Критериалды бағалау – білім нәтижесінің кілті угыбаева Гулайым Алимовна Атырау қаласы химия-биология бағытындағы



Дата27.12.2016
өлшемі93,74 Kb.
#5612


КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ – БІЛІМ НӘТИЖЕСІНІҢ КІЛТІ
Угыбаева Гулайым Алимовна

Атырау қаласы химия-биология бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі
Мақалада критериалды бағалауды жүзеге асырудағы жұмыстар мен жетістік критерийлерін құру жолдары автордың тәжірибесінен алынып баяндалады.

This article is about work on the implementation of criteria-based assessment and ways of developing success criteria that are taken from the experience of the teacher.

В данной статье учитель отразил опыт работы по совершенствованию критериального оценивания в учебном процессе.
Заман өзгерген сайын қоғамда түрлі өзгерістер мен жаңа бастамалар пайда болып, «ескінің» жаңа түрге енетіні, инновациялар мен ғылыми жаңалықтардың көрініс табатыны айқын.Сол жаңашылдықтың басынан білім мен ізденістің, жаңа бағыт пен шығармашылықтың сабақтастығы орын алады.

Білім – мәңгілік ізденіс, өйткені ол ешқашан таусылмайтын бұлақ. [1] Осы жолда жас буынның болашағы жарқын, еліміздің келешегі кемел болатындай заманауи талаптардың бір жүйеге енуі, оның жүзеге асуы, басым бағыттарының болғаныбілім берудің бағдаршамына айналды.



Бүгінде заманауи талаптар негізінде туындаған білім саласындағы жаңа бағыттардың бірі – критериалдыбағалау болып отыр. Ол - білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқындалған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критерийлермен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс.

Критериалды бағалауды мектептерге енгізудің мақсаты оқыту сапасын жоғарлатудан, мектеп оқушыларының білімін халықаралық стандартқа сәйкестендіруден туындап келді. Сондай-ақ оның басты ерекшеліктері белгіленді.

Критериалдыбағалаудыңбастыерекшелігі:


  • Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласы;

  • Анық, айқындылығы;

  • Бағаның әділдігі;

  • Оқушының өзін бағалауына мүмкіндіктің берілуі.

Критериалды бағалау міндеттері оқу үрдісінің әрбір кезеңінде оқушының дайындық деңгейін анықтауға, оқу бағдарламасына сәйкес оқытудың мақсаты мен нәтижелерінің жетістіктерін оқушылардың өздерінің талдауына, оқу бағдарламасын меңгерудегі олқылықтарды жою үшін оқушыларды ынталандыруға, сондай-ақ оқу бағдарламасының тиімділігін бақылауға, оқу үрдісін ұйымдастырудың және оқу материалын меңгерудің ерекшеліктерін анықтау үшін мұғалім, оқушы және ата-ана арасында кері байланысты қамтамасыз етуге негізделген. [2]

Осы орайда іс-тәжірибемізде орын алып жүрген критериалдыбағалаудың артықшылықтарын атап өтуге болады:




Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен салыстырылады

Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады


Үлгі оқушыларға алдын-ала белгілі болады



Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі болады


Білім беру сапасының артуына жол ашылады


Оқушылар мұнда нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білуге, түсінуге, рефлексияға қатысуға, яғни өзін және өз достарын бағалауға, нақты тапсырмаларды орындауда өз білімдерін қолдануға, ойларын еркін жеткізе білуге, сын тұрғысынан ойлай білугедағдыланады. Қалай оқу керектігін пайымдайды.“Балаға өз бетімен зерттеуге мүмкіндік туғызған сайын одан әрі жақсы оқи түседі”- деген Питер Клайнның сөзін [3] ескерсек, сабақ барысында топтық әңгіме, зерттеушілік әңгіме, ашық және жабық сұрақ түрлерін құру сынды т.б. жұмыстар оқушы тарапынан қызығушылықты тудырып, өз бетінше ұмтылысын арттырады. 

«Танымның үш жолы бар: ең оңайы - еліктеу, ең ащысы - тәжірибе, ең мәртебелісі – ойлау» деп тұжырымдаған екен қытай ойшылы Конфуций. [4] Сол «ащы» тәжірибе күнделікті сабақтарымызда білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізетін, кез-келген жағдайға байланысты туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу мақсатын алға қойып, критериалды бағалау жұмыстарымен жүзеге асып отыр. Бұл арқылы оқушылар қазақ тілін үйрене отырып, айтылым, тыңдалым, оқылым және жазылым дағдыларын дамытып, түсіну және жауап беру, анализ, салыстыру және бағалау дағдыларын қалыптастырады, сондай-ақ оларды қоғамда тиімді қолдана білуді үйренеді.

Біз «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы оқушыларының оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың ережелеріне сүйене отырып, оқушыларды жақсы оқуға жетелеп, оның өсу қарқыны мен біліміндегі ақауларды анықтауға болатындығына көз жеткізіп келеміз.Тапсырманы орындау барысында оқушыларға ең алдымен жетістік критерийі таныстырылып, олардың қалай бағаланатынын айту керек. Оқушы бірте-бірте өзі де назар аударатын болады. Алдымен бұл бағалау түрін топтық, жұптық жұмыстарда белгілеп, кейін әр оқушының жеке жұмысында басшылыққа алу ең тиімді жолы.

Мысалы 7-сыныпта (L2) О2 мақсатын орындауда оқушылар теледидар, ақпарат көздерінен алынған мәліметтердің стилін анықтайды, басқа мәліметтермен салыстырады. Ол үшін оқушылар арасында белсенді оқыту тәсілдерімен оқылым тапсырмаларын орындатып, топта талқылатып, іске жұмылдыру керек. Қай іс болмасын, әр істің бір шешімі, нәтижесі болатынын ескере отырып, оқушыға мақсатқа негізделген жетістік критерийін құрғызуға дағдыландыру ескеріледі. Себебі оқушы үнемі мұғалім құрып берген критерийге сүйеніп емес, оқу мақсатынан қандай нәтижеге жете алатынын өздігінен анықтай алатын дәрежеге жетуі тиіс. Мысалы, аталған оқу мақсаты бойынша сынып оқушылары «Мәтіннің стильдік ерекшелігін анықтайды; Мәліметтерді салыстырады; Өзіндік пікірін білдіреді» деген критерийлер бойынша жетістікке жетуді көздейді.

«Қонақ наурыз» тақырыбымен берілген мәтінді «Асық ойыны» мәтінімен салыстыра отырып, стильдік ерекшеліктерін анықтайды, мәтіндер туралы пікірлерін білдіреді. Осындай топтық жұмыстарда ЖАДА (жақын арадағы даму аймағы) оқушылардың тапсырманы орындауда бірін-бірі толықтыруына және өз бетінше орындай алуына мүмкіндік жасайды.Диалогтік қарым-қатынастар, өзара іс-әрекеттер маңызды рөл атқарып, олардың әрқайсысының жетістікке жетуіне жол ашады.

1-мәтін: Түн жарымынан ауған кез. Арқабай шопан үйге кiрiп, сәл дамылдап алайын деп, төр алдына жантайып едi, көзi iлiнiп кетiптi. Кенет есiк тықылдады.

– Бұл кiм, әй? – дедi Арқабай. Сырттан «Мен» деген бәсең дауыс естiлгендей болды.

– Менiң кiм?

– Наурызбын ғой.

– Наурызы кiм? Ондай адам жоқ едi ғой бұл маңда.

– Түү-у, ұмытып қалғансыз ба, жыл сайын осы уақытта қонаққа келiп тұратын едiм ғой.

– Әй, малшыларға қонаққа келетiн адам көп, оның қайсыбiрi есте қалады.

– Мейлiң, ашпасаң, ашпай-ақ қой есiгiңдi. Өзiң сыртқа шығып, қой қораңды қарашы!

Сол-ақ екен. Шопан атып тұрып, жалма-жан киiндi. Сыртқа шықты да, қой қораның есiгiн ашты. Қараса, есiктiң тап қасында қоңыр саулық қозылап қалыпты. Егiз қозысы аяғын апыл-тапыл басып, енесiнiң бауырында тұр. Арқабай жас қозыны көтерiп алып, басынан сипады.

– Мезгiл жеткен екен ғой...[5]

2-мәтін: Асық ойыны  қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыныкүндіз де, түнде де ойналады. Ол мергендікке, ептілікке баулиды. Иіргендетүскенқалпынақарайасық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуғаарнапарнайықорғасынқұйылыпжасалғаны – сақа, жақсылары– оңқай аталады. Асықойыныныңмынадайтүрлері бар:құмар,тәйке,омпы, алшы, хан (хан ату), қақпақыл, т.б. Мысалы, құмаройынға 2 – 4 адамқатысады. Олардыңжақсыжонылып, табанықайралғантөртасығыболуыкерек. Асық – ұсақмалдың (қой, ешкі) асықтыжілігіненалынғанжұмырсүйек. [6]

Ал «Менің бос уақытым және хобби» бөліміндегі тыңдалым критерийі (Т2) ақпараттар, қысқа хабарламалар, және өзіне таныс емес тақырыптар аясында айтылған экспрессивті сөздердің мағынасын түсінуге бағытталған.

Тыңдалымға алынған сілтеме бойынша (http://tankaz.kz/node/2063/) оқушылар бейнебаянды тамашалайды, түсіндірме сөздікпен жұмыс жасайды, сөздердің мағынасын талқылайды. Тапсырмалар жетістік критерийі негізінде жүзеге асады.


  1. Сөздердің мағынасын түсінеді.

  1. Термин сөздерді ажыратады.

  1. Сөздерді мағынасына қарай қолданып біледі.

Кейін жеке оқушыларға тапсырмалар беріліп, критериалды бағаланады.


  1. Берілген сөздерді тиісті орнына қойыңыз.

Құралайды көзге атқан,сағасында, дала саңлағы, нысана.

А) __________________________________________ Ғарифолла Құрманғалиевтің шәкірті Гүлмайдан Сүндетованың көпшілік біле бермейтін қырлары көп.

Ә) _____________________________________________ әнші Алматыға оқуға келгенде-ақ мергендік өнерге машықтаныпты.

Б) Осы жолы да қарапайым ______________________ орнына кіріп, бәрімізді тәнті етті.

В) Теңіз ______________________ балық аулайды.

  1. Термин сөздердің қай салаға тән екенін табыңыз.

Поэзия, миномет, диабет, маршал, партия, әскер, драма, штаб, кардиограмма, образ, терапевт, процедура, зымыран.

Әдебиет саласы: ____________________________________________________________

Медицина терминдері: _______________________________________________________

Әскери терминдер: __________________________________________________________

  1. Берілген сөздерді кірістіріп сөйлем құраңыз. Мерген атбегі, серуендеу.

Критерийлер оқу тапсырмасының дұрыс орындалу жолдарының айқын, нақты көрсетілген көрсеткіштерінен тұрады, ал сол көрсеткіш бойынша бағалау – оқушының белгіленген мақсатқа қаншалықты жеткендігінің дәрежесін анықтау. Ол тіл пәндерінде «тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым» деп аталады. Оқу мақсаттары оқушы бойында осы дағдылардың қалыптасуына негізделген. Сабақтарда белсенді іс-әрекеттерді, топтық жұмыстарды ұйымдастыра отырып, оқушыны білуге жетелеу, ұмтылдыру мұғалімнің кәсіби шеберлігін қажет етеді. Қалыптастырушы бағалау тапсырмаларын да ұтымды әрі нақты құру жақсы нәтиже бермек.

Критериалды бағалау мұғалімдер үшін сапалы нәтиже алуға ықпал ететінкритерийлерді құрастыруға, өз жұмысын талдап, жоспарлау үшін ақпарат алуға, оқу үрдісінің сапасын жақсартуға, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға, оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мол мүмкіндік береді. Қалыптастырушы және ішкі жиынтық бағалауда көздеген нәтижеге жету үшін оқушыны критерийге мән беруге, нақты неге мән беруді ескеруге үйрету – ол негізгі мақсат.

Критериалды бағалау жұмыстары барысында оқушылар өз ойын жеткізу жолдарын, әңгімелерді баяндау және өздерінің армандары мен үміттері, жоспарлары туралы сөйлесу барсында айтып, тілдесім мен аудиовизуалды материалды тыңдауда өз көзқарастарын білдіре отырып жауап беру; әдеби және әдеби емес мәтіндерге мақсатқа сай қорытынды жасау және анализ жасау; қысқа жүйелі мәтіндерді жазу барысында қажетті және қызықты ақпараттарды пайдалана білу дағдыларын меңгеруде. Және бұл әлі де тереңірек зерттеуді, нақтылай түсуді қажет ететін мәселе.

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, олардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын анықтаймыз, бағаларын дифференциалдаймыз, оқушының бағалау жүйесіндегіәділдікке көз жеткізгендігін көре аламыз.






1.Сабырбаева Ш. Білім – мәңгілік ізденіс. - http://sabaqtar.kz/gilimi/288-blm-mglk-zdens.html(23.09.2014)

2. Назарбаев Зияткерлік мектептері ДББҰ, «Қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарламасы» – 2012 – Қазақстандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы

3. http://bilimdiler.kz/ustaz/4850-okushylarga-surak-koyu-zhane-olardyn-zhauaptaryna-karay-areket-etu-turaly.html(23.09.2014)

4. http://www.nkzu.kz/news/list?type=site Сайт жаңалықтары. Сөздәйектер галереясы.(23.09.2014)



5. Сарбөпин А. -http://balakai.kz/engimeler/462-ona-nau-yz.html

6. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 - http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%81%D1%8B%D2%9B_%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D0%BD%D1%8B(3.03.2014)


Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет