Диплом жұмысы 5В060200 «Информатика»



бет6/18
Дата09.01.2022
өлшемі1,62 Mb.
#110549
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
602-61 Тұрганбаев Зұлпыхар

Идентификатор. CSS стильдер кестесінде идентикатор әріптерден (a-z), цифрлардан (0-9), '-' (тире) және '_' (төменгі сызықша) символдары тізбегінен тұрады. CSS стильдер кестесі регистрге қарамайды, яғни бас әріп пен кіші әріпті бірдей қабылдайды. Сонымен қатар идентификаторда ISO 10646 стандартының кейбір арнайы символдары (U+00A1–ден жоғары) және \ (бэкслэш) символы қолданылады.

Мысалы: ocean – дұрыс жазылған

zaru_01 – дұрыс жазылған

R&B – дұрыс жазылған


Әдетте \ (бэкслэш) символы арнайы символдардың іс-әрекетін тоқтату үшін пайдаланылады. Егер ол әріптен алдын келсе, онда оны жоқ деп есептеуге де болады. Мысалы, «apple» идендификаторын «a\pple» немесе «a\ppl\e» деп жазуға болады.

Кілт сөздер. CSS стильдер кестесінде кілт сөздер идентификатор түрінде кездеседі. Кілт сөздер тырнақша ішіне алынбайды ("..." немесе '...').

Мысалы: color – дұрыс жазылған

"color" – қате жазылған (қатар ретінде түсініледі)

Кейбір кілт сөздер '-' (тире) немесе '_' (төменгі сызықша) символдарымен басталуы да мүмкін. Әдетте мұндай кілт сөздер ұйым, мекеме атауларына қалдырылған. Спецификация жазылған уақытта төмендегі префикстер белгілі болған:

-ms- Microsoft

-mso- Microsoft Office

-moz- Mozilla

-o- Opera Software

-atsc- Advanced Television Standards Committee

-wap- WAP


Өрнектер. CSS стильдер кестесі өрнектер тізімінен тұрады. Өрнектер 2 топқа бөлінеді:

  • аt-ережелер

  • ережелер тобы


Аt-ережелер. CSS стильдер кестесінде аt-ережелер «аt» кілт сөзінен басталады, яғни @ символынан кейін идентификатор тұрады. Мысалы, @media, @import.

Мұндай атау @ («эт» деп оқылады) символының атынан келіп шыққан. Орыс тілді Интернетте бұл символды «собачка» деп те атайды. Оны қазақшаға «күшік» деп аудару ыңғайсыз шығар.

Аt-ережелер ; (нүктелі үтір) символы кездескенше барлық құрылымдық бөлімді өз ішіне алады.

Мысалы: @import "ukgu.css";

h1 { color: red }

Аt-ережелерден басқа барлық құрылымдар ережелер тобына жатады.


Бөлімдер. CSS стильдер кестесінде бөлім {} (фигуралық жақша) символдары ішіне жазылады. Бөлімде кез келген белгілер (labels) жазылады. Бөлімнің ішінде ( ) қарапайым, [ ] тік және { } фигуралық жақшалар тек қана жұбымен және біріне-бірі кіретіндей жазылуы қажет. Сол сияқты, ' (тырнақша) немесе " (қос тырнақша) символдары да жұбымен және біріне-бірі кіретіндей жазылады.

Мысалы:


negizgi_fon {

background-image: url ("files/fon_cyreti.gif");

font-family: "Times New Roman", shadow;

font-size: 12 pt;

color: "#000080";

}

tizim {



font-family: "Times New Roman", serif;

font-size: 14 pt;

color: "#000080";

font-style: normal;

}
Көрсетілген мысалда «negizgi_fon» және «tizim» бөлімдері берілген. Бөлімде кездесетін қарапайым жақшалар ішпе-іш орналасқан. Ал "files/fon_cyreti.gif" және "Times New Roman" өрнектері қатар (string) ретінде қаралады.
Ережелер тобы. CSS стильдер кестесінде ережелер селектор және сипаттау бөлімінен тұрады.

Селектор деп бірінші фигуралық жақшаға дейінгі кездесетін идентикатор немесе идентификаторлар тобы айтылады. Селектор әрқашан өзінің сипаттау бөлімімен жазылады. Егер селектордың синтаксисі қате жазылса, онда оның сипаттау бөліміне талдау жасалмайды.

Сипаттау бөлімі фигуралық жақшалар ішіне жазылады. Бөлімде жариялаулар нүктелі үтірмен бөлектенеді. Бөлім бос болуы да мүмкін.

Мысалы:


h1, h2 {color: yellow}

h3 & h4, h5 {color: red}


Көрсетілген мысалда h1, h2, h3, h4, h5 селекторлар, ал фигуралық жақшалар ішіндегі оның сипаттау бөлімі. Мысалдағы бірінші жол синтаксисі дұрыс берілген. Ал екінші жол қате, яғни & символы қате белгі болып есептеледі. Сондықтан тұтынушы агенті селектор үшін қызыл реңді қабылдамайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет