ІY. ҚОРҒАУ ТӘРТІБІ
IY.1. Толық ресімделген диплом жұмысына дипломшы қолын қойып, мемлекеттік емтихан расталғанға дейін үш аптадан кешіктірмей ғылыми жетекшісіне тапсырылады. Ғылыми жетекші оны тексеріп, он күннің ішінде жазбаша пікірін дайындап, диплом жұмысымен бірге кафедра меңгерушісіне тапсырады. Диплом жұмысы талапқа сай орындалса, кафедра меңгерушісі қорғауға рұқсат береді. Белгіленген мерзімде дайын болмаған диплом жұмысы қорғауға жіберілмейді.
Диплом жұмысына сыртқы пікірді басқа жоо‑ларда немесе ғылыми саласында істейтін оқытушылар және ғылыми дәресі мен атағы бар тұлғалар береді. Пікір берушілердің құрамын кафедра меңгерушісінің ұсынуымен жоо‑ның ғылыми әдістемелік кеңесі бекітеді.
IY.2. Дипломшы ғылыми жетекші мен пікір берушінің пікірлерін ескере отырып, МАК мәжілісінде сөйлейтін сөзінің қысқаша нұсқасын әзірлейді. Ол 7 бет көлемінде, 10-15 минутқа лайықталып жасалуы тиіс. Онда диплом жұмысы тақырыбының таңдалу себебі, мақсаты мен міндеттері, тұжырым түріндегі қорытындысы қысқаша баяндалған дұрыс.
Оны оқып беруге де, ауызша айтып баяндауға да болады. Алдын ала әзірленген кестелер, схемалар, суреттемелі материалдар дипломшының зерттеу нәтижесін жүйелі, нақты және дәлелді түрде жеткізуге көп көмегін тигізеді.
IY.3. Диплом жұмысын қорғау қолданыстағы Ережеге сәйкес және МАК‑тың ашық мәжілісінде жұргізіледі. Қорғаудың реті:
Ғылыми жетекшінің пікірі және диплом жұмысын қорғауға жіберу туралы ұсынысы оқылады;
Зерттеудің негізгі мазмұнын баяндау үшін сөз дипломшыға беріледі;
МАК мүшелері және қорғауға қатысушылар жұмыстың мазмұны бойынша сұрақтар қояды;
Дипломшы берілген сұрақтарға бірдей немесе дайындалып жауап бере алады. Мүмкіндігінше, берілген сұрақтарды жазып алғаны дұрыс;
Дипломшыдан кейін сөз пікір берушіге (рецензентке) беріледі. Оның МАК мәжілісіне қатысуы міндетті емес. Сондықтан ол болмаған жағдайда пікірлемені МАК төрағысы немесе мүшелерінің бірі оқиды;
Бұдан соң дипломшы сұрақтарға жауап беріп, пікір алмасады.
Дипломшы диплом жұмысында өз көзқарасын, ой пікірін қорғайды. Сондықтан ескертпелердің барлығымен келісе беру щарт емес, қайта өзінің зерттеу нәтижелерін дәлелді түрде қорғап қалғаны жөн.
Қорғаудың нәтижелері МАК‑тың жабық мәжілісінде талқыланады. Мұндайда ескерілуге тиіс:
жұмыстың жалпы орындалу деңгейі;
нәтижелік деңгейі;
дипломшының теориялық даярлығы;
дипломшының практикалық даярлығы;
жұмысты қорғау және баяндау шеберлігі;
жұмыстың ресімделу деңгейі.
Қосымша 1
Достарыңызбен бөлісу: |