Диплом жұмысын (жобасын) қорғауды өткізу тәртібі


АТАУЛАР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР



Pdf көрінісі
бет3/65
Дата24.02.2023
өлшемі1,04 Mb.
#170023
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65
Байланысты:
027-1

3 АТАУЛАР, АНЫҚТАМАЛАР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
3.1. Университеттің осы ережесінде төмендегі қысқартулар қолданылады: 
Университет – Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті;
УЕ – Университет ережесі;
ЖЖОКБҰ – Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы;
СМЖ – Сапа менеджменті жүйесі;
Департамент – Академиялық департамент;
СРСО – Стратегиялық жоспарлау, рейтинг, комплаенс бақылау және сапа орталығы;
ОЖҰБ – Оқу жұмысын ұйымдастыру бөлімі;
ЖБКБББ – Жоғары білімнен кейінгі білім беру бөлімі;
ТО – Тіркеу офисі
ӨБС– Өлшеу және бағалау секторы;


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі
Университет білім алушыларының үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі
72 беттің 4–ші беті
ПОҚ – Профессор-оқытушылар құрамы;
ОҚКЕ – Объективті-құрылымдық клиникалық емтихан;
МЕК – «Қазақстан тарихы» пәнінен мемлекеттік емтихан комиссиясы;
АК – Аттестаттау комиссия;
ҚА – қорытынды аттестаттау;
МЖМС – Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
БББ – білім беру бағдарламасы.
3.2 Университеттің осы ережесінде төмендегі анықтамалар қолданылады:
- академиялық күнтізбе
– оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен
мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу
күнтізбесі;
-
академиялық адалдық
– білім алушының жазбаша жұмыстарды орындау (эссе, жоба
қорғау), емтихандағы жауап, зерттеулердегі, өз ұстанымын көрсету, академиялық
қызметкерлермен, оқытушылар мен өзге білім алушылармен өзара қарым-қатынас, сондай-ақ
бағалау барысындағы адалдығын айқындайтын құндылықтар мен ұстанымдардың жиынтығы; 

академиялық ұтқырлық
– білім алушыларды немесе оқытушы-зерттеушілерді белгілі бір
академиялық кезеңге: семестр немесе оқу жылына өзге жоғары оқу орнына (ел ішінде немесе
шетелде) игерген білім бағдарламаларын міндетті түрде кредит түрінде сынақ ретінде тапсыра
отырып өз ЖОО-сында немесе өзге ЖОО-да білімін жалғастыру немесе зерттеулер жүргізу
үшін ауыстыру.

академиялық кезең
– семестр, триместр, тоқсан сияқты үш нысанның біреуінен тұратын
теориялық оқу, аралық аттестация, практика, демалыстар, қорытынды аттестаттау кезеңінен
тұрады;
-
академиялық кредит
– білім алушының/оқытушының ғылыми және (немесе) оқу
жұмысының көлемін өлшеудің біріздендірілген бірлігі;

академиялық қары
з – білім алушының білімін аттестаттау кезінде «қанағаттанарлықсыз»
деп бағалау. Студент қарызын белгіленген мерзім аралығында қарызын жою тиіс.

білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау (
апталық бағалау
)
– академиялық кезең
ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтарда
білім алушылардың білімін, икемділігі мен дағдыларын жекелеген тақырыптар, бөлімдер,
модульдер бойынша кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
- аралық бақылау
- бір академиялық кезең ішінде бір оқу пәні шеңберінде екі рет
(теориялық оқытудың 7-ші және 15-ші апталарында) өткізіледі және 100 балдық шкала
бойынша қойылатын 1 (РК1) аралық бақылау және 2 (РК2) аралық бақылау балдары түрінде
қойылады. Әрбір аралық бақылау бойынша бағалау білім алушының бағаланатын кезеңде алған
ағымдағы бағаларынан құралады. РК1 (РК2) үшін ең жоғары балл – 100 балл. Рұқсат беру
рейтингісінің бағасы жинақтаушы сипатқа ие және үлгерімнің ағымдық бақылауының бағалары
мен аралық бақылаудың бағасынан құралады (семестр бойы 2 аралық бақылау).

І-аралық бақылау
(Блок 1) - Академиялық күнтізбеге сәйкес, академиялық мерзімнің 7-
аптасында (семестр), 5-аптасында (триместр), 4-аптасында (квартал) оқытушының тарапынан
білім алушының оқудағы жетістіктерін қорытындылап, бағалау;

ІІ-аралық бақылау
(Блок 2) - Академиялық күнтізбеге сәйкес, академиялық мерзімнің 15-
аптасында (семестр), 10-аптасында (триместр), 8-аптасында (квартал оқытушының тарапынан
білім алушының оқудағы жетістіктерін қорытындылап, бағалау;

білім алушыларды аралық аттестаттау
– білім алушылардың бір оқу сабағының, бір
оқу пәнінің және (немесе) модульдің, сондай-ақ бір біліктілік шеңберінде кәсіптік модульдердің


Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік
университеті
УЕ-ХҚТУ-027-2022
Сапа менеджментінің жүйесі
Университет ережесі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет