Диплом жұмысы Тақырыбы: «Бастауыш мектеп білім мазмұнындағы Абай шығармаларындағы құлықтық тәрбие мәселелері»


ІІ-тарау. АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ



бет2/4
Дата07.11.2016
өлшемі0,72 Mb.
#1208
түріДиплом
1   2   3   4

ІІ-тарау. АНА ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫН ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ ҚҰРАЛЫ

РЕТІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІС- ТӘСІЛДЕРІ.
2.1. АНА ТІЛІ ОҚУЛЫҚТАРЫНДАҒЫ АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ

БЕРІЛУ ЖҮЙЕСІ.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Абай өмір сүрген кезең біріншіден, қазақ даласына орыс мәдениеті арқылы Европамен танысу мүмкіндігін берсе, екіншіден қазақ халқының санасында өзі туралы жағымсыз ұғымның қалыптасуына ықпал ету мезгілі болғаны анық.

Отаршылдық саясатын зымияндықпен жүргізу арқылы бүкіл қазақ жерінде, оның ішінде Абай өмір сүрген өңірде де, халық бірлігіне нұқсан келтіріліп, шенқұмар, жағымпаздық, бақталастық, көзқызарлық психология қалыптасты. Мұны Абай:

Бас-басына би болған өңкей қиқым

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын,

-деп патша үкіметінің астыртын саясатын көргендікпен сезіп, түйді.

Сондықтан:

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың,

Мінеки, бұзған жоқ па елдің сиқын,

- деп патша үкіметінің астыртын саясатын көргендікпен сезіп, түйді.

Сондықтан:

Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың,

Өз қолыңнан кеткен енді өз ырқың.

- деген еді.
Халықтың саяси санасының төменгі, саяси-әлеуметтік надандық, онсыз да нашар ішкі жағдайда одан ары ұшындырған қитұрқы саясат – міне, осылардың барлығы ақынның ой-санасының шыңдалуына алып келсе, өз бетімен білім алуы оның ой өрісін кеңейтіп, дүниеге ауқымды көзқарас қалыптастырды. Сөйтіп ол қоғамның негізгі қозғаушы күші – адам екендігін, оның дамуы, оның санасының жетілуі, өз алдына қойған мақсат- мұраттарына байланысты болатындығын ұғынды. Ол өзінің адамдарға ақыл – кеңесін ақындық дарынын пайдаланып жеткізуге ұмтылды. Өз шығармаларын ең алдымен «көңілінің көзі бар», «естілерге» арнаса, қалғандарын олардың соңынан еруге үндеді және оның жолдарын да нұсқады.

Абай шығармалары жарық көрген күннен бастап, өткен жолы да бірыңғай сыдыр болған жоқ. Бұл ретте 20-жылдары олардың кейбіреулеріне ұлтшыл, идеалистік кертартпа деген мінездермен берілді. Бұл өз ретінде абайтануға оның тәрбиелік ой- пікірлерін толық ашуға, мектеп және басқа да оқу- тәрбие мекемелерінде оларды толыққанды қолдануға кедергі болды. Ал одан кейінгі жылдарда, орыстандыру саясатының астыртын жүргізіліп, барлық ой- сана коммунистік идеологияның қысымында болуы салдарынан ұлттық мүдде мен дінге адамның тегі, тәрбиесіне қатысты ақынның кейбір пікірлерін толық ашу мүмкіншілігі болмады. Оның үстіне жалпы ұлттық негізінде жалпы тәлім – тәрбие беру мәселелері тұншықтырылып келгендіктен ұлттық мектеп, ондағы оқу- тәрбие ісі кең қанат жайып, дами алмады. Оның өзі Абай шығармаларын оқу – тәрбие процесінде қолдану ісіне де кері ықпалын тигізді. Қазіргі күнде Абайтану оңаша бір ғылым саласы болып, жан- жақты терең зерттелуде. Осыған орай ақын мұрасындағы тәлім- тәрбиелік ой-пікірлерді оқушылардың күнделікті өміріне қағида, ереже етіп ендіру оқу-тәрбие мекемелерінде практикада жүзеге асырудың жаңа мүмкіншіліктері туындап отыр. Бірақ бұл Абай шығармаларындағы педагогикалық, психологиялық пікірлерді оқу- тәрбие ісіне пайдаланудың жолдарын ғылыми негізде қарастыру мәселесін шешуге келіп тіреледі. [12] 53-65 б.

Абай мұрасындағы тәлім- тәрбиелік ойларға ең алдымен назар аударғандар қазақтың көрнекті зиялылыры болғандығын білеміз.

А.Байтұрсынов «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласында: «Абайды қазақ баласы тегіс танып, тегіс білу керек»,- деген еді.

Абайтану ғылымының қалыптасуына ерен еңбек сіңірген жазушы, ғалым М.О.Әуезов оның өзекті мәселелеріне тоқтала келіп, ақынның тәлім- тәрбиелік пікірлері «ендігі сөз ұғатын жастарды жаңа жолмен өзі қиял қылған адамшылыққа қарай жетектеп баулығысы келеді,... Өлең сөздерімен бір ақыл айтса, ауызша өсиет, ұзақ мәжілістерімен тағы да баулып, ылғи ғана таза адамшылық жолына үгіттейді. Әділдік, шыншылдық, арлылық, ойшылдық сияқты адамды адам қылатын жан тәрбиесінің барлық негізі қаланады» - деп белгіленген.

«Тіл-құрал» - деп А.Байтұсынов айтпақшы, адамдар арасындағы мәміленің ең қолайлы, көркем және тиімді түрі сөз екені көпке аян. Сөздің адамға ықпал ететін әр түрлі қасиеттерін аңғарып, кереметін толық игерген Абай: оны «жалын мен оттан жаралған» немесе «қуаты күшті нұрлы сөз» десе тағы бір өлеңінде «қуаты оттай бұрқырап» - деп теңейді.

Шешендік- көрген, білгенін ақыл тереңдігі, ой қуатымен зерделеп, сөз тауып, тап басып, тайсалмай айта білу. Әрине, ол елдің бәріне бірдей пән бола бермейтін дарындылардың ғана елден ерек бір сипаты десек те болады. Шешен болып тумаса да сөз өнеріне белгілі бір деңгейде кім де болса игере алатындығына сенеміз. Сөз өнері туралы А.Байтұрсынов «айтушы ойын өзі үшін айтпайды, өзге үшін айтады. Сондықтан сөйлейтін тілін жақсы қолдана білу тиіс»- деген еді. Сөз өнерін ерекше бағалаған халқымыз «өнер алды қызыл тіл» десе, Абай:

Өткенді жүзі,

Кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

- деп барлық өнерден жоғары қояды. Абай өзі ата- бабаларынан бері қарай ел басқарған, сөз өнерін терең игерен тұқымнан екені белгілі. Өскен ортасы оның осы қасиетінің дамуының алғы шарты болған. Ақынның бәрі шешен емес, шешеннің бәрі ақын емес. Демек Абайға екі өнер дарыған: бірі – ақындық, екіншісі- шешендік. Бұл да бір туа біткен дарын. Біздің пікіріміз бойынша шешендікке бейім болудың бір ерекшелігі естігенін ұмытпайтын құйма құлақ болса, одан соңғы басты ерекшелігі – орынды жерде, әлгі көргені мен естігенін қабыстырып сөз тауып айта қою. Әрине сөз байлығының орны ерекше.

Халқына өлмес мұра, ұлылық ой қалдырып, ұлтымыздың рухани көсеміне айналған Абай тұлғасы – бүкіл адамзатқа, әсіресе жастарға үлгі- өнеге боларлық тұлға.

Абай – халқын бауырластық пен ауызбірлікке, жемісте де қажырлы еңбекке, оқу – білімге, ғылым мен мәдениетке әлемдегі ізгілікті үлгілерден үйренуге үндеген қазақ халқының басына біткен бағы. Абай даналығын шәкірттерге таныту, оларды Абай шығармалары арқылы адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелеу қазіргі кездегі мектеп алдында тұрған басты мақсат болып табылады. [13] 93-112 б.

Ендігі мәселе – бастауыш сыныпта алынған өлеңдер қалай оқытылуы, түсіндірілуі тиіс?

Ең алдымен, төменгі сыныптарда оқушыларды мәнерлеп, әуезді – сазды ерекшеліктерін сақтай отырып оқуға үйретіп, сонан соң оқығанын түсіне білуге жетелеген жөн. Бұл мәтіндегі сөздерді түсіндіруден барып қалыптасады. Сондықтан көрсетілген өлеңдерді оқытудың әдістемесі сыныбына қарай алуан түрлі болып іске асырылады. (Мысалы, іштен оқу жоғары сыныптарда басым, т.б.).

Көбінесе Абай өлеңдерін мәнерлеп оқу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді. Осыдан кейін өлеңдегі сөздер мен тіркестерге ерекше тоқталып, олардың мән мағынасын ашуы, сөздердің, тіркестердің мағыналас қатарын, синонимдерін тапқызу қажет. Бұл ретте өмірден қарапайым мысалдар келтіріп, салыстырып әңгімелеудің мәні ерекше. Мысалы, «әсемпаз болма әрнеге» өлеңіндегі «әсемпаз», «өнерпаз» сөздерінің мәнін ұғындаруда «әсемпаз адам қандай ?», «өнерпаз адам ше ?», Неге Абай «арқалан» деп тұр? «Сен де бір кірпіш» дегенінесі? «Кетігі» деген сөзді қалай түсінесің? Оны тағы қандай сөздермен ауыстыруға болады? т.б. сұрауларға оқушылардың өздерінен жауап алу – оларды ойлантуға, онан әрі өз пікірі мен ойын ауызша жеткізуге жетелейді, яғни ойы мен тілін дамытады. Ал оқып отырған шығарманың тақырыбы мен идеясын түсіндіруге ақынның көзқарасын оның ой – пікірімен қоса түсіндіру, өмірмен байланыстыру, баланың жан дүниесіне әсер ету сияқты мәселелерді бала түсінігіне сай жеткізу мұғалімнің әдіскерлігіне, шеберлігіне, тіл байлығына байланысты.

Осылардың бәрінің түйіні, сайып келгенде, Абай өлеңдеріндегі сұлу суреттеулерге, теңеулерге, т.б оқушы көңілін аударту. Балаларға шығарманың көркемдігін, бейнелілігін танытып тұрған көркем сөздерге тоқталу. Айталық, суреттеп тұр ма, сипаттап тұр ма? т.б. анықтап алған соң, оқушыларға сол сөздерді тапқызу. Мысалы, «Күз» өлеңіндегі «сұр бұлт», «дымқыл тұман» тіркестерінің мәнін ашу арқылы табиғат құбылыстарын, ауа – райындағы өзгерістерді көз алдарына елестеткізу, ол өзгерісті қазақ тұрмысын байланыстыра баяндату, мұндағы суреттеу тәсіліне тоқталу арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін оятуға әбден болады. [14] 65-78 б.

Бастауыш «Ана тілі» өқулықтарындағы Абай шығармалардың берілу тәртібін сызба арқылы көрсетейік:


Бастауыш білім мазмұнындағы Абай шығармалары.




Оқулық

Авторлар

Берілген Абай шығармаларының тақырыптары.

1

«Ана тілі» 1-сыныпқа арналған Алматы, «Атамұра»


Әуелбаев Ш.

Наурызбаева Ә.

Ізғұттынова Р.

Тәжімбаев С.



«Қыс»

«Адам болам десеңіз»



2

«Ана- тілі» 2- сыныпқа арналған.

Алматы, «Атамұра»



Рахметова С.

Жаманқұлов П.

Қабатаева Б.


«Күз»

«Ғылым таппай мақтанба»

«Желсіз түнде жарық ай»


3

«Ана тілі» 3-сыныпқа арналған.

Алматы, «Атамұра»

1999ж


Әбдікәрімова Т.

Рахметова С.

Қабатаева Б.


Абайдың Крыловтан аудармасы – «Шегіртке мен құмырсқа»

«Қыс», «Жазғытұры», «Жаз», «Адам болам десеңіз»



4

«Ана тілі» 4-сыныпқа арналған.

Алматы, «Атамұра» 2002



Рахметова С.

Әбдікәрімова Т.

Қабатаева Б.


«Абайдың қара сөзі»

Бастауыш сынып білім мазмұнында Абай туралы қандай шығармалар берілген деген сұраққа жауап берсек, 2-сыныпта М.Әуезовтың «Бала Абай», Т.Жұртбайдың «Бала Мұхтар мен Абай», 3-сыныпта ел аузынан жазылып алынған «Абай мен Әбіш », К.Оразалиннің «Абай шаңырағы», М.Әуезовтің «Боран», «Әке арманы», 4- сыныпта М.Әуезовтың «Бүлдірген тере барғанда» деген шығармалары келтірілген. Абай шығармаларының және Абай туралы шығармалардың бастауышта әр сыныпта осылайша топтаса берілуін біз оқулықтың ұтымды жағы ретінде атап өткіміз келеді. Өйткені, бұл шығармалардың қай – қайсысының болмасын танымдық – тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктері мол. Абай туралы шығармалардан ақынның өмірі, өскен ортасы, көзқарасы туралы мағлұматтар алса, Абайдың төл туындылары – оларды адамгершілікке тәрбиелеу мектебі. Өйткені Абайдың қай шығармасын алып қарасақ та, адамгершілік мәселесі ту етіп көрсетілген. Оған көзімізді келесі сызба арқылы жеткізуге болады.[15] 64-79 б.


Абай шығармаларындағы адамгершілік мәселесі.


«Ғылым таппай мақтанба»



Ғылым таппай мақтанба, Орын таппай баптанба

Дүние де мал да өзі

Ғылымға көңіл бөлсеңіз.


Ғылымға, өнерге шақыру

Қара сөзінен



Күллі адам баласын қор

Қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ керек: Әуелі – надандық, екінші – еріншектік, үшінші – залымдық.






И.Крыловтан аударма

«Шегіртке мен құмырсқа»





Ала жаздай ән салсаң

Селкілде де билей бер.



Еңбекке шақыру

«Қыс»,

«Жазғытұры»,

«Жаз»,

«Күз»,


«Желсіз түнде жарық ай»



Табиғат лирикасы, сұлулықты сезінуге баулу.




Бастауыш сынып балаларының жанына жақын Абайдың табиғат лирикасы мен өсиеттері. Абайдың табиғат лирикалары өз алдына жеке сөз етуді міндеттейді. «Абай бейнелеген жаз бен қыс, көктем мен күз, жайлаудағы ауыл, даланың түнгі тынысы, әр түрлі кейіптегі табиғат көріністері ғана емес, адам жанының құбылыстарымен, елдің тіршілік – тынысымен тікелей байланысты өміршең суреттер» дейді ғалым Т.Ақшолақова.

Абай – табиғатқа жан бітіре, көркем де әсерлі бейнелеудің теңдесі жоқ шебері. Абайға дейін қазақта табиғаттың белгілі бір сәтін, көрінісін немесе жылдың әр мезгілін арнайы жеке өлең етіп жазу дәстүрі болмаған. Ақынның айтуынша табиғат – күллі тіршілік атаулыны құтты қоныс мекені, алтын ұя, тал бесігі, Абайдың осы тақырыпқа жазылған шығармалық мазмұны қоршаған табиғаттың жанды бояуын, іңкәр сәтін кінәрәтсіз құрметпен, оның ішінде қазақтың барлық іс- әрекетін, салт- дәстүрін, мінез, ой қабілетін көрсете білгенін дәлелдеді.

Сондай туындылардың бірі – “Жазғытұры” өлеңі. Көктемнің жазға ұласар шағындағы қазақ жерінің табиғаты мен елінің тіршілігіндегі көркем де көңілді өзгерістер ғажайып суретті тілмен, құлпырған жарқын бояқтармен, қуанышты көңіл күймен жырланады. Дала табиғатының әсе де шат үнге, алуан түрлі құлпырған бояқтарға толы көрінісі мен қыр елінің жайдары да қуанышты абыр-дабырлы тіршілігінің ғажап салтанатын ақынның қалай суреттеп жеткізгенін сөзбен айтып беру мүмкін емес. Масатыдай құлпырған жер, аң- құстың, адамдардың қуанышты, ата – анадай елжіреген Күн, жан – жануар, жәндіктің, ағаш пен гүлдің Анасы Жердің иіп емізуі, әкеңдей алып Аспан, Күн- күйеу, Жер-қалыңдықтың сағынышы, Жер- қалыңдықтың көңілі Күн лебіне тойғаннан соң, толысып тоты құстай түрленуі- бәрі-бәрі оқушының күз алдына үлкен алдына панорама туғызғанда, оларға Абайдың ақындық пафосын аңғартады. Өлеңді оқып тұрып: “Балалар, тыңдандаршы, осы өлеңде адамдардың дауысы, күлкісі естіле ме?” деп сұраймыз. Балалар қуана шу ете түседі: “Апай естіледі, кемпір – шалдың дауысы, балалардың дауысы, қозы – лақ қуған, таймен шапқан балалардың шуы, қыз – келіншектердің әдемі дауысы естіледі”. Содан соң өлеңді оқып отырып, оған көз жеткізеді де бала жаны қиялмен жазғытұрымдағы жайлауға кетеді.

Абай шығармалары 1- сыныптан бастап бастауыш сынып бағдарламасына енген. 1-2 сыныпта оқытылатын “Ғылым таппай мақтанба”, “Әсемпаз болма әрнеге”, “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңдерінің тәрбиелік мәні ерекше. Ақын осы өлеңдері арқылы адамгершілік қасиеттерді дәріптеп, жат қылықтан жирендіріп, оқушыға үлкен ой салады. 3-4 сыныптардан оқушылар ақынның табиғат лирикаларымен, аудармасымен, қара сөзімен танысады. [16] 46-59 б.

Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда тәрбиелік мақсатта пайдалануда педагог- ғалымдар мен психологтардың жас ерекшеліктері туралы ілімі және Абайдың жас балаларға арнаған тәрбиелік пікірлеріне сүйену іс- шаралардың нәтижелі болуының кепілі.

Абай атамыз жер ортасы жасқа келгенде бірыңғай кітап оқып, өлең жазуға отырғанынан біз хабардар болдық. “Жасымда ғылым бар деп ескермедім” өлеңі – осы кезеңнің алғашқы туындыларының бірі. Оқу – білімді шексіз ардақтаған ақын, жасымнан біржолата ғылым соңына түспедім деп өкінеді. Өз заманының ең оқымысты кісісі бола тұра, білгенін азырқанады.

Абай, өз сөзімен айтқанда, “бұзылған заманды түзетудің” жолын іздеді. Сондағы бір сенгені жаңаша терең білім алып адамшылықты бойына мол дарытып өсер ұрпақ болады, содан көп үміт қүтті. Оның “Әсемпаз болма әрнеге” атты түрі мен мазмұны жаңа тамаша өлеңіне сол үміті арқау болған.

Данышпан ақын жас ұрпаққа ертеңгі дүниенің кем – кетігін бүтіндеуші, өмір сарайының құрылысшысы деп қарады. Сондықтан оған: “Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар, қалан !”-деп аталық әмір беріп, адамдық ұлы міндет жүктейді. Ол үшін қайырымдылық пен адалдық қайрат пен ақыл керек екенін ескертеді.

“Ғылым таппай мақтанба” – жас ұрпаққа деген аталық мейірден, үміт пен сенімнен туған өлең. Абай “адам болам” деген жасөспірімге тікелей тіл қатып, ашыла сырласады, тілі де жеңіл түсінікті. Ең ардақты мақсатың – ғылымды меңгеру дей тұра, бес зиянды нәрседен аулақ болып, бес асыл қасиетті бойыңа дарытпасаң, ғылымнан да опа жоқ дегенді бірден ашып айтады.

Дана ұстаз бұл өсиет өлеңін жазарда көп ойланып, көп толғанғаны байқалады. Ол бұрынғы өткен “не бұлбұл шешен, не дүлдүл көсемдерді” еске алады. Диуани сықылды атақты оқымыстылардың айтқандарын ой елегінен өткізеді (өзі: “Ақыл сенбей сенбеңіз, бір іске кез келсеңіз”,- дейді ғой). Сөйтіп, “тілеуі мен өмірі алдағы” ұрпағына өлмейтін, ескірмейтін аылын айтады.

Болмасаң да ұқсап бақ,

Бір ғалымды көрсеңіз.

Ондай болмақ қайда деп

Айтпа ғылым сүйсеңіз,

- деген сияқты шексіз сүйіспеншіліктен туған даналық ақыл кеңес беріп, жамандықтан сақтандырады, адамгершілікке жетелейді. [17] 365-371 б.

Әдебиет – сөз өнері, “ішіндегі пікірді, қиялды үнін тәртіптеп қисынын, қырын, кестесін келістіріп сөз арқылы тысқа шығару – сөз шығару” өнері дегенімізде, ең алдымен, өзі айтқандай “қуаты оттай бұрқыраған” /2/ сөздің иесі – Абай, оның артында қалдырған мол мұрасы, асыл қазынасы – көркем шығармалары тілге оралады. Бастауышта Абайды таныту, оқушыларды Абай әлеміне апару, оқушыларға ұлы ақынның шығармаларындағы адамгершілік мұраттарын ашып көрсету “Әдебиеттік оқу” пәнінің оқушыларды сөз өнерінің қыр – сырымен таныстыру арқылы оларды инабаттылыққа, сұлулыққа т.б. тәрбиелеу міндетімен астасып жатыр. Олай деуімізге толық негіз бар. Абай шығармалары – сұлу сөзбен өрнектелген адамды адамгершілік тұрғысынан жетілдіруді көздейтін үлкен даналық ойлармен ұштасып жатқан философиялық тұжырымдар.

Абайдың мұраты – адамды адамгершілік, кісілік жағынан жетілдіру арқылы қоғамды, қазақ қоғамын ілгері дамыған мәдениетті елдер қатарына қосу.

Саналы ғұмырын Абай мұрасын зерттеуге арнаған академик М.Әуезов ол туралы “Сахараны басқан қара түн – түнекті қақ жарып, жалғыз қолда жалынды жалғыз шырақ ұстап, халқына бет нұсқап: «Таңың белден атады, күнің сонау жақтан шығады» – деп кеткен ақын едің дейді тебіреніп . Абайша сөйлесек, “... жүрек айтыпты: Мен – адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тіршілік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй – жайы қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашып, төсегінде дөңбекшітетұғын – мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратын – мен , бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор қылады. Мен таза болсам адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп, аритұғын – мен жаманшылықтан жиреніп, тулап кететұғын – мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не ?”. Ұлы ұстаздың осы ұлағатты сөзінің мағынасын ашатындай мәтіндер бастауыш “Ана тілі” оқулықтарында төмендегідей ретпен берілген: “Ғылым таппай мақтанба”, “Желсіз түнде жарық ай”, “Күз” (ІІ сынып);

“Қыс”, “Жаз”, “Жазғытұры”, “Адам болам десеңіз”, “Шегіртке мен құмырсқа” (М.Крыловтан аударған) (ІІІ сынып).

Абайдың қара сөзінен (ІV сынып)

Аталған шығармаларды қазіргі мектеп алдына қойылып отырған дамыту приципіне сай шығармашылық сипатта оқушы санасына жеткізудің әдіс- тәсілдеріне тоқталайық. Қандай шығармашылық жұмыстар болмасын, тек оқушыны қатыстырған жағдайда ғана жүзеге асады. Шығармашылық жұмыс атқару үшін ең алдымен оқушы берілген мәтінді саналы ұғынуы қажет.

Саналы ұғынуды профессор С.Рахыметова атап көрсеткендей, ең алдымен мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындаудан бастап, мәтінге байланысты сөздік жұмысын жүргізу, шығарманы оқу, оқылған шығарманың мазмұнын айту, шығарманың жоспарын жасау жұмыстарын сатылап жүргізу деп түсіну қажет [18] 154-159 б.

Абайдың табиғат лирикасын бастауышта саналы ұғындыру барысындағы ұстаздың кіріспе әңгімесі бастауыш сынып оқушыларының жасына, ой - өрісі, қабылдауына сай Абайдың әдебиетіміз бен мәдениетіміздегі алатын орнын, оның шыққан тегі, тәрбие, білім, өнеге алған жерлері, ақынның артында қалдырған мол мұрасы, ұрпағына айтар өсиеті жайында болып келеді.

Табиғат, Абайша айтқанда, “Алланың махаббатпен жаратқаны”. Абайдың табиғат лириасы – оқушыны сұлулыққа тәрбиелеу жолы. Ақын адам сұлулығын табиғат сұлулығымен бірлікте алады. Мысалы, “Жаз” өлеңінде жазғы табиғат сұлулығы сыңғырлай күліп үй тіккен қыз- келіншектер іс - әрекеті, қалжыңы, деп сұлулық ажырамас бірлікте сипатталады. Ақын табиғат лирикасында қазақт ілінің өмір шындығын әсерлі тартымды сурет арқылы бейнелеп берудің тамаша озық үлгісін жасаған: “Қыс” өлеңінде: “ Шидем мен тон қабаттап киген малшы. Бет қарауға шыдамай, теріс айналады”; “Шұрқырап жатқан жылқының, Шалғыннан жоны қылтылдап”; “Жазғытұры” өлеңіндегі: “ Түйе боздап, қой қоздап – қорада шу” деген жолдардағы шидем мен тон киген малшының бейнесі, жылқының биік шалғыннан жоны қылтылдап көрінуі, боздаған түйемен қойдың дауысы – ешбір қоспасы жоқ өмір шындығы, қазақ ауылының өмір – тұрмысы , оған табиғаттың тигізген әсері.

Мұндай суретті көркем сөзбен кестелеп көрсетудегі ақын мұраты – ата - дәстүрді паш ету, жастарды еңбекке шақыру. Байқап қарасақ, ұйқасқан сөздердің бірдей бір буынды: шу- ду-су; екі буынды сызы- жүзі- кезі, үш буынды: болғанда – толғанда – қонғанда, қылтылдап – ынқылдап – бұлтылдап – сымпылдап болып келуі табиғат сұлулығын сөзбен мүсіндеудегі ақының бейнелеу әдісін, теңдесі жоқ суретшілік шеберлігін жақсы танытады. Міне, Абайдың табиғат лирикасын оқытқанда ұстаз жоғарыда аталған мәселелерге ерекше көңіл бөліп, тәпіштеп түсіндіргенде ғана Абай өлендеріндегі ерекше үйлесімдер оқушы сезіміне әсер ете алады. Осылай түсіндірілген шығармадан кейін оқушы шығармашылық процеске оңай енеді. Шығармашылық процеске енудің алғашқы баспалдағы – оқушының танымдық ізденістеріне жол ашу. Сөзімізді нақтылайтын болсақ, Абайдың “Күз” өлеңі бірнеше рет қайталанып оқылғаннан кейін: 1) Ақын қандай күзді суреттеген? 2) Өлеңдегі күз көрінісін ерекше ашып тұрған көркем сездерді ата. 3) Өлеңнен күзгі адам, жан – жануарлар тіршілігі туралы айтылған жолдарды тауып оқы – деген сұрақ – тапсырмаларға жауап алынады, содан кейін ғана барып, шығармашылық жұмыс ретінде Абайдың “Күзі” мен Т.Жароковтың “Ауыл күзін” салыстыпу тапсырылады.


Ұқсастықтары

Айырмашылықтары

1.Табиғат мезгілі – күзді суреттеуге құрылған.

2.Күз табиғаты жеке суреттелмей халық тіршілігі қоса берілетін: Абай: Жастар күлмес, жүгірмес бала шулай.

Т.Жароков: Беттері қызыл алмадай, балалары ойнаған


Абай суреттеуіндегі күз – қоңыр күз: аспандағы сұр бұлт, жерді басқан дымқыл тұман, жапырағы түскен ағаш.

Т.Жароков суреттеудегі күз – алтын күз: албырап піскен алма, сарғылт тартқан жапырақ, көктегі сұрша бұлт, алтындай егін алқабы.



Келесі шығармашылық жұмыс – аталған шығармалар бойынша сурет салғызу. Бұл жерде ұстаздың іс- әрекеті оқушыны бір сәт ойландырып, қиял дүниесіне бет бұруға, осы шығармалар арқылы оқушының қиялында туған бейнені сөзбен жеткізуін басқаруға бағытталады. Оқушы сөзбен мүсіндеген бейнені тіпті сала алмауы мүмкін, дегенмен қандай сурет салатынын тілмен жеткізеді ғой. Баланың өзі үшін тапқан жаңалығы, табысы міндетті түрде бағаланып, мақталуы тиіс. [19] 165-169 б.

Оқушыларды шығармашылық процеске үзбей қатыстырудың негізгі жолы – шығарма жаздыру. Абайдың “Жазғытұры” өлеңі бойынша жазба жұмысын ұйымдастырмас бұрын шығарманың оқушы сезіміне әсер ету жағы көбірек ескеріледі. Ол үшін өлеңді мәнерлеп оқуды ең алдымен әдемі ашық үнмен көктемгі табиғатқа деген аса бір сүйіспеншілік сезіммен бастаймыз.

“Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі” – деп осындай әсем көрініске оқушылардың назарын аудару сезімін тебірентерліктей әсер ету үшін:

“Жан – жануар адамзат анталасы,

Ата – анадай елжірер күннің көзі” – деп дауысты құбылта оқып (тақтадағы көктемнің сұлу көрінісі бейнеленген плакатқа оқушының назарын аудара) дауыс интонациясы арқылы оқушының көз алдына сұлу көктемді елестетуге тырысамыз.Сондай – ақ ,

“Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,

Көбелек пен құстар да сайда ду-ду.

Гүл мен ағаш майысып қарағанда

Сыбдыр қағып бұрандап ағады су” – деген үзіндіге

“түйе боздап” деген сөзден кейін сәл кідіріңкіреп, “қой қоздап” тіркесінен кейін де сәл үзіліс жасап, дауысты көтере “қорада шу” дейміз. Енді дауысты сәл бәсеңдетіп “көбелек пен құстар да сайда ду-ду ” деп бөгеліп, ойланған сезіммен “гүл мен ағаш майысып қарағанда” өзіне тән нәзік сезіммен қараған гүл мен ағаштың назарын аударғандай су да сыбдыр қағып бұрандай аққаны ерекше нәзік еркелеген сезімге толы дауыста оқимыз.

Осындай жұмыстардан кейін мәтіндегі ақын қолданған көркем сөздерді тірек сөздер ретінде алып, шығарма жазу тапсырылады. Жалпы, Абайдың табиғат мезгілдеріне арналған өлеңдеріндегі шығарма жазуға тірек болатын көркем сөздерді төмендегі сызбадан көруге болады:





“Жазғытұры”

өлеңі бойынша



“Жаз” өлеңі

бойынша


“Күз”өлеңі бойынша

“Қыс” өлеңі

бойынша


Масатыдай құлпырған жер, күннің көзі, түйе боздап, қой боздап.

Көкорай шалғын, күркіреп жатқан өзен, көшкен ауыл, шалғыннан жоны қылтылдаған жылқы.

Сұр бұлт,

дымқыл тұман,

жапырағынан

айырылған ағаш.



Ақ қырау, қар

жауып, долданған боран,

беті-қолы домбыққан балалар.


Шығарма жазуға оқушылар бірте-бірте жаттығады. Ол үшін алдымен осы тірек сөздерді пайдаланып жауап бере алатындай сұрақтар дайындалады. [20] 265-273 б.

Қорыта келе айтарымыз: бастауыш сынып оқушысы Абай әлеміне әкелу, ақынның кестелі шығармаларынан сусындату оңай емес. Дегенмен бала жүрегіне жол табу – мұғалімнің парызы.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет