетін. (Буратино)
-
Алтын жұмыртқаның анасы. (Тауық)
-
Мейіз тауып алған қыз. (Мақта қыз)
-
Алдар алдап кеткен байдың аты. (Шықбермес Шығайбай)
-
Атасы мен апасынан қашып кеткен тентек. (Бауырсақ)
-
8 ағасын іздеп шығатын кейіпкер. (Ер Төстік)
2 тур: «Қызықты сұрақтар»
- Әр топқа екі сұрақтан қойылады. Дұрыс жауап үшін 5 ұпай. Егер топ өзінің сұрағына жауап бере алмаса, қарсыластары жауап бере алады.
-
Бір үйде екі шешесі, екі қызы және әжесі немересімен тұрады. Барлығы неше адам тұрады?
-
Үш сіріңке талынан 4 цифрін құрастыруға бола ма?
-
Аспанда құстар ұшып жүр: торғай, инелік, қарлығаш, шыбын, қарға, ара. барлығы неше құс?
-
Үш таяқтың қанша ұшы бар?
-
Қоршаудың ар жағынан 4 адам аяғы және 4 аңның аяғы көрініп тұр. Қанша адам, қанша аң?
-
10 санын қандай бірдей қосылғыш түрінде жазуға болады?
- Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына берейік.
Ән «Ертегілер әлемінде»
3 тур: «Кім жылдам?»
-
Бұл өзеннің жағасында Семей, Өскемен, Павлодар қалалары орналасқан. Қай өзен? (Ертіс бұл өзеннің атауы жертесер дегенді білдіреді деген болжам бар.)
-
Қорқақ адам бейнесінде суреттелетін аңның түрі? (қоян)
-
Екі ақынның сөз өнерімен сайысы? (айтыс)
-
Қыста жейтін малдың етін не деп айтады? (соғым)
-
Дөп-дөңгелек доптай,
Іші қызыл шоқтай.
Дәмін татып көрсең
Одан дәмді жоқтай. (қарбыз)
-
Елі байдың,
.... жалғастыр.
-
Жүрсем ол да жүреді, тұрсам менімен бірге тұрады. Ол не? (көлеңке)
-
Оның ата-анасының қойған аты Ерасыл еді. Ол кім?
-
Қазақ қыздарының бас киімі. (сәукеле)
-
Ұлыс күні жасалатын тағам. (Наурыз көже)
-
Жалт-жұлт етер,
Жер бетіне жетер. (найзағай)
-
Адамның қай мүшесі қорқақ, қай мүшесі батыр?
Би орындалады.
4 тур: «Жекпе-жек»
Бірінші ойыншыға.
Б- дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?
Көл-
Батыр-
Әнші-
Сәндік бұйым-
Ат жарысы-
Космодром-
Малдың төлі-
Құс-
Қ – дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?
Мемлекет-
Қала-
Батыр-
Музыкалық аспап-
Ұлттық тағам-
Төрт түлік-
Жәндік-
Әнші-
А- дыбысынан басталатын сөздерді көп білесің бе?
Қала-
Хан-
Ұлттық тағам-
Көл-
Ақын-
Жеміс-
Кісінің аты-
Аң-
-
Енді әділқазылар алқасы жеңімпазды анықтағанша сіздер 3 сынып оқушыларының орындауында би тамашалаңыздар.
Марапаттау.
Достарыңызбен бөлісу: |