Диплом тақырыбы: Алаш қозғалысы және жер мәселесі



бет10/11
Дата30.03.2022
өлшемі187,24 Kb.
#137250
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Бекслан диплом

Қорытынды

Қазақ халқы Кеңес үкіметі құрамында болғанда бастарынан талай қиыншылықтарды өткерді. Осы қиыншылықтар мен кертартпалықтан құтылудың алғаш жолын іздегендер қазақтың көзі ашық,,көңілі ояу зиялылар болды. Бұлардың көбі, Мәскеу, Санкт-Петербор, Қазан уневерситеттерінде оқыған қазақ жастарының қаймағы еді. Алашордашылар тарихын зерттеу мәселесіне келсек Қазан төңкерісіне дейін оны зерттеуді қазақ зиялыларының өздері бастап берген болатын. Оған дәлел Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Е.Омаров және басқалардың жарық көрген еңбектері. Ал “Алаш”сөзінің төркініне келсек, қазақтар оны ертеден қолданып келді.


Қазақтар елге қамқоршы болған қадірменді адамдарын «Алаштың азаматы » атады, қысқасы, бұл сөз ел ауызында жақсы орыңда жұмсалған. Бірақ та Кеңес үкіметі кезінде осы сөзді айтудан халықты бездіріп жіберді.Оладың осындай тағылығы мен идеологиясының орнауы қазақтың кейбір азаматтарын қарсы қоюға мәжбүр етті. Мәселен, Сәкен Сейфуллин 1920 жылы «Қазақ интеллегенциясы» туралы мақаласында «Ұлы төңкерістен кейін Алаш қозғалысы реакцияшыл сипат ала бастады» десе, 1927 жылы жарияланған «Тар жол тайғақ кешу» романында «большевиктер партиясының дұшпандарының бірі-осы Алаштар болды» деген тұжырымын айтты. Бірақ ол кейін өз көзқарасын өзгертті. Мұнан басқа Алаш қозғалысын сынаған партиялық тапсырыспен жазылған еңбектер де шықты. Алаш партиясының құрылуына келсек, Ақпан төңкерісінен кейін 1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда қазақтардың тұңғыш құрылтайы өткізіліп, оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана обылыстарынан және Бөкей ордасынан өкілдер қатынасып, 14 мәселені қарап, талқылайды.Соның ішінде мемлекетті билеу түрі, қазақ автономиясы, қазақ обылыстарындағы жер мәселесі, әскер құру, әйел теңдігі және земство туралы т.б қаралады. Соның ішінде қазақ жері туралы алынған қаулыда «қазақ халқы өзіне еншілі жерін ешкімге бермесін» деп осы жер мәселесін тиісті дәрежеде қою арқылы жалпыұлттық дәрежеге көтеріп, өзінің тарихи міндетін орындаған болатын. Мұнан басқа құрылтайдың жасаған үлкен бір қызметі - Алаш партиясын құру жөніндегі ұсыныстары. Жалпықазақ құрылтайынан кейін Орынборда Ресей үкіметінің ұйымдастыруымен Бүкілресейлік мұсылмандар құрылтайы шақырылып, әр обылыстан бір-бірден депутаттар барды. Осы құрылтайда «Қазақ халқын отарлық езгіден құтқаратын алаш партиясы болу керек» деген қағида алды.
Жалпы жоғарыдағы зерттеліп өткен деректемелерге сай, біз төмендегі қорытындыларға сүйеніп өттік.
1. Яғни, зерттеу мәселесінде көрсеткендей, 30 жылдары Қазақстанда үстемдік алған жаппай құғын-сүргін саясатының шеңгеліне Алаш қозғалысы қайраткерлері алдымен ілінді. Ал ресми үкімет органдарының Алаш мәселесін жабық деп табуы, тікелей Алаш немесе Алашорда қозғалысына арналған зерттеулер жүргізуге 80-жылдардың соңына дейін мүмкіндік берілмеді. Сонымен, Алашорда тарихын зерттеу ісі 20-30 жылдары осындай-ретпен өтті.
2. Қазіргі кезеңдегі көптеген жұмыстардың ерекшелігі олардың дербестендірілген сипаты болып табылады. Алаш қайраткерлерінің портреттерінің тұтас галереялары құрылды, алайда олардың қоғамдық-саяси қызметін көрсетудегі кейбір біржақты, жекелеген көшбасшыларды ұлттық нышандар рөліне ұсынуға талпынысты мойындау керек. Бұл үрдістің себебі бірқатар обьективті және субьективті факторларда. Ең алдымен, бұрынғы кеңестік республикалірдың «егемендігі» ғылыми ақпараттық өрістің тарылуына алып келеді, ресейлік және өзге де мұрағаттар қорларына қолжетілімділікті шектеді.
3. Жалпы алаш идеясының басты құрылған уақытындағы жобаның, партияның мәселелерін атап өттік. Яғни, Алаштың ХХ ғасырдағы басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері, еді. ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғаны атат айтқан абзал.
4. Атап айтқанда, ата мекен жер туралы қазақ түсінігі тұтас елдің дәстүрін, жүйелі тарихын, философиясын қалыптастырды. Жер туралы елдің бір тұтас ұғымы ұлттық сана құбылысына айналды, ата баба рухы, өткен дәуірдің құндылықтары, ел байлығы, болашақ, тәуелсіздік тек қана ұлттың мұрасы жер бар жерде ғана сақталатындығын, ұлт болмысының негізіне айналып отыратындығын ата бабаларымыз жете түсінген. Бұны бүгінгі ұрпақта, ертеңгі ұрпақта біледі, сақтап отырады.
5. Қазақ ұлтшылдарының контрреволюциялық астыртын ұйымын әшкерелеуге арналған бес жылға созылған тергеу ісінің нәтижесі осындай үкіммен тәмамдалды. Сондай-ақ әйтеуір тәуелсіздігіміз өз ауызымызға жеткенде, барлық ел азаматтарын саяси тұтқын болған кеңес уақытындағы ақтап алдық. Қазіргі уақытта сол есімдерді жаңғыртып зерттеу үстіндеміз.
6. Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығын салысытырып өттік. Онда жалпы екі партияның бағыттары мен мақсаттарын атап өттік. Яғни, ұқсастықтары олардың демократиялық бағытты үгіттеуінде, сондай-ақ ел мүдесі үшін атқарған қызметтері байланыстырады. Бір партия егер тар заманда пайда болған болса, ал қазір тәуелсіздігімізді алып, сол партияның жүзеге аспаған бағдарламаларын күні бүгінде «Нұр Отан» партиясы атқарып жатыр.
Осылайша барлық тарау, бөлімшелерді ғылыми сүзгіден өткізе отырып, біз жоғарыдағы қорытындыларға тоқтадық. Жалпы бұл тек тарихи көзқараста емес, саяси тұрғыда да алар орны өте ерекше. Сондықтан жас іздемпас ғалымдардың алаш тарихына баса назар аударғаны абзал. Себебі біз бүгінгі саяси үдерісті өткен тарихқа назар салып, талдау жасай аламыз.

3.2. Қазіргі уақыттағы еліміздің шекара мәселесі


1991 жылдың соңында егемендікке қол жеткізген Қазақстанның алдындағы келесі аса маңызды міндет өзінің ғасырлар бойғы негізделген тарихи территориясын қайтадан қалыптастыру, оны шекаралас мемлекеттердің толығымен тануы негізінде халықаралық құқық тұрғысынан заңдастыру болды. Себебі қазақ халқның тарихи ата-қонысы әсіресе Ресей империясы құрамында болған мерзімде үнемі бөлшектелініп келді. Жоспарлы жүргізілген отарлау саясаты негізінде тарихи жер-cу, елді-мекен атаулары барынша өзгертілді. Қазақ жері көпұлтты аймаққа айналдырылды. Қазақ халқының үлес салмағы өз жерінде азая түсті.


Ал мұндай саясат Кеңестік билік кезінде одан ары ықпалды тұрғыда жүргізілді. КСРО құрамындағы Қазақ КСР-ның территориясын Одақтың мүддесі үшін қайтадан негіздеу жоспарланып, нақты іс жүзіне асырыла бастады. Қазақстанның көптеген шекаралық аймақтары жергілікті халықтың келісімінсіз көрші республикаларға берілді. Республиканың РКФСР-мен шекаралас өңірлеріндегі басқа ұлт өкілдерінің саны еселеп арттырылды. Елді-мекен атауларының өзгертілуі одан ары жалғастырылды. Нәтижесінде бұл өңірлердің ұлттық бейнесі жойылды. Кеңес Одағының өмір сүруінің соңғы мерзімінде Қазақстанның тарихи территориясының оған тиесілі емес екендігі үздіксіз айтыла бастады.
Қазақ халқының төл мекеніне арналған мұндай кері құбылыстар, ашық қарсы пікірлер еліміздің тәуелсіздігін алған алғашқы күннен-ақ одан ары белең ала түсті. Осындай жағдай негізінен Кеңес Одағы тарағаннан кейінгі Ресей Федерациясы территориясын бұрынғы одақтас республикалар есебінен молайтуды көксеген ресейлік ұлтшылдар мен ұлыдержавалық жағдайды сақтап қалғысы келгендер тарапынан барынша қолға алынды.
Нақты жағдайдың осылай орын алуы бұл көрші елдегі кейбір ұлтшылдық-шовинистік топтардың жалған уәде, шақыруларымен одан ары ушыға түсті. Мысалы: «Ресей теледидарынан либералдық-демократиялық партиясының жетекшісі Жириновскийдің Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думасына сайлау қарсаңындағы тартыс кезіндегі сөзі біздің пікірімізше Егемен Қазақстан Республикасының ішкі істеріне өрескел және ашық араласуы болып табылады.
Жириновскийдің сөздерінде Қазақстандағы орыстардың құқықтарының кемсітілуі, орыстар Қазақстаннан кету немесе қос азаматтылық алу үшін Қазақстандағы Ресей елшіліктерін қоршап алған, себебі үкімет және басқару орындарында басшылық қызметтердің барлығына тек тұрғылықты халық өкілдері орналасқан, орыстар болса қудалау мен төмендетуге ұшырауда, артықшылық тек негізгі ұлтқа ғана берілген деген сөздер айтылуда. «Қазақстан атты жеке мемлекет тарихта ешқашан болмаған, Қазақстанның территориясы Ресей империясының бір бөлегі ғана болған, сондықтан да болашақта бұл жерлер Ресей Федерациясының құрамындағы губерниялар территориялар ретінде енуі керек деген пікірлер ұсынылуда», [1] - деген ресми хабарлама бұл айтылғандарды бекіте түседі.
Аталған мерзімдегі Қазақстандағы ұлтаралық қатынастағы уақытша күрделі жағдайдың барысына шетелдік саясаткерлер, қоғам өкілдері өздерінің назарын аударды. Бұл мәселені шешудің жолдарын ұсынды. Атап айтқанда, ағылшын саясаткері Грэхэм Смиттің «Национальный вопрос в пост-советских государствах» атты кітабында: «Қазақстанда тұратын Жайық казактарының ұрпақтары өздерінің ұйымдарын қалпына келтірді, олар ресейлік бағытқа деген үміттері анық айқындалатын саяси жоспарлар жасауда. Орыстардың географиялық орналасулары да жекелеген геосаясаттық кері нәтижелерімен ерекшеленеді. Орыстар Ресеймен шектесетін Қазақстанның солтүстік ауылшаруашылық аудандарында басымдық танытады. Бүкіл Солтүстік Қазақстан Ресей мен Қазақстан арасындағы мүмкін орын алар негізгі жанжал алаңы болып табылады» [2] - деген болжам жасады. Ал, «Техран Таймс» газетасындағы 1994 жылдың 11 сәуіріндегі «Орыстар мен қазақтар арасындағы шиеленіс күшейіп келеді» деген мақалада: «Орталықазиялық Қазақстан Республикасында орыстық казак қозғалысы жетекшілерінің жергілікті билік демократияны бұзуда дегенмәлімдемелерінен кейін этникалық шиеленіс өзінің жоғары сатысына жетті.
Егемендіктің келуімен Қазақстандағы көпұлтты тұрғындар арасындағы болашақтарына алаңдау, осы бағыттағы еліміздің қуаттылығы, бірлігі мен территориясының тұтастығына қауіп төндіретін ахуалдар шекаралық аймақтарда едәуір жағдайда біліне бастады. Германия Бундестагының ғылыми қызметінің осы мазмұндағы жазуынша: «Ресей мен Қазақстан арасында қазіргі уақытта Солтүстік Қазақстанның -Көкшетау- Целиноград, Қостанай, Ертіс өзені бойындағы Шығыс Қазақстан өңірі-Павлодар, Семипалатинск, Солтүстік-батыста –Орал және Ақтөбе облыстарына қоныстанған орыстар арасында территориялық шиеленістер орын алып отыр. Бүкіл ескі Ресей шекара жүйесі бойында осындай шиеленістер ошағының пайда болу қаупі бар» [5].
Бұл құбылыстарды өздерінің ықпалын тұрғындар арасындағы кез-келген әрекеттермен көтеруді көздеген саяси белсенділер де пайдалана түсті. Мұндай шиеленісті ахуал республиканың барлық өңірлерінде орын алды. Мысалы Қазақстан Халық конгрессі партиясынан №15 Ақмола сайлау округынан Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесіне депутаттыққа кандидат Қамит Тұрсынов өзінің сайлау алды бағдарламасында орыс тіліне екінші мемлекеттік тіл мәртебесін беру туралы мәлімдеме жасайды. Сонымен қатар ол Қазақстан Республикасында Конституциясында негізделген унитарлық мемлекеттік туралы талапты сынады. Оның сайлау алдындағы бағдарламасының бір пунктінде Қазақстан Республикасы егемен мемлекет болғанымен Ресеймен конфедерациялық одақ болу қажеттігі туралы ұсыныс жарияланды» [6].
Шығыс Қазақстан облысындағы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық қиындықтардың әсері 1997 жылы «Казачество в Восточно-Казахстанской области» деген тақырыппен өткізілген әлеуметтік зерттеудің есебінде баяндалды. Онда жазылғанындай: «Күрделі экономикалық жағдайда (казактардың) ҚР Президенттің қызметіне деген сенімі төмендеп келеді. Егер де 1995 жылы сауалнамаға қатысқандардан «оның қызметіне сенемін» дегендердің көрсеткіші 20,4% болса, 1997 жылғы сауалнамаға қатысқан казактардың жартысына жуығы (46,3%) біржақты сенбеймін деп жауап берген.
«Сіз Президенттің жағдайды өзгертуге деген шыншылдығы мен жағдайды оңдандыруға деген қабілетіне қаншалықты нанасыз» деген сауалға пікір білдіргендердің 5-і немесе 5,31% толығымен сенемін, 4-і,немесе 4,2% сенуге болады, 30-ы, немесе 31,6% сенуге болатын шығар, 44-ы, немесе 46,3 % мүлдем сенбеймін деген.
Аталған әлеуметтік зерттеудің міндетіне казактардың жалпы эмоционалдық жағдайлары ғана емес, адамдардың казак қауымдастығына келулерінің, казактардың қауымның қызметіне деген қатынастарының себептерін сараптау да енгізілді [8].Ал, 1994 жылдың маусым айында «Орыстар және қазақтар, біз кімбіз»: тарих, мәдениет, саясат деген тақырыптағы Өскемен қаласы тұрғындары арасында әлеуметтік пікір ұйымдастырылды. Оның мақсаты қаладағы көпұлтты тұрғындар арасындағы қалыптасқан өзара қатынастың нәтижесін анықтау болды. Осы арқылы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы орын алған қиындықтар негізіндегі аймақтағы алдағы атқарылатын ұлт-аралық жұмыстардың түрлері, тиімділігі мен қажеттілігін белгілеу жоспарланды. Мысалы, сауалдағы: «Сіз орыстар Қазақстанда өздерін жайлы сезінеді деген тұжырымға келісесіз бе? деген сұраққа орыстардың 77,2 % жоқ деп жауап берген екен.
Сондай-ақ, «Сіздің азаматтық және саяси құқықтарыңыз берік қорғалуына кепілдік берілген бе? деген сауалға орыстардың 78,4% кері жауап берген», [9] деген деректен де осы аймақтағы ұлтаралық қатынастағы алаңдаушылық жағдайды білуге болады.
Қазақстанның әсіресе Ресей Федерациясының облыстары, өлкелерімен шектесетін аймақтардағы осындай мазмұндағы ахуалдың қалыптасуын ұйымдастырушылар мұндай жағдайдан шығудың жолы қос азаматтық алу немесе қазақ емес тұрғындар басым орналасқан өңірлердің Қазақстанға тиесілігін қайтадан қараудеп есептеді. Бұл мақсаттарына жету әдістерін республикада тіркелмеген немесе қызметтеріне тиым салынған ақпарат құралдары арқылы және бұхаралық жиындарда мәлімдей бастады. Яғни, Қазақстан Республдикасының территориялық тұтастығына, мемлекеттің болашағына деген қауіптің деңгейі арта түсті. Алайда, Қазақстан тұрғындарының басым бөлегі Республиканың егемендігін қуаттап, мемлекет ішіндегі ұлтаралық қатынастағы түсіністік, ұғыныстың нығаюы, экономиканың тұрақтанып, дамуы мен территориялық тұтастығына мүдделі болды. Оны Шығыс Қазақстан облысы бір топ соғыс және еңбек ардагерлерінің Қазақстан Республикасының Президентіне жазған: «Қоғамда Қазақстанның территориялық тұтастығына келіспейтін адамдар бар. Біреулері ұлттық оқшаулану туралы насихат жүргізеді, басқалары экстремизм мен сепаратизмді уағыздайды. Біз ұлтаралық қатынастағы сенім мен келісім ғана біздің ортақ Отанымыз жаңа Егемен мемлекет Қазақстанды негіздеуді іске асыратындығын түсінеміз», [10] - деген ресми мәлімдемесі дәлелдей түседі.
Қазақстан территориясына байланысты көтеріліп отырған жоғарыдағы аталған талаптар мемлекет тарапынан қысқа мерзімде барлық өңірлері шектесетін көршілермен арадағы мемлекеттік шекараны тез арада өзара ұғыныстық және келісім негізіндегі халықаралық деңгейдегі құқықтық негізде біржолата айқындау ісін бастауды талап еткендігі белгілі.Өйткені, осындай жағдайлардан барып, «көршілермен арадағы (Қытай, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан) территориялық мәселелердің болуы кез-келген уақытта республиканың территориялық тұтастығына қауіп төндіретін бүлдіру қуатын сақтайтындығы белгілі. Аталған мәселені шешу және қалыптасқан территорияны құқықтық тұрғыда бекіту сыртқы саясаттың бірінші кезектегі мәселесі ретінде қарастырылуы керек»; [11],- екендігі айғақтана түсті.Міне сондықтан да Қазақстан Республикасының Президенті бұл істі де жылдам және еліміздің мүддесіне сай толығымен шешу ісіне бастау жасады.
Яғни, көпжақты саясаттың талаптарына сай Қазақстан өзінің шекарасының барша аумағында жақын көршілерімен (Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан) бейбітшілік пен достық қатынас белбеуін орнатуға кірісті.
Негізінен алғанда: «Мемлекеттер аралық шекараларды айқындау науқаны: Қытаймен, Орталық Азия республикаларымен, Ресеймен бағыттар негізінде үш кезеңде жүргізілді және 1992-2005 жылдар аралығындағы неғұрлым қысқа мерзімді қамтыды» [12.171].
Нәтижесінде «Қысқа уақытта Қазақстан Республикасының көрші мемлекеттермен, соның ішінде Қытай, Ресеймен арадағы шекаралары толығымен танылды.
1992 жылы Қазақстан жағы ҚХР-мен келісімді бастады. Алайда Қытаймен арадағы шекараны анықтау мәселесінде күрделі жағдайлар да орын алды 1994 жылғы Келісімді бекіткенде Шағаноба асуы (Шығыс Қазақстан облысы) мен Сарышілді өзені (Алматы облысы) аудандарындағы даулы бөліктер келісілмей қалды [12.171].
Осы күрделі мәселе туралы мұрағат деректерінде: «Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық мәселені реттеуде Алматы аталған істің шешілмегендігіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Қытай жағы әзірге екі жақтың маңызды көлемі 300 шаршы шақырымнан артық Талдықорған облысындағы көлемі 600 шаршы шақырымнан артық (Cарышілді өзені) және Шығыс Қазақстан облысындағы (Шағаноба асуы және Баймырза) кең ауқымды тұрғыда енуге қолайлы, 60 жылдары Кеңес-Қытай арасындағы аса шиеленісті шекаралық қақтығыс болған екі бөлік бойынша келісім жасудан бас тартып отыр» [13] - деп жазылды.
Осындай жағдайдағы Қазақстан жағынан батыл да дәлелді жүргізілген қызметтің нәтижесіндей: «Екі ел арасындағы шекаралық мәселені айқындауда елеулі тұрғыдағы алға басу іске асырылды. 1994 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімдік грамоталар ауыстырылғаннан кейін шекараны анықтауға мақсатындағы шаралар бастау алды» [14].
Аталған мәселені анықтауға арналған барлық мүмкін жолдарды талдағаннан кейін даулы територия 53:47 деңгейінде бөлініп, одан Қазақстан үлкен бөлікті - 537 шаршы шақырымды алды. Территорияларды ауыстыру өзара теңдік жағдайында болды және Қазақстан Республикасының мүддесіне сай іске асырылды [12.171].
Н.Ә.Назарбаевтың атап көрсеткеніндей: «1994 жылы премьер Ли Пэннің Қазақстанға келген сапарында, екі елдің арасындағы шекараны заңдастырып, үлгеріп, тиісті келісімге қол қойдық... 1995 жылдың қыркүйегіндегі бұл елге барып қайтқан үш күндік сапар үстіндегі соңғы жолығысу өте ерекше болды.... Қазақстан мен ҚХР арасындағы Қазақстан-Қытай шекарасы туралы келісімді ратификациялау жөніндегі грамоталар алмасу протоколына қол қойылды» [15].
Тарихтары ортақ көршілес мемлекеттер арасындағы жүргізілген келісімдер мен анықтаулардың қорытындысында «...1998 жылдың 17 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы мемлекеттік шекараны анықтау туралы меморандумға қол қойылды» [19.97].
Қазақстанның келесі тарихи көршісі – туыстас Өзбекстанмен арадағы арасындағы шекараны айқындау да негізінен алғанда екі мемлекет арасындағы түсіністік пен ұғыныстық аясында жүргізілді. Анықтап айтқанда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы шекараның күрделілігі екі елді байланыстыратын 2440 километрден 200 километрлік шекарасы Қазақстан жағынан да, Өзбекстан жағынан да тығыз халықты елді мекендерден өткендігінде болып отыр. Ол Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаштық және Мақтаарал аудандары, сонымен қатар Өзбекстанның Ташкент және Жизақ облыстары болды. Бірқатар елді мекендер шекаралардың үйлердің арасынан өтетініндей орналасқан [12.171].
Осындай жұмыстардың қорытындысындай, «2002 жылдың 9 қыркүйегінде Нұрсұлтан Назарбаев пен Ислам Кәрімов екі елдің арасындағы шекаралардың делимитациясы үрдісін аяқтау туралы декларацияға қол қойды» [12.172].
Қазақстанның келесі көршісі Түркіменстанмен шекарасын белгілеу де қажеттілік тудырды. Осыған орай «2001 жылы 5 шілдеде Түрікменстаннның сол кездегі Президенті Сапармұрад Ниязовтың Қазақстанға ресми сапары кезінде Өзбекстан Республикасы, Түрікменстан, Қазақстан мемлекетінің шекаралары түйіскен жерлерін межелеу туралы шартқа қол қойылды. 2001 жылы қарашада Ашхабадта өткен үш жақты делегациялар кездесуінде Қазақстан, Түрікменстан және Өзбекстан Республикалары араларындағы шарт үш мемлекеттің шекарасының түйіскен аудандарын межелеу бабын келісіп, ортақ тұстарын айқындалды» [23].
Осылайша, Қазақстан заңды түрде рәсімделген 14 мың шақырымдық құрлықтық мемлекеттік шекараға ие болды. Оның 7591 шақырымы – Ресеймен, 2351 шақырымға жуығы Өзбекстанмен, 1783 шақырымы Қытаймен, 1242 шақырымы Қырғызстанмен, 426 шақырымы Түркіменстанмен түйісіп жатыр. [18.295-296].
Мемлекетіміздің дүниежүзілік деңгейдегі дербестігін айқындайтын осындай атқарылған жұмыстардың қорытындысында:
- үнемі даулы сипат алып, ұзақ жылдар бойы, әсіресе ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан екі халық пен ұлттар арасындағы қалыптасқан достық пен ұғыныстыққа қаяу түсіріп, мемлекеттер қатынасын күрделендірген Қазақстан мен Ресей арасындағы территория мәселесі де қазақ халқының ұзақ дәуірден қалыптасқан ата қонысының негізінде түбегейлі заңдастырылды. Екі мемлекет шекаралары достық пен ұғыныстықтың орнына айналып отыр;
- Ғасырлар бойы, соның ішінде Қазақ хандығы кезінде танылмай, одан кейінгі мерзімдегі қазақ жері құрамында болған Ресей патшалығы және Кеңес Одағымен арадағы жиі орын алған араздықтар, тіпті қарулы қақтығыстардың ошағына айналған Қазақстан мен Қытай арасындағы шекараны белгілеу қазіргі күні толығымен және түпкілікті біздің халқымыздың мүддесіне сай қорытындысын тапты;
Тарихи тамырлас қос ұлт арасындағы орын алып келген түсініспестіктердің екі жақты қанағаттанушылық тұрғысындағы жауабы табылып, Өзбекстанмен арадағы шекара мәселесі де өзара әділдік нәтижесінде айқындалды.
- Қырғызстанмен екі арадағы қазіргі күнгі шекара туыстас екі халық арасындағы ынтымақтастық, тарихи тамырластық, ұғыныстықтың белгісіне айналып, олардың халықтың одан ары экономикалық, мәдени, салттық, тұрғыдағы араласуына мүмкіндік беріп отыр [24].
- Түркіменстанмен арадағы шекара да екі ел тұрғындары арасынан барынша қолдау табу арқылы өзара толық қанағаттанғандық тұрғысында белгіленіп, заңдылық тұрғысында бекітілді.
- Қазақстанның аталған көрші елдермен арадағы шекара мәселесінің ойдағыдай шешілуі көпэтносты Республикамыздағы ұлтаралық қатынастың өзара ұғыныстықты, силастықты, түсіністікті жағдайда қалыптасып, одан ары жалғастырылуына мүмкіндік берді. Елімізді мекен етіп, оны Екінші отандары деп санайтын бұл ұлт өкілдерінің тарихи отандарымен тоқтаусыз байланыс жасауларына тұрақты негізде мүмкіндік жасалды.
Яғни, қазіргі күнгі Қазақстанның бұл елдермен арадағы шекарасы өзара экономикалық келісімдер жасаудың, мәдени, т.б. бағыттардағы, халықтар арасындағы достықты насихаттайтын кездесулер ұйымдастырудың орнына айналды.
https://e-history.kz/kz/historical-education/


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет