Сабақ жоспары №8 Сабақтың тақырыбы: Мұрағаттау бағдарламаларымен жұмыс



бет1/5
Дата25.05.2022
өлшемі451,34 Kb.
#144930
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
План 7 ИКТ — копия


Алматы қаласының инновациялық техникалық КОЛЛЕДЖІ


күні

тобы

05.05.2022

РПО2- 21К

06.05.2022

РПО1-21К




































САБАҚ ЖОСПАРЫ № 8
Сабақтың тақырыбы: Мұрағаттау бағдарламаларымен жұмыс
Модуль/Пән атауы Ақпараттық-коммуникациялық және цифрлық технологияларды қолдану
Дайындаған педагог: Адильбекова А.Ж
Сабақтың мақсаты: Файлдарды архивтеудің негізгі ұғымдарымен танысу. Мәліметтердi қысудың теориялық негiздерi. Мәліметтерді қысудың қайтымдылығымен танысу.
Сабақ типі мен түрлері, оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер, педагогикалық технологиялар:
Аралас сабақ, баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, саралап деңгейлік оқыту.
Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиет, сілтемелер:
лекциялар, анықтамалар, деңгейлік тапсырмалар бойынша үлестірме
Техникалық жабдықтау, материалдар: тақта, проектор.
Қолданатын әдебиеттер:

  1. Мюллер Скот Модернизация и ремонт ПК. Перевод с англ Уч. Пособие М «Вильямс», 2001,1184с.

  2. Гукин Д. ІВМ-совместимост персональный компьютер: Устройства и модернизация: Пер. с англ.- М.:Мир, 1993 г.

  3. «Информатика негіздері» журнал 2007 № 1, 12-16 бет.



Сабақ нәтижесінің сипаттамасы
Оқыту нәтижелері: Мұрағат бағдарламаларымен жұмыс істей алады
Бағалау критерийлері:
- Мұрағат бағдарламаларымен жұмыс істей алады
Бағалау тапсырмалары: Өзіндік жұмыс тапсырмалары.

Сабақтың барысы


1. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын тексеру, кабинеттің тазалығын және дайындығын тексеру, оқушылардың жұмыс белсенділігін көтеру, жұмыс дәптерінің барын тексеру, білім алушыларды түгендеу.
2. Үй тапсырмасының орындалуын тексеру
- Компьютер архитектурасы тақырыбына конспект және ауызша қорғауға дайындалу.
- Практикалық тапсырма 3
3. Білім алушылардың негізгі кезеңде дайындығын тексеру
Мына сұрақтарға жауап беру, талдау жасау:
1. ЭЕМ деген не
2. ДК архитектурасы
4. Жаңа білімін және дағдыларын дамытуды қалыптастыру
Бүгінгі өтетін тақырыбымыз: Мұрағаттау бағдарламаларымен жұмыс
Сабағымыздың мақсатын ашу.
1. Файлдарды архивтеудің негізгі ұғымдары
Мәлімет cақтайтын дискiнiң көлемi қаншалықты үлкен болғанымен ол шектеулі, жиі қолданылмайтын мәлiметтердi ұзақ сақтау кезінде оның қысып архивтеу керек.
Дискiдегi орынды үнемдеп, файлдың көлемiн азайту үшiн арнайы сығу программалары бар.
Дискідегі мәліметті сығылған архивтік файлға жазу процесі архивтеу (сығу, тығыздау), ал сол файлды архивтен шығарып алу – қалпына келтіру деп аталады.
Мәліметтерді сығу және қалпына келтіру істерін жүзеге асыратын программалар тобы – архиваторлар.
Информацияны архивтеу — мәліметтің саны мен сапасын жоғалтпай, тек көлемін кішірейту.
Мәліметтің сығылу деңгейі – олардың типіне байланысты.
Ең жақсы қысылатын мәліметтер –суреттер, фильмдер.
Одан кейінгі тәуір қысылатын файлдар – графиктер.
Мәтіндердің қысылу деңгейі кодтау жүйесіне байланысты болады. Кириллицаны пайдаланатын мәтін ағылшын тіліндегі мәтінге қарағанда 20-30 % жақсы қысылады.
Орналасқан объект типіне қарай архивтеу түрлері:

  • файлдарды тығыздап қысу – компьютер желісі бойынша мәлімет тасымалдау және дискетке жазып сақтауда қолданылады;

  • бумаларды қысу – мәліметтерді ұзақ уақытқа резерв көшірмесін алып сақтау кезінде керек;

  • дискілерді қысу – шағын дискілердің көлемін үлкейту үшін пайдаланылады.

Мәтiндiк файлдарды екi есеге жуық, ал бояулары (ақ-қара) сұр түстi суреттердi қанықтылық ерекшелiктерiне қарай екi-төрт, тiптi он есеге дейiн тығыздап сығуға болады.
Архиваторлар орташа есеп бойынша файл көлемiн 10–70%-ға дейiн кiшiрейтедi. Әдетте 20 Мб мәліметті көшiру (СОРУ командасы арқылы) 15 дискет (көлемi 1,44 Мб) қажет, ал архиватор көмегiмен 6-7 ғана керек болады.
Файлдарды архивтеуге арналған программалар:

  • дискiдегi файлдар көшiрмесiн сығылған бiр файлға орналастыруға,

  • кейiннен файлды архивтен шығарып алуға,

  • архив мазмұнын көруге, т.б. iстер атқаруға мүмкiндiк бередi.

Архиватор программалар бiр-бiрiнен жұмыс iстеу жылдамдығымен, файлды сығу деңгейiмен ерекшеленеді.
Архивтеу программалары тегiн (SHAREWARE) немесе делдалдық әдiспен сатылады. Windows 98/2000/NT ортасында кең таралған архиваторларға ARJ, RAR, ZIP (winarj, winrar, winzip) тәрiздi программалар жатады.
Архиваторлар жұмысы нәтижесінде архивтік файл пайда болады.
Архивтік файл – бір немесе бірнеше файлдардың сығылып кішіреюі нәтижесінде шыққан бір файл.
Архивке жаңа файлдарды қосуға немесе оның құрамындағы файлдарды өшіруге болады.
Архив құрамындағы кез келген файлды қалаған кезде алғашқы қалпына келтіріп кеңейтіп, бір бумаға жазып ала аламыз.
2. Мәліметтер сығудың теориялық негiздерi
Информацияны сығу сапасы файл типіне және сығу тәсіліне байланысты болады. Ол сығылған мәлімет көлемінің – Vc бастапқы мәлімет көлеміне – V0 қатынасымен өрнектеліп, пайызбен (%) өлшенетін сығу коэффициентімен – Kc анықталады:

Кс мәні кішірейгені информацияны сығу деңгейінің артқанын көрсетеді.
Информацияны архивтеу (сығу) мәселелері оларды кодтау, шифрлау (криптография), дыбыстық және бейнелік сигналдарды түрлендіру тәсілдеріне байланысты.
Мәліметтерді сығу теориясында мыналарды еске алған жөн:

  1. Кез келген мәліметтер тізбегі үшін оны қысу шегі бар, одан ары қысылса, онда мәлімет кейін толық қалпына келмейді.

  2. Кез келген алгоритм (программа) үшін оның басқаларға қарағанда, өте жақсы қыса алатын айрықша мәліметтер тізбегін көрсетуге болады.

  3. Кез келген алгоритм үшін оның тіпті қыса алмайтын мәліметтер тізбегі бар екенін көрсетуге болады.

Сонымен, көптеген сығу алгоритмдері бар, олардың әрқайсысы белгілі бір типтегі мәліметтер үшін өте жақсы істейді, ал басқалары үшін онша тиімді емес.
Мәліметтерді сығудың теориялық тұрғыдан алғанда үш тәсiлi бар: 1) мазмұнын өзгерту,
2) құрылымын өзгерту,
3) олардың мазмұнын да және құрылымын де өзгерту.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет