Мұғалiм мiндеттерi:
Бiлiм алуға жетелейтiн тиiмдi технологияны қолдану.
Шығармашылық жұмыстар ұсыну.
Оқушы еңбегiн ұйымдастыру.
Оқушыменпiкiрлесу,этикалық мәдениетке үйрету.
Қадағалау, тексеру.
Оқушы мiндеттерi:
Өз бетiмен бiлiм алуға ұмтылу, iздену.
Бiрлесiп жұмыс жасай бiлу.
Бiр-бiрiнiң пiкiрiмен санасу.
Өзiне сын көзбен қарап,бағалай бiлу.
Бiлiм алу дағдысын қолдана бiлу.
Мектебiмiзде әр мұғалiм өзiнiң инновациялық картасын толтырады. Онда қай технологияны меңгередi, толықтай меңгередi, танысу үстiнде деген сұрақтарға жауап алынады.Осы мәлiметтер бойынша әр пән бiрлестiктерiндегi мұғалiмдердiң пайдаланып жүрген технологиялары жөнiнде деректер жинақталды./слайд көрсетiледi/.
Жаңа технологияны меңгеру дәрежесi пән бiрлестiгiнiң рейтингiсiн есептеуде де есепке алынады. Онда өте жақсы меңгередi,iшiнара қолданады, өзiнiң авторлық технологиясы бар деген сұрақтарға пән бiрлестiгiнiң жетекшiсiмен келiсе ,талдай отырып бағаланады. Педагогикалық технологияларды өте жақсы меңгеретiн бiрлестiк –МИФ пән бiрлестiгiнiң мұғалiмдерi. Технология түрлерi өте көп. Алдағы уақыттарда технологияны меңгерудi жетiлдiру мақсатында технология түрлерiн шығармашылық топтағы мұғалiмдерге бөлiп берiп, барлық мұғалiмдерге түсiндiру, таныстыру жұмыстарын қолға алуымыз қажет.
ХХI ғасыр жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмiрiнiң барлық саласы компьютерлене бастады. Ендiгi кезекте елiмiздiң ертеңi болар жас ұрпақ компьютердiң қыр сырын терең меңгеруi тиiс. Қазiргi кезде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту бiлiм беру саясатының ажырамас бөлiгi.
Соңғы жылдары ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ауқымды iлгерлеу байқалып отыр. Барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар жасалып, кеңiнен таратылуда. Осы электронды оқулықтармен жұмыс жасау үшiн барлық мұғалiмдер компьютерлiк сауатты болулары керек. Оқушылар үшiн электронды оқулық - өздiгiнен бiлiмiн толықтырып отыруға, мақсатты түрде бiтiру емтихандарына дайындалуына мүмкiндiк беретiн ақпарат көзi. Мұғалiм үшiн –ол өзiнiң педагогикалық тәжiрибесi арқылы толықтырылып және дамытып отыруға болатын ашық әдiстемелiк жүйе.
Достарыңызбен бөлісу: |