Дипломдық ЖҰмыс " Сыныптан тыс музыкалық тәрбие беру" Орындаған: "Музыкалық білім және мәдениет"



бет4/6
Дата05.11.2016
өлшемі0,99 Mb.
#648
түріДиплом
1   2   3   4   5   6

Хор.
Мектепте немесе мектептен тыс мекемелердегі хор үйірмелері хор мәдениетін көтеріп, дамыту жолында, оқушыларға музыкалық- эстетикалық тәрбие беруде көмектесуді өзінің алдына міндет етіп қояды. Осы бағытта үлкен ұйымдық және тәрбиелік ,методикалық жұмыс жүргізеді : вокальдік- хорлық тәрбие берудің және оқытудың барлық мәселелері жөнінде мектептің хор коллективтерінің басшыларына, мұғалімдерге нұсқау береді, хор коллективтерін мерекелік концерттерде шығу үшін құрама коллективке біріктіреді,ән-күй мерекелерін ұйымдастырады.

Хор бастауыш сынып пен ортаңғы сынып жастарындағы қыздар мен балалар хоры (1-3, 4-5 сыныптар), ортаңғы сынып ( 5-10 сынып),ер балалар хоры (1-2, 3-4 сынып) бола алады.Төменгі және ортаңғы сынып жастарындағы қыздар мен балалардың хоры хор коллективіән ұйымдастырудың әдеттегі түрлері болып саналады. Кейбір мәдениет үйіндегі, Оқушылар сарайындағы хор үйірмелері (8-11 сыныптар)

Арасындағы аралас хорлар бар. Көбіне мұндай хорлар ересек қыздар мен ер балалардан құралады.

Вокальдық-хорлық жұмыстардың міндеттері мен әдістері ортаңғы және ересек жастағы балалар хоры үшін көрсетілген дағдылар мен шеберліктерді нығайтып, дамыту болып табылады. Хордың жетекшісінен жас өспірімдер мен қыздардың әлі жетіле қоймаған даусына зер сала қарауы қажет. Барлық жас өспірімдерге шағын диапазонды – шеткергі дыбыстарды -жоғарғы және төменгі дыбыстарды жиі қайталамайтындай – қолайлы тесситуралы октава шектеріндегі бір партияны тапсырған жөн болады.

Акселерацияға байланысты жастық өзгерістер оқушылардың бойында он бірінші жаста байқалады. Осы кезде әсіресе ер балаларға ерекше назар аудару жөн, өйткені оларды дауыс ырғағының өзгерісі тез байқалады : кеңірдегінің шұғыл қызаруы, сілекей шырыштарының мол болуы, дем алу фунциясының бұзылуы, октаваға дауыс диапазоының өзгеруі көбірек көрінетіні мутация белгілері айқын білінеді. Жетекші ұл балалардың дауысындағы өзгерістерді қадағалап, оларды дер кезінде басқа партияға ауыстыруға, ал сырқат болған жағдайларда жалпы оларға ән айтуға тыйым салу керек. Даусы жаңа сапада байқалысымен аралас хорға тартуға болады.

Балалардың әнге ыңғайлы дауысын дамытуға жұмсақ мейлінше қолайлы ықпал жасайды. Кіші жастағы оқушылар үшін қатты бастау қажет емес. Ортаңғы және жас өспірім жастағы оқушылар үшін қаттылық жеке мәнерлік тәсіл ретінде орын ала алады. Қаттылықты үнемі қолдану тыныс алудың бір қалыпты жұмысын бұзады, дауыс байланыстарына теріс ықпал етеді.

Баланың музыкалық даму дәрежесімен атап айтқанда диапазоны

( жоғарғы және төменгі дыбыс ) мен даусының сипаты және тембірімен жетекші мейлінше зейін салып, кеңінен танысуы қажет. Сондықтан жетекші күні бұрын бірнеше ең қарапайым және көп тараған әндерді белгілейді. Егер ұсынылған әндерден қатысушыған бірде- бірі таныс бомаса, онда оған шағын музыкалық жаттығу ұсынылады. Әнді айту немесе түрлі дыбыстардан бастап жаттығу жасау, жетекшіге бір мезетте қабылданушының естуі мен музыкалық қабілеттілігін тексеруге көмектеседі. Қабылданушы аспаптарда бір ойналған әуенді немесе қайталауға тиіс шағын мелодиялар мен жеке дыбыстарды кейін қайталауы керек. (Егер оқушы кіші хорға қабылданатын болса , онда бұл мелодиялар 3-4 дыбыстан, егер ортаңғы хорға қабылданса, онда 4-6 дыбыстан құрылуға тиіс). Бұдан гөрі толығырақ тексеріп көру үшін кіші жастағы оқушылар үшін аспапта бір кезде 2 дыбысты ,ал ересектер үшін 3 дыбысты ойнап, олардан осы дыбыстардың әрқайсысын жеке әнге қосуды сұраған жөн.

Кіші хорда хорды екінші және бірінші дауыстарға бірден бөлуге болмайды, өйткені ең алдымен коллективте бір дауыста таза әндете білуді қалыптастырудың маңызы зор. Мұны жеке- дара тыңдап көру негізінде сабақтардың тұрақты 2-3 айы өткеннен кейін жасаған жөн. Екінші дауыста кіші хорда есту қабілеттілігі дамымаған балаларды анықтап алуға болмайды.

Хорға қабылданатындардың орташа саны 60-70 адамға болуы тиіс. Үлкен хорда көп тапсырмадан , қарқында дыбыс шығарудан сескенбеуге болады. Бұл хорға қабылдау жыл сайын оқу жылының басында өткізіледі. Жаңадан қабылданушыларға арнайы дайындық топтары ұйымдастырылады. Бұлар да өткен жылғы қабылданушылармен қосылуына бұрын 3-4 ай сабақ оқиды.

Хорға қабылдаушылардың әрқайсысына арнаулы дәптер толтырады. Мұнда оның туған жылы, метебі, сыныбы, үй адресі, даусы мен сапасы,мінезінің ерекшеліктері ( самарқаулығы, эмоциональдылығы, белсенділігі) туралы жазылады. Бұл оқушының өсуі мен даусының жетілуін қадағалау үшін ғана емес, сондай-ақ мектеп жәнеата-аналармен үнемі байланыс жасап, үйде де, мектепте үлгерімі мен тәртібін қадағалау үшін қажет. Хорға қатынасушылардың дауыс жетілуін үнемі бақылап отыру үшін магнитофоннның болғаны пайдалы. Бұл вокальдық ести білуге тәрбиелеуге көмектеседі.

Әдетте, хор коллективтері аптасына екі рет сабақ оқиды : кіші хор

1 1 /2 сағат, ересек 2-3 сағат. Сабақтың орта кезінде үзіліс жасау керек., ал үш сағаттық сабақтарда екі рет үзіліс қажет.

Вокальдық- хор дағдыларына баулығанда әнді шырқап айтуға елеулі мән беріледі. Әнді шырқауда енгізілген жаттығулар дауысты қыздыра түспей, сондай- ақ барлық вокальдық - хор дағдыларын бекітіп, нығайта түсу одан гөрі маңыздырақ. Бұлар қарапайым, бірақ музыкалық жағынан қызықты болуы тиіс; осы мақсатпен үйреніп жүрген әндерден үзінді пайдалану дұрыс.

Жетекшінің басты назары ноталарды игеруде және ырғақты ести білуін дамыту негізінде сольфеджиолау дағдысын дарытуға бағытталуы тиіс. Мұнда дыбыс шығуының сапасын , оқушылар ән салған кезде интонацияның тазалығын мұқият қадағалаған жөн (сольфеджио, демеп әндету, дыбыс қатарлары, үш дыбысты, интервалдар).Хорға қатынасушылар музыкалық сауат жөніндегі сабақтарда да кез келген жаттығуды ән дбысымен орындауға қажет.

Музыка пәні мұғалімі оқушылардың тыңдай білушілік мәдениетін, олардың ой- өрісін кеңейтуді алдын ала қарастыруы тиіс. Хор колективін үйретіп, тәрбиелеуде жетекшінің түсініктемесі белгілі орын алады. Қысқаша түсіндіру балалардың алдында композиторлардың әндерінің мазмұнын, көне халық әндерінің ерекшеліктері мен олардың сол дәуірмен байланысын толығырақ аша түседі, классикалық шығармалардың жоғары көркемдік сапаларын тереңірек түсінуге көмектеседі. Бұл түсіндірулерден оқушылар композиторлардың өмірі мен твочествосы туралы, олар өмір сүріп, еңбек еткен заман туралы, олардың музыкалық тілінің характері мен ерекшеліктері туралы танысады. Концерттерге, опера театрларына баруды жиі ұйымдастырып тұру, музыкалық кионфильмдер көру өте пайдалы. Музыканы үнемі тыңдаумен ұштастырылған хормен орындауға белсене қатынасу хорға қатынасушылардың толық, құнды музыкалық- эстетикалық жағынан өсуін көмектеседі. Концерт беру коллективті белсендіре түседі, үйренген шығармаларды орындауда жауапкершілікті арттырады, тыңдаушылардың алдында эстрадада әндерді мәнерлі де жігерлі орындау дағдысын дарытады.

Оқу- тәрбие міндеттерін атқаруда репертуар мен жұмыс әдістерінің шешуші маңыз беріледі. Дұрыс және шебер таңдалып алынған репертуар коллективтің музыкалық және ән айту мәдениетін көтеру мүмкіндігін арттырып ғана қоймайды, сондай- ақ едәуір дәрежеде оқушылардың жан- жақты дамуына, олардың адамгершілік көзқарастарының, мінез- құлқының қалыптасуына, эстетикалық талғамының тәірбиеленуіне жол ашатын болады. Міне, сондықтан да жетекші тәрбиелік жағынан да, әдеби- музыкалық сапасы жағынан да,сондай –ақ коллективтің жас ерекшеліктерін сай болуы жағынан да ең жоғары талап қоя отырып, үйретуде шығарманы мұқият қарап көруге тиіс.


Жеке ән айту.
Жеке ән айту үйірмелерін мектептерде, оқушылар сарайында, сондай- ақ хор коллективтері мен вокальдық ансамбльдері жанында қосалқы топтар ретінде ұйымдастыруға болады. Ән айту үйірмелеріне дауыс жағынан жеткілікті деректерді , музыка есту қабілеті, музыканы еске сақтау қабілеттілігі, ырғақ сезімі, жеке ән айтумен шұғылдануға ынтасы болса, барлық жастағы оқушыларды қабылдап алуға болады.

Қабылданарда әрбір оқушы өзі жақсы білетін әнді орындайды. Мұны түрлі тональдікте тыңдап көрген пайдалы, бұл- ән айтушының дауыс сипаты мен сапасын, диапазонын, интонациясын анықтауға мүкіндік береді. Егер де әнді тек тыңдап көру оқушының жеке- дара ерекшеліктерін толық анықтау үшін аздық көрсетсе, онда қосымша жаттығулар беруге болады.

Оқушылардың тексерудегі музыкалық деректерді арнаулы журналға тіркеліп отырады да, осылардың негізінде бұдан арғы жерде әрбір оқушы жұмысының жеке дара жоспары құрылады.Сондай-ақ жетекшінің методикалық журналының болуы да қажет, мұнда келесі сабақта не істеу керектігі және нені талап ету керектігі жазылып қойылады. Мұндай жазулар сабақтардағы дәйектілікті сақтауға көмектеседі.

Балалармен вокальдық жұмыстың бірқатар ерекшеліктері болады. Бала организмі түпкілікті қалыптаспаған және жасына қарай дамуының белгілі бір сатысында болады, өсіп келе жатқан организм ересектер үшін маңызды маңызды тапсырмаларды атқара алмайды. Жеке ән айтатын үйірменің жетекшісі бала дауысының табиғаты мен даму ерекшелігін, оқушыларға ғылыми негізделген талаптарға сай- іс- әрекетті жоспарлап, жүзеге асыру үшін, жасқа байланысты физиологиясы мен психологиялық ерекшеліктерін білуге тиіс.

Бүкіл педагогикалық процесс, оқушылардың вокальдық және музыка жағынан даму мақсаттарын көздеп ғана қоймай, сондай-ақ жалпы тәрбие беру міндеттерін де көздеп жүзеге асыруы тиіс. Үйірменің жетекшісі оқушының мектептегі үлгерімін қадағалауы, ата-аналармен тығыз байланыс жасауы, ата-аналарға мектеп оқушыларын әнге үйрету дегеніміз эстетикалық тәрбие формаларының бірі екендігін түсіндіру қажет.

Үйірме жетекшісінің жұмысында оқушылардың жалпы білімі мен музыкалық ой өрісін кеңейтуге бағытталған әңгімелердің зор мәні бар. Бұған музыка туралы, оқушы шығармаларын әнге үйрету дегеніміз эстетикалық тәрбие формаларының бірі екндігін түсіндіру қажет.

Бұған музыка туралы, оқушы шығармаларын үйреніп жүрген композитор туралы әңгімелерді, шығарманың әдеби текстін талдауды, ақын туралы мәліметтерді, шығарманың жазылу тарихын түсіндіре отырып, маман әншілердің (ересек жастағы оқушылар үшін ) орындауындағы дыбыс жазбалар тыңдап көруді жатқызуға болады.

Үйірмедегі жұмыс жеке ән айту үйірмесінің жетекшісі хор жетекшісімен ( немесе вокальдық ансамбль жетекшісімен) тұрақты байланыс жасап, бала даусын дамытудың жалпы міндеттері мен бірыңғай принциптерін түсінгенде ғана жемісті болады.

Даму процесінде мектеп оқушыларның даусын үш негізгі топқа бөлуге болады : балалық таза дауыс, қалыптасып келе жатқан дауыс, қалыптасқан дауыс. Өзгерістер оқушылардың есеюімен, олардың бүкіл организмінің өсуімен және атап айтқанда дауыс аппаратының өсуімен байланысты болады. Алайда жасының есеюіне байланысты бұл өзгерістерді дәл анықтау мүмкін бола бермейді, өйткені жеке дара даму процесі белгілі бір жаста болмайды. Кейбіреулерде даму тез өтеді, ал екіншілерде баяу өтеді.Дегенмен де дауыстарының даму сатыларына сәйкес мектеп оқушыларын жастарына байланысты үш топқа бөлуге негіз бар.


  • Бірінші топтың дауыстары (көбінесе 7-1 жас аралығы) жеңіл үнділігмен сипатталды.Бұл топтың дауыс диапазоны до1 ─ ре1 ─ ре2 ─ ми-бемоль2

  • Екінші топтың дауыстары ( көбінесе12-14 жас аралығы) оқушылардың жалпы психологиялық дамуына, олардың кеңірдегінің жетілуіне байланысты қалыптасу сатысында болады. Бұл топтың дауыс диапазоны шамамен алғанда , си ─ до - ден ми2 немесе до ─ ре2 ден ми2 ─ фа2

  • Үшінші топқа даусының шығуы қалыптасқан жеткіншек қыздардың (15-17 жасқа дейінгі ) даусын жатқызуға болады, дауыс шығуы ересек әйел даусына жақындайды. Бұл сатыға тән дауыс диапазоны бір октавада, шамамен рекіші─ ре1 де көрінеді.

Сабақтардың процесінде негізгі вокальдық дағдылар қалыптасады, тілдегі кемшіліктер жойылады, жоғары дыбысты есту қабілеті, интонация қоя білу тазалығы, ырғақты сезуі дами түседі, әрі осының негізінде музкалық шығармаларды көркем- мәнерлі орындау машықтаналады (оқушының музыкалық және вокальдық даму дәржесіне сәйкес ) белгілі бір қиындықтар тудыратын хор және ансамбль партиялары игеріледі.

Жеке ән айтуға үйренуде идеялық жағынан дұрыс бағытталған, оқушыларды көркемдік талғамға тәрбиелейтін репертуарға едәуір мән берілуі тиіс.

Оқу жұмысының процесінде сондай-ақ жұртшылық алдында концерттер бергенде оқушылардың үлгерімі тексеріледі. Алайда үнемі сол бір оқушылардың немесе топтардың концерттерде жиі көріне беруі орынды болып шықпайды, өйткені бұлар жеткіншек әншілердің психикасына зиянды әсер етіп, менмендікке, дандайсуға желеу болып кетуі мүкін. Көптің алдына шығу жарты жыл ішінде бір-екі рет ғана болуы тиіс.

Үрлемелі оркестрлер.

Үрлемелі оркестрлер мектеп оқушыларына музыкаға тартудың кең таралған түрі бола отырып, музыка мәдениетін көтеруге мүмкіндік береді, көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене араласып, үйірме мүшелерін коллективтік сезімін тударды.

Үрлеме оркестрдің аспаптарымен ойнай білуге үйрету үйірме мүшелерін жеке дайындаудан басталады. Оның мақсаты : үрлеме аспапта ойнаған кезде бастың, кеуденің, аяқ пен қолдың және саусақтардың еркін, табиғи қалыпта болуын қалыптастырып, еріндік аппараттармен дыбыстың таза шығуын нығайту, шапшаң тыныс алып, белсенді түрде ұзақ тыныс шығаруға негіз бола алатын ойнауға қажетті тыныс алуды жетілдіру, үрлеме және соқпалы аспаптарда ойнаудың техникалық тәсілдерін игеру.

Күнделікті өздігінен дайындалу сабақтарын дұрыс ұйымдастыру музыкалық орындаушылықтың табысты болуына алғы шарт болып табылады.

Жетекші және дайындау сабақтарының барысында өз бетімен орындалған тапсырманы басынан аяғына дейін тыңдай отырып, оның орындалуын түзетуге қажетті нұсқау беріп, оларды жояды және жаңа тапсырманы анық етіп тұжырымдап қояды.

Музыка пәні мұғалімі музыкалық шығарманы толық немесе ішінара үйлесімді түрде сөзбен түсіндіре орындауын жазып алынған жақсы орындаушының ойнағанын және жан- жақты талдай отырып өз орындауында тыңдауды үйірме мүшелерінің қызығуына жағдай жасап, олардың зейіні мен белсенділігін арттыратын өте тиімді формасы деп санауға болады.

Үйірме мүшелері ойдағыдай үйрену үшін оларға шектен тыс тапсырма беріп, ауыртпалық түсірмеген жөн, жеке- жеке қабілеттіліктерін ескеріп, материалды ең қарапайым түрінен әлдеқайда күрделі түріне қарай біртіндеп үйрету, мүмкіндігінше әр алуан жаттығулар және көркем материалды беру қажет.

Үйірме мүшелері жеке дайындықпен қатар үйренудің бірінші жылының екінші жартысында ансамбльдік дайындықпен шұғылдану керек. Түрлі - түрлі ансамбльдерде (дуэт, трио, квартет) ойнай білу дағдылардың (интонация жиілігі, күйге келтіру, ырғақтылық, музыканың әр түрлі эпизодтарындағы өз партиясының ролін түсіне білу және т.б. ) арта түсуіне себепші болады, оларсыз оркестрге қатысу мүмкін емес.

Музыкалық үлгілерді орындау кезінде дәл және анық интонацияларды міндетті түрде дирижерлеуге, екпін мен динамикалық белгілерді қадағалауға зейін аударылады. Нотаға қарап ән айту үшін ладтық құрылымы жағынан онша күрделі емес музыкалық үлгілер оркестрлік партияларды үзінділері пайдаланылады.

Үйірме мүшелері жұмыстағы шеберлікке қажетті оркестрлік орындаушылыққа мынанадай творчестволық қатыста болуға дағдыландырылады : ойын кезінде өз аспабының , бүкіл оркестрдің және оның топтарының үн шығаруын тыңдау ; жалпы оркестр үнінен өз партиясының ролін дұрыс түсініп, оны автордың көрсетуіне қарай орындау; ырғақтық ансамбльдің динамикалық үндестігін сақтай білу, дирижердің қимыл- ишаратын түсініп, өз орындаушылық шеберлігін соған бағындыру ; солист пен хорды сүйемелдеу ; парақтағы нотаны оқу .

Оркестр репертуарына енгізілетін музыкалық шығармалар музыкалық- эстетикалық тәрбие мақсаттарына арнап, үйірме мүшелерінің мүмкіндігін, қызығы мен тілегін ескере отырып, ұқыптылықпен іріктелуі қажет. Оркестр репертуарында ұлттық және шетел классиктерінің шығармаларымен бірге балалар композиторларының мектептік тақырыпқа жазылған тпатриоттық сипаттағы шығармалары болуы керек.

Пьеса тексін ұқыпты талдаудан соң оны аспапта орындауға кіріседі. Оны зейін қоя, ілтипатпен, нотаны оқудан көз жазбай, үзіндіні немесе бүкіл шығарманы аяғына дейін жеткізе орындайды. Жиі- жиі бөгелу оын түсініп, меңгеруге бөгет жасайды.

Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру ісінде және олардың оркестрлік орындаушылыққа творчестволық қатысын дамытуда музыка тыңдау үлкен көмек көрсетеді. Сондықтан жеке сабақтарда көрнекі солистер, ансамбль және оркестрлерден жазып алынған таңдамалы музыкалық шығармалар тыңдалады. Жазбаларға аннотациялардың дұрыс іріктеп алынуы, жоғары мәдениетті кезеңдерді және стильді түрлендіре түсіндіру оқушыларды жақсы дәстүрге, ойынның орындаушылық өнгесіне тәрбиелеп, олардың әсемдікті түсініп, сезіну қабілеттілігін арттыра түседі, әр түрлі халықтар музыкасының тарихынан орындаушылығынан, музыкалық мәдениетінен алған білімін жетілдіреді.

Бал билері .

Бал биі үйірмесінің практикалық міндеті мынадай : мектеп оқушыларының биге деген қабілетін үйлесімді дамыту, бал блиерін әдемі де әсем билеуге үйрету, олардың көркемдік талғамдарын жетілдіріп, би өнерін толық көркем шығармадай қабылдап, биді эстетикалық тұрғысынан сын көзбен дұрыс бағалауды қалыптастыру, мінез- құлық және қарым- қатынас мәдениетіне тәрбиелеу.

Оқу- тәрбие міндетін орындауда репертуар мен жұмыс методтары мәнге ие болады. Бал билерін іріктеудің негізгі критерийі олардың көркемдік құндылығы мен қоғамдық дамудың қазіргі талаптарына үйлесімідлігі болып табылады. Музка пәні мұғалімі репертуармен жұмыс істеу процесінде оқушылардың өз елінің би өнеріне деген сүйіспеншілігі мен басқа халықтардың би мәдениетін қадірлеу сезіміні дамытып отыруы тиіс.

Программа материалы бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Барлық бөлімдер бір- бірімен тығыз байланысты болғанымен, сонымен бірге әл бөлімнің өзіне тиісті нақтылы мазмұны және білім , шеберлік пен дағдыны қалыптастыру жөніндегі белгілі міндеті болады.

“Би әліппесі” бөлімі классикалық , халықтық сипаттағы билер позицияларынан, дене қалыптарынан, негізігі би адымдарынан және 6- позициядағы жаттығулардан тұрады ; соңғылары жас өспірімдер мен мектептгеі ересек оқушыларға арналған программаға енгізіледі. Машықтандыру жаттығулары мектеп оқушыларынң кез келген барлық топтарына қажетті, өйткені ол биге қабілеттілікті дамытуға жәрдемдесіп,мүсінді, икемділікті қимыл үйлесімділіг мен мәденитін қалыптастырады.

Кіші сыныптағы мектеп оқушыларына арналған программадағы “Би” бөлімі көпшілікке арналған халықтық және бабалар бал билерімен қатар вальс-гавот, вальс-мазурка және т.б. халықтық негіздегі тарихи бал билерінің бірталайы және қазіргі кездегі отандық және шетелдік бал билері енеді.

Музыка пәні мұғалімі билердің әр тобынан билердің бірнеше біртектестерін тауып алады, ол педагогтың дайындық жағдайына , топтың құрамына, ноталар мен пластинкалардың және басқа жағдайлардың болуына байланысты неғұрлым жарамды материал іріктеп алуына мүмкіндік береді. Жыл бойы мектеп оқушыларына әр топтан 2-3 би үйрету ұсынылады.

Программа материалы мектеп оқушыларынң жас ерекшеліктері олардың мүмкіндіктері мен қызығуын ескеру тұрғысында іріктелген. 1-3 сынып оқушыларына қимыл үйлесімінің, кеңістіктегі және коллективтегі бағдарлаудың біршама нашар дамуы, музыкалық- ырғақтық сезімнің жеткіліксіз дамуы тән. Сондықтан программада ырғақтық және коллективтік- қатарлық жаттығуларға орын көп бөлінеді, ал репертуар адымдарға, шоршыма, желдірме жүріске құрылған балалардың қарапайым , бал билерінен тұрады.

4-6 сынып оқушылары үйлесімділік пен бағдарлау, ырғақ сезімі едәуір жақсы жетілген. Олар дене жағынан күшті, неғұрлым ұйымдасқан болып келеді, солай болғанмен де бұл жаста олардың қимылы дөрекілеу және өздері ұялшақ келеді, мұның өзі орындау сапасын кемітеді. Бұл сыныптар оқушыларына жұп билерді аз, ал топтасып билейтін билерді көбірек беру ұсынылады.

7-11 сынып оқушылары бал билеріне едәуір саналы түрде қызығады. Осы жаста олардың дүниеге деген көзқарасы қалыптасып, талғамы анықаталады, идеялық мұраттары пайда болады. Сондықтан жоғары топтағы оқушылармен жұмыс істегенде репертуарды іріктеп алуға және орындалу үлгісіне ерекше назар аударылып, көркемдік талғамы мен творчестволық қабілеттерінң дамуына неғұрлым белсенді әсер ету қажет.

Көпшілікке арналған халықтық билер мен бал билерін үйрету барысында педагог мектеп оқушыларының өздерінің үйренген композициясын сауатты, дәуір стилін , бидің ұлттық сипатын сақтай отырып, музыкалық тұрғыда , жете аңғарып, мәнерлеп орындауына күш салу керек.

Би кештерін ұйымдастырудың , биді көрермендер алдында орындаудың және конкурстар мен байқаулар өткізудің үлкен тәрбиелік мәні бар. Жұмыстың бұл формалары болып табылады, оларды бос уақыттарын колективте жарасты, мәдениетті жәнеқызықты өткізуге, сондай- ақ жақсы билер мен орындаудың үлгілерін насихаттауға қатысуға үйретеді. Мектеп оқушылары мұндай шараларды дайындап, өткізуге белсенді қатысуға тиіс.

Биге үйретудің толық курсын өткен мектеп оқушыларының би мәдениеті мен эстетикалық тәрбиеленуінің негізгі көрсеткіштері мыналар деп есептеуге болады : би бейнелерін жасаудағы музыкалығы, мәнерлілігі, шыншылдық пен шынайылық, орындау мәнерінің хореографиялық мектебіне тән ұстамдылығы мен инабаттылығы, биге сезім мен ойды, ұлттық ерекшелік пен әлеуметтік сипатты бейнелейтін көркем туынды ретінде саналылықпен қарау ; бидегі форма мен мазмұн бірлігін түсіну ; белгілі мазмұнды берудегі би мен музыканың жеке элементтерінің мәнерліллігін түсіну ; хореографиялық туындыны туындыны өздігінен білуге қабілеттілік ; этикетті сақтау .


Хореографиялық үйірме.

Хореографиялық өнер балаларды сұлулыққа, мәнерлі қимылға үйретеді, олардың фигурасын қалыптастырады, дене күшін, төзімділігін, ептілігін және батылдығын дамытады. Хореографиялық жүйелі білім мен тәрбиенің арқасында оқушылар жалпы эстетикалық және би мәдениетін игереді, ал би мен музыкалық қабілеттің дамуы- хореографиялық өнер мамандығыны нәзігірек қабылдауға көмектеседі.

Хореографиялық үйірмедегі сабақтың негізі жүйелі де бірізді білім беретін және мектеп оқушыларын эстетикалық жағынан дамытып тәрбиелейтін программа болып табылады. Жетекші программа мазмұнын сақтай отырып, сабақты өткізуге де,сол сияқты постановка қою жұмысында да оқушылардың жалпы эстетикалық және би мәдениетін игереді, ал би мен музыкалық қабілеттің дамуы – хореографиялық өнер мамындығын нәзігірек қабылдауға көмектеседі.

Үйірмелерде орын алған, тек қана биде тәрбиелейтін кейбір бір жақтылық оқушылардың эстетикалық тәрбиесіне уақыт қойып отырған жаңа талаптарға жауап бере алмайды. Хореографиялық өнерге тарту, кең мағынада алғанда, оқушыларды Чайковскийдің классикалық балеттерімен, қазіргі кездегі музыкамен және ірі балетмейстерлердің балеттерімен, би мәдениетінің қайнар бұлақтарымен, халықтардың өмір- тіршілігімен байланысты ұлттық билердің ерекшеліктерімен, олардың әшекей костюмдерімен, мелодиясының музыкалық-ырғақтық құрылысымен, халық аспаптарымен таныстырылады.

Эстетикалық тәрбие ісіне музыканың жоғары дәрежеде маңызы бар, оқушылар оны сабақта және постановка қою тәжірибесінде естиді.Ол, мейлі, халық мелодиялары мен ырғақтары немесе классик-композиторлар мен қазіргі авторлар шығармалары болсын, түсінерліктей көркем болуға тиіс.

Постановка қою жұмысы үшін И.Бахтың, А.Скарлаттаның, В.Моцарттың, Л.Бетховеннің, Ф.Шуманның, Ф. Шопеннің, П.Чайковскийдің,А.Глазуновтың,С. Прокофьевтің, И.Дунаевскийдің шығармалырын қысқа үзініділерін пайдалауға болады.

Халықтық билерді оқушыларға арналған тақырыптарға жақындата, ертегілік сюжеттерден немесе тұрмыстық сипаттағы блалалар ойындарынан алынған би элементтерімен байыта отырып, оларды түсіндіріп беруге болады. Сондай-ақ әр түрлі жастағы балаларға лайықты нағыз ұлттық биді жазбалар бойынша көз алдына елестету ұйғарылады.

Программада көрсетілген материал, музыка пәні мұғалімінің қалауы бойынша, қимылдық дәрежесі шамалы басқа материалдармен ауыстырып отырады. Ұсынылған халықтық билердің ішінен музыка пәні мұғалімі оқу жылының тақырыптық міндетері мен коллектив мүмкіндіктеріне байланыстыларын таңдап алады.

Соңғы жылдары бастауыш мектеп жасы оқушыларының (7-8 жастағы ) хореографиялық үйірмелерге келуі едәуір өсті, бұған оқушылардың ерте дамыған дене күші мен ақыл- ойы, хореографияның көпшілікке тарауы мүмкіндік болды. Бірақ та олар үшін, мысалы, оң немесе сол аяқты анықтау, бір жақтан екінші жаққа тез бұрылу, кеңістікті дұрыс бағдарлау проблема болып табылады. Әдетте, бұл жастағы оқушылар қимылдары стихиялы сипатта болады, олар айналадағы құбылыстарға тікелей реакция жасау негізінде пайда болады және жиі ретсіздік пен бейберектсіздік кезедеседі.

Эстетикалық тәрбиенің бастапқы міндеттерінің бірі, жалпы алғанда , оқушыларға қарапайым қимылдың әсемдігі мен логикасының, ал жекелеп айтқанда, би қимылының срын ашу. Оқушылар тәртіптелген қимылдар дағдысын бірте- бірте иегердеі, олардың заңдылық сипатын , үйлесімділіг және оларды меңгеруін жете түсінеді.

Әсемдіктің қалыптасуы мен қимылдың дұрыстығы- методиканың ерекше бөлімі. Сымбаттың әдемі қалыптасуы сияқты,мұндай маңызды мәселе музыка пәні мұғалімінен зор көңіл қоюды, динамикалық анатомияны білуді, тұла бойды ұстау ережесін, әрбір қимылдың физикалық және эстетикалық құрылысын түсінуді талап етеді.

Хореографиялық үйірмеге көбіне балалар арнайы іріктеліп қабылданбайтынын ескерсек, хореографтың- міндетінің бірі- сымбаттағаы кемшіліктерді ( кифозды, лрдозды, сколиозды) ,егер олар байқалып қалса, түзету болып табылады.

Сабақ процесінде қимыл сезімі машықтанады, музыканың демеуіне қимыл сәйкес келтіріледі.Қимыл түйсіктерінің музыкамен арақатыстығын белгілеу дағдысы- жете түсіну мен бұлшық ет бөліктерінің саралануына әкеледі.

Кеңістікте бағдарлауға машықтану әр түрлі суреттер бойынша жүруден басталады.

Кідіріс жасап қимылдау, айталық, бір тізерлеп отыру пайдалы. Би қимылын осылай үйрену, би образдарын музыкалы би ретінде, белгілі бір актерлік міндетерді түсінуге жол ашады.

Би қимылы сезімін дамыту үшін классикалық, халықтық және тарихи билердің қимыл- әрекеттері негізінде меңгерілетін әр түрлі үйлесімдерді бір ізділкпен дамытқан жөн.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет