Диплом жобасының жалпы сипаттамасы қазақ тілін оқытуды басқа пәндермен интеграциялай оқыту туралы түсініктеме беріп қана қоймай, жаңартылған білім мазмұны асында көптеген тиімді эксперименттер жасап, толықтай алғышарттары қамтылып



бет15/22
Дата16.06.2022
өлшемі0,85 Mb.
#146687
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22
Байланысты:
Интеграция

Модельді диктант
Модельдеу диктанты әдебиет сабағынан өтілетін көркем шығармадан алынды. М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінің негізінде жазу мысалын көрсетейік. Диктантты орындамас бұрын, интерактивті тақтадан диктант мәтіні оқылады.
Нәтижесі: сауатты жазумен қатар, оқушылар шығарманы меңгереді.





Модельдеу диктанты: М.Мақатаев «Үш бақытым»



Бірінші кезең

Көп нүктенің орнына керекті сөзді тауып жазады

Ең бірінші ……. – халқым менің,
Соған берем ……… алтын кенін.
… … …, мен бармын, … болмаймын,
Қамбаттырақ …….. нарқым менің.



Екінші кезең

Модель сызбаны толтырып, диктантты жалғастыр

Не істедім? ……………………………
………………………………………….
………………………………………

Үшінші кезең

Диктантты үзбей жалға

Бақытым бар үшінші ………………….
…………………………………………..
…………………………………………..

Төртінші кезең

Тәуелденіп тұрған сөзді теріп жазып, сөз құрамын талда

…………………………………………..
…………………………………………..
…………………………………………..



«Ысқырық» диктанты
(ой-сергек ойындарымен байланысты)
Диктантты мұғалім оқиды. Диктант белгілі бір сөзбен табын табу мақсатында орындалады. Мұғалім диктантты оқымас бұрын алдын ала ысқырықты дайындап алады. Дайындаған мәтінінің ішінен тастап кетуге тиісті сөздердің астын сызып қояды. Оқып келе жатып, сол тұсқа келгенде ысқырықпен ысқырады. Олар болжаммен сол жерге қажетті сөзді өздері дәптерлеріне жазады. Жасырылған сөздер бірыңғай бір сөз табынан болуы керек.
Нәтиежесі: сөз таптарын ойын барысында меңгереді.


2.2 Қазақ тілін оқытуда басқа пәндермен интеграциялай оқытуға арналған тапсырмалар

Біз экспериментті бөлімімізге 5-сыныпты таңдап алдық. Жалпы білім беретін мектептің 5-сыныбына арналған Ж.Дәулетбекова, Г.Қосымованың авторлығымен «Атамұра» баспасынан шыққан «Қазақ тілі» оқулығын негізге алдық.




1- бөлім.Отбасылық дәстүрлер мен мерекелер
1-2 сабақ. Отбасылық ғұрыптар


1-тапсырма.
«Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» оқулығында кездесетін мәтінді мұқият оқыңыз және екі мәтінде де кездесетін салт-дәстүрді атап көрсетіңіз. Бұл салт-дәстүр қай кезде орындалады?



Тойға тілек
Киесі де, иесі де мынау дархан даланың.
Сендерсіңдер, күйін шертіп, айт өлеңін, сал әнін.
Дүниенің шымылдығын ән сап тұрып ашатын,
Мұндай халық жоқ әлемде шуақтан нұр шашатын.

Қобыланды батыр
Құртқа көріп батырды
Шашу шашып басына,
Бұралып келіп қасына.
Нұрына тойып төңгені,
Көзі көрмей өңгені.
«Іздеген теңім келді» деп,
Патшаға салып жеңгені.



2- тапсырма.
Төмендегі хабарламада айтылған мәлімет бойынша отбасындағы «атаның» рөлін диаграммаға салыңдар. Мәтіннен күшейткіш сын есімді табыңыз.
«Ең жақсы көретінім - Есмағамбет атам… Сосын Аязбай атам, ең соңында Балмағамбет атам,- деді саңқылдай сөйлеп.»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет