Дипломды қ ж ұ м ы с жұмыстың тақырыбы: 5В010200- «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша


А.С.Макаренко — жас ұрпақты еңбекке даярлау әдiстемесiн жасаушы



бет10/16
Дата18.12.2021
өлшемі156,37 Kb.
#102870
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Байланысты:
Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі
Интернетке байланысты тест, Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., Рецензия Амирсеитова А., әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, әдебиеттік оқу, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, Әлмахан Гүлмира 102-26, А.С.Макаренко тағылымдарын бастауыш мектеп педагогикасында пайдалану әдістемесі, бөж1әл
2.2 А.С.Макаренко — жас ұрпақты еңбекке даярлау әдiстемесiн жасаушы
Өскелең ұрпақтың моральдық бейнесiн қалыптастырудың мемелекет белгiлеген бағдарламада еңбекке тәрбиелеу, еңбекке қатынасты тәрбиелеу А.С.Макаренконың педагогикалық жүйесiндегi басты проблемалардың бiрi болғандығына, оның “Ұстаздық дастан” атты шығармасындағы келелi пiкiрлер мен жүйелi педагогикалық тұжырымдар толық куә боларына ешбiр қүмән жоқ. Мiне, осы тұрғыдан оның жас ұрпақты өнiмдi еңбекке араластыра отырып баулуына тән озат тәжiрибенi оқып үйрену және мұғалiмдермен мектеп практикасында пайдалану өзiнiң жаңа мектеп реформасы жағдайында зор мәнге ие бола бастайды. Бұл мәңгi жасайтын мұрада еңбекке тәрбиелеу, өскелең ұрпақтың еңбегiн ұйымдастыру тәрбиенiң өмiрiлiк негiзi ретiнде қаралады. А.С.Макаренко балалардың тәрбиесi туралы тоқтала келiп, ой еңбегi мен дене еңбегiнiң арасында принципиалды айырмашылықтар жоқ, өйткенi қандай да болсын еңбек жұмыс орынын ойсыз, өзiнен — өзi келетiн еңбегi емес, ең алдымен, ақылға қонымды творчестволық еңбек болуға тиiс екендiгiн атап көрсетедi. Адам қандай жұмысты атқармасын, оның нәтижелiгiне барлық жiгермен зердесiн салуы керек, тек мұндай еңбекке деген қатынас ғана адамның нағыз iс — әрекетке деген, өмiрге деген творчестволық сипатын бере алады дедi.

А.С.Макаренко баланың мектептегi кезеңiне еңбек қызметiне қашан, неше жастан, қалай даярлау керектiгi туралы түрлi көзқарастарға үзiлдi — кесiлдi жауап берген ұстаз–педагог — ғалым. Ол жас ұрпақты қалыптастыруда тек бiр ғана еңбектi бес аспап құрал деп қарау қате дей келiп, “… еңбек ету арқылы бiлiм алу, саяси көзқарасын қалыптастыру, қатаң жүрiп отырғанда, ол құдiреттi тәрбие құралына айналады” дейдi.



Мектеп оқушыларын еңбекке баулудың басты міндеттерінің бірі-балаларды негізінен еңбекке тәрбиелеу, қоғам игілігі үшін еңбек жасату, оқушылардың еңбекке деген көзқарастарын шығармашылық қатынаста тәрбиелеу. Еңбекке баулу сабағында баланың ой-өрісінің дамуына түсініктерінің кеңейюіне, ғылым мен техника туралы білімнің негіделуіне әсерін тигізу үшін біріншіден еңбекке баулу пәнінің мұғалімдерінің өзінің саяси сауаттылығымен бірге техникалық сауаттылығы қатар болып, білім аясы терең әрі жан-жақты болуы шарт. Екіншіден, өз бойындағы білімін мектептің бастауыш сатысында білім алып жатқан жас жеткіншектерге жеткізіп, асқан шеберлікпен меңгерте білу. Еңбекке баулу пәнінің міндеті-осы мақсаттарды шешуді көздейді. Пәннің негізгі мақсаты, жалпы білім беретін орта мектептердегі оқу-тәрбие үрдісі барысында өтілетін еңбекке баулу сабағын оқытудың әдісі мен оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын игеру. Пәнге берілген жалпы сағат саны көп болмағанымен оқу материалының ауқымы көлемді. Жалпы білім беретін орта мектептерде өтілетін еңбекке баулу сабағы жасөспірім оқушылардың еңбекке ынтасын, сабаққа ықыласын арттыруда, оқушылардың ойлау қабілеттерін дамытуда орасан зор негіз болып табылады. Адамдардың ең бірінші өмірлік қажеттілігі-еңбек екені, сол арқылы өз бойындағы еңбек қабілеттерін дамытып отыратыны, үлкейе келе өзінің бойындағы асыл қасиеттерінен өмірлік нәр алатындығын мектеп табалдырығын аттаған жасөспірімдердің бойына ерте бастан дарыта білу керек. Педагогика ғылымының негізгі ұстанымдары бойынша бастауыш сыныптарда өтілетін барлық пәндердің ара салмағы бірдей болып саналатындығы белгілі екенін ескерсек те дегенмен әрбір пәннің өзіндік ерекшеліктері, мүмкіндіктері әркелкі болып келеді. Еңбек сабағы - мектеп оқушыларына жай ғана білім беріп қана қоймай, ең бастысы оқушыларды іздені паздылыққа, еңбекқорлыққа баулитын тәлім сабағы болып келеді. Еңбекке баулу сабақтары арқылы баланың бойында еңбек қабілеттері, дүниетанымдары кеңейе түсіп, олардың бәрін жинақтау қабілеттері, техникалық сауаттылықтары арта түседі. Еңбек сабақтары арқылы баланың бойында еңбексүйгіштік қабілеттері дами түсіп адамгершілік қасиеттері қалыптасады және еңбек адамдары туралы түсініктері кеңейе түседі. Бастауыш сыныптарда өтілетін еңбекке баулу сабақтарында оқушылардың орныдайтын жұмыстары қаншалықты қарапайым әрі оңай болғанымен еңбек жөніндегі тәжірибесі аз балаға оны орындап шығу қиынға соғады. Бұл жұмыстар алғашқы күннен бастап мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылып отырады. Сондықтан алғашқы сабақтан бастап түрлі жұмыстарды жүйелі түрде орындай білуге оқушыларды дағдыландырсақ, іске төселдірсек олардың қандай істі болса да атқара алатындығына сенімдері арта түседі. Ондай кездерде оқушы бойында еңбекке деген құштарлықтары, сабаққа ынтасы, ықыласы да арта түседі. Бастауыш сынып мұғалімдері жаңа оқу жылы бас кезінде әрбір жекелеген сыныптар үшін бөлінген сағат сандары бойынша бағдарлама талаптарына сәйкес атқаратын тапсырмаларды енгізе білуі тиіс. Еңбек сабағының блоктық бөлімдеріндегі жұмыс түрлерін, тапсырмаларды орындауға ыңғайлы оқу кезеңдерінің жыл мезгілдеріне байланысты рет-ретімен жоспарлай білуі тиіс. Біріншіден, бастауыш сынып мұғалімдері еңбекке баулу сабағының тақырыптарының негізгі оқу мақсатын, сабаққа қойылатын негізгі талаптарды орындай білуі керек. Екіншіден, күнделікті өтілетін әрбір сабақты сапалы әрі жауапты түрде өткізе білуі тиіс. Аталған еңбек сабағының негізгі талаптарын орындай білуін мұғалім өз-өзінен және оқушылардан талап ете білуі шарт. Сабақтың жемісті болуы мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді.

Оқыту әдістері педагогикалық әдебиеттерде оқушыларға білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсатына жетуге бағытталған, оқытушы мен оқушы қызметінің өзара байланыс тәсілі ретінде қарастырылады. Педагогика ғылымы мен мектептегі оқыту практикасында бай оқыту әдістері жинақталған. Оқыту әдістерінің әр түрлі классификациясы өмір сүреді.

Еңбекке және кәсіпке баулу үшін оқыту мен беруші қызметінің тәсілдері бойынша әдістерді жіктеу едеуір шешілді. Еңбекке және кәсіпке баулуда өз ара байланыс екі жақсы процесс оқытудың өз бетінше практикалық қызметі мен оқытудың басқару қызметі орын алады. Сондықтан еңбекке баулу әдістерін өз ара тығыз екі топқа бөлуге болады.

1. Оқытудың басшылығын оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау әдістері.

2. Оқыту әдістері.

Еңбекке және кәсіпке баулуда төмендегідей оқу әдістері кеңінен тараған.

1. Жаттығу (ақыл-ой қозғалыс, аралас)

2. Оқу эксперименті (лабораториялық, практикалық жұмыстар, ауылшаруашылық тәжірибе)

3. Оқу өндірістік жұмыстар.

4. Тапсырмаларды шешу. (техникалық, технологиялық, экономикалық)

5. Техникалық құжаттармен жұмыс жасау (оқу, схемалар сызбаларды, технологиялық карталарды оқу, құру, т.б)

6. Ғылыми техникалық әдебиеттермен жұмыс жасау.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет