Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы


  ОТБАСЫНДАҒЫ  БАЛАЛАРДЫҢ  СӨЙЛЕУ  МӘДЕНИЕТІН



Pdf көрінісі
бет7/48
Дата16.06.2020
өлшемі0,77 Mb.
#73621
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48
Байланысты:
Отбасындағы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық қарым-қатынастың тиімділігі.-конвертирован



ОТБАСЫНДАҒЫ  БАЛАЛАРДЫҢ  СӨЙЛЕУ  МӘДЕНИЕТІН 

ҚАЛЫПТАСТЫРУДА  ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ  ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

  

 



1.1  Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  отбасындағы  сөйлеу  мәдениетін 

қалыптастыруда қарым-қатынастың ерекшеліктері  

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеніне байланысты Елбасының «2030 жылғы 

жолдауындағы» [13], мақсаттар мен мұраттар мүлтіксіз жүзеге асырылса, ұрпақ 

тәрбиесіндегі істерде де үлкен бетбұрыстар болары сөзсіз. Ұрпақ қамы ертеңгі 

ел  қамы.  XXI  ғасырда  өмір  сүріп  еңбек  ететін  жастарды  тәрбиелеуде  қазақ 

халқының  ғасырлар  бойы  жинақтап  уақыт  талабынан  өткен  бай  қазынасьш 

отбасы тәрбиесінде қолдану - кезек күттірмейтін мәселе екені даусыз. 

Отбасындағы  бала  тәрбиесі  жөнінде  ХҮІІ-ХУПІ  ғасырларда  өмір  сүрген 

батыстың,  орыстың  педагог  ғалымдары  жақсы  ой-пікірлер  айтқан  болатын. 

Мысалы  Я.А.Коменский  «Ағайынды  чехтарды»  тәрбиелеудегі  халықтық 

дәстүрдің жақсы нөтижелеріне сүйене отырып, баланы  жастайынан жақсы 

мінез-құлыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсетіп берді. 

Ал  Швейцарияның  кемеңгер  педагогы  И.Г.Песталоцци  тәрбиені  ана 

тілінде  оқытатын  халықтық  мектептердің  бай  тәжірибесіне  негіздей 

отырып  жүргізуді  мақұлдады.  Ол  адамның  ақыл-ойының  қалыптасуы,  дұрыс 

дамуы  ұлт  тіліндегі  оқудың  мазмұны  мен  оқыту  әдісін  дұрыс  ұйымдастыруға 

байланысты деп ерекше атап көрсетті. И.Г.Песталоцци: «Бала  тәрбиесі, оның 

дүниеге келген күнінен басталуы керек [14]. 

Баланың  дүниені  түсінуі  отбасында  басталып,  мектепте  әрі  қарай 

жалғастырылуы шарт» - деген қағиданы ұсынды. 

Француздың  ұлы  ағартушысы  Ж.Ж.Руссо  бала  тәрбиесінің  көзі  еңбекте, 

сондықтан  баланы  жан-жақты  жетілғен  азамат  етіп  тәрбиелеуді  отбасында 

еңбекке үйретуден бастау керек деп қарады. 

Әйгілі  орыс  педагогы  К.Д.Ушинский  бала  тәрбиесіне  тоқтала  келе, 

мектеп жасына дейінгі бала тәрбиесінін негізгі ортасы - отбасы. Бала отбасында 

қарапайым  білім,  іскерлік,  дағдыларды  меңгеріп,  ата-анасынан  тәртіп,  мінез-

құлық ережелерін үйренеді деп көрсетті [15]. 

Сонымеи  бірғе,  қазақ  халқында  отбасы  тәрбиесіне,  ұрпағының  жан-жақты 

болып  өсуіне  айрықша  мен  берілген.  Баланы  қайратты,  қайырымды,  ақылды, 

өнерлі,  әділ  адам  етіп  төрбиелеу  -  әр  уақытта  қазақ  отбасындағы  басты 

мәселенің бірі болған. 

Қазақ  отбасындағы  ата-ана  мен  баланың  кісілік  қарым-қатынасы, 

эмоцияналды сезімдері - олардың жаны мен қанының табиғи бірлігі негізіндегі 

жақындық аркылы орындалған. 

Қазіргі  уақытта  баланы  заман  талабына  сай  жеке  тұлға  етіп 

қалыптасыру қазақ отбасындағы барлық ата-аналар үшін көптеген қиындықтар 

туғызуда.  Бұрын  бәрімізге  белгілі  халқымыздың  аса  күшті  қасиеті 

балажандылығы  деп  саналған.  Тіпті  қазақ  әйелі  әулиеге  түнеп  перзенті  үшін 

өмір сүретін. Ал, қазір қазақ әйелдері арасында балаға деген сүйіспеншілік күрт 




 

бәсендеп  кеткен  сияқты.  Отандық  ғалым  Қ.Жарықбаев  өзінің  «Ұлттық 



психологияны  оқыту  -  ұлтшылдық  емес»  -  атты  мақаласында  Қазақстандағы 

тастанды  балалардың  90%  қазақ  балалары  екенін  айтады  (2000)  [15]. 

Осылардың  бірден-бір  себебін  қазіргі  шаңырақ  көтерген  жастардың  бала 

тәрбиесіне тольтқ даяр еместігі немесе  ата-ананың тәрбиедегі «қараңғылығы» 

салдарымен түсіндіруге болатын шығар. 

Өмірге келген нәрестеге ананың адал махаббаты мен кіршіксіз көңілі  таза 

ауадай  қажет.  Себебі,  сәби  өмірге  мүлде  дәрменсіз  күйде  келеді.  Нәрестенің 

өмірге келіп, кіндігінің кесіліп, жөргекке оралуынан бастап дені сау, ақылды да 

тәлімді бала етіп өсіру мақсатындағы ата-ананың өмірінде таусылып бітпейтін 

қарбаласы  басталады.  Жеке  тұлға  өсіп  жетілуіне  ықпал  ететін  отбасының 

төрбиесіне  психологиялық,  педагогикалық  зерттеулерде  ерекше  көңіл  бөлініп, 

«отбасы» ұғымына көптеген анықтамалар берілген. Мәселен: Р.Н.Нұрғалиевтің 

1996  жылы  жарық  кәрген  философиялық  сөздігінде:  «Отбасы  -  әлеуметтік 

қауымдастықтың  түрі,  ерлі-зайыпты  одаққа  және  туысқандық 

байланыстарға,  яғни  ері  мен  әйелінің,  ата-аналары  мен  балаларының,  аға-

інілері  мен  апа-қарындастарының  бірге  тұрып,  ортақ  шаруашылық 

жүргізуі,  туысқандарының  арасындағы  сан  алуан  қарым-қатынастарға 

негізделген жанұя тұрмысы» деп айтылса [16], Ж. Қоянбаевтың педагогикалық 

еңбегінде:  «Отбасы  -  ол  бірге  тұратын  некеге  негізделген  немесе  қандас 

туыстар (әке, ана, бала..,) тобы» деп анықтама берілген [17]. 

А.Я.Варга: «Отбасы - ортақ шаруашылығы, мекені бар және өзара бірлескен 

қарым-қатынастағы адамдар тобы, ол үнемі қоршаған ортамен бірлікте болатын 

ашық жүйе» - деп көрсетеді. 

Соңғы  кездері  орысша  «семья»  ұғымының  қазақша  аудармасы  «отбасы», 

«жанұя»,  «үйелмен»  деп  қалдырып  жүргенін  кездестіруге  болады. 

Терминологиялық сөздікте «семья» ұғымы «отбасы» деп аударылған [18]. 1996 

жыльт  ресми  түрде  «семья»  ұғымы  отбасы  деп  қабылданды.  Осы  деректерге 

сүйеніп,  біз,  өз  зерттеу  жұмысымызда  «семья»  ұғымын  «отбасы»  деп  алуды 

жөн көрдік. 

Соңғы  жылдары  адамның  жан  дүниесімен  сырласып,  оның  мінез-

құлқын,  тәртібін  зерттеуде  психолог-педагог  мамандар  адамдар 

арасындағы  қарым-қатынасқа  айрықша  ыазар  салып  отыр.  Осы  бағыттағы 

құнды  зерттеудің  негІзін,  әсіресе  мектепке  дейінгі  кезеңде  М.И.Лисина, 

Қ.Т.Шериазданова  сынды  ғалымдар  салды  [10,19].  Олар  психологияда  мектеп 

жасына  дейінгі  баланың  ересектермен  қарым-қатынасын  зерттеуде  жаңа  жол 

ашты.  М.И.Лисина  зерттеулеріндегі  негізгі  әдістердің  бірі  -отбасында 

тәрбиеленуші және түрлі типтегі балалар мекемелеріндегі отбасынан тыс 

тәрбиеленіп  жатқан  балаларды  салыстыра  отырып  зерттеу.  Балалар  үйінде 

тәрбиеленушілер  өмір  сүруге  қажетті  барлық  қажеттіліктермен  (қалыпты 

тамақтану,  киім,  ойыншық,  дәрігерлік  бақылау,  білім  т.б.)  қамтамасыз 

етілгенімен,  дара  бағыттағы  үлкендердің  эмоционалды-жағымды  қарым-

қатынасының  тапшылығы  олардың  жан-жақты  дамуын  баяулатады. 

М.И.Лисина,  Қ.Т.Шериазданова  еңбектері  көрсеткендей,  мұндай  қарым-



 

қатынастың  "қосылуы"  баланың  дамуының  түрлі  аспектілеріне:  олардың 



танымдық  белсенділіктеріне,  тілінің  дамуына,  заттық  өрекет  игеруіне  игі 

әсерін тигізеді. 

Қарым-қатынасқа  қажеттілік  жеке  тұлғаның  әлеуметтік  қажеттіліктерінің 

ішінде  жетекші  іс-әрекеттІк  қасиетке  ие.  Көптеген  ғалымдардың  пікірінше 

(А.В.Запорожец, 

А.А.Леонтьев, 

М.И.Лисина, 

Я.В.Ярмоленко, 

Қ.Т.Шериазданова),  қарым-қатынасқа  қажеттілік,  адамның  басқа  ниеттерімен 

қауышпайтын,  ерекше,  өзіндік  іс-әрекеті  болып  табылады.  Зерттеушілердің 

(М.Ю.Кистяковская, 

М.И.Лисина) 

бақылауларынан, 

қарым-қатынасқа 

қажеттілік,  баланың  өмір  сүру  барысында,  нақты  қарым-қатынас  үстінде 

қалыптасатын іс-әрекеті екенін көреміз [20,21]. 

Ерте  балалық  шақ  пен  мектепке  дейінгі  кезеңде  қарым-қатынас 

(А.В.Запорожец, 

М.И.Лисина,Қ.Т.Шериазданова 

тұжырымдамаларына 

сәйкес)  өзіндік-сапалы  формаларымен  ерекшеленеді.  Баланың  ересектермен 

қарым-қатынасын  осы  іс-әрекеттің  бірнеше  формаларының  ауысуы  ретінде 

қарастыруға  болады.  Қарым-қатынастың  алғашқы  формасы  -  жағдайға 

байланысты  жеке  тұлғалық  (ЖБЖТ),  келесі  -  жағдайға  байланысты-іскерлІк 

(ЖБІ), үшіншісі - жағдайдан тыс-танымдық (ЖТТ), ең соңғысы - жағдайдан тыс 

жеке тұлғалық (ЖТЖТ). Біздің қарастырып  отырған мәселемізғе байланысты, 

мектепке  дейінгі  кезеңдегі  ең  негізгісі  жағдайдан  тыс-жеке  тұлғалық  қарым-

қатынас  ерекшеліктері.  Қарым-қатынас  -  баланың  психикалық  дамуының 

негізгі факторы, әрі шарты. 

Кеңестік  психология  мен  педагогика  қарым-қатынасқа  бірнеше  анықтама 

береді. Біреулер, қарым-қатынасты ақпарат алмасу деп түсінсе, келесі біреулер, 

қарым-қатынасты  -  адамзат  дамуының  құрамдас  бір  бөлігі  деп  қарастырады 

[22]. 

Л.С.Выготскийдің 



көрсетуінше, 

баланың 


жоғарғы 

мінез-құлық 

формаларының  социогенезі,  ол  -  баланың  мәдени  дамуының  тарихы. 

«Әлеуметтік» сөзінің мәні, бұл жағдайда, аса кең ұғымда, мәдениеттіліктің бәрі 

- әлеуметті деғенді көрсетеді. Мәдениеттің өзі адамның әлеуметтік өмірі мен іс-

әрекетінің өнімі, сондықтан да мәденилік даму мәселесі бірден бізді әлеуметтік 

даму жағдайына енгізеді [23]. 

Мәденилік бұл дамудың мәні, ол адамның тек қана өзінің мінез-құлқын ғана 

игеру  үрдісімен  шектелмейді,  оны  игерудің  алғы  шарты  жеке  тұлғаның 

қалыптасуының  алғы  шарты.  Сондықтан  да,  баланың  қайсыбір  қызметінің 

қалыптасуы  да  оның  тұтастай  жеке  тұлғасының  дамуына  тәуелді.  Мектепке 

дейінгі  кезең  баланың  өзіндік  тұлғасы  мен  өмірлік  қөзқарастарын 

қалыптастырудың  негізгі  кезеңі  деп  саналады.  Б.Г.Ананьевтың  көрсетуінше: 

«Адамның  мінез-құлқы,  адамды  қоршаған  табиғатты  заттыландыратын,  оның 

әлеуметтік  іс-әрекеті  түрлерінің  күрделі  кешені  ғана  емес,  қарым-қатынас, 

адамдармен түрлі әлеуметтік құрылымдардағы практикалық әрекеттесу түрінде 

де  көрінеді»  [24,25].  Оның  ойынша,  адам  -  негізгі  әлеуметтік  іс-әрекеттер  - 

еңбек, қарым-қатынас және танымның субъектісі. Осы үшеуінің бірлігінде ғана 

жеке тұлғаның қалыптасуы ойдағыдай іске асырылады. 



 

«Қарым-қатынас - қаншалықты әлеуметтік құбылыс болса да, соншалықты - 



жеке даралық құбылыс. Сондықтан да, қарым-қатынастың ең маңызды құралы - 

тілде, оның жеке даралық көрінісі мен механизімі болып табылатын - сөйлеуде, 

әлеуметтік пен жеке даралықтың бір тұтастығында көрінеді...». Қарым-қатынас 

тек тіл арқылы әрекеттесу ғана емес, ол аса маңызды тәрбие құралы да болып 

табылады [25]:. 

В.Н.Мясищев оқушы мен оқытушының, бастық пен қол астындағылардың, 

ата-ана мен баланың т.б. қарым-қатынастарын талдай келіп, қарым-қатынастың 

мазмұнды, мәнерлі және әрекетті элементтері тек қана тіл немесе ым - ишараты 

мен  дене  қозғалыстарында  ғана  емес,  қарым-қатынасқа  қатысушылардың 

әрқайсысының  көптеген  ассоциативтік  байланыстарды  (түрлі  бейнелер 

немесе  күшті  эмоциялармен  қанықтырылған)  көрсетуімен  де  байланысты 

екенін тұжырымдайды [26]. В.Н.Мясищевтің неғізгі идеясы бойынша, адамның 

жеке  даралық  қасиеттері:  мінезі,  тіпті  бейімділіктері  мен  қабілеттері  де  адам 

аралық қарым-қатынаста көрінеді де, дамиды да. Осы орайда мектепке дейінгі 

бала  тәрбиесінде  ата-ананың,  тәрбиешілердің  қаншалықты  рөлінің  басым 

екендігін пайымдауға болады. 

Адамды  қалыптастыратын  қоршаған  орта,  қоғам  екендігі  белгілі  шындық. 

А.А.Бодалевтің айтуынша, мәселе басқада: ол қай уақытты, қалай және қандай 

жақтарымен жеке тұлға дамуына әсер етеді, сонымен қатар, адамның кез келген 

дене  және  рухани  сипаттамаларымен  ғана  емес,  жеке  тұлғаның  қоғамның 

жоғарғы  идеалдарына  сәйкестілерімен  қалыптасуына  әсер  ететін  жақтарының 

қалай  өзгеретінін  анықтауда  [27].  Яғни,  мектепке  дейінгі  баланың  әлеуметтік 

ортасындағы төрбиеге (ата-анасы, тәрбиешілер, құрдастары) баса көңіл аудару 

қажеттілігі көрінеді. 

А.В.Запорожецтің 

басшылығымен 

жүргізілген 

көптеген 

зерттеулердің 

(З.М.Истомина, 

Д.Б.Эльконин 

т.б) 


нөтижелерін 

тұжырымдай  келіп  А.Н.Леонтьев  мектепке  дейінгі  кезең  -  жеке  тұлға 

қалыптасуының  алғашқы  сатысы,  мінез-құлықтың  жеке  тұлғалық 

механизімдерінің  кезеңі  -  деп  атап  көрсетеді.  Оның  айтуынша  бұл  кезеңде 

мотивтердің бір-біріне өзара бағынушылық жүйесі қалыптасады. Баланың жеке 

тұлғасының  қалыптасуында  қарым-қытынастың  үш  түрІн  бөліп  қарастыруға 

болады:  өзіне  деген  қатынасы,  басқаларға  деген  және  заттық  әлемге  деген 

қарым-қатынасы [20]. 

Адам  психикасын  зерттеудегі  тарихи  тұрғыны  қарастыра  келіп 

А.Н.Леонтьев,  өзінің  осы  еңбегінде  Л.С.Выготскийдің  кез-келген  сыртқы 

әсердің  (біздің  жағдайымызда  қарым-қатынасқа  түсуші  -  ересек  адам)  адамға 

тікелей  емес  жанама  әсер  ететінін,  яғни  алдымен  ол  интерпсихикалық  (адам 

аралық), кейіннен соң ғана ол интропсихикалыққа (адамішілік) айналады 

деген  көзқарасты  мақұлдайды.  Сонымен  бірге,  осы  мәселе  туралы 

С.Л.Рубинштейннің  де  осы  тұрғыда  айтқан  ойын  келтіреді,  «Психология  - 

психика мен іс-өрекетті емес, психиканы іс-әрекетте қарастырады» [29]. 

С.Л.Выготскийді  қазақ  тілінде  тұңғыш  «сөйлеткендер»  АлдамұратовӘ., 

Рақымбеков  Қ.  т.б.  оның  теориясындағы  қарым-қатынас  мәселелерінде 




 

«баланың тарихи тәжірибелерді тыныс-тіршілік шындығын өзгелердің сөзінен, 



тәлім-тәрбие өнеғесінен жаңамалай үйренуі» деп көрсетеді [26]. 

Қарым-қатынас  мәселерін  қарастырған  педагогикалық  көзқарастарға 

жүгінсек  бұл  проблеманың  педагогикада  зерттелуі  кейінғі  кезеңдерде  ғана 

белсенді  тұрде  қолға  алына  бастағанын  байқаймыз.  Педагогикада  қарым-

қатьшасты  мынандай  аспектілері  қарастырылады:  педагогика  тарихындағы 

қарым-қатынас  проблемасы  (А.С.Макаренко,  Р.Х.Шакуров,  А.В.Мудрик); 

қарым-қатына  механизмдері  мен  құралдары  (А.А.Бодалев,  Б.Ф.Ломов, 

А.Н.Леонтьев,  В.А.Кан-Калик,  Ш.А.Амонашвили);  қарым-қатынас  іс-әрекет 

белгісі  ретінде  және  іс-әрекеттің  әр  түрінің  қарым-қатынас  жасауға  қажетті 

мүмкіндіктері (Г.И.Щукина, Т.Е.Конникова); қарым-қатынастың баланың жеке 

тұлғасын қалыптастырудағы рөлі (Л.И.Новикова, А.Т.Куракин). 

В.А.Кан-Калик  өзінің  және  басқалардың  педагогикалық  тәжірибесіне 

сүйене  отырып,  мұғалім  мен  оқушы,  мұғалім  мен  сынып  арасындағы 

қатынастарда  кездесетін  қиындықтардың  себебі,  мұғалімнің  педагогикалық 

қатынасының  қыр-сырын  әлі  де  болса  бойына  сіңірмегені  туралы,  өр  мұғалім 

коммуникативті  іскерліктерді  меңгерІп,  оны  оқу  және  тәрбие  үрдісінде 

қолдануы  қажет  екенін  айтады.  В.А.Кан-Калик  мұғалімнің  коммуникативті 

іскерліктеріне: көпшілік алдында сөз сөйлей білу; қарым-қатьшасқа түсе білу; 

әр  түрлі  жағдайлар  туғыза  отырып  шығармашылық  іс-әрекетті  ұйымдастыру, 

оқу  және  тәрбие  үрдісінде  дұрыс  қарым-қатынас  құрып,  оны  басқара  білу 

іскерліктерін  жатқызады.  А.В.Мудрик  қарым-қатынасты  педагогикалық 

категория  ретінде  көрсетіп,  оқушыларда  бір  мақсатты  бағыттағы 

коммуникативті  жағдайдан  шығу  жолдарында  жаңа  тәсілдерді  қолдана  білу 

іскерліктерін жатқызады [22]. 

Отбасындағы  ата-ана  мен  бала  арасындағы  қарым-қатымас  мәселесін 

В.С.Мухина  мен  Л.А.Венгер  де  ғылыми  тұрғыдан  зерттеді.  Олар  отбасында 

дурыс ұйымдастырылған қарым-қатынас пен тәрбие үрдісі нәтижесінде мектеп 

жасына  дейінгі  бала  өздігінен  дербес  түрлі  әрекеттер  (киім  кию,  жуыну, 

тамақтану  т.б.)  орындағандарымен,  ата-ана  тарапынан  көрсетілген  эмоционалды 

қарым-қатынасты әлі де болса аса қажет етеді деп тұжырымдайды . 

В.С.Мухинаның  айтуынша  адамдар  арасындағы  қарым-қатынастар 

барысында  балада  әр  түрлі  тәртіп  формалары  қалыптасады.  Бұл  жерде  бала 

үшін  ең  бастысы  -  ата-ана  тарапынан  ұйымдастырылған  жағымды  қатынас. 

Ата-ана  сенімі  мен  махаббаты  балада  оптимизм,  жақсы,  үлгілі  болуға  деғен 

тілекті  қалыптастырады.  Бала  өр  уақытта  өзіне  жасалған  эмоционалды 

қолдауды қажет етеді [30]. 

Л.А.Венгер  өз  пайымдауын  айтады.  Баланың  жан-жақты  дамуына 

отбасының  әсерін  көрсете  келіп,  ол  жердегі  тәрбиелік  ықпалдардың  дұрыс 

ұйымдастырылмауы, қарым-қатынасқа қанағаттанбау,  ұжымда өз орнын дұрыс 

сезІнбеу, отбасындағы кикілжің жағдайлар, осылардың бәрі бала тәртібінде біраз 

қиындықтар тудырады деп қорытындыласа, ресейлік ғалым Б. Лихачев отбасы 

баланың жеке басына екі жақты: 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет