II. 2.Бастауыш мектеп оқушыларьша грамматикалық тәсілдер арқылы есім сөздерді ұғындыру. Бастауыш мектеп оқушылары сөздердің тек лексикалық мағыналарын біліп, оларды ретімен дұрыс қолдануы жеткіліксіз. Сонымен қатар сөздік қорындағы сөздердің түрлі грамматикалық мағынаға ие болуын, грамматикалық заңдылықтар арқылы мағынасының өзгеруін т.б. білуі тиіс. Сондықтан грамматикалық дағдыларды тиімді оқыту әдістерін таңдай отырып оқушы бойында қалыптастыру керек. Оқушыларға грамматиканы оқудың маңызы туралы Д.Әлімжанов: "Біздің мектептерімще оқитын оқушыларымыз қазақ тілі грамматикасын негізгі пән ретінде оқып, оның грамматикалық құрылымымен танысады, сөздердің түрленуі мен сөйлемдегі өзгерісін және қазақ тілі грамматикасының ғылыми жуйесі мен оның әр алуан фактілерін зерттеп біледі"- сол арқылы оқушыларда мынадай дағдылар қалыптасатындығын атап көрсетеді: "оқушылар өздерінің тілден алған білімін толықтырып жазу, сөйлеу тілін дамытады, дұрыс
40 оқуға үйреніп, ұғу кдбілеттілігін жетілдіру, грамматикалық орфографиялық ережелерді үйренеді, сауатты жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білудің тиімді дағдысын қалыптастырады"/119.3./,-дейді.
Бастауыш мектепте грамматиканы оқыту бірінші сыныптан басталып, әр сынып сайын күрделене береді. Бастауыш мектепте оқушылардың сөздік қорын молайту жұмыстарында грамматикалық әдістерді қолдану- оқушылардың сөздерді дұрыс қолдануын қамтамасыз етуімен қатар, қазақ тілінің грамматикалық ұғымдарын бірте-бірте меңгеруін қалыптастырады. Нәтижеде оқушылардың бойында мынадай дағдылар мен икемділіктер қалыптасады:
-өз ойын білдіруде тілдік материалдарды дұрыс қолдана алу; -тілдік материалдарды тек лексикалық мағынасы тұрғысынан емес, грамматикалық мағынасына қарай таідай алу, яғни сөзді лексика-грамматикалық мағыналық бірлікте қолдану; -Ойын толық жеткізуде сөздерді дұрыс тіркестіре алу; -Оқу бағдарламасына сәйкес грамматикалық біліктіліктерді
меңгеруі;
-Сөздердің сөзжасамдық қасиеттерін аңғару; -Өз бетінше ізденуі арқылы танымдық қабілеттерінің артуы; -Білімін көшіре алушылық қабілетінің дамуы;
Осындай дағдылар мен икемділіктерді ққалыптастыру үшін әрбір сабақ үстінде жаттығу жұмыстары орындатылады. Жаттығулар проблемалық ахуал сипатында болып, оқушылардың дербестік қасиеттерін жетілдіруте арналуы керек.
Бастауыш мектеп окулшларының сөздік кррын молайтуға грамматикалык, тәсілдер төрт бағытта жүргізіледі. Сөзжасамды оқыту барысында сөздік қорды молайту тәсілі
Сөз таптарын оқыту барысында сөздік қорды молайту тәсілі;
Сөз тіркесін оқыту барысында сөздік қорды молайту тәсілі
41
4. Сөйлемді оқыту барысында сөздік қорды молайту тәсілі Сөздік қорды молайтуға негізделген жаттығулардың басқа жаттығулардан айырмашылығы жаттығулардың әрқайысы үш түрлі тапсырмадан тұратындыіы. Грамматиканы оқыту барысында оқушыларға берілетін бірінші тапсырма сөздің мағынасын ашуға, ұғындыруға негізделсе, екінші тапсырма өтілген материалмен байланыстырылып, үшінші тапсырма-оқушылардың алған білімдерін шығармашылық сипатта қолдануын қамтамасыз етеді. Бұлар оқушылардың сөздік қорын молайту барысында сөздердің мағынасын толық түсініп, оны өздерінің шығармашылық жұмыстарында дұрыс қолдану дағдысын қалыптастыруға негізделеді. Нәтижеде оқушылар үйренген сөздерден өтілген материалдармен байланьстыра отырып, күнделікті өмірде орынды және кеңінен қолдануды тез меңгереді. Бұлар жаттығулардың өзіндік құрылымдық ерекшелігіміз оқушылырдың күнделікті практика жүзінде меңгерген білімдерін пайдалану қабілеттерінің қалыптасуымен тығыз байланыста.