Диплом жұмысы 5В010200 «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»


Саналылық пен белсенділік принципі



бет14/20
Дата11.05.2020
өлшемі144,43 Kb.
#67302
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
ГОТОВ Тайтелі Назерке Дип.Инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми - теориялық негіздері

Саналылық пен белсенділік принципі

Бұл принципке негіз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; оқушылардың білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуғы ынталануы, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және ойларына берік тоқулары сөзсіз.

Саналылық пен белсенділік принцепін жүзеге асыру үшін мұғалім оқыту процесінде төмендегі оқыту ережелігін басшылыққа алады.


  • Оқушы алдында тұрған мақсат пен міндеттерді анық түсуну саналы оқытудың шарты боларын назарға алу.

  • Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мән – мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету.

  • Әр бір сөздің, сөйлемнің, ұғымның мәнін түсіндіру үшін оқушыларды білімі мен тәжірибесін негізге алу.

  • Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай тиімді әдістерді үнемі қолдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді қоғам мүшесі екенін ұмытпау.

  • Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшін әлі бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгілі ақпаратпен ұштастыра білу.

  • Өз бетімен оқытуды үйрету, таным әрекетінің әдістері мен таныстыру.

  • Бас және қосалқы материалын ажыратуды үйрету, назарларына негізгі ойларды алу.

  • Оқушыларды ойлауға үйретіп, «неге» сұрағын жиі қоюға дағдыландыру.

  • Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына көмектесу.


Көрнекілік принципі

Оқыту жүйесінде Я. А. Коменский көрнекілік принципін оқу материалын меңгеру ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олат заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды.бұл принципті соңғы ғылыми жетістіктерде дәлелдеді. Мысалы, көру орғандары миға есіту органдарымен салыстырғанда 5 есесипалау органдарымен салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды.

Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін тереңдеу, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атап өтейік.


  • «Алтын ереже»: көруге болатынды – көрсету, есіте алатынды – естіру, сезіне алатынның бәрін – оқушылардың сезім мүшелеріне сездірту, түйсік туғызу.

  • Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін, көлемін, түр – түстерін сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрә тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.

  • Қолданылатын көрнекі құралдардың өмірімен байланысын қамтамасыз ету.

  • Оқушылар тікілей түйсіну, көру, есіту мүшелері арқылы әртүрлі заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естуі негізінде оларда ой пайда болады.

  • Көрнекілік – көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретінде пайдаланылады.

  • Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемін, түр – түсін байқап, көзімен көруге және әртүрлі дыбысын естуге жағдай туғызу.

  • Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікілей көрсетуге мүмкіндік болмаған жағдайда да қолданылады.

  • Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады.

  • Көрнекілік бақылай білуге, салыстыру, қатар қоя беруге , абстракты ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады.

  • Көрнекілікті оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану.

  • Көрнекілік құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы бүтіндей көрсету керек.

  • Көрнекілікті оқушылармен бірігіп жасау.

  • Көрнекі құралдарын оқу пәндерінде нақтылыөз орнында оқушылардың жас, таным ерекшеліктерін ескере отыра пайдалану.

  • Көрнекіліктерді қолдануда сан емес сапасына көңіл аудару.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет