Сабақты қорытындылау. Үйге тапсырма. Жұмысты аяқтап келу. Оқушыларды жасаған жұмыстарына қарай, кемшіліктерін ескертіп, салыстыра отырып бағалау.
Материалдар мен еңбек әрекетіне сипаттама, бұйымдар жасау технологиясы
1. Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру
2. Ермексаз бен сазбалшық және табиғи материалдардың қасиеттері, түрлері, қолданылуы
3. Металдың ерекшеліктері мен қолданылуы
4 Ағашты өңдеу тәсілдері мен жұмыс істеу жолдары.
Еңбекке баулудың сыныптан тыс сабақтарында оқушылар әрекетін ұйымдастыру
Сыныптан тыс үйірме және жаппай жұмыстың еңбек тәрбиесін іске асыруда тәрбиелік мүмкіндігі өте зор. "Жас натуралистер", "Жас техниктер", "Жас тәжірибешілер" және пән үйірмелеріндегі сабақтар оқушыларды еңбекке баулиды, олардың шығармашылық ойларының дамуына мүмкіндік туғызады. Әрбір оқушының үйіпме сабақтарында еңбекке шығармашылық қатынасы байқалады, олар еңбегін ұйымдастыру тәсілдерін іздестіреді, ғылыми зерттеу дағдыларына (әдебиеттермен жұмыс істеу, жазып алу, мәліметтерді жинақтай білу т.б.) төселеді. Мектепті өндіріске жақындату мақсатымен техникалық үйірмелер саны көбейіп келеді. Мысалы: село мектептерінде "Жас механизаторлар", "Жас малшылар", "Жас өсімдік өсірушілер" т.б. үйірмелер құрылған. Бұл үйірмелер келешек мамандықты таңдап алуда оқушыларға ой салады. Олар әр мамандықтың болымды, болымсыз жақтарымен танысады, зерттейді, сөйтіп, өзінше тиісті шешім қабылдайды. Осыған орай мұғалімдермен ата-аналар оқушыларға үнемі, бір ізді педагогикалық пікір айтып кеңес беріп отырса, олардың мамандық таңдауда бірте-бірте шабыты, қызығушылығы арта түседі. Үйірме жұмыстарын жаппай жұмыстар толықтырады. Оқушылар қызғылықты, үлкен тәрбиелік мәні бар көптеген шараларға белсенді қатысады және оларды тікелей ұйымдастырады. Мұндай жаппай жұмыстарға "Құстар күні," "Орман күні", "Бақ аптасы", "Еңбек мерекесі" т.б. жатады.
Сыныптан тыс уақытта мектеп оқушыларының негізгі шұғылданыстарының бірі үйірме болып табылады. Ол таңдаған салада практикалық іс-әрекетпен шұғылдануға ұмтылатын ерікті оқушыларды біріктіреді.
Үйірме – бұл тек қана оқушылардың күштерін және шығармашылық ойлауды дамыту, бейімділік пен қабілеттілікті сынау орны ғана емес, болашақ өндірістің жаңашылдарын, ұтымды ұсынысшыларын және өнертабысшыларын, ғалымдарды және инженерлерді ұжымда тәрбиелейтін орын. Әрбір үйірмедегі сабақтарда реттілік, ұзақтық мерзімі және белгілі профиль жұмыстары сипатталады.
Мектеп және мектептен тыс балалардың мекемелерінде іс-әре-кетінің практикасында қазіргі уақытқа дейін төмендегідей оқушылар шұғылданыс жасайтын үйірмелерінің түрлері қалыптасқан:
1. Дайындық техникалық үйірмесі (бұл бастауыш мектептің оқушылары үшін). Мұндай үйірмелер оқушылардың тұрғын орны бойынша мектептерде (ұзартылған күн тәртібі топтарында) және көптеген мектептен тыс балалардың мекемелерінде құрылады. Мұнда мектептің бастауыш сынып оқушылары шамасы келетін формада техника элементтерімен және қарапайым технологиялық процестермен танысады, қағаздармен, қаңылтырмен жұмыс жасайды, еңбек сабақтарында алған алғашқы ептіліктерін ағашты, пластмассаларды, металды және т. б. материалдарды өңдеу бойынша дамытады. Оқушылар техникалық ойыншықтарды, машиналар мен механизмдерді күрделі емес моделдері, қарапайым автоматты құрылғыларды, оқу-көрнекі құралдарды, мектеп және үйге керекті заттарды дайындайды. Бұл типтегі үйірменің іс-әрекетіндегі мәнді орынды қарапайым ойыншықтар мен моделдерден тұрғызылған ойын және жарыстар алады. Соңғы уақыттарда осында үйірмелердің жетекшілері оқушыларды қарапайым электротехника және электроника саласындағы жұмыстарға тартуда. Дайындық техникалық үйірме жұмыстарында сабақтардың тәжірибелері болашақтағы барлық формалар үшін мектеп оқушыларының орта және жоғары сыныптарындағы жас техниктеріне бастама болуда. Бастауыш мектеп оқушылары үшін бәрінен бұрын бастауыш техникалық модельдеу үйірмелері, механикалық ойыншықтар үйірмелері, көркем конструкциялау элементтерімен бастауыш техникалық модельдеу үйірмелері ұйымдастырылады.
2. Заттық (ғылыми-техникалық) үйірме. Бұл үйірмелер мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде, оқу-өндірістік комби-наттардың мектеп оқушыларының орта және жоғары жастағылары үшін оқу кабинеттері мен шеберханаларының базасында құрылады. Мектептерде физика-техникалық, химия-технологиялық, агрохимиялық, астрономиялық үйірмелер, ауылшаруа-шылық машиналары үйірмелері; кәсіптік-техникалық мектептерде (училищелерде) – электро- және радиотехникалық, автоматика, электроника және есептеу техникасы, токарлық және құрылыс және т.б. үйірмелер. Мұндай үйірмелердің мақсаттары – оқу жоспарындағы әртүрлі пәндер бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту және тереңдету, практикалық ептіліктерін бекіту. Үйірмеде шұғылданумен оның мүшелері ғылым мен техниканың тарихы және жеткен жаңа жетістіктері бойына баяндамалар және рефераттар дайындайды, ғылыми-техникалық бюллетендер шығарады, тәжірибелер жүргізеді, міндетті оқу бағдарламаларынан тыс есептер шығарады. Осымен қатар көрнекі құралдарды, приборларды және т.б. жөндеу, конструкциялау және дайындау бойынша практикалық жұмыстарға үлкен рөл бөлінеді.
3. Спорттық-техникалық үйірмелер. Бұл үйірмелер әртүрлі мектептен тыс мекемелерде, сондай-ақ кәсіптік-техникалық мектептерде құрылады. Оларды көбіне “жалпытехникалық” немесе “қызығушылық” деп те атайды. Бұл үйірмеге жататындар: авиамоделдеу, ракеталық-космостық модельдеу, авто- және кемемоделистер, теміржол моделдеу, радиобасқару, су-моторлы спорт және т.б. Спорттық-техникалық үйірмелерде оқушылар арнайы технологияны оқып-үйренеді, ұшатын аппараттардың, автомобильдің, кеме, локоматив және т.б. спорттық жарыстарға немесе көрмелерде демонстрациялайтын көлік құралдарының қабырғалық және функциональдық моделдерін конструкциялайды және дайындайды. Бұл жұмыстарды ерекшелігі жарыс үшін дайындалатын модельдер. Бірыңғай бүкілодақтың классификацияның талаптарына сәйкестікте болып табылады. Екінші-үшінші оқу жылындағы сабақтарда оқушылардың белгілі спорттық нәтижелерге жеткені, модельдің жеке бөлшектері үшін жаңа конструкциялық материалдарды таңдаумен байланысты экспериментті-іздеу жұмыстарына, оларды дайындау үшін жабдықтарды жетілдіруге қатыстырылады. Моделмен жұмыс кезінде, олардың жүрістерін дайындауда және жарысқа қатынасуда мектеп оқушылары техниканың сәйкес саласының тарихымен, жетістіктерімен және олардың одан әрі даму перспективасының даму тарихымен танысады.
4. Өндірістік-техникалық үйірмелер қажетті материалдық құралдары бар кәсіптік-техникалық мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда және мәдени-ағарту мекемелерінде және мектептің оқу шеберханаларында құрылады, нәтижелі жұмыс жасайды. Бұл үйірмелер техниканың және өндірістің белігілі саласына қызығатын мектептің орта және жоғары сынып оқушыларын біріктіреді. Кеңінен таралған үйірмелерге жас дизаинерлер, столяр конструкторлар, металлистер, технологтар-рационализаторлар, электрондық автоматика, техникалық кибернетика, роботты техника, кіші өлшемді ауылшаруашылық техникаларын конструкциялау, прибор құрылысы және өлшеу техникалары үйірмелері болды. Ірі өнеркәсіп мекемелерінің базаларында өнеркәсіптің саласының профилі бойынша мамандандырылған үйірмелер жұмыс жасауы мүмкін болды. Өндірістік-техникалық үйірмелердің жұмыстары нық басты сипаты – бұл сәйкес машиналарды, агрегаттарды, өнеркәсіптік қондырғаларды модельдеу, сондай-ақ таңдаған ғылым, техника және өндіріс саласындағы шығармашылық конструкторлық және тиімді ұсыныстар іс-әрекеттері.
Өндірістік-техникалық үйірмелердің ерекше категориясын мектеп оқушыларының төмендегідей бірлестіктері түзеді, олар кеңінен қолданатын машиналар, аппаратттар, немесе басқа да техникалық объектілердің (автомобильдер, мотоциклдер, комбайндар, киноаппа-раттар, және т. с. с.). Оқушылар мұнда олардың құрылысымен және жұмысымен танысумен шұғылданады, оларды басқарудағы, күтім жасаудағы және қызмет көрсетудегі ептіліктерді игереді. Мұндай үйірмелер кейде оқу-техникалық деп аталады және жеке топтар бөледі. Олар негізінен оқу сипатында болып табылып, тікелей шығармашылық конструкторлық және ұтымды ұсыныс жұмыстарымен байланыста болмайды. Оқушылар осындай үйірмеде оқу курсынан өтіп онық арнайы бағдарламасын орындайды, фактілі түрде нақты кәсіпті: жүргізуші, комбайнер, киномеханик, т.с.с игеруге оңай белігілі білімдер мен ептіліктерді (және соған сәйкес арнайы құжат-удостоверение) алады. Мұндай үйірмелердегі сабақтар мамандар дайындауға жауапты ведомостылар бекіткен бағдарламалар бойынша жұмыс жүргізіледі.
Көркем-қолданбалы шығармашылық үйірмесі. Бұл үйірмелер мектептерде, кәсіптік-техникалық мектептерде (үйірмелерде), оқушылардың барлық жастары үшін әртүрлі мектептен тыс балалардың мекемелерінде құрылуы мүмкін. Бұлар ағашты (ағашты ою бойынша), металды (шекімелеу, бедерлеу) көркем өңдеу, инкрустация, макраме, ілмекпен тоқу, мозаика және т.б. Оларда мектеп оқушыларының эстетикалық талғамы қалыптасады, көркем-қолданбалы шығармашылыққа жеке-дара қызығушылығы дамиды.
Мектептегі, кәсіптік-техникалық мектептердегі, оқу-өндірістік комбинаттардағы немесе мектептен тыс балалардың мекемелеріндегі техникалық үйірмелер жүйесінде даму, олардың белсенділігінің өсуі ғылыми және техникалық шығармашылық үшін үйірмелерді оқушыларға беруі мүмкін. Өнертабыстар мен тиімді ұсыныс-шылардың алғашқы ұйымы, оқушылардың шығармашылық бірлестіктері: конструкторлық бюро, топтар және бригадалар, жастардың тиімді ұсынысшылар мектебі, оқушылардың ғылыми қоғамы пайда болуы туындайды.
Сыныптан тыс жұмыстардың тәрбиелік құндылығы, олардың тиімділігі көбіне бірқатар талаптарды сақтауға байланысты.
Ең алдымен олардың қазіргі заман нысаналылығы мен саяси бағыттылығын қамтамасыз етудің маңызы зор. Бұл талапты сыныптан тыс жұмыстың формалары мен әдістерін таңдаған кезде, оны жоспарлау және ұйымдастыру процесінде, қорытынды шығарған кезде сақтау қажет.
Үйірме жұмыстарына қойылатын талаптардың ең маңыздыларының бірі - оның өмірмен тығыз байланыстылығы. Кез келген үйірменің, ғылыми қоғамының жұмысы айнала қоршаған өмірмен танысуға және оны гүлдендіруге белсене қатысуға себепші болуы тиіс.
Үйірме жұмыстарының мазмұны мен ұйымдастырылуын мектептің оқу-тәрбие міндеттеріне бағындыру қажет. Үйірмелік және бұқаралық сыныптан тыс жұмыс үшін жалпы білімді және политехникалық дүниетанымды кеңейтуге, адамгершілік және еңбек тәрбиесін беруге, саяси сананы, эстетикалық талғамды және дене қуатын дамытуға септігін тигізетін материал іріктеудің маңызы үлкен.
Үйірме жұмыстарының тиімділігі, егер олар анда-санда емес, жүйелі, үнемі өткізілетін жағдайда едәуір артады. Бұған тыңғылықты жоспарлаудың және нәтижелерді есепке алудың көмегімен қол жетеді. Мектептерде оқылатын ғана емес, сыныптан тыс сабақтардың кестесі болуы пайдалы. Онда үйірмелік және басқа сабақтан тыс жұмыстың күндері және сағаттары көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |