4. Архиваторларға қойылатын талаптар Қазіргі кездегі архиватор-пограммалар мәліметтерді сығудан басқа мынадай қызметтер атқарады:
• мәліметтерді көлемдері шағын әр түрлі бірнеше бөліктерге (дис-кеттерге) бөліп жазатын көптомдық архивтер жасау;
• автоматты түрде бірден қалпына келтірілетін, ехе-типтегі файлға жазылған SFX-архивтерін дайындау;
• архивтегі файлдардың кез келгенін қалпына келтіру;
• архив құрылымның толықтығын тексеру;
• архивті ашпай-ақ, оның мазмұнын көру;
• архивті ашпай, оған жаңа файлдар қосу;
• архивті ашпай, оның ішіндегі файлдарды өшіру;
• зақымдалған архивтердi толық немесе жекелеп қайта қалпына келтiру;
• архивтегі файлдарды аттары, типтері немесе көлемдері бойын-ша реттеу;
• архивті ашу үшін пароль енгізу, т.б.
Архиватор сипаттамаларына мыналар жатады:
• жұмыс істеу жылдамдығы;
• сервистік қызметтері(орындайтын функциялары жиыны);
• сығу деңгейі – Кс жатады.
Архивтiк файлдың мазмұны (архив құрамындағы қысылған файлдар тiзiмi) және әр файл мәліметтерінің сақтаулы циклдiк бақылау коды болады. Архив құрамындағы әрбiр файл үшiн оның атрибуттары тәрiздi мынадай информациялар сақталады:
· Файлдың аты, типі;
· Файл орналасқан каталог (бума) туралы мағлұмат;
· Файлдын соңғы өзгертiлген мерзiмi;
· Архив бүтiндiгiн тексеруге арналған әр файлдың циклдiк бақылау коды.
Архиваторлар Windows жүйесіне стандартты түрде кірмейді. Олар компьютерге компакт-дискілерден бөлек орнатылады.
5. WinRAR архиваторын пайдалану WinRAR – мәліметтерді сығуға және кейін оларды қалпына келтіруге арналған Windows ортасында орнатылатын архиватор. Оның мүмкiндiктерi:
· RAR және ZIP архиваторларын сүйемелдеу жұмыстарын атқару;
· мәлiметтердi қысудын ең тиiмдi алгоритмiн пайдалану;
· басқа форматтардағы (ARJ, LZH, ACE, UUE) архивтердi басқару;
· стандартты және қосымша SFX модульдер көмегiмен өздiгiнен ашылатын қарапайым және бiрнеше томдық архивтер жасау;
· физикалық түрде бүлiнген архивтердi қалпына келтiру;
· архивтерді шифрлау, түсiнiктемелер қосу, т.б.
5.1. Файлдарды архивке енгiзу WinRAR жарлығы белгiшесiн таңдап алып, тышқанды екi рет шертемiз немесе бас менюдегi Iске қосу – Программалар – WinRAR – WinRAR жолдары арқылы да кiруiмiзге де болады.
Архивтеу кезiнде статистикалық терезе пайда болады. Егер қысу процесiн кенеттен тоқтату қажет болса, сол терезеде Болдырмау (Отмена) батырмасын басу керек. Архивтеу аяқталған сон, статистика терезесi жойылады, ал жасалған архив ағымдағы белгiленген файл күйiнде қалады.
Жасалған RAR архивiне тасымалдау арқылы басқа файлдарды қосуға да болады. Егер WinRAR терезесiнде архивтi белгiлеп, оның атында Enter (немесе тышқанды екi рет шертемiз) пернесiн бассақ, RAR архивтi оқып, оның мазмұнын көрсетедi. 5.2. Файлдарды архивтен шығарып бастапқы қалпына келтіру
WinRAR ортасында архивтен файлды шығарып алу үшiн, алдымен архивтi ашып алу керек. Ол үшін – Windows ортасында аррхивтiк файл белгішесінде тышқанды екi рет шертеміз немесе Enter-дi басу (Сiлтеуіште немесе Менің компьютерімде) қажет.
WinRAR терезесi ашылған соң, архивтік файлдың мазмұны шығады. Керек файлдарды немесе буманы ерекшелеп белгiлеп алып, терезедегi Шығарып алу (Extract to…) батырмасын басамыз (оны Alt+E пернелерi немесе Командалар менюiнен «Файлды архивтен шығару» пунктiн тандау арқылы орындаса да болады). Егер де архивтен шығарылған файлды басқа бумаға сақтағыңыз келсе Шығару… (немесе Alt+A-ны басыңыз) батырмасын шертiп, пайда болған терезеде қажет жолды көрсетiп, ОК-дi басу керек. Мұнда бiрнеше қосымша параметрлердi өзгертуге болады.