Диплом жұмысы «Трансформатор»



бет1/26
Дата14.12.2021
өлшемі2,28 Mb.
#100380
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Дип.-«Трансформатор»-АҚ-ның-жаңартылған-механикалық-цехын-электр-энергиясымен-қамтамасыз-ету-есеп


Ф-ОБ-001/033
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

А. ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ
ИНЖЕНЕРЛІК-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ПӘНДЕРІ КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
«Трансформатор» АҚ-ның жаңартылған механикалық цехын электр энергиясымен қамтамасыз ету: есептік зерттеу


050718- Электрэнергетика

Орындаған студент____________ Сарсенбаев А.П


Ғылыми жетекшісі аға оқытушы_______ Рахимжанова П.Т

Қорғауға жіберілді ”

Хаттама № ____

“____” _________ 2009ж

Кафедра меңгерушісі,

техн.ғ.к.,доцент ________________ Абдикулова З.Қ.


Түркістан 2009


Мазмұны



Мазмұны

2-3

Кіріспе

4-5

1.Әдебиеттік шолу. Жұмысқа берілген мәләметтер

6

2 Электр жүктемелерін есептеу.

7

2.1 Механикалық цех жүктемесін есептеу

8-9

2.2 Жарық жүктемесін есептеу

9

2.3 Зауыт бойынша жүктемені есптеу

10

2.4 Цехтік трансформаторлар санын мен қуатын есептеу және 0,4кВ кернеуде реактивті қуатты компенсациялау

14

2.5 Цех трансформаторларының 0,4 кв кернеудегі реактивті қуаттын компенсациялау сурет 2.1 –де көрсетілген

15

2.6 QТКБК ТП бойынша жіктеу

16

2.7 “Трансформатор” АҚ-ның жаңартылған механикалық цехын электр жүктемесінің дәл есептелуі

17

2.7.2 Электроқозғалтқыштың қуатын таңдау.

19

2.7.3. Ұзақ уақыт жұмыс істейтін қозғалтқыш қуатын таңдау

19

2.7.4 ДСП пешінің есептік қуатын анықтау

20

3 Сыртқы электрмен жабдықтау схемаларының нұсқаларын салыстыру

21

3.1 II нұсқа – ЭТЖ (ЛЭП ) 37 кВ. Электрмен жабдықтаудың нұсқасы.

21-26

3.2 И=35 кв ажыратқыштар мен айырғыштарын таңдау

27

3.3 2. Нұсқа бойынша шығындарын есептеу

30

4. Кернеу трансформаторлары шарттары бойынша таңдау.

31

4.7 Изоляторларды таңдау

33

5.1 ГПП трансформатордың релелік қорғауы

34

5.2 Максималды тоқтық қорғау (мтқ)

34

5.4. Аса жүктелуден қорғау

35

5.4.2 БТҚС трансформаторларына арналған максималдық тоқтық қорғауды есептеу

38

5.4.4 Автоматика және сигнал беру

39

6.1 АТҚ 110 кв үшін контурлы жерлендіру құрылғысын есептеу

40-44

7. Эксперименттік бөлім

45-46

7.1 Цехтік тп трансформаторының жұмыстық тармағын таңдау

47

7.2 Трансформаторлы подстанция жұмысының тиімді режимі

48-50

7.2. 1 Тізбек бойындағы энергияның жоғалу графигі

51-52

8. Экономикалық бөлім

53

8. 1- нұсқа бойынша шығындарын есептеу

53-54

10. Өмір тіршілік қауіпсіздігі

10.1 механикалық цехтағы еңбек шартын талдау



55

55-7


10.1 Нүктелік әдістің есептеу схемасын 2 суретте

58

10.2 Еңбек жағдайын жақсарту бойынша шараларды әзірлеу

10. 2.1 Өндірістік шудан қорғау



59

10.3 Төменгі кернеулі қонырғылардың электр қауіпсіздігі мәселелерін өңдеу (нөлдеу есебі)

60

10.3 Нөлдеуді есептеу.

61

10.3.1 Нөлдеудің есептік сүлбесі

61-62

10.4 Механикалық цехтың нөлдеуін есептеу.

63

11. Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу

66-72

12. Қорытынды.

73-74

13.Пайдаланылған әдебиет тізімі

75-77


КІРІСПЕ
Электр энергиясының басты тұтынушылары болып өндіріс транспорт, ауыл шаруашылығы, қалалар мен ауылдардың коммуналды шаруашылығы болып табылады. Бұнда өндіріс объектілеріне электр энергиясын тұтынудың 70%-дан астамы келеді. Ауыл шаруашылығы мен ауыр өнеркәсіптің дамуына, адам тіршілігіне қажетті энергиямен қамтамасыздандыру мақсатында электр энергиясын қолданудың, өндірудің жаңа технологиясының мұқтаждығы туындап отыр. Осындай маңызды мәселені шешу мақсатында электр энергиясын т‰рлі єдістермен µндіру үшін ќолданылатын жаңа қондырғыларды игеру маңызды.

Энергетиктер және энергосалушылармен шешілетін негізгі мәселелер өндіріс көлемін үздіксіз көбейтуден, жаңа энергетикалық объектілерді салу мерзімін қысқарту мен ескілерін қайта жаңартудан, меншікті капитал салымын азайтудан, жанармайдың меншікті шығынын қысқартудан, еңбек өнімділігін жоғарлатудан, электр энергетиканың өндіру құрылымын жақсартудан тұрады. 80 жыл бойы электр энергетикасы жалпы ұлттық монополия ретінде дамыды және қызмет етті. Бұрынғы одақтың әрбір республикасы бірыңғай энергетикалық жүйенің аралық бөлігі болған. 1991 жылы бірыңғай энергетикалық жүйенің мен электр энергетикасын децентрализациялау мен дезинтеграциялау саланы реформалау процесстері басталды. Бірақ бұған қарамастан электр энергиясы бұрынғыдай энергияның әмбебап түрі болып қалады. Сонымен бірге ол халық шаруашылығының барлық салаларында техникалық прогресстің негізі ретінде қызмет етеді.

Электр энергиясы барлық ауыл шаруашылық салаларында, әсіресе әртүрлі механизмдердің электр жетегінде, ал соңғы жылдары әртүрлі электротехнологиялық орнықтыруларда, бірінші кезекте электротермиялық және электродәнекерлеу қондырғыларда, электролиз, материалдарды электр ұшқынды және электр дыбысты өңдеуде, электрлі бояуда қолданылады.

Электрқабылдағыштардың үлкен тобын ауыл шаруашылығының барлық салаларында: көтергіш-көлік машиналары, заводтың механикалық цехы мен барлық жұмыс істейтін ғимараттары, ағынды-көлікті жүйелер, компрессорлар, насостар, желдеткіштерде қолданылатын жалпы өндірістік механизмдердің жетектері құрайды.

Электр энергиясы түсті металлургияда қолданылатын энергияның негізгі түрі болып табылады, сондықтан түсті металлургияның дамуы электр энергиясы дамуымен өте тығыз байланысты.

Қазіргі уақытты ірі және кішігірім қуатты электр машиналары, кернеуі 1000В-қа дейін және 1000В-тан жоғары электр аппаратураларының түсті металлургиясын өндіру тез қарқынмен дамуда.

Энергожүйеден өндіріс объектілеріне, қондырғыға, жабдық пен механизмдерге қажетті мөлшер мен сапаға сай электр энергиясын беруді қамтамасыз ету үшін кернеуі 1000 В-қа дейін және жоғары желіден тұратын өндіріс мекемелерінің электр жабдықтау жүйелері, трансформаторлық, түрлендіргіш және бөліп тұратын қосалқы станциялар қызмет етеді.

Салынатын электр қондырғылар эксплуатациясының қауіпсіздігін, сенімділік өндіріс мекемелеріндегі өндірілген энергияны беру, орналастыру мен тұтыну жоғары үнемділік және сенімділікпен өндірілу керек. Осыны қамтамасыз ету үшін энергетиктер қолданылатын кернеудің барлық сатысында жоғары кернеудің тұтынушыға барынша көп жақындауына байланысты электр энергиясын орналастырудың сенімді және үнемді нұсқасын жасау керек.

Электр энергиясын цехтік орналастыру жүйесінде комплексттік қондырғылар жабдықтары, қосалқы станциялар және токопроводтар кеңінен қолданылады. Осының арқасында проводтар мен кабельдердің көп мөлшерін үнемдейтін иілмелі және сенімді қондырғы жүйесі пайда болады. Автоматиканың жетілген жүйесі, сонымен бірге өндіріс мекемелерін электр жабдықтау жүйесінің айырықша элементтерін қорғаудың сенімді жабдықтарын кеңінен қолданады.

Электр жабдықтау объектілерін жаңа қондырғылармен жаңартудың басты мәселесі – олардың сенімділігі мен үнемділігінің жоғарғы сатысын қамтамасыз ету. Өнеркәсіптердің электр жабдықтауын жаңарту ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін қолдануды есепке ала отырып жүргізіледі. Электр жабдықтарын жаңарту 3 сатыда орындалды: технико-экономикалық дәлелдеме, техникалық жоба, жұмыстық сызбалар.пен үнемділікті қамтамасыз ету керек. Жаңарту кезінде бұл көрсеткіштер технико-экономикалық есептеудің көмегімен жүзеге асырылады. Электр энергиясын пайдаланушыларының қауіпсіздігін сақтау мақсатымен электр энергиясының қабылдағыштары (қыздырғыш қыл сымды шамдар, электр қозғалтқыштары т. б.) төменгі кернеуде (110-380 В) жұмыс жасауға есептеледі. Оның үстіне жоғарғы кернеу кезінде ток жүретін бөліктер өзара күшті оқшауламаланған болуы керек, бұл аппараттар мен аспаптар конструкциясыны күрделілендіруге алып келеді. Сондықтан энергия берілісінде қолданылатын жоғарғы кернеумен қабылдағыштарды тікелей коректендіруге болмайды. Ол үшін энергия қабылдағыштарга энергияны төмендеткіш трансформаторлар арқылы береді. Транссформаторлар іс жүзінде электр энергиясын үлкен қашықтыққа беру, энергияны қабылдағыштар арасында тарату үшін және әртүрлі түзеткіш, күшейткіш т. б. құрылғаларда кеңінен қолданылып отыр.

Егер бір ғана мәнде берілетін қуатта кернеуді көбейтсек, онда соншалықты оның тогы азаяды. Бұл электр энергиясын беретін желінің, сым өткізгшінің көлденең қимасын азайтуға мүмкіндік береді, ал ол түсті металды үнемдеуге және желідегі энергия шығынын азайтуға алып келеді. Трансформаторлар іс жүзінде электр энергиясын үлкен қашықтыққа беру, энергияны қабылдағыштар арасында тарату үшін және әртүрлі түзеткіш, күшейткіш т. б. құрылғыларда кеңінен қолданылып отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет