Сабақтың тақырыбы: Диктант Менің мектебім



Дата11.01.2017
өлшемі21,02 Kb.
түріСабақ
Солтүстік Қазақстан облысы, Мамлют ауданы

Искра орталау мектебі

Менрембаева Гулюм Улубековна

4 cынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Диктант Менің мектебім.

Сабақтың мақсаты: а) білімдік: тақырып бойынша жан-жақты мәлімет бере отырып,
сауатты жазуға және сөйлеуге үйрету;
ә) дамытушылық: ауызша және жазбаша тілді дамыту,
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық көзқарастарын
қалыптастыру;
б) тәрбиелік: өз елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекеттік тілді
құрметтеуге, қоғамдық ортада өзін-өзі ұстауға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: пысықтау сабағы

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, шығармашылық диктант

Сабақтың көрнекілігі: кітап, сөздік, суреттер

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Күтілетін нәтиже: өз мектебі жөнінде өз пікірін айта білу;

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

- Оқушылармен амандасу - Кезекшінің мәліметі

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

«Біздің мектептегі спорт үйірмелері» мәтінін мазмұндау.

«шұғылдану, жұмыс жасайды, жер» сөздерінің синонимін табу.

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма. «Менің мектебім» мәтінін оқып, мазмұнын айтып беріңдер.

2 – тапсырма. Сөйлесуді жалғастырыңыз.

- Сенің мектебің қандай ?

- ...


- Сен қандай мектепте оқуды армандайсың?

- ... .


Шығармашылық диктант

Менің мектебім.


Менің атым Виктория. Мен төртінші сыныпта оқимын. Менің мектебім өте үлкен және екі қабатты. Мектеп жаңа, әдемі, жылы. Мектептің бірінші қабатында акт залы, асхана, спорт залы, кітапхана және шағын орталық орналасқан. Екінші қабатта оқу сыныптары бар.

Менің сынып жетекшім Шурупова Ирина Викторвна. Ол бізге сабақты қызықты береді. Сабақта біз оқимыз, жазамыз, сурет саламыз.


ІV. Бекіту бөлімі

Сұрақтар қою арқылы бекіту.

V. Үйге тапсырма

«Менің мектебім» тақырыбында әңгіме жазу.

VІ. Бағалау бөлімі

Сабаққа қатысы бойынша бағалау.



VІІ. Сабақты қорытындылау
Каталог: uploads -> doc -> 11f5
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
11f5 -> Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісі. Ампер заңы. Сабақтың мақсаты
11f5 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: «Өмірің өз қолыңда»
11f5 -> Сабақтың әдісі: сто элементтері, электронды оқулық
11f5 -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
11f5 -> Ертеңгілік Тақырыбы: «Әлемді тербеткен ана»


Достарыңызбен бөлісу:


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу