Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі
Бұл принцип философияның «тәжірибе – танымның ілкі бұлағы» қағидасына негізделген. Оның түбінде көтеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды: тәжірибе – ақиқаттың көрсеткіші; тәрбие өмірімен, тәжірибемен тығыс байланысты; теория мен тәжіибе байланысы оқу мазмұнына, әдістеріне түрлеріне тәуелді; оқушылардың мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез икемделеді.
Осыған орай мұғалім орындайтын ережелерді атап өтейік.
Оқу - өмір қажеттілігі екенін оқушығы түсіндіру, сездіру.
Үнемі теория мен тәжірибе байланысын көрсету, адазат тарихындағы ғылыми білімдердің маңызын ашу.
Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймау, сол алған білімдерін өмірінде қолдана білуін қамтамасыз ету.
Шәкірттерге өз білімдерін тәжірибеде қолджануды үйрету.
Оқушыға проблемалық, ізденіс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен тәжірибе бірлігін дәлелдеу өзіндік жұмысты орындауға және өз бетімен білім алуды үйрету.
Әр сабақта оқушыларға политехниқалық білім беру, туған жердің шаруашылығына лайықты мамандықтарға дайындау.
Оқушының қоғамдық еңбегі тәлім – тәрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек.
Тәжірибелік сабақтардың көмегімен теориялық қағидаларды, заңдар мен ережелерді іс жүзінде тексеріп, ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіншіліктерін жасау.
Оқушылардың тәжірибелік әрекеттері тек мектеп, сынып шеңберінде қалып қоймақ, мектептен тыс өмірімен, еңбекпен ұштасып отыру шарт.
Достарыңызбен бөлісу: |