Қысқа мерзімді жоспар№4
|
Пән: Қазақ тілі Т2
|
Бөлім: 3. Менің мектебім
|
Күні :
|
Педагогтің аты-жөні: Абдукаликова Айжан
|
Сынып: 2
|
Қатысқан оқушылар: Қатыспаған оқушылар :
|
Сабақтың тақырыбы: Менің оқу-құрал жабдығым
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары
|
2.2.5.1-дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу
|
Сабақтың мақсаты :
|
дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Күнделік, өшіргіш, дәптер, оқулық, қалам, ұштағыш, таза, ескі, жұқа, қалың, жаңа
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
(5 минут)
|
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақ мақсатымен таныстыру.
-Балалар, бүгін біздің сабаққа қонаққа кім келді? Тақтаға қарайықшы - Ия, дұрыс Незнайка, қазақша Дымбілмес дейді. Ол мектепке барғалы жатыр, бірақ сөмкесінде ештеңе жоқ. Оған не салуы керек. Тақтаға қараңдар. Дұрыс, оқу құрал-жабдықтары керек, біздің сабағымздың тақырыбы «Менің оқу – құрал жабдықтарым». Дымбілместің сөмкесін жинап берейік.
Сендерді мен фишкалармен бағалап отырамын. Әр тапсырманы дұрыс орындап, сөздерді дұрыс жазып, сөйлемдерді толықтырғанда мынандай фишкалар алып отырасыңдар.
|
Психологиялық ахуал
Таңертең мен тұрамын.
Бетімді жуамын.
Айнаға қараймын.
Шашымды тараймын.
Тамақты ішемін.
Киімді киемін.
Мектепке барамын.
Бестікті аламын.
|
Қол шапалақ
|
|
Сабақтың ортасы
(6-37 минут)
|
1-тапсырма
Жеке жұмыс
Мұғалім оқушыларға бағыт- бағдар беріп, түсінбеген тұстарын түсіндіріп, қосымша мәлімет бере кетеді.
2- тапсырма
Жеке жұмыс
Оқушылардың қате кеткен тұстарына түзет у жұмыстарын жасайды, дұрыс жазуға баулиды.
Сергіту сәті
Денешынықтыру.
-Балалар, шаршап қалған шығарсыңдар, біраз денемізді сергітіп алайық.
3-тапсырма
Жұптық жұмыс
Мұғалім бағыт-бағдар береді, қосымша сұрақтар қойып, оқуға деген зейінін тұрақтандырып отырады.
4-тапсырма
Топтық жұмыс
Мұғалім оқушыларды топқа бөліп, топтық жұмысты ұйымдастырады.
«Білгенге маржан ... »
|
Айтылым
Сөйлемді толықтырып айтады:
Жазылым
Оқушылар суретке қарап, сөйлемді толықтырып жазады.
Үлгі:
Біз тұрдық, біз тұрдық,
Оңға, солға
Бас бұрдық.
Екі жаққа қол созып,
Орында тұрып біз жүрдік.
Енді отырып қарайық,
Қолға қалам алайық.
Айтылым
-Әнелдің сөмкесіндегі заттар сенің сөмкеңде бар ма?
Үлгі бойынша тапсырманы парталасымен жұптасып орындайды.
Әнелдің сөмкесінде дәптер бар
|
Менің сөмкемде дәптер бар.
|
Айтылым
Оқушылар топқа бөлініп, мәтінді оқиды, «мен» деген сөздің орнына «ол» деген сөзді қойып айтады.
Оқушылар жұмбақты оқиды, қайталайды.
Оқушыға күнде еріп,
Жүретін не?
(күнделік)
|
«Бас бармақ»
Дескриптор:
Жалпы-4 балл
- тапсырманы орындайды;
-топтастыру жасайды
Дескриптор:
Жалпы-3 балл
-ой бөліседі
- сөйлем жазады
Өзара бағалау
Белсене қатысқан оқушы «алтын кілттің» иесі атанады
Дескриптор
Жалпы-5 балл
-ақпарат іздейді
-ой бөліседі
|
Оқулық 87- бет
слайд
Оқулық
88- бет
Сөздік
Оқулық
88- бет
слайд
|
Сабақтың соңы
3 минут
|
Үй тапсырмасын беру : 87 бет 1 тапсырма, 88 бет 4 тапсырма оқу
|
|
Кері байланыс
«Білім қоржыны»
|
Оқушылар сабақта алған білімдерін қоржынның түсі арқылы білдіреді
|
|
Бағалау
|
Мұғалім формативті бағалауы бойынша қорытынды балын қояды.
|
Достарыңызбен бөлісу: |