Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы


Түрлі тәртіп ерекшеліктері бар баламен ұйымдастыратын жұмыс



Pdf көрінісі
бет42/48
Дата16.06.2020
өлшемі0,77 Mb.
#73621
түріДиплом
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48
Байланысты:
Отбасындағы баланың сөйлеу мәдениетін қалыптастыруда педагогикалық қарым-қатынастың тиімділігі.-конвертирован

Түрлі тәртіп ерекшеліктері бар баламен ұйымдастыратын жұмыс 

әдістемесі 

Бала бойындағы тәртіп түрлері: Тұйық мінез. 

Мазмұны: Әлеуметтік қатынастар орнатуда қиындықтардың өсуі мен және 

қарым-қатынас шеңберінің тарылуынан пайда болатын айналадағы адамдармен 

эмоционалды  байланыс  жүргізудің  нашарлауы.  Оның  бірнеше себептері бар: 

ұзақ  мерзімдік,  стресс  жағдайы  (отбасындағы  ата-ана  қақтығысулары), 

эмоционалды  қарым-қатынас  тапшылығы  (балаға  деген  селқос,  немқұрайлы 

қатынас),  эмоционалды  өрістегі  (сфера)  жекелей  патологиялық  ерекшеліктер 

(шамадан  көп  қозу)  жөне  психикалық  үрдістердеғі  селқостық  (инерттілік). 

Тұйық  мінезді  бала  үнемі  өзгелерде  алшақ  болып,  тұлғалық  сапаларының 

деформациясына  ұшырайды.  Ондай  бала  көбіне  қабағы  ашылмайтын,  наразы 

күйде болады. 



Қарым-қатынас  жолдары:  Жігерлі,  қайратты,  ашық  мінезді  балаға 

қарағанда  тұйық  мінезді  баланың  өмірде  ірі  табыстарға  жетуі  екіталай, 

өзгелермен  ашық,  жасқаншақ  бала  қабілетінің  жоғарғы  деңгейіне  қарамастан, 

мектепке  келгенде  үлгілі  оқушылар  қатарына  қосылуы  өте  сирек  кездеседі. 

Бала  мінезіне  байланысты  іргелі  зерттеулер  жүргізіп  жүрген  американдық 

ғалым  Ф.Зимбардо,  тұйық  мінезділіқ  мектеп  жасына  дейінгі  балаларда  көп 

кездеседі - деген. 

Жалпы,  тұйық  мінез  -  бала  бойындағы  сенімсіздік  пен  өзіндік  бағаның 

төменділігінен пайда болады. Оны жою үшін ата-ана ең алдымен баланың өзі-

өзіне деген сенімін ояту керек, осы жағдайда азды-көпті табысқа жеткен бала, 

өзінің маңыздылығын сезіне бастайды. 

-  Баланың  айтқан  пікірі  қате  болса  да,  оған  зейін  қоюы  керек.  Бұл  туралы 

ғалымдар (М.И. Лисина, Қ.Т.Шериазданова) ата-ана баланың әр әрекетін дұрыс 

бағалау  арқылы,  оның  ойлап  тапқан  «табысына»  белгілі  мағына  береді  -  деп 

көрсетеді [10, 21]. 

-  Бала  мінезін  түзетуде  баланы  көпшілік  орындарға,  құрбылары  арасына 

жиі әкеліп, бірлескен әрекеттерге итермелеуі керек. Ата-ана баланың жақсы ісін 

қоштап, оған алғыс айту барысында, одан үлкен үміт күтеді. Белгілі психолог 

С.А.Рубинштейн: «Әр адамның жан дүниесімен жүрегі өзгелерге деген қарым-

қатынасанан  құралады,  олармен  тілдесіп,  пікір  алысуынан  тұрады»  -  деген 

болатын. 

Қарым-қатынаста  ата-ана  педагогикалық  ұстанымын  (позициясын)  балаға 

жанама түрде жүргізуі керек, себебі шамадан тыс үйретулер кез келген баланы 

жалықтырады.  Ата-ана  қарым-қатынаста  өз  қабілетін,  мінез-кұлқындағы 

ұнамды  және  ұнамсыз  қылықтарын  таразылап,  баламен  шынайы,  ашық 

пікірлессе, оның ата-аналық беделі артып, қарым-қатынасы нығая түсері даусыз. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет