Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі 72 беттің 5–ші беті
бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын оларды зерделеп бітіргеннен кейінгі меңгеру
сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
-
білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Examination) - тиісті білім
деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім беру бағдарламасында
көзделген оқу пәндерінің және (немесе) модулдерінің көлемін және оқу қызметінің басқа
түрлерін білім алушылардың игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
-
қорытынды бақылау (емтихан) –
аралық аттестаттау кезінде пәнді оқу аяқталғаннан
кейін жүргізілетін білім алушының оқу жетістіктерін бақылау. Білім алушылардың оқу
жетістіктері (білімі, іскерліктері, дағдылары мен құзыреттері) халықаралық практикада
қабылданған цифрлық эквиваленті бар әріптік жүйеге сәйкес келетін 100 балдық шкала
бойынша (оң бағалар, кему шамасына қарай, "А"-дан "D" - ға дейін және "қанағаттанарлықсыз"
- "FХ","F",) және дәстүрлі жүйе бойынша бағалаулар.
-
"FХ" "қанағаттанарлықсыз" бағасы – оқу пәнінің (модульдің) бағдарламасын қайталап
өтпей-ақ академиялық күнтізбесіне сәйкес қорытынды бақылауды (емтиханды) бір реттен
артық емес қайта тапсыру;
-
"F" "қанағаттанарлықсыз" бағасы – оқу пәніне (модульге) қайта жазылады, оқу
сабақтарының барлық түрлеріне қатысады, бағдарламаға сәйкес оқу жұмысының барлық
түрлерін орындайды және қорытынды бақылауды тапсырады;
-
жазғы семестр - білім алушылардың қосымша білім алуға, академиялық қарыздарын
немесе оқу жоспарларындағы айырмашылықтарын жоюға, басқа білім беру ұйымдарындағы
оқу пәндерін оқуға және кредиттерді меңгеруге, өзі оқитын жоғары және (немесе) жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымында міндетті түрде қайта сынақ тапсыруға, орташа үлгерім
балын көтеруге (GPA), аралас немесе қосымша білім беру бағдарламасын, оның ішінде екі
дипломдық білім беру шеңберіндегі білім беру бағдарламасын игеруге деген қажеттіліктерін
қанағаттандыру үшін ұзақтығы кемінде 6 апталық (бітіруші курсты қоспағанда) кезең.
-
білім алушылардың оқудағы жетістігі - білім алушылардың оқу процесінде алатын
және жеке тұлғаның қол жеткізген даму деңгейін көрсететін білімі, іскерліктері, дағдылары
және құзыреті;
-
білім алушының академиялық рейтингі (Rating) (ретинг) - аралық аттестаттау нәтижелері
бойынша құрылатын, пәндердің және (немесе) модулдердің оқу бағдарламасын және оқу
қызметінің басқа түрлерін білім алушылардың меңгеру деңгейінің сандық көрсеткіші;
-
білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі - БӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-
әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары,
коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын, оқу
нәтижелеріне қол жеткізуге бағытталған тақырыптардың белгілі бір тізбесі бойынша жасалатын
жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ),
магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары
(бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-нің бүкіл көлемі білім алушыдан күнделікті өзіндік
жұмыс атқаруды талап ететін тапсырмалармен расталады;
-
оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (бұдан әрі
- ОБӨЖ) - жеке кесте бойынша оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін білім алушының
жұмысы білім алушының санатына қарай ол: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін
студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін
магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының жетекшілігімен
жүргізілетін докторанттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді;
-
жеке оқу жоспары - білім беру бағдарламасы (ТжКОБ ұйымдары үшін үлгілік және оқу
жұмыс жоспары негізінде) мен элективті пәндер каталогы және (немесе) модульдер негізінде
эдвайзердің көмегімен білім алушы әр оқу жылына дербес қалыптастыратын оқу жоспары;
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022 Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі