Дипломатиялық қатынастарды орнату; мемлекеттің халықаралық ұйымдарда


Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі



бет5/5
Дата16.07.2022
өлшемі95,64 Kb.
#147519
түріДиплом
1   2   3   4   5
Байланысты:
Syrt 1179 y sayasat

4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
мүлкі


24. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттан, сондай-ақ құны Министрлік теңгерімінде көрініс табатын өзге де мүліктен тұрады.
25. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне бекiтiлген мүлік республикалық меншікке жатады.
26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлiктi өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта
ұйымдастыру және тарату


27. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің
қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi


1. «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Шаруашылық басқармасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
2. «Астана дипломатиялық корпусына қызмет көрсету жөніндегі басқарма» акционерлік қоғамы.
Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің  
2004 жылғы 28 қазандағы 
N 1118 қаулысына  
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күшi жойылған
кейбiр шешiмдерiнiң тізбесі


1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 49, 472-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлігінiң Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы iстерi жөніндегі комитетi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 16, 164-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 166 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 4-5, 55-құжат).
4. "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінiң кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметiнiң 2002 жылғы 26 қыркүйектегi N 1060 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 345-құжат).
5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 қазандағы N 1578 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 30 қыркүйектегі N 1074 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 32, 351-құжат).
6. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2000 жылғы 21 наурыздағы N 421 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 11 қазандағы N 1109 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2002 ж., N 34, 365-құжат).

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет