Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі 72 беттің 10–ші
беті
Емтихан алдында тәжірибелік емтиханның бағалау парағы Өлшеу және бағалау секторына
тапсырылады.
6.1.12
Эссе – жазбаша алынатын емтихан түрі. Факультеттің
факультеттің
Оқу-әдістемелік
комитетте бекітілген эссе тақырыптары (бір пәнге 10 тақырыптан кем емес), эссенің жазылу
мақсатына қарай оған қойылатын талаптар, оны бағалау критерийлері және эссе жазу үлгілері
білімгерге алдын ала (аралық аттестаттаудан бұрын) ұсынылады. Білім алушы дайындаған
эссені 14-ші аптада электрондық тасымалдағышта (CD, DVD, флэш т.с.с.) факультетте мәтінді
пайдалану нысанына тексеруден өткізетін жауапты тұлғаға тапсырады. Жұмыс мәтіні
көрсетілген форматтардың бірінде ұсынылуы тиіс: DOC, DOCX (Microsoft Word). Эссені
тексеру процедурасы «Білім алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстарында, ПОҚ оқу-
әдістемелік және ғылыми еңбектерінде мәтінді пайдалануды тексеру ережесінде» көрсетілген.
6.1.13
Жоба қорғау – жазылған зерттеу жұмысының нәтижесін ауызша түрде, емтиханның
бағалау парағына белгі қойып, қорғайтын емтихан. Жоба тақырыптары және жоба жазу
нұсқаулықтары мен жобаның жазылу мақсатына қарай оған қойылатын талаптары факультеттің
факультеттің
Оқу-әдістемелік комитетінде бекітіледі. Оның бағалау критерийлері силлабуста
көрсетіледі. Білім алушы дайындаған жоба қорғауды 14-ші аптада электрондық
тасымалдағышта (CD, DVD, флэш т.с.с.) факультетте мәтінді пайдалану нысанына тексеруден
өткізетін жауапты тұлғаға тапсырады. Жұмыс мәтіні көрсетілген форматтардың бірінде
ұсынылуы тиіс: DOC, DOCX (Microsoft Word). Жобаны тексеру процедурасы «Білім
алушылардың бағаланатын жазбаша жұмыстарында, ПОҚ оқу-әдістемелік және ғылыми
еңбектерінде мәтінді пайдалануды тексеру ережесінде» көрсетілген. Жоба қорғау емтиханының
бағалау парағы (
қосымша 9 ) кафедра мәжілісінде талқыланып, факультеттің
факультеттің
Оқу-
әдістемелік комитетінде бекітілуі тиіс.
6.1.14
факультеттің
Оқу-әдістемелік комитетінде бекітілген емтихан сұрақтары, жобалар
мен эссе тақырыптары Өлшеу және бағалау секторына, ал ОҚКЕ тапсырмалары Симуляциялық
орталыққа өткізіледі.
Пән, модуль бойынша бағдарламалық тапсырмалар университеттің автоматтандырылған
ayu.edu.kz домені бар жүйесінде аралық аттестаттау мерзіміне дейін жариялануы тиіс, білім
алушыларға қол жетімді болуы керек.
6.1.15 Емтихан кестесі факультет мамандарымен түзіліп, дұрыстығы факультет
декандарымен тексеріліп, аралық аттестаттаудан 1 апта бұрын Академиялық мәселелер вице-
ректормен бекітіледі, білім алушылар мен оқытушы-профессорларға тиісті факультет
декандарымен хабарланады.
6.1.16 Емтихандар аталған пән мен білім беру бағдарламасының өкілдері болып
табылмайтын профессор-оқытушылар құрамы мен қосалқы қызметкерлерден ең кемі екі
емтихан қабылдаушылардың бақылауымен өткізіледі.
6.1.17 Емтиханның шығармашылық, тәжірибелік, эссе, жоба қорғау түрлерін өткізу үшін
кемінде 2 адамнан тұратын бейініне сәйкес біліктілігі бар жетекші ПОҚ-нан аралық аттестаттау
басталғанға дейін кафедра меңгерушілерінің ұсынысы негізінде факультет деканның Өкімімен
емтихан комиссиясы құрылады.
6.1.18 Тест-ЭЕМ түрдегі емтихандар бойынша тест тапсырмаларын Өлшеу және бағалау
секторының жауапты жетекші маманы тестілеу базасына (модульге) енгізеді, білім
алушыларды ТО тіркейді.
6.1.19 Өлшеу және бағалау секторының қызметкерлері емтиханға 1 апта қалған мерзімде
жазбаша (
қосымша 11 ), тәжірибелік, шығармашылық емтихан билеттерін, тексеру парақтарын
бастырып шығарып, арнайы конверттерге салып, мөрлеп бекітеді (
қосымша 12 ). Емтихан
билеттері мен қатысу парақтары емтихан болатын күні емтихан өтетін орынға жеткізіледі.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022 Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі