Оқу үрдiсiнде оқушылардың оқу қызметiн белсендiрудiң теориялық негiздерi мен тәжiрибелiк тәсiлдерi
Егемендi елiмiздiң бүгiнгi таңдағы басты мақсаты-бiлiм деңгейiн әлемдiк бiлiм кеңiстiгiне енгiзу,орын алу.Сондықтан бiлiм беру жүйесiндегi оқытуды технологияландыру,бiлiм сапасын арттыру,оқытудың жаңа инновациялық технологиясын iздену,жан-жақты дамыған шығармашыл тұлға қалыптастыру мен оларды тәрбиелеу-кезек күттiрмейтiн мақсаттар мен мiндеттердiң бiрi.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейiн бiлiм берудi дамыту тұжырымдамасында жеке тұлғаның өзiн-өзi тануына ,өзiн-өзi дамытуына, өзiндiк шешiмдi тұжырымдар жасай бiлуiне жол ашылған. «... жылдам өзгерiп отыратын дүние жағдайында алынған терең бiлiмнiң ,кәсiби дағдылардың негiзiнде еркiн бағдарлай бiлуге,өзiн-өзi iске асыруға ,өзiн-өзi дамытуға және өз бетiнше дұрыс, адамгершiлiк тұрғысынан жауапты шешiмдер қабылдауға қабiлеттi жеке тұлғаны қалыптастыру »,-деген жолдар оқушының дарыны мен қабiлетiн ,шығармашылық қабiлетiнiң көзiн ашып,дамытуға арналған.
«Бұлақ көрсең, көзiн аш» деген халық даналығына сүйенсек, бұлақтай болған баланың дарынын ашуға жол сiлтеу, оның өзiн-өзi тани алмай,
тұншығып қалуына жол бермеу-тәрбие ордаларының мiндетi.
Оқу қызметiн белсендiруде мұғалiм мен оқушы арасындағы бiрлескен қарым-қатынастың маңызы ерекше.Оқушының ой-пiкiрi мен бастамасы, ұсынысы мен тапсырманы орындау шеберлiгi , сөйлеу мәдениетi мен ой тұжырымы, пайымдаулары, талпыныстары мен iзденiстерi , iскерлiгi, қызығулары жүзеге асады, мұнда бағыт-бағдар беру,iстiң дұрыс-бұрыстығын анықтау педагог тарапынан болуы шарт.
Оқушының танымдық iс-әрекет құрылымы
Танымдық танымдық танымдық шығармашылық
қызығу белсендiлiк iзденiмпаздық әрекет
Оқу танымдық әрекет –оқушылардың негiзгi iс-әрекетi болып табылатын күрделi құбылыс.
Ал,Блум оқушыларды мынандай категорияға бөледi:
1. Қабiлетсiз,5 % /бiлiмдi ұзақ мерзiмдi оқытуда да меңгермейтiндер/
2. Дарынды, 5 % /өте жоғары қарқынмен оқитындар/
3. Кәдiмгi, 90 % /оқуға жiберген уақытына қарай бiлiмдi меңгеретiндер/
Оқушының бойынан шығармашылық қасиет iздеп , ойлау қабiлетiн жетiлдiру бүгiнгi күнi мұғалiмдерден ерекше шеберлiктi қажет етедi.
Достарыңызбен бөлісу: |