СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ
М.Ж. Дүйсебекова
1
, М.Н. Муслманбекова
2
1
PhD докторант,Сулейман Демирель Университетінің аға оқытушы (Қазақстан,
Қаскелең қаласы), e-mail: zhainagul.duisebekova@sdu.edu.kz
2
Сулейман Демирель Университетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы 1-
курс магистранты, (Қазақстан, Қаскелең қаласы), e-mail: ms.nazerke1998@mail.ru
СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ
682
Аңдатпа
Мақалада субмәдениет және тілдік тұлға ұғымдарына анықтама беріледі. Тілдік
тұлға – сол елдің тілі мен мәдениетін тұтынушы адам екені айтады. Н. Уәлидің «Тіл
экологиясы» мақаласында бөлген тілдік тұлғаның 4 түрі көрсетіледі. Алайда қазіргі
жастардың тілдік тұлғасы ең төменгі деңгейден аспай тұрғаны негізгі мәселе ретінде
көтеріледі. Тілдік тұлғаға әсер етуші факторларды «микро» және «макро» деңгейдегі
факторлардеп көрсетіп, әсер етуші фактордың бірі ретінде – субмәдениетті аталады.
Мақалады субмәдениеттің тілдік тұлғаны қалыптастыруда қалай кері әсерін беріп жатқаны,
мәдениет пен қатар жастар тіліне әсері мысалмен беріледі. Субмәдени топтардың бірінің
тілдік тұлғасы ашылып, қалай әсер еткені мен әсер етуші траекториясын мақалада
мысалмен анықтап көрсетеді.
Түйін сөздер:
субмәдениет, тілдік тұлға, тіл тазалығы, сөз мәдениеті, сөз тазалығы,
сөз дәлдігі
СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ
683
СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ
«Субмәдениет – кедейлікке немесе әлеуметтік қатынастардың жетіспеуіне
байланысты өмір сүретін қауымдастықтың қауымдастықтың шектелу мәдениеті» делінесе
[1], ғалым А.В. Мудрик «субмәдениет – құрамына тасымалдаушылардың өзара түсіністігі
мен қарым - қатынас құндылықтары т.б. көзқарастарды жинақтаған автономды тұтас білім.
Өзіндік қызығушылық, талғам, жаргон, фольклор, ирархиялы бағынулардан тұратын
біртұтас жүйе» деп анықтама берген болатын [2].
Тілдік тұлға – бір жағынан тілді тұтынушы, әрі сол елдің мәдениетін таратушы тұлға.
Тілдік тұлға мәселесін кең зерттеген Ю.Н. Караулов «Тілдік тұлғаны оның тілі арқылы
көрінетін психологиялық, этикалық, әлеуметтік және т.б. компоненттердің жиынтығынан
тұратын тұлға. Тілдік тұлға деп тіл арқылы танылатын және картинасын бейнелейтін
тұлғаны айтамыз» деген болатын [3]. А.С. Әділова: «әрбір адамның тілдік тұлға ретінде
жеке когнитивтік кеңістігі болады, ал ол өз кезегінде түрлі ұжымдық (отбасылық, кәсіптік,
діни, әлеуметтік) когнитивтік кеңістік жиынтығынан тұрады да, өзі өмір сүріп отырған
қоғамның ұлттық, тілдік, мәдени-танымдық базасына сүйенеді. Алайда бір ғана ұлттық
когнитивтік кеңістікке жатса да, әр уақытта өмір сүруіне, қоғамдағы саяси-идеологиялық
ұстанымдардың насихатталуы, ақпарат көздерінің жетікіліксіздігі, жабықтығы, ұлттық
әдебиет,
мәдениет
деректерінің
кейінгі
орынға
ығыстырылуы
сияқты
экстралингвистикалық себептердің әсерінен тілдік тұлғалардың – автор мен оқырманның
когнитивтік базасының өзі түрліше қалыптасатыны кездеседі. Ол, әрине, адамның
әлеуметтену үдерісіне байланысты болады» дейді [4]. Тілдік тұлғаның дамуына ішкі және
сыртқы факторлар әсер етеді. Психологиялық және биологиялық факторлар ішкі факторға
жататын болса, әлеуметтік фактор сыртқы факторға жатады. Әлеуметтік факторға тұлғаның
СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ
684
отбасы мен қарым – қатынас жасайтын ортасы, алған білімі мен тәрбиесі, тілдік ортасы
және оқу орны жатады. Мәдениет орындарының іс-шаралары, бұқаралық ақпарат
құралдарының тұлғаға әсері де сыртқы фактор болып саналады. Ішкі фактор болып
тұлғаның жеке темпераменті, жас және жыныстық ерекшелігі, тілін білуге деген
қызығушылық пен оны еркін сөйлеп үйгенуге деген ұмтылысы жатады. Тілдік тұлға – тілдік
құралдарды үйлесімді пайдаланып, өзінің дүниетанымдық, мәдениеттанымдық, рухани,
ғылыми сұранысын қанағаттандыра алатын, сонымен қатар болашақ өміріне қажетті
ақпаратты ала алатын, ресми қарым-қатынас тілін меңгерген тұлға. (8 – суретте көрсетілген)
Тілдік тұлға – тілдік құралдарды үйлесімді пайдаланып, өзінің дүниетанымдық, мәдениет
танымдық, рухани, ғылыми сұранысын қанағаттандыра алатын, сонымен қатар болашақ
өміріне қажетті ақпаратты ала алатын, ресми қарым – қатынас тілін меңгерген тұлға.
1- сурет. Тілдік тұлғаның қалыптасуына әсер ететін факторлар [5]
Тілдік тұлға болу үшін де бірнеше шарт қойылады:
1. ана тілін жетік меңгерген, еркін әрі таза сөйлеу алуы;
2. әлеуметтік өмірге бейімделген, өз қызығушылығы бар болуы (хоббиі);
СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ
685
3. әдеби тілді шығармашылық тұрғыдан пайдалана алатын, өзіндік ізденімпаздығын
таныта алатын тұлғаны – тілдік тұлға дейміз. Ал Г. Қылышбаева ұлттық
құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаратын тілдік тұлға тәрбиелеу үшін:
- оқушылардың ұлттық сана-сезімін қалыптастыру;
- жас ұрпақ санасына туған халқына деген құрмет;
- рухани-мәдени мұрасын қастерлеу;
- жас ұрпақ бойында жанашырлық, ұлтты сүю, намысшылдық тәрізді мінездерді
қалыптастыру қажетілігін айтады.
Тілдік тұлғаға әсер ететін фактор ретінде:
-
отбасы, алған тәрбиесі және білім деңгейі;
-
қоғамдық- әлеуметтік жағдайлар;
-
жаңа білімді меңгеруге деген ынта мен жаңаны білуге деген қызығушылық;
-
қоғамдық үшін, айналасы үшін маңызы бар адам болу;
-
сөйлеу әрекетінде тілдің бай қазынасын пайдалан алу, жаңа тілдік
жаңалықтарды тез сіңіре алу жатады.
Тілдік тұлға болудың өзіндік жіктелген категориясы мен дәрежесі бар. Н. Уәли «Тіл
экологиясы» мақаласында тілдік тұлағаны төрт түрге бөліп көресетеді:
1.
әдеби тілді шығармашылық деңгейде тұтынатын тип. Бұлар элитарлық тілдік
тұлға.
2.
әдеби тілдің ауызша, жазбаша нормаларын сақтай білетін, ара-тұра
кодификацияланған нормалардан қате жібетерін, сөйлеу тілі мен кітаби әлеуеті кей тұста
айқын аңғара алмайтын мәден –тілдік орташа тип. Сан жағынан да басым осы орташа топ.
СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ
686
3.
негізінен әдеби сөйлеу тілін қолданатын, арасында қарапайым сөйлеу тіліне
тән элементтерді қосып сөйлейтін тілдік мәдени тип. Сан жағынан да, шамамен, орташа
топтан кейінгі тип.
4.
қарапайым сөйлеу тілімен сөйлейтін, бейәдеби элементтер мен диалектілерді
қолдана білетін тип [6].
Қазіргі таңдағы қазақ тілді жастардың басым көпшілігі төртінші типке жатады.
Тілдің сақталуы үшін кепіл болатын орта және орташа топ. Сол себепті де тілдік
ортаның ұйытқысы болуы үшін олар орта типтенген тілдік тұлға болуы керек. Алайда
бүгінгі жастардың тілдік тұлғасы қарапайым типпен шектеледі. Тілдің негізгі тұтынушысы
әрі тілді сақтаушы қор жастардың элитарлы немес орта тип болмауы үлкен мәселе. Тілдік
тұлғаның орта немесе орташа типке көтерілмеуіне әсер ететін себептер бар. Олар:
1.
тілдік ортаның әсері (көше тілі);
2.
сөйлеу дағдысының төмендігі;
3.
көркем әдебиетті аз оқу, сөздік қордың аздығы, өз ойын еркін жеткізе алмау;
4.
отбасының тіл мәдениетін жете меңгерте алмауы;
5.
бастауыш сыныпта тілді терең меңгертпеу;
6.
кей мұғалімдердің тілдік сауаттылығының төмендігі;
7.
отбасы тәрбиесінде ұлттық тәрбиеден қол үзу, халық ауыз әдебиеті үлгілерін
аз қолдану;
Тұлғаның жеке қасиеті – ешкімге ұқсамайтын, жеке – дара тұлғалық
қасиеттерді бойына сіңіре отыра қалыптасуы. Тұлғаның бойында тек өзіне ғана тән
танымдық деңгейі, сырттан келген ақпараттарды қорыта отыра қабылдауы, сыртқы әлеммен
қарым-қатынасқа түсу, түсіну, ұлттық код арқылы берілген жеке идинфикацияланған және
СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ
687
конструктивті қабілеттер дамыған қабілеттер болады. Жас жеткіншектің тұлға болып
қалыптасуына көптеген макрофакторлар мен микрофакторлар әсер етіді. Соның ішінде
тұланың тіл де тұлға болуға әсер етуші фактор. Тұлға арқылы – тілдің болашағы
байланысты, тұлға – тілдің тасуышысы, тұлға – тілдің потенциалды тұтынушысы. Тіл
арқылы адам айналасындағы адамдармен қарым-қатынасқа түседі, тілдің арқасында өмірді
таниды. Тілдің комуникативті, номинативті, кумилятивті үш қызметі арқылы қарым-
қатынасқа түседі.
«Тіл жоғалса, ұлттың өзі де жоғалады» демекші егер де біз ұрпақтар сабақтастығы
арасында бір үзік жіберетін болсақ, не болмаса тілді жеткілікті дәрежесінде білмейтін болса,
тілдің ертеңі үшін үлкен соққы болады. Сөз құрамы – қаншама ғасыр бойы толығып,
молайып келе жатқан мирас. Әр ұрпақты бұл мұраны білуі, қадірлеуі шарт. Сөз – тілдің
мәдениетінің, байлығының сақталғанының белгісі. Жастардың сөз мәдениеті арқылы
сөйлеуші жас тұлғаның басқа да тұлғалық қабілеттері дамиды. Сонымен тұлғаның дамуына
тіл әсер етеді, тілдің дамуына да бірнеше факторлар әсер етеді. Ол факторларды макро және
микродеңгейдегі деп екі үлкен топқа ажыратуға болады [7].
СУБМӘДЕНИЕТТІҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ӘСЕРІ
688
10–сурет. Тілдің дамуына әрет ететін макро және микро деңгей
Сөз мәдениетінің қалыптасуына ықпал ететін макрофакторлардың бірі – ол
Достарыңызбен бөлісу: |