Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тaрaудaн, қорытындыдaн және пaйдaлaнылғaн әдебиеттер тізімнен тұрaды.
І А.С.МАКАРЕНКО ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Тәрбие және жеке шығармашылық қабілетті іске асыруда А.С.Макаренконың еңбектерінің ролі
Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау ежелден мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ.
Еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасында отырған бүлдіршіндер екені мәлім. Олардың қамын ойлау-баршамыздың парызымыз.
Кез келген мектептің мақсаты мен мұраты-өркениетті елдердің қатарынан көріну, ел мен жер байлықтарын ысырапқа салмай игере білетін ұрпақ тәрбиелеу.
Ол үшін бүгінгі жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің өткенін, ұлттың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, табиғат ерекшеліктерін етене таныстыру қажет. «Адамға ең бірінші тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы, ол келешекке оның барлық өміріне апат әкеледі, адамға ең бірінші керегі тәрбие», – депті Әл-Фараби бабамыз.
Халқымыз бала тәрбиесіне аса зор көңіл бөлген, жақсы қасиеттерге баулып, жаманнан жеріндіріп отырған. Бала тәрбиесіне көңіл бөліп тереңінен ойлаған қазақ халқы бесіктегі нәресте тәрбиесіне де жете көңіл бөле білген. Баланы тәрбиелеуде отбасы басты рөл атқарғандықтан, ұлы М.Әуезов те отбасы тәрбиесін ерекше бағалап: «Ел болам десең, бесігіңді түзе», - деген. Кез келген білім ошағы ұлттық тәрбие бағдарламасында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп білім берер болса, ұрпағымызды өз ұлтын мақтаныш тұтар азамат болары хақ.
Тәрбие–жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Халық даналығында: «Баланы әуелі мейір шапағатқа, онан соң ақыл парасатқа, ақырында еңбек пен ғылымға баулы» - дейді.Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүниетанымын өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру.
Тәрбиенің негізгісі – ол ғибратты, ғұмырлы, ғасыр бойы бойымызға салт-дәстүрмен берілген–ұлттық педагогика. Небір ғасырлар шектеулі шеңбер аясынан шырмауықтай шырмалып шыға алмай келген ұлттық тәрбиенің жаңа талапқа сай жаңғыртып, жаңартып өскелең жас ұрпаққа толыққанды тайға таңба басқандай жеткізсек, таптырмас тағлым болары сөзсіз.
Оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына тәрбиенің әсері К.Д.Ушинский, А.В.Луначарский, А.С.Макаренко, Н.К.Крупская және т.б. еңбектерінде қарастырылса, жеке тұлғаны дамыту мәселелері П.П.Блонскийдің, Л.С.Выготскийдің, Л.В.Занковтың, Д.Б.Элкониннің және т.б. еңбектерінде негіз болды[1].
Педагогика негiзiн салушылардың бiрi А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында 1888 жылы дүниеге келді.
С.Макаренко (1888-1939) ең алғашында педагогика ғылымына тәжірибелі педагог ретінде келді. Ол 1917-1918 ж.ж. мектеп ісін меңгеруші, 1920 жылы Полтава түбіндегі балалар колониясын (кейіннен М.Горький атындағы колония) басқарды. 1925-1935 ж.ж. Харьковтегі Дзержинский атындағы колонияда қызмет атқарды. Осы кезеңдерде оның ұстаздық тәжірибесінен туындаған «Ұстаздық дастан”, «Мұнара үстіндегі тулар”, «Ата-аналарға арналған кітап” атты еңбектері жарық көрді.
Қалай десек те, А.С.Макаренконың "Ұстаздық дастаны" тек ғана маман мұғалімдер оқитын материал емес, ол жұрт болып жаппай оқуға лайықты, сұранысқа ие, заман көшінің алдыңғы орнын бермеуге тиіс ұлы шығарма деп ойлаймын. Себебі ол - шындыққа негізделген болмысты, мәңгілік тақырып адамды қалай тәрбиелеп шығуға болатындығын және ол үшін жаттанды білім мен теория соғудың, немесе қырғын кәсіптің құлағын ұстаудың еш қажеттігі жоқтығын түсіндіргендей. Ақ ниетпен келген ағартушы әр баланы жалғызындай жүрекпен жақсы көреді, қайғысына жүрекпен жылай біледі.
Педагогикалық құзіреттілігі басым А.С.Макаренконың шығармасынан сол кездегі дүрілдеп тұрған Қызыл империяның идеологиясын алып тастасаңыз да, кітап өз мазмұнынан айырылмайды. Себебі ол кезеңдік, өтпелі идеологияларға емес, мәңгілік қағидаға – гуманизмге құрылған туынды.
Азамат соғысынан кейінгі тұрақсыздық, әлеуметтік-экономикалық дағдарыс ел еңсесін езіп тұрған кезде А.С.Макаренко губерниялық халық ағарту бөлімінен ерекше тапсырма алады. Ол тапсырма бойынша Александр Макаренко ата-анасынан айырылған, көше кезіп, қалтаға түсетін ұры-қарылардың, қала ішін шулатып тәртіпсіздік жасайтын панасыз сотқарлардың, жетім-жәутіктердің күрт көбейіп кетуіне орай, оларды тезге салатын арнайы колония ашуға тиіс болатын. Шын жүйрік қамшы салдырмас, оқиғаның одан ары қарай өрбуіне түрткі болған бұл тапсырма Макаренконы өзінің тәрбиеленушілерімен бірге алдағы өмірдің асау толқындарына аяусыз лақтырады, бірде тереңге тастайды, бірде қайта көтереді, бірақ білікті маманның білімі қашанда қиналған жерде қорғайтын қалқанына, қажет кезде қаруына да айналды. Жалпы қызығы мен шыжығы мол сол жылдардағы колонияның жыры "Ұстаздық дастанды" кез-келген оқырман бір деммен оқып шығады. 1955 жылдың 26 желтоқсанында Макаренконың еңбегі негізінде жаңа фильм халық назарына ұсынылды[2].
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж. Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды. А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды”, — деп жазды. 1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады[3].
1920 жылдан бастап арнайы тапсырмамен Полтавадан алты километр жерде заң бұзышылар мен жетiм балаларға арнап арнайы коллония ұйымдастырылып, осы коллонияны А.С.Макаренко сегiз жыл бойы үздiксiз нәтижелi басқарады.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
А.С.Макаренко тәрбие үдерісі ең алғашында педагогикалық жобалаудан басталуы керектігін айтты. Ол жеке тұлғаның сапалық қасиеттерін қалыптастыруды екіге бөліп қарастырды. Бірінші, барлық тұлғаларға ортақ сапалар және екінші, оқушының жеке даралық сапасын қалыптастыру үшін оның қабілеттері мен бейімділіктерін ескеру керектігін көрсетті[4].
Белгілі педагог еңбектің зор пайдасы адамның психикалық, рухани дамуына әсер етуінде деп түсінді. Еңбек тәрбиесінің міндеттері: балаларды еңбекті өзімнің азаматтық борышым деп сүйе білуге үйрету, қоғамдық өнімді еңбекке қатынасуға даярлау. Бұл тәрбиені іске асырудың негізгі жолы балалардың өзін тікелей еңбекке араластыру деп санады.
А.С.Макаренконың отбасы тәрбиесіне қосқан үлесі зор болды. Ол «Ата-аналар кітабы”, «Балаларды тәрбиелеу лекциялары” атты еңбектерінде ата-аналар арасында жүргізілетін педагогикалық жұмыстарға ерекше тоқталады, отбасында балалар өмірін дұрыс ұйымдастыру қажеттігіне назар аударады
А.С.Макаренко тәрбиенің басты мақсаты – белсенді, өмірлік ұстанымдарды жүзеге асыру деп санады. Оқушыдан өзге адамдар мен қоғам алдындағы жауапкершілігін, өз абыройын сақтай білуін, жолдастарының пікірімен санасуды, өз пікірін дәлелдей білуін, өмірдің қойған талаптарына сай сыпайы, қатал, қарапайым болуын талап етті. Сонымен бірге, оқушы белсенді ұйымдастырушылық қасиетке ие болып, қойған мақсатына жетуі, өзін ортада ұстай білуі және өзгелерге ықпал ете білу қасиеттерін меңгеруі тиіс. Оқушының көңіл-күйі көтеріңкі, сергек, күреске әзір тұратын, сүйе білетін және бақытты болуға ұмтылуы керек деп түйіндеді[5].
1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады.
А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.
А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды”, – деп жазды.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатынды.
Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді.
Бұл жылдар қиын да, ауыр еңбек пен күрестің жаңа, қазіргі адамды тәрбиелеудің кеңестік әдістері үшін ол Макаренкоға тек ғана тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық теорияда да тамаша жеңіс әперген жылдар болды[6].
1925 жылдан бастап, колония өзінің идеялық жетекшісі А.М.Горькиймен біржүйелі байланыс жасай білді. Ол колония туралы Италиядан былай деп жазды: “Бұл шынында қайта тәрбиелеудің жүйесі және осындай ол бола алады және әруақытта болуға тиісті және қазіргі күндері ерекше”.
А.С.Макаренко 3-4 жылдың ішінде үлгілі тәрбие мекемесін А.М.Горький атындағы еңбек колониясын ұйымдастыра білді. А.М.Горький 1928 жылы колонияға қатысып, ол туралы: “Сіз ұлы істерді бастадыңыз, өз жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз сияқты адамдарға зәру”, -деп жазды.
А.С.Макаренко оның педагогикалық қызметін сол кезде халық ағарту комиссариатында жұмыс істейтін педагог-бюрократтар мен педалогтардың тарапынан қарсылықты кездестірді. Ол 1928 жылы Горький атындағы колонияны тастауға мәжбүр болды.
Одан кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш-жігерін Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқаруға арнады, онда ол тәрбие әдістерін жетілдіре түсуді одан әрі жалғастырды.
Дзержинский атындағы коммунада еңбек тәрбиесінің жаңа әдістері қолданылды. Ал Джержинский атындағы комунада фотоаппараттардың фабрика-зауыт өндірісі (ФЭД маркасы) және электросверл өндірісі жұмыс істеді. Бұл өндірістің екеуі де елімізде алғаш рет іске асты. Үлкен экономикалық мәнімен қатар, өндірістің бұл түрлері педагогикалық тұрғыдан өте қажет болды.
Коммунаның тәрбиеленушілері өндірісте күніне 4 сағаттан жұмыс істеді, коммунада жұмыс істейтін орта мектепте оқыды.
1935 жылы А.С.Макаренко коммунадағы жұмысын тастап, Украинаның еңбек колониялары оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол адам кейін Москваға келіп, А.М.Горькийдің кеңесімен әдеби қызметпен, А.М.Горький атындағы колонияның және Джержинский атындағы коммунаның қызметін педагогикалық жинақтаумен айналысты.
1933-35 жылдарда “Педагогикалық дастан” жарық көрді, 1937 ж.жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін “Ата-аналар кітабы” жарияланды (І том). Автордың алғашқы ойы жанұя тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазу жоспарланған болатынды.
1938 ж.ең ірі “Мұнара үстінде тулар” атты көркем-педагогикалық шығармасы жарық көрді.
А.С.Макаренконың “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” атты еңбектері жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды. А.С.Макаренконың балаларды тәрбиелеудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, оны Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. 1939 жылы 1 сәуірде аса дарынды педагог, педагогика ғылымының көрнекті қайраткері, педагог А.С.Макаренко кенеттен дүние салды. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа өшпейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оған дәлел: оның әртүрлі педагогикалық еңбектері мен жүргізген педагогикалық экперименттері.
Халық педагогикасымен айналысушылар қоғам дамуының алғашқы сатыларында–ақ тәрбиеге өзіндік көзқарас болғандығын, мақсатқа сай тәрбиелеудің жолдары ойластырылғандығын мәлімдейді. Қазақ этнопедагогиксының қайнар-бұлағы біздің заманымызға дейінгі дәуірден бастау алады. Ұлттық мәдениеттің тегі сол ұлттың ұлт болып қалыптаспай тұрған кезінен бастап–ақ жеке ұлыстардың ұрпағын тәрбиелеуден туындағаны белгілі. Балалардың жан-жақты дамуы үшін, әсіресе сұлулық пен сымбаттылыққа қанық болулары үшін оқу-тәрбие үрдісінде халықтық педагогиканы қолдану өте маңызды. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани өмірін байытады, қызғылықты етеді, оған ең жоғары рухани ләзаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезімін нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйенетіндей етіп дамытуымыз керек. Адамның әсемдікті және жексұрындықты, сәулеттілік және ождансыздықты, қуаныш пен қайғыны т.б. түсінуіне байланысты, оның саналы тәртібі мен мінез – құлқы айқындалады. Осыдан келіп адамның әсемділікке шынайы көзқарасы мен мұраттары болуы керек екендігі шығады. Оқушылардың жалпы мәдениеті, яғни эстетикалық тәрбиенің маңызды жақтары ізеттілік, ұқыптылық, жылы шырайлылық, қайырымдылық, тазалықты сақтау т.б. Жалпы эстетикалық мәдениет – бұл қатынас эстетикасы, киім-кешек эстетикасы, үй-жағдай эстетикасы, манера, дене қимылы, т.б. А.С.Макаренко еңбектерінде бұл проблемаға зор мән берілген. Жеке адамның сыртқы мәдениеті мен ішкі дүниесінің ұштасып жатуы эстетикалық сұлулықтың белгісі.
А.С.Макаренко педагогикалық қызметте табысқа жетудің бірінші қолайлы шарты болып табылатын тәрбиенің мақсатын анық та және айқын елестете білу деп түсінді, онсыз ешқандай да тәрбие жұмысы мүмкін емес.
Оның айтуынша, қабілетсіз немесе “бұзылған” бала “сәтсіз педагогтардың” ойлап тапқандары, барлық “бұзылғандық, тәртіпсіздік және балалардың қылмескерлігі туа біткен және түзетуге болмайтын сапалар емес”.
Макаренко бүгінгі “бұзылған бала ертең қабілеті жануы мүмкін, отанының нағыз азаматы, Социалистік Еңбек ері болып шығады”,-деп есептеді. Макаренконың айтуынша, педагог оптимист болуға тиіс, алдағы бақытты балалық шақты көре білуі керек, адамға оптимизммен қарау керек.
А.С.Макаренко буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогиканы қатты сынға алды. Буржуазиялық және ұсақ буржуазиялық педагогика құрғақ жаттауға және баланың жеке басын басып-жанщуға, соқыр бағынуға негізделген авторитарлық педагогикадан “еркін тәрбие” анархистік теориясына негізделді[7].
Макаренко жұмыс бастаған жылдары Горький атындағы колонияда көптеген педагогтар “еркін тәрбие” теориясының рухында тәрбиеленген болатынды. Ұсақ буржуазиялық “еркін тәрбие” теориясын жақтау балаларда эгоизмді, тәртіпсіздікті және басқа жағымсыз қылықтарды тәрбиелейді.
Адамды неғұрлым құрметтеген сайын, соғұрлым талап қоя білу керек. Макаренко адамның шығармашылық күштеріне, оның үлкен мүмкіншіліктеріне терең сене білді. Макаренконың гуманизмі оптимизммен тығыз ұштасады, әрбір тәрбиеленушінің жағымды жақтарын көре білді.
Макаренко педагогикалық теория тәрбиенің практикалық тәжірибесін жинақтауға құрылуын талап етті. Горький атындағы колония мен Дзержинский атындағы коммуна мектептерінде бағдарламалық материалды орналастырудың кешенді жүйесі қолданылмады. Макаренко оқу пәндерін біржүйелі оқытудың жақтаушысы болды, ол оқыту үрдісін кез-келген бұрмалаушылыққа “Дальтон-жоспарға”, “жобалау әдісіне” қарсы болды.
Ол еңбек тәрбиесі үрдісіндегі бұрмалаушылыққа қарсы болды.
Еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән бере отырып, Макаренко оқушылардың бұлшық ет энергиясының тәрбие жұмысымен байланыссыз өнімсіз шығынына қарсы болды. Макаренко кейбір педагогтардың сол кездегі америка прагматистік педагогикасымен алынған “Еңбек – бүкіл мектеп жұмысының орталығы” деп аталатын дұрыс емес ұранға қарсы болды. Бұл ұран бойынша, мектеп өмірінде еңбек дағдыларына ерекше мән берілді, біржүйелі жалпы білім алуға зиян келтірді.
Макаренконың педагогикалық жүйесінде тәрбиенің қажеті факторы еңбек болып табылады. Тәрбие жұмысында еңбек негізгі элементтердің бірі болуы қажет. Макаренконың басқарған мекемелерніде тәрбиеленушілердің еңбек іс-әрекеті үлкен орын алды, ол әруақытта да дамып және жетілдіріп отырылды.
Горький атындағы колонияда ауылшаруашылығы еңбегінің ең қрапайым түрлерінен бастап, негізінен өз ұжымының негізгі қажеттілігі үшін Макаренко одан кейін тәрбиеленушілердің өкілді еңбегін ұйымдастыруға көшті. Өзінің жоғары түрін бұл еңбек іс-әрекеті Дзержинский атындағы коммунада қол жеткізді, онда тәрбиеленушілер орта мектепте оқыды және жоғары мамандықты еңбекті талап ететін күрделі техникамен өндірісте жұмыс істеді.
Макаренко еңбек тәрбиесі туралы мәселелер бойынша құнды ұсыныстар береді. Балалардың еңбек әрекеті үрдісінде жұмысты бағдарлау, жоспарлау ептілігін дамыту, уақытқа, өндіріс құралдарына, материалдарға ұқыпты қарау, жұмыстың жоғары сапасына қол жеткізу.
Коммуна жағдайында оқытуды өнімді еңбекпен ұштастырудың нәтижелі тәжірибесін А.С.Макаренко жалпы білім беретін мектептерде қолдануды қиялдады.
А.С.Макаренко еңбектеріндегі психология мәселелері құнды дүниелер. А.С.Макаренко тамаша психолог ретінде бала психологиясын, оның жан дүниесін жақсы түсіне білді. Ол педагогикалық психологияның, оның ішінде тәрбие психологиясы мен ұстаз психологиясының мәселелерін жан-жақты талдады. Әсіресе, оның ерекше мән берген мәселелері балалардың борыш және намыс, ерік-қайрат, мінез-құлық және саналы тәртіпті тәрбиелеу мәселелері[8].
Макаренко “Балаларды тәрбиелеу туралы лекцияларында” былай деп жазды: “Біз әрбір азаматтан өмірінің әрбір минуты сайын ешқандай да ескерту мен бұйрықты күтпестен өзінің борышын орындауға дайын болуын талап етеміз, ол ынталықты және шығармашылық ерікті меңгеру тиіс”. Әрбір ұжымның мүшесі ұжым алдындағы ұжымнан бастап, социалистік Отанымен аяқтап, сезіне білуге міндетті. Әрбір ұжымның мүшесі намыс сезімін меңгере білуі қажет, әруақытта да өз ұжымымен, өз Отанымен мақтана білуі керек.
А.С.Макаренко Горький атындағы колония, Дзержинский атындағы коммуна ұжымдарында намыс, мақтаныш сезімдерін қалыптастыруды әрбір ұжымның мүшесі жақсы түсіне білді. Коммунарлар өз ұжымының намысы үшін, ары үшін аянбай еңбек етті. Олар әруақытта да өз ұжымын мақтан етіп отырды.
Макаренконың түсінігінде тәртіп – бұл тек ғана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу, белсенділік, жауапкершілік тәртібі.
Макаренко тәртіп туралы мәселені ерік – қайратты, ерлікті, берік мінез-құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырды. Тәртіп ұымшыл ұжымда дамиды және бекиді. Макаренко былай деді. “Тәртіп – бұл ұжымның бет-әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі”.
А.С.Макаренко баланың жандүниесінің, әрбір жекеленген адамның психологиясын білу бұл әдіс әрбір нақты жағдайда ыңғайлы пайдалануға көмектеседі[9].
Макаренко тәртіпті тәрбиенің нәтижесі ретінде қарастыра отырып, Макаренко “тәртіп” және “режим” ұғымдарының құралы болып табылады деген болатынды. Макаренко баланың айқайына, ашуланшақтығына, өрескел қылықтарына қарсы болды. Педагогтар жиі айтатын: “Бала қатты айқаулауға тиіс, осыдан оның табиғаты аңғарылады деді”. Макаренко оған қарсы болды, балалар өзін-өзі ұстай білу керек, режим ойластырылған, тұрақты болуы керек, бәрі қатаң сақтауға тиіс.
Макаренко “еркін тәрбие” теориясының ықпалдығы педагогтардың балаларды жазалау мәселесінде айтқан “жазалау құлды тәрбиелейді” деген қағидасын қатты сынай отырып, Макаренко жазалауды қолдана отырып, құлды да немесе қорқақты да, еркін, адамгершілік қасиеті күшті тұлғаны да тәрбиелеуге болады. Барлық істің мәні, қандай жазалау және қалай қолданылды. Ол дене жағынан жазалауға болмайды деп жазды, ал дене жазалауынан басқа жазалаудың түрлері Макаренконың талап етуі бойынша ойластырылған болуы керек, асығыстық, жүйесіздік болмау керек, әр шәкіртке дара сипатта қолданылуы қажет, жаза жасаған қылығына сай болуы және жиі берілмеуі қажет, өзінің жасаған қылығын түсінетіндей, соған сезінуі керек, ұжым қолданылған жазаның әділдігін мойындауы қажет.
А.С.Макаренко жанұя тәрбиесінің мәселелеріне ерекше мән берді. Ол ең бірінші болып, кеңес педагогтерінің ішінен бұл өте маңызды мәселені талдаумен айналысты[10].
Қазіргі кезде зерттеу жұмыстары мен бақылаулар көрсеткендей, тәрбиенің басты негізі 5 жасқа дейін қаланады – бұл барлық тәрбие үрдісінің 90%, ал содан әрі адам тәрбиесі жалғасады, адамды өңдеу жалғасады, сіз жалпы алғанда жемісін бастайсыз, ал сіз бағып отырған гүлдер 5 жасқа дейін болған, – деген Макаренконың қорытындыларын дәлелдейді.
Көптеген жанұяларының өзінің тәрбие қызметін жеткіліксіз орындайтындығын ескере келіп, ол “Ата-аналар кітабы” атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегінде жанұя тәбиесін жан-жақты ашып көрсету мақсатын қойды, ол тек ғана кітаптың бірінші бөлімін жазуға үлгерді. Онда жанұяны тәрбие ұжымының құрылымы және жанұя тәрбиесінің жалпы шарттары ретінде қарастырды.
Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары” балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады.
Жанұядағы тәрбие мәселелері – педагогиканың ең қиын да және ең жеткіліксіз талданған мәселелердің бірі.
Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан “Ата-аналар кітабы” атты көлемді еңбек жазуды қолға алды. Бұл еңбегінде жанұя тәрбиесін жан-жақты ашып көрсету мақсатын қойды, ол тек ғана кітаптың бірінші бөлімін жазуға үлгерді. Онда жанұяны тәрбие ұжымының құрылымы және жанұя тәрбиесінің жалпы шарттары ретінде қарастырды[11].
Макаренконың жанұя тәрбиесіне қосқан үлесі орасан зор. “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялары” балаларды жанұяда тәрбиелеу туралы өте маңызды ғылыми және көркем әдебиеттер болып табылады.
Жанұядағы тәрбие мәселелері – педагогиканың ең қиын да және ең жеткіліксіз талданған мәселелердің бірі.
Белгілі дарынды педагог, әрі көрнекті жазушы А.С.Макаренко 1937 жылы жарыққа шыққан “Ата-аналар кітабын” жұртшылық қызыға, зор қуаныш сезімімен қабылдады.
Автор өзінің жаңа еңбегін бастай отырып, сыпайылықпен өзіне-өзі: “Мүмкін, бұл кітап тым асыра сілтеушілік болар?” – деп сұрақ қойып, өз міндетінің мейлінше қиын екендігін түсінді. “Жанұя – өте үлкен әне аса жауапты жұмыс, бұл жұмысты ата-аналар алдында, өз бақыты және балалары алдында жауап береді”, – деді А.С.Макаренко[12].
“Ата-аналар кітабында” екі ата-ананы салыстыра отырып, “жалғыз бала”, “көп балалы” жанұя проблемаларын көтеріп, нақты мысалдар келтіре отырып, қорытынды жасайды.
Бірінші кейіпкері Петр Александрович Кетов – ол күшті, ақылды, адам психологиясын жақсы біледі. Ол жалғыз баласын тәрбиелеуге көп уақытын жұмсайды. Оның ойынша көп жанұя орташа адамды тәрбиелейді. “Жалғыз бала” дарынды, ақылды болып шығады, бірақ теріс тәрбие оны өзімшілдікке әкеп соқтырады.
Ол кейіпкерге қарама-қарсы Степан Денисович Веткиннің көп балалы, бақытты жанұясы мүлде қарама-қарсы. Ол жанұя мүшелерінің өзара көмегіне, сүйіспеншілігіне, үлкен балалар кішілеріне қамқор болуға негізделген. Бұл мысалдардан екі жанұяның екі түрлі тәрбиесінің қорытындысын көруге болады. Жыныстық тәрбие мәселелері де Макаренконың назарынан тыс қалған жоқ.
Аса көрнекті кеңес педагогикасының көрнекті өкілі жаңашыл-педагог, тамаша жазушы А.С.Макаренконың педагогикалық мұрасының мәні бүгін де өзекті, бүгін де өміршең екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Несімен ерекше көптеген адамдар мен біздің шетелдегі достарымыздың жүрегін А.С.Макаренко баурап алды?
Макаренконың педагогикалық жүйесі ғылыми және революциялық мазмұнгмен толыққан. Оның жүйесінде көптеген педагогикалық мәселелер жаңаша ашып көрсетілді: бірыңғай балалар ұжымы – тәрбие субъектісі, тәртіп – адамгершілік категориясы, жазалау – адамды құрметтеудің ерекше көрінісі, қаталдық – ең үлкен, ізгілік және т.б.
Жаңашыл – педагог, көркем сөздің шебері Макаренко жаңа адамдық қатынастардың сұлулығын, талап қою мен қатаң тәртіптің сұлулығын, ұжымның ұлы қуатын түсіне білуге көмектеседі. Сондықтанда А.С.Макаренконың жүйесінің байлығы өміршеңдігі және сарқылмайтындығы, сондықтан да ол өзекті болып табылады[13].
“Біздің өміріміз жаппай жаңалық – деп жазды Антон Семенович, – Бұл өмірдк балаға да: бірлік, құрылыс, күрес, жеңістер, – барлығы жаңаша бай, жаңаша көңілді және жаңаша қиын”.
Макаренконың педагогикалық жүйесі қазіргі мектептеріміз бен арнаулы мектеп-интернаттарында, балалар үйлерінде оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда кеңінен қолданылады.
Кезінде А.М.Горький 1933 жылы хатында А.С.Макаренконың ұжым туралы іліміне жоғары баға берген болатын-ды:
“Маңызы орасан зор және мейлінше ойдағыдай болып шыққан Сіздің педагогикалық эксперименттеріңіздің, меніңше, дүниежүзілік маңызы бар”. Кеңестік педагогиканың көрнекті өкілі А.С.Макаренко ұжым теориясын талдады. Оның қаламынан көптеген педагогикалық және көркем шығармалар туған болатын-ды,онда ұжымдық тәрбиенің әдістемесі жан-жақты талданылды.
А.С.Макаренконың ұжым туралы ілімінде ұжымды кезең-кезеңмен қалыптастырудың жан-жақты технологиясы жасалды. Ол ұжымның өмір заңын айқындады, ұжымның даму қағидаларын анықтады, ұжымның даму кезеңдерін бөліп көрсетті.
Қазір Украинада А.С.Макаренко атындағы медаль тағайындалып, 1965 жылдан бері ең озат мұғалімдер марапатталады.
А.С.Макаренконың педагогикалық және әдеби мұрасынан бұрынғы кеңестер одағында 40 тан астам кандидаттық диссертациялар қорғалды, көптеген монографиялық еңбектер жазылды. Әсіресе, оның педагогикалық мұрасын жан-жақты зерттеуде шәкірттері ерекше роль атқарды. Атап айтқанда, Н.Э.Фере, В.Н.Терский, С.А.Калабалин, В.И.Клюшник, Ройтенберг және т.б. Қазіргі мектептерде, мектеп-интернаттарда және басқа да оқу-тәрбие мекемелерінде оның идеяларын басшылыққа алып отырады[14].
«Педагогикалық поэма» еңбегі мазмұнды, сонымен қатар толыққанды қоғамның азаматын тәрбиелеудің практикалық құралы және жарқын әдеби еңбегі - кеңестік әдебиеттің алыңғы қатарлы еңбектерінің бірі. Романда сипатталған оқиғалар автобиографиялық сипатта, кейіпкерлердің нақты атаулары, соның ішінде автор өзі бар. Мақаренконың педагогикалық жүйесінің кілті - баланың жеке басын ұжым арқылы оқыту идеясы. Бұл идеяны бекіту Макаренконың «Педагогикалық поэмасына» арналған. Романның өзіндік сөзі 3 бөліктен және 15 бөлімнен тұрады (эпилогты қоса). Сонымен қатар, поэма іс жүзінде колония өмірінің үдерісінде тікелей «ыстық іздеумен» құрылды.
Шет елдерде жарық көрген педагогикалық әдебиеттер мен ғылыми-зерттеу жұмыстарында көрнекті кеңес педагогы А.С.Макаренко, оның ішінде балалар коллективіне бағытталған көзқарастар кең өріс алды.
Заман ағысына сай біліммен қаруланған ой-өрісі жоғары, зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк туын желбіретіп шаңырақ көтерген егемен елімізді өркениетке жетелейтін білім бастауында мектеп, ал сол мектепте жас ұрпақ бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. «Мұғалімдер - қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев бекер айтпаса керек.
Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз елімізге білікті маман, өз ісінің шебері қажет. Ал, педагогикалық шеберліктің негізі неде? Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен тәрбиені ұштастыра алуы қажет. Әр оқушының дарындылығын айқындау, олардың дамуына қолайлы жағдайлар жасау, мектеп, жанұя, мұғалімнің рөлін анықтау, студенттер мен мұғалімдер ұжымын қалыптастыру - педагогикалық шеберлікті жетілдіруге негізделеді деп есептейміз. Қазақстанда білім беруді дамытудың бағдарламасында мемлекетіміздің білім беру жүйесінде жүргізілетін реформалардың мақсаты – оның нарықтық экономика жағдайында ғаламдық ауқымға ие болуын ескере отырып, саналы өзгерістерін қамтамасыз ету деп көрсетілген. Білім беруді реформалау осы саладағы жинақталған оң әлеуетті жақтардың негізінде осы процесті тереңдету мен дамыту үшін жаңа құқықтық, әдістемелік, қаржы материалдық жағдайларын жасауды және тиісінше кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: “Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелер міндет ауыр,”- деген болатын. Қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологикалық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етілуде. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген педагог болуы керек[15].
Бүгін мұғалімдердің еңбегінің нәтижесі қандай болса, ертең біздің қоғам сондай болады. Адам қажырлы еңбегімен табиғатты өзгертсе мұғалім жалпы жасампаз еңбегімен жаңа адамды қалыптастырып, дамытып, жетілдіріп өмірге дайындайды. Оқушыларын тек біліммен қаруландырып ғана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды. «Талант» деген сөзді әркім әр түрлі ұғынуы мүмкін. Талант көбіне, ақын – жазушыларда, әртістерде, өнер адамдарында кездеседі. Ал, «мұғалім болу – талант па, ол әркімнің қолынан келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады. Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты.
Педагогикалық шеберлік туралы А.С.Макаренконың (1988) пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы». Бұл жөнінде ол: «Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік ғана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім» дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру – өнер , көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі – өнер болып табылады». «Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мұнда кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, даусымды, бет - әлпетімді 20 түрлі етіп құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді.
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қабілеттілігінің өзара байланысын А.С.Макаренко:
педагогикалық мәдениет;
педагогтің кәсіби білігі;
педагогикалық этика;,
педагогикалық қарым-қатынас;
мұғалімнің сөйлеу мәдениеті;
психо-педагогикалық білім.
Педагогикалық шеберлік-бұл оқытумен тәрбиелеу әрекетін кәсіби меңгеру, тұлғаны жанжақты дамыту, көзқарасы мен қабілетін қалыптастыру мүмкіндігі.
Педагогикалық білім мен кабілет педагогикалық шеберліктің туа біткен ерекшеліктері, қасиеттері арқылы белгіленетінін жоққа шығара отырып, ол оның кәсіби қабілеттілік деңгейіне байланысты екендігін көрсетті. Оның айтуынша, іскерлікке, педагогикалық квалификацияға негізделетін педагогикалық шеберлік - бұл тәрбие процесін білу, оны құру, қозғалысқа түсіру. Педагогикалық шеберлікті меңгеруге әрбір педагогтың жеке практикалық тәжірибесі мен еңбектенуі нәтижесінде қол жеткізуіне болады.
Шебер педагог - бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман. Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер. Педагогикалық үрдістің ерекшелігі, оның кұрылымы және мазмұны дамыту, оқыту, тәрбиелеу функцияларын тәжірибе барысында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табылады[16].
Педагогикалык шеберлік педагогикалық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, мынадай төрт жүйені қамтитын күрделі кұрылымды қамтиды:
1.Педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);
2.Педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);
3.Пәндік білім (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);
4.Педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңдата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызығушылық).
Оқыту пәнін толық меңгеру, оның тарихын, теориясын, тәсілдерін, казіргі заманға сай тәжірибесін білу педагогикалық шеберліктің негізін құрайды. Педагогикалық (білім беру) технология:
1) кәсіби педагогтің басқаруымен жүргізілетін оқушылардың (студенттердің) өзіндік және өзара білім алу процесі, оқу жоспары мен оқу бағдарламасында анықталған білім мазмұны мен әрекет түрлерін меңгеруіне байланысты олардың жұмысының әрбір сатысында болатын өзгерістер мен түрленулер;
2) студенттерді педагогикалық мамандықтарға кәсіби дайындауға анрналып бағытталған оқу (ғылыми) пәні;
3) дәстүрлі педагогикада: а) іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру және оны жарақтандыру; ә) өте аз шығынмен нәтиже алуға мүмкіндік беретін бірізді амалдар; б) педагогикалық проблемаларды әдіснамалық деңгейде талқылауға мүмкіндік беретін педагогикалық категория; в) педагогика, оқу процесін толық басқаруға мүмкіндік беретін жүйелі ойлау тәсілін енгізу; г) орындалуы кепілдікпен педагогикалық мақсаттарға алып келетін әрекеттің тәртіптелген жүйесі; д) дидактикалық инфрақұрылым, яғни оқытудың техникалық құралдарын немесе компьютерлерді пайдалану, сонымен бірге пайдаланылған әдістердің көмегімен білім берудің тиімділігін арттыратын ықпалдарды талдау жолымен білім беру процесін оңтайландыру тәсілдерін жасақтау және принциптерін анықтау: е) педагогикалық шеберлік; ж) оқыту мен тәрбиелеудің бірегей әдістемелері; з) дәл берілген мақсаттары мен оған жету жолдарын нақты анықтауға және сипаттауға болатын оқу процесін басқару бағытындағы дидактикалық проблемаларды шешу.
Педагогикалык шығармашылық - педагогикалық шеберліктің маңызды және белгілі құрамдас бөлігі. Оның маңыздылығы оқыту мен тәрбиенің жоғары дәрежелі нәтижесінде және «мұғалім-оқушы» жүйесінің оңтайлы карым-қатынасы нәтижесінде ғана ашылады. Педагогикалык шығармашылықта әр түрлі проблемалы жағдайлардың пайда болуы және оларды педагогтың өз көзқарасы мен стандартты емес тәсілдермен шешуге ұмтылуы шартты. Нақты шығармашылық ақпараттың толықтығы және педагогтың оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық өзара әрекеттесудің әр түрлі құралдары, формалары мен тәсілдерін тиімді жэне жаңаша колдану негізінде каланады[17].
Педагогикалық стиль - педагогты (бір мектептің) өзге педагогтардан ерекшелеп тұратын өзіндік ойлары мен әрекеттерінің ерекшелігімен сипатталады. Әр педагогтың оқу-тәрбие процесін үйымдастыру сипаты өзгеше болып келеді. Оны оқушылар байқайды. Оңтайлы сипат әлемдік позициядағы көрегенділікпен, үнемі өз-өзін жетілдірумен, жұмысқа, өзіне, тәрбиеленушілерге деген дұрыс қатынасының әр алуан бағыттылығымен сипатталады. Психологиялық-педагогикалық өзара қатынасқа түсе отырып, педагог-гуманистің өзіндік танымы мен рефлексиялық қабілеті ашылады.
Аттракция (латын тілінен attractic – тартылыс) - педагогтың тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу кабілеттілігі.
Эмпатия-педагогтың өзге адамды, оның уайым-қайғысын, әрекет ету мотивін және сыртқы ортаға деген әсерін іштей түсіне білу дағдысы; бұл - рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге қайғыру.
Рефлексия - педагогтың өзін, өзінің психикалық жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін қалай бағалайтындығын байқай білу дағдысы. Жоғарыда аталып өткен қасиеттерді өз бойынан таба білетін педагогтың мәдениеттілігі, оның педагогикалық тыңдай және тыңдата білу әдісі бойынша ерекшеленеді. Күнделікті кызметте өзіндік сыншылдық негізінде ол өзінің және өзгенің әрекетін бағалай білетін жағдайда болып педагогтың оқу-тәрбие міндеттерін сәтті шешуіне мүмкіндік береді. Білім сапасын дамытудың негізгі көрсеткіші мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты өрнектеледі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі келесі педагогикалық шарттарды жүзеге асыруы барысында дамытылады.
Мақсаттылық – мұнда мұғалім іс әрекетіндегі саналы мақсат, әдістер, әрекеттердің тиімді түрлері таңдаланып анықталады да, күтілген нәтижелерге іс әрекет пен оқыту нәтижесінің қорытындыларын салыстыру әрі басқару құралы қызмет атқарады. Тұлғалық - әрекеттік. Мұнда жобалауда қойылған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен, әріптестерімен педагогикалық ұтымды қарым-қатынастарды тағайындаумен байланысты іс-әрекеттер қамтылады. Ең бастысы, тыңдаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз ететін өзіндік жұмыстарға ерекше назар бөлінеді.
Процессуалдық. Мұнда білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінде білім беру іс әрекетінің арнайы ұйымдастырылған үрдісі ретінде қарастырылады және оқытудың топтық форма мен бірлескен іс әрекетке бағдарлануын талап етеді. Басқарушылық. Бұл жерде білім арттыру курстарындағы оқыту үрдісін рефлексивтік түрде басқаруды мұғалім-мазмұндаму деп қарастыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы. Төртінші қыры – байқағыштық сезімі және көрегендігі. Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры – жан-жақты дарындылығы. Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі. Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан-қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: біріншіден, балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші болуы керек. Білім беру саласында қоғам қойған міндеттерді шешу үшін ұстаздар педагогикалық шеберлікке ие болуға тиісті.
Жаңашыл мұғалімдердің табыстарының құпияларының астарына үңіле отырып, шебер қойылым және әр түрлі практикалық міндеттерді шешуде педагогикалық ықпал ету тәсілдерінің дәлділігін аңғарамыз. Мұнда маңызды рөл кәсіби біліктіліктің үлесіне тимек, олар: интенсивті танымдық іс-әрекетке оқушыларды жегу, сұрақтар қою, жеке тұлғамен және ұжыммен қарым – қатынас орнату, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысыңды, мимикаңды, қимыл-қозғалысыңды меңгеру.
“Тәрбиеленуші сіздің жан-дүниеңізді сізді көріп, сізді тыңдап барып қабылдайды” – дейді А.С.Макаренко[18].
Достарыңызбен бөлісу: |