тәжірибе жинақтау барысындағы өзінің педагогикалық іс-әрекетін жобалау, жоспарлау, ұйымдастыру; бейнелеу өнері, сызу пәні бойынша оқу сабақтарын оқу жоспарына, күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сай жоспарлау; сабақта оқытудың түрлі технологиялары мен формаларын, әдіс-тәсілдерін пайдалану;
пән бойынша оқушы біліміне диагностика жүргізудің негізгі әдістерін қолдану, диагностика мәліметтерін ескере отырып, түзетулер енгізу;
пән бойынша сыныптан тыс жұмыстарды жоспарлау, өткізу, оған талдау жасап, қажетті түзетулерді енгізу;
курстық немесе дипломдық жұмыс тақырыбы бойынша өзіне бөлінген сыныпта зерттеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру, зерттеу нәтижелерін қорытындылау, ресімдеу.