Сабақтың тақырыбы Шар секторы және шар сегменті Сілтеме Жоспар, Геометрия оқулығы



Дата29.01.2020
өлшемі96 Kb.
#56733
түріСабақ
Байланысты:
doc1546619153

Күні: 28.01.2020 ж

Пән мұғалімі: Хайруллина М.М

Сабақтың тақырыбы

Шар секторы және шар сегменті

Сілтеме

Жоспар, Геометрия оқулығы

Жалпы мақсаты

Күтілетін нәтиже

  • Шар секторы және шар сегменті ұғымдарымен танысады, тапсырмалар орындайды.

  • Өз бетінше талдауды, салыстырып, бағалауды үйренеді.

  • Жеке, жұппен жұмыстанып, бір-бірін тыңдау дағдыларын қалыптастырады.

Негізгі идеялар

Шардың жазықтықпен қиып түсірген бөлігін шар сегменті деп атайды.

Шар сегменті:

1) сегменттік бет деп аталатын сфераның бөлігімен;

2) шар сегментінің табаны деп аталатын дөңгелекпен шектелген.



Бұрышы 900-тан кіші дөңгелек сектор оны шектеусіз радиусты қамтитын түзуден айналғанда шыққан фигураны шар секторы деп атайды.



Шар секторы шар сегментінен және конустан тұрады.



Тапсырмалар

Жұптық жұмыс

Жеке жұмыс


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары: (мұғалім және оқушы немен айналысады)

І. Ұйымдастыру

    1. Сәлемдесу

    2. Түгелдеу

    3. Класс оқушыларына жағымды ахуал туғызу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1 тапсырма – еске түсіру (теория сұрақтар арқылы оқушыларды ойлауға итермелеу)

Өткен сабақта өтілгендерді еске түсіреміз.

2 тапсырма. №24 есеп (шығарылу жолы қосымша дәптерде келтірілген)

ІІІ. Тақырып бойынша қысқаша мәлімет беру

ІҮ. Талқылау үшін сұрақтар беріледі

- Сфера дегеніміз не?

- Шар дегеніміз не?

- Шар мен сфераның жазықтықпен қимасы (үлкен дөңгелек, үлкен шеңбер)

- Қиманың центрі шар центрінен қиюшы жазықтыққа түсірілген перпендикуляр болады.

- Шарға (сфераға) жанама жазықтық.

- Жанама жазықтықтың радиусқа       болуы.

- Шар бөліктері. (олардың элементтері) (сегменті, қабаты, секторы)

- Шардың практикада қолданылуы.

Осы талқылауға берілген сұрақтарды оқушылармен бірге талдау. Оқушылардың пікірлерін тыңдау.


ҮІ. Оқулықпен жұмыс.

1) 64-бет, №12, 13 сұрақтар

2) №25, 27
Сабақты бекіту

№1

1. Цилиндрдің бүйір бетін қалай аламыз?



2. Конустың радиусы 3 см. (биіктігі) жасаушысы 5 см. Конустың бүйір бетінің ауданын тап.

3. Радиусы 41 дм шар центрінен 9 дм қашықтықты жазықтықпен қиылған қиманың ауданын тап.

№2

1. Конустың бүйір бетін қалай аламыз?



2. Цилиндрдің радиусы 4 см, жасаушысы 5 см. Цилиндрдің бүйір бетінің ауданын тап.

3. Қиық конус табандарының радиустары 3 м және 6 м, биіктігі 4 м. Жасаушысын табыңдар.

№3

1. Қиық конустың бүйір бетін қалай аламыз?



2. Шардың үлкен дөңгелегінің ауданын тап, егер шардың радиусы 4 см болса.

3. Цилиндрдің биіктігі 6 см, табан радиусы 5 см. Цилиндр осіне 4 см қашықтықта оған параллель жүргізілген қиманың ауданын тап.

№4

1. Цилиндрдің осьтік қимасы қандай фигура?



2. Сфераның радиусы 6 см болса, оның үлкен шеңберінің ұзындығы қандай?

3. Конустың биіктігі 20 см, табан радиусы 10 см. Осьтік қимасының ауданын тап.

  №5

1. Сфераны (шар бетін) қалай аламыз?



2. Қиық конустың радиустары 3 см және 5 см, жасаушысы 8 см. Бүйір бетінің ауданын тап.

3. Цилиндрдің табанының радиусы 2 м, биіктігі 3 м. Осьтік қимасының диагоналін тап.


ҮІІ. Жеке жұмыс

ҚМЖ – 11 кл – Г

Шар секторы және шар сегменті

Оқушының тегі, аты ___________________________________________________



1

Шар қандай фигураны айналдырғанда пайда болатын фигура?




2

Шардың сегментін сал және белгіле




3

Шардың сегменті дегеніміз не?





ҮІІІ. Кері байланыс (Рефлексия)

Не үйрендім?




Не қиын болды?




Сұрақ:

  • Бүгінгі сабақта мен не істедім?

  • Сабақ ұнады ма?




ІХ. Үйге тапсырма

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет