Ұлттық педагогикалық ой пікірлерге байланысты философтардың, тарихшылардың, педагогтардың, психологтардың еңбектері мен ой-пікірлері, әскери педагогика және этнопсихологияның теориялық қағидалары, тәрбие теориясы, біртұтас педагогикалық процесс теориясы және кәсіби білім берудің теориясы.
Зерттеу жұмыстың практикалық қолданымы
«Бастапқы әскери дайындық» пәнін оқытып үйретуде тиімді әдістерді пайдалану, интерактивті әдіспен сабақ үрдісін тиімді өткізу барысында студенттердің белсенділігін арттыру, инновациялық әдістер арқылы оқыту, оқулық пен оқу бағдарламасының сапасын жақсарту және пәнге байланысты материалдық базаларды жетілдіру.
Зерттеу жұмыстың объектісі
– Атыс дайындығы сабағын интерактивті әдістермен оқыту.
Зерттеудің нысаны
Атыс дайындығы сабағын оқытудың заман талабына сай өзгеруі арқылы жастарды атыс қаруларымен таныстыру және отансүйгіштікке баулу.