мемлекеттік емтихан тапсырады. Мемлекеттік емтихан жазбаша
форматта өткізіледі (
қосымша 4 ). Мемлекеттік емтиханды өткізу тәртібі осы ереженің 7-
тармағында көрсетілген.
6.1.5 Емтихан сұрақтарын құрастыру бойынша талаптар:
- емтихан сұрақтарының күрделілік дәрежесі қалыптастырылатын пәннің оқыту
нәтижелеріне байланысты болуы тиіс;
- емтихан сұрақтары пәннің оқыту нәтижелерін Блум таксономиясы негізінде бағалау
бойынша деңгейлік сұрақтарды дайындауда бакалавр үшін - білім, түсіну, қолдану деңгейінде,
магистратура – қолдану деңгейінде, талдау, бағалау, PhD докторантура – талдау, бағалау, құру
етістіктері қолданылуы тиіс. (
қосымша 5 )
- Қазақстан тарихы, Философия, қазақ (орыс) тілі, шетел тілі, ақпараттық-
коммуникациялық технологиялар (ағылшын тілінде) МЖМБС 1 қосымшасы, 6 және 7-
тармақтарда көрсетілген қабілеттілікті бағалайтын сұрақтарды дайындау қажет.
6.1.6
Тест -
ЭЕМ емтихан – тестілеу бағдарламаларын қолдану арқылы өткізілген тестке
автоматты түрде қорытынды беретін бақылау түрі. Әр білім алушының емтиханы 50 тест
тапсырмасынан тұрады.
Тест сұрақтарының саны бір кредитке 60 бірегей сұрақты құрауы тиіс.
6.1.7
Кешенді емтихан - білім беру бағдарламасының оқытудың белгілі нәтижелеріне,
яғни құзыреттілікке қол жеткізуге бағытталған модуль пәндердің мазмұндық бірлігі негізінде
екі немесе одан да көп пәндер бойынша алынады. Бұл ретте қорытынды бақылау бағдарламасы
кәсіби құзіреттілікке сәйкестігін анықтауға бағытталады. Кешенді емтихан кезінде баға тұтас
модуль бойынша қойылады.
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022 Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,