Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері меи деректі көздері: жеке
тұлға дамуындағы іс-әрекет және өзара қарым-қатынас теориялары,
этномәдениет жөне оның оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие жұмысындағы рөлі
жайлы ілімдері, Қазақстан Республикасы үкіметінің ресми материалдары мен
құжаттары (Конституция, білім беруге арналған тұжырымдамалар мен
бағдармалар, «Балалардың құқығы туралы Конвенция» т.б.).
Зерттеу әдістері: философиялық, әлеуметтік, тіл білімі, мәдени,
психологиялық, педагогикалық әдебиеттердің теориялық талдауы, бақылау,
әңгімелесу, сұрақ-сауалнамалар, эксперимент әдістері. Зерттеу жұмысында
қарым-қатынас
мәдениетін
қалыптастыруға
бағытталған
арнайы
ұйымдастырылған ойын-жаттығулар, ата-аналарға арналған семинарлар
арқылы қалыптастыру көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |