Егемендi елiмiздiњ б‰гiнгi тањдаѓы басты маќсаты-бiлiм дењгейiн єлемдiк бiлiм кењiстiгiне енгiзу,орын алу


Жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар,инновациялық әдiстемелер



бет4/9
Дата12.10.2020
өлшемі78 Kb.
#68253
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Жаңа ақпараттық және педагогикалық технологиялар,инновациялық әдiстемелер:

а/ Қазiргi кездегi сабаққа қойылатын негiзгi талаптар.

ә/Сабақ талдау, жұмыс тәжiрибесiмен алмасу.

Елiмiздегi бiлiм берудi дамытудың қазiргi заманғы кезеңi-оқытудың дәстүрлi түрiнен жаңа педагогикалық технологияларға ауысатын өтпелi кезең.Қиыншылықтарды жеңе алатын жеке тұлғаны, адамзат қоғамын дайындау мiндетiн орындау Қазақстандық мектеп жүйесiне үлкен өзгерiстер алып келдi. Осындай өзгерiстер бiлiм жүйесiн реформалауды , оның дамуына жаңа амалдар енгiзудi,оның әдiснамалық және тұжырымдық негiздерi мен педагогикалық ғылымның парадигмасын қайта қарастыруды талап етедi.

Қазiргi кезде келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен бiлiм беруде инновациялық iс-әрекеттiң ғылыми педагогикалық негiздерiн меңгеруi-маңызды мәселелердiң бiрi. Ал, ғылым мен техниканың жедел дамыған ,мәлiметтер ағыны күшейген ХХI ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептiң басты мiндетi болып саналады.

Дәстүрлi оқыту әдiстемесiнiң бiлiмдi мемлекеттiк стандарт деңгейiнде толық меңгеруге кепiлдiк бермейтiнiн мектеп тәжiрибесi көрсетiп отыр. Сондықтан жаңарған әдiстемелiк жүйенiң оқыту үрдiсiнде iске асуы үшiн оны технологияландыру қажеттiгi туындайды.

Технология ұғымы жаңа ұғым емес. Оқыту үрдiсiн технологияландыру туралы пiкiрдi осыдан 400 жыл бұрын Я.А.Коменский айтқан, оның пiкiрiнше «Оқыту технологиялық» болуы қажет.Оның мағнасы –ненi үйретсе де,ненi оқытса да табыссыз болмауы керек. Технология сөзi латынның техне-өнер,шеберлiк, логос-ғылым деген сөзiнен шыққан. Түсiндiрме сөздiкте «Технология –бұл белгiлi бiр iсте ,шеберлiкте,өнерде қолданылатын әдiстер жинағы» деп түсiнiк берiледi. Педагогикалық технология –бұл ұстаздар мен оқушылар үшiн оқу процессiнде толық жағдаймен қамтамасыз етiлген, әрбiр бөлшегiне дейiн ойластырылған модель.Бiлiм беру iсiнде жаңа үрдiстiң мақсаты,бағыты,сипаты,ұлттық бiлiм беру iсiнiң әлемдiк бiлiм жүйесiне кiруiне тығыз байланысты.Қазiргi кезде оқытудың тиiмдi жолдары мен әдiс тәсiлдерiн iздестiру жұмыстары жүрiп жатыр десек, оның iшiнде академик В.И.Монаховтың технологиясы,В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдiсi,профессор Ж.А.Қараевтың бiлiм беру жүйесiн ақпараттандыру технологиясы,сын тұрғысынан ойлау технологиясы, Н.Оразақынованың Сатылай комплекстi талдау,Шаталовтың сызба үлгiлерi негiзiнде қарқынды оқыту технологиясы,М.Жанпейiсованың модульдiк оқыту технологиясы теориялық тұрғыдан дәлелденiп,тәжiрибеде жақсы нәтиже берiп отыр.

Жаңа оқыту технологиясы iс-әрекеттiң қарқындылығы мен белсендiлiгiн арттырып, басты идеяны және нәтиже тиiмдiлiгiнiң негiзiн құрап ,жеке тұлғаның жетiлуiне,дамуына бағытталған.Мұғалiмнiң айтқанын тыңдап қана отыратын оқушы ендi жаңа технология негiзiнде бiлiмiн өз iзденiсi арқылы меңгерiп, өз көзқарасын ,пiкiрiн дәлелдеп шешен сөйлей бiлетiн жеке тұлға ретiнде көрiнедi.

Модульдiк оқыту технологиясы әсiресе жоғарғы сыныптарға тиiмдi. Бiлiм беру саласындағы оқытудың озық технологияларын пән ерекшелiктерiне сай қолдана бiлу-оқыту мақсатына жетудiң тиiмдi жолы. Содан соң мақсаттың жүзеге асуы негiзiнде мұғалiм мен оқушы мiндеттерi айқындалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет