5-6 сабақ. Қазақ халқының салт-дәстүрлері.
1-тапсырма.
Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып жаз. Асты сызылған сөздер қандай ықпал түрі кездесетінін анықтаңдар.
Нағыз әже қайда?
Бір-екі рет басына жаулық салған, мәсілі қариялар көшеде де ұшырасты. « ….. деген, міне, осындай болады», — деп, жол-жөнекей асығыс көрсеткеніме, екі қыздың ….. көнши қойған жоқ. Олардың ұғымындағы әже бейнесі, менің сипаттауым бойынша, әлдеқайда ….. болатын. «Әже — сендер сияқты балалардың папалары мен мамаларын өсірген кісі, — дейтінмін өзімнің олақтау тіліммен. — Өзі ….. де, ақылды адам. Ешкімге ешқашан….. , ұрса қалса, орнымен, теріс қылығыңа өзің ұялатындай етіп ұрсады. Үні де, қолы да, көзқарасы да жұмсақ, жұрттың бәрімен: «Қарағым, ….. », — деп жылы сөйлесетін иман жүзді қария. Өзі ылғи шаруа істеп, күйбеңдейді де жүреді. Тіпті, ештеме істемеген күннің өзінде ….. иіріп отырады.
Қажетті сөздер: көңілі, биігірек, әже, мейірімді, айналайын, ұршық, ұрыспайды.
2- тапсырма.
Сұрақтарды оқи отырып, буын үндестігіне бағынбайтын қосымшаларды қатыстырып, жауап беріңдер.
Салт- дәстүрді қазіргі әжелеріміз қаншалықты ұстанады?
Үйлерінде әлі күнге дейін кимешек, шылауыш киетін әжелер бар ма?
Қандай салт- дәстүрді білесіңдер?
3-тапсырма.
Қазақ әдебиетіндегі Тынымбай Нұрмағамбетовтің “Анасын сағынған бала” шығармасындағы Сержан мен Есмағамбеттің диалогтерінен кейінді ықпалды тауып, жазыңдар.
Анасын сағынған бала
— Әй, балақай, сенің атың кім? — дегенде барып, бала Есмағамбетке бұрылды. Бірақ ойыншық шелекке ойыншық күрекпен кұм салу ісін доғарған жоқ.
— Атың кім дедім ғой?,— деп қайта сұрағанда барып бала ұяң күлімсіреп:— Сержан,— деді ақырын ғана.
— Кімнің баласысың?
— Күміскүлдің.
— Күміскүл кімнің қызы?
— Балмағамбеттің…
Есмағамбет енді еңкеңдеп барып, анадай жерден қолдан жасалған ағаш орындықты алып, баланың дәл жанына жайғасты.
Достарыңызбен бөлісу: |