Дипломдық ЖҰмыс 5B012000 «Кәсіптік оқыту»



бет14/16
Дата25.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#114496
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
Абдуллаев Атабек диплом — копия1[1]

3 семестр үшін жиыны:

110

80/30






Тексеру сынағының түрі
Оқу нәтижелері/

Бағалау критерийлері

Карточкалар

Тест

Практикалық жұмыс

Кроссворд

Сұрақтар (ауызша)

Презентация

Кесте

Сұрақтар (жазбаша)

Бақылау жұмысы




Оқу нәтижесі 1

Бетті сылау үшін дайындаңыз

1-17 бағалау критерийлері

+

+

+

+

+




+




+




Оқу нәтижесі 2

Сылақ ерітінділері мен қоспаларын дайындаңыз

1-6 бағалау критерийлері

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Оқу нәтижесі 3

Ғимараттар мен құрылыстардың ішкі және сыртқы беттерін әрлеу бойынша сылақ жұмыстарын орындау

1-56 бағалау критерийлері

+

+

+

+

+

+

+

+

+




Оқу нәтижесі 4

Сылақты жөндеу.

1-4 бағалау критерийлері

+

+

+

+

+




+

+

+




2.3 «Құрылыс өндірісінің технологиясы 1» пәні бойынша сабак дайындамасы

№1 сабақ жоспары
Тақырыбы: Ғимараттар мен құрылыстар туралы жалпы ақпарат

Cабақ жоспары:

1. Ғимараттар мен ғимараттар туралы жалпы мәліметтер

2. Ғимараттардың және құрылыс бұйымдардың көлемді жоспарлы және құрылымдық элементтері туралы түсінік

3. Ғимараттың үнемділігіне әсер ететін ғимараттарға қойылатын негізгі талаптар мен себепкер шарттар

4. Ғимараттардың сұрыптамалары

Мақсаты: Ғимараттар мен құрылыстардың теориялық негіздерін меңгеру

Оқытушылық: Ғимараттың негізгі құрылымдық бөлшектерімен таныстыру.

Дамытушылық: Студенттерді заманға сай білім алуына бағыттау, ой-өрісін кеңейту, болашақта білікті, жан-жақты маман болуға тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдістер: Әңгімелеу, ой қозғау, деңгейлеп оқыту, тірек сызбалармен және сұрақ – жауап арқылы бекіту.

Сабақ типі: Жаңа білімді игерту

Материалдық-техникалық жабдықтау: проекторлар, экрандар, тәжірибиелік тапсырмалар,дәптерлер, қалам.

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5мин.

1.Студенттермен амандасу

2. Мақсат пен міндеттерді қою

3.Өткен тақырып бойынша сұрау:

Үйірме сабақтың мақсаты, міндеті, пәні.

II Жаңа білімдерді игеру: 5мин.

1. Студенттер күнді және сабақ тақырыбын жазады.

2. Жұмыс барысын түсіндіре келе функционалды схемадан екіншісіне өту жолдарын қарастыру.

III. лекция 20мин

1. Ғимараттар мен ғимараттар туралы жалпы мәліметтер

Жұмыс істеуге, демалуға, оқуға және т.б. арналған бөлмелері бар жер бетіндегі құрылыстар ғимараттар деп аталады. Олай болса, ғимараттарға тұрғын үйлер, мектептер, театрлар, вокзалдар, зауыттық цехтар, жылыжайлар және т.б. жатады.

Көпірлер, тоспалар, зауыттық құбырлар сияқты техникалық арнауы бар құрылыстар имараттарға жатады.

Арнайы техникалық имараттардың кейбір түрлерін мәдени-тұрмыстық арнауы бар объектілерімен біріктіреді (теледидарлық мұнарадағы мейрамхана, жерасты өтпе жолдарындағы әмбебаптар және т.б.)

Арнауларына сәйкес ғимараттардың бірнеше топтарын айыруға болады:



  • азаматтық - тұрғын және қоғамдық ғимараттар (тұрғын үйлер, дүкендер, балабақша мекемелері, мектептер, кинотеатрлар, клубтар және т.б.)

  • өнеркәсіптік – әр түрлі өнімдерді орналастыру үшін (цехтар, қазандықтар, шеберханалар т.б.)

  • ауылшаруашылық – ауылшаруашылық өнімдерінің қажеттіліктеріне қызмет көрсету үшін (сүр шөпті мұнаралар, шанқа, құс, сиыр ұстайтын орындар, дән сақтайтын орындар және т.б.)

Азаматтық ғимараттардың топтарына біріктірілгендер:

  • тұрғын - тұрақты немесе уақытша тұру үшін (пәтерлік, үйлер, жатақханалар, қонақ үйлер және т.б.);

  • қоғамдық - әлеуметтік және әкімшілік мекемелерді орналастыру үшін (мектептер, кинотеатрлар, емханалар, спорт сарайы т.б.).

2. Ғимараттардың және құрылыс бұйымдардың көлемді жоспарлы және құрылымдық элементтері туралы түсінік

Ғимараттардың ішкі кеңістігі көлденең құрылымдармен (жабындармен) қабаттарға бөлінеді. Көлденең құрылымдар (қабырғалар, қалқалар) қабаттың кеңістігін бөлек бөлшектерге бөледі. Қабат, бөлме, сатылы торлар және т.б. сияқты кеңістікті ұялар көлемді жоспарлы элементтер деп аталады (сурет 1.2).



Қабаттар, аражабын араларында орналасқан кеңістіктерді қосатын, олардың орналасуларына байланысты былай бөлінеді:

- жер бетіндегі – жер деңгейінен еденнің биік орналасуы;

- үй астындағы – жер деңгейінен төмен бөлме биіктігінің жартысынан көп, еденнің терең орналасуы;

- жартылай үй астындағы – бөлме биіктігінің жартысынан аз еденнің терең орналасуы;

Бөлмелер қоршаулары: қабырғалар, қалқалар, жабындар және т.б. ғимараттардың құрылымдық элементтері деп аталады. Оларды көтеру үшін кіші көлемді құрылыс бұйымдары қолданылады (кірпіш, ұсақ блоктар). Сондай-ақ ірі көлемді бұйымдар мен бөлшектер (ірі блоктар, көлемді блоктар, панельдер т.б.).

Ғимаратта бөлмелердің өзара орналасуын анықтайтын ішкі кеңістікті ұйымдастыру, ғимараттың көлемді жоспарлы шешімі деп аталады.

1 – градирнялар (суды суытуға арналған құрылғы); 2 – жерасты резервуарлары (мазутты сақтау үшін); 3 – түтін құбыры; 4 – ЖЭО бас корпусы; 5 – электр өткізгіш тізбегінің тірегі.
Сурет 6 - Жылу электр орталығының ғимараты және имараты (ЖЭО)


1 – баспалдақ торы орналасқан бөлме; 2 – бөлме; 3 – іргетас; 4 – жертөле үстіндегі аражабын; 5 – ішкі қабырға; 6 – арақабырға; 7 – қабатаралық аражабын; 8 – сыртқы қабырға; 9 – шатырасты аражабыны; 10 – шатыр; 11 – терезе; 12 – баспалдақ; 13 – есік.
Сурет 7 – Ғимараттың құрылымдық және көлемді жоспарлы элементтері

3. Ғимараттың үнемділігіне әсер ететін ғимараттарға қойылатын негізгі талаптар мен себепкер шарттар

Ғимараттар өздерінің орналасуына жетерліктей жауап беру керек және бірнеше талаптарды қанағаттандыру керек. Оларға жататындар:

Қызметтік, қажетті технологиялық, санитарлы-гигиеналық және де басқа да ғимаратқа арналған пайдаланымның шарттарының есебін қамтамасыз етеді. Бұл талаптарға ғимаратты жарық түсу бағытына дұрыс бағыттау, құрылыстың табиғи климаттық шарттарына жауап беретін оның көлемді-жоспарлы және құрылыс конструкциялы шешімдеріне бағыну керек. Ғимаратта қажетті жылу, су жабдықтарын, канал жүргізу т.б., бөлшектерге қажетті жарық, сәйкес ішкі және сыртқы әрлеу.

Техникалық, ішкі бөлшектерді сыртқы ортаның әсерінен қорғайтын және қажетті беріктікті, ұзақтылықты қаматамсыз етуді қарастырады.

Ғимараттардың беріктігі әсер еткен күштерді бұзылмай қабылдау қабілеті болып табылады (майысу, шөгу және т.б.). Ғимараттардың беріктігі оның негізгі құрылымының бір бірімен түйіндесуі және беріктігінен пайда болады.

Ғимараттың табандылығы (қатаңдық) деп сыртқы әрекеттердің әсерінен бірқалыптылықты сақтау қабілетін айтады (яғни, төңкеретін және жылжытатын күшке қарсы тұру).

Ұзақтық, ғимаратты түгелімен сондай-ақ оның элементтерін ұзақ уақыт ішінде сақтау болып табылады. Ұзақтық ең бастысы материалдардың сапасына байланысты, оның негізгі құрылымынан, олар аязға, ылғалға, тоттануға қарсы табандылыққа ие болу керек, сонымен қатар құрылыс жинақтау жұмыстарының сапасы, технологиялық жақтарын ескеріп және пайдаланымдық жағдайларына байланысты.

Ғимаратқа қойылатын басты техникалық талаптардың бірі өрт қауіпсіздігі болып табылады, олар әртүрлі шаралар арқылы өрттің пайда болу мүмкіндігін азайтады.

Құрылыста қолданылатын материалдар мен құрылымдар өртенбейтін, ауыр өртенетін және өртенетін болып бөлінеді.

Ғимараттың құрылымдары өртке төзімділігі шегінен, яғни құрылымдарға ұйғарылған жоғары нормаларда температураның көтерілуі немесе сызықтардың пайда болуына дейін табандылық немесе мықтылығын жоғалтуға дейін (құрылымның құлауы) өртке төзімділігін (сағат бойынша) анықтайды.



Сәулетті-көркем, ғимараттың мәнерлі ажарының орындалуы. Бұл жағдайға жету үшін, жоғары деңгейлі жұмыспен қамтамасыз етілуімен, қажетті құрылыс материалдарының таңдауымен, қосымша құрылыс және қоршаған табиғат ортасына, ғимараттың сәулеттік түрі оның талаптарының деңгейіне сай болғанда.

Үнемділік, еңбекті, қаражатты, уақытты ең аз қолдануды қарастырып, қажетті көлемді алу. Сонымен пайдаланым кезіндегі ғимараттың құрылысына кететін алғашқы шығындары кейінгісімен салыстырылады (жөндеуге, жылытуға кеткен шығындар т.б.).

Ғимараттарға қойылатын талаптарды қарағанда кей-кездері қайшы және өзара байланыста болады. Бұл жобалау кезінде және құрылыста ымыралы шешімдерді іздеуге мәжбүрлейді.

Халықшаруашылықтың ең маңызды жұмысы ғимарат құрылысы құнының түсуі болып табылады, оған мыналар арқылы жетуге болады:

- көлемі және ауданында артықшылығы жоқ, ғимарат жоспары шешімінің үнемділігі;

- ішкі және сыртқы әрлеу тиімділігі;

- материалдың және құрылымның бағасын, ұзақтылығын және пайдалану сапасын ескере отырып, сәйкес тандауы;

- өнімділігі жоғары технологияны пайдалану, мерзімін қысқарту және құрылыс сапасын жақсартуы есебінде, ғимарат құрылыс бағасын төмендетуге жету, халықшаруашылықтың негізгі міндеті болып табылады.

4. Ғимараттардың сұрыптамалары

Ғимараттың сұрыптамасы, жобалау кезінде неғұрлым мақсатқа сәйкес келетін техникалық және үнемділік шешімдерді табуға, құрылыс объектісін толық суреттеу және анық қамтамасыз ету мақсатында жасалады.

Сұрыптаманың негізіне ғимараттардың халықшаруашылық құрылыстық маңызына және басқа да себепкер шарттарына байланысты кластарға бөлу жатады.

Ғимараттардың сұрыптамасын, яғни жүйелеуін келесі белгілер арқылы іске асырады:

- арнауы бойынша: азаматтық, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық;

- қабаттар бойынша: аз қабатты (5-қабатқа дейін), орта қабатты (5-12 қабаттар), биіктікті (12 қабаттан астам);

- қабырғалардың құрылымы бойынша: ұсақ элементті (кірпіштен, керамикалық тастан, ұсақ блоктан және т.б.), ірі элементті (ірі блоктан, панельден, көлемді блоктардан);

- тұрғызу амалдары бойынша: толық жиналған, зауытта шығарылған құрылымдардан және бөлшектерден құралған, өнеркәсіптенбеген, ұсақ заттан салынған (кірпіштен, керамикалық тастан);

- ұзақтық сатысы бойынша: яғни, құрылымдық элементтердің қасиеттері бойынша пайдаланымдық сапа талабын сақтау. Сондықтан ғимараттарды осы белгілері бойынша 4 сатыға бөледі: бірінші – 100 жылдам астам, екінші – 50-100 жыл, үшінші – 20-50 жыл, төртінші – 20-жылға дейін (уақытша ғимараттар);

- отқа күймейтін сатысы бойынша: яғни өрт кезінде құрылымның мүмкіндігі бойынша басты және қоршау элементтердің қызметтерін сақтау. Ғимарат белгілі бір отқа күймейтін дәрежеге ие болады: І-ІІІ – тасты құрылымдармен; ІV – ағаш сылақты; V – ағаш сылақты емес;

- класстар бойынша, яғни ұзақтық, отқа күймейтін және басқа да пайдаланым сапаларының дәрежесіне қатысты қасиеттерінің жиынтығы.

Класстар бойынша ғимараттар ІV класқа бөлінеді. І класқа ірі өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттар, сонымен қатар тоғыз қабатты пайдаланымдық және сәулетті талаптары аса жоғары тұрғын үйлер; ІІ топқа үлкен емес өнеркәсіптік және қоғамдық ғимараттар, сонымен қатар тоғызыншы қабатқа дейінгі тұрғын үйлер; ІІІ топқа – пайдаланымдық және сәулетті талаптары орташа ғимараттар, сонымен қатар бесінші қабатқа дейінгі тұрғын үйлер.

Пайдалананымдық және сәулетті талаптары уақытша ғимараттар ІV топқа жатады.

Ғимараттардың кластарын жұмыс сызбаларын жасаған жобалы ұйым орнатады.



Сурет 8– Сыртқы ортаның ғимаратқа және оның құрылымына әсері

№2 сабақ жоспары


Тақырыбы: Ғимараттың құрылымдық элементтерінің жіктелуі

Cабақ жоспары:

1. Көлемдi-жоспарлық шешiм

2. Құрылымдық (конструктивтік) элементтері

Мақсаты: Көлік жөндеудің теориялық негіздерін меңгеру

Оқытушылық: Ғимараттың негізгі құрылымдық бөлшектерімен таныстыру.

Дамытушылық: Студенттерді заманға сай білім алуына бағыттау, ой-өрісін кеңейту, болашақта білікті, жан-жақты маман болуға тәрбиелеу.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдістер: Әңгімелеу, ой қозғау, деңгейлеп оқыту, тірек сызбалармен және сұрақ – жауап арқылы бекіту.

Сабақ типі: Жаңа білімді игерту

Материалдық-техникалық жабдықтау: проекторлар, экрандар, тәжірибиелік тапсырмалар,дәптерлер, қалам.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі(1-2мин)

1.Аудиторияның, интерактивті тақтаның сабаққа дайындығын тексеру.

2.Студенттердің сабаққа қатысуын тексеру.

3.Сабақтың мақсатын,тақырыбын айту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(15-20 мин)

Ғимарат түрлері, олардың жіктелуі және қойылатын талаптар.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру(30 мин).

Ғимараттың негізгі құрылымдық элементтері

Кез- келген ғимараттың құрылымын бірін- бірі толықтырып тұратын 3 топқа бөлуге болады:

1.Құрылыстық бұйымдар – ұсақ бөлшектер

2.Конструктивтік немесе құрылымдық элементтері – ғимараттың негізгі структурасын анықтайды( ірге тас, қабырғалар, шатыр немесе аралық жапқыш)

3.Көлемді- жоспарлық элементтері ( қабат, бөлек бөлмелер, баспалдақтар)



  1. Көлемдi-жоспарлық шешiм

Көлемдi-жоспарлық шешiм деп ғимаратқа қойылатын функционалдық тағайындаулар және талаптарды қанағаттандыруға келісетін бiр кешендегi орналастырылу өлшемдері және формалары берілген бөлменiң құрастырылымын айтады.

Көлемдi-жоспарлық шешiм жоспарда ғимараттың кескiнi және өлшемдермен, биiктiгi және қабаттардың санымен, пәтерлердiң құрамымен және орналастыруы, сонымен бiрге функционалдық аймақтарды орналастыруымен бейнеленедi. Көлемдi-жоспарлық шешiм отқа төзiмдiлiк дәрежесi және ғимарат класы сипаттамаларымен толықтырады.

2. Құрылымдық (конструктивтік) элементтері

Қазіргі жағдайда бұл азаматтық тұрғын үйдің негізгі конструктивтік элементтерін қарастырамыз. Азаматтық ғимараттар мынандай негізгі бөліктерден тұрады және бұл ғимараттың конструктивтік немесе құрылымдық схемасы деп аталады.

Олардығимарат жер асты және жер үсті бөліктерінен тұрады.

Жер асты бөлігі:



  • іргетастар,

  • жертөлелер,

Жер үсті бөлігі:

  • Цоколь;

  • Қабырғалар;

  • Тіректер (ұстындар) немесе бағаналар;

  • Аралық жабындар

  • Шатырлар;

  • Терезе және есіктер;

  • Едендер;

  • Баспалдақтар;

  • Қоршаулар және т.б.

Әр құрылымдық элементтің атқарар қызметтері болады.

Іргетас- ғимараттың жер астындағы бөлігі, ғимараттан түскен салмақты үйдің негізіне береді.

Негіздеп ғимараттан түскен жүктемелерді көтеретін, іргетас астында орналасқан топырақ сілімін айтады.

Негіз табиғи және жасанды болады.

Табиғи негіздер дегеніміз – сол өзінің табиғи қалпында тұрғызылған ғимараттан әсер еткен жүктемелерді көтере алатын іргетас астындағы топырақ.

Жасанды негіздер деп сол табиғи жағдайында көтеру қабілеті жеткіліксіз болғандықтан, нығыздалған, күшейтілген іргетас астындағы топырақты айтады.

Іргетастың төменгі тегістігін, тікелей негізбен беттесетін бөлігін іргетастың табаны дейміз.

Жер бетінен іргетастың табанына дейінгі арақашықтықты іргетастың тереңдігі дейміз. Іргетастың тереңдігі негіз құмының төзімділігіне,тоңдану тереңдігіне және тағы басқа себептерге байланысты болады.

Іргетас құрылымына қарай тұтас(үзілмейтің тұтас қабырға астына жасалады),бағаналы(бөлек тұрған бағаналардың астына бөлек немесе тұтас етіп салынады). Бағаналы іргетастар өзара темірбетон ростверк арқылы бекітіледі.



Ростверк дегеніміз– темірбетон плита-белдеулер, олар бағаналарды біртұтас жүйеге біріктіреді және салмақтың бағаналарға біркелкі түсуін қамтамасыз етеді.

Әдетте іргетастың қалындығы қабырғаның қалындығынан үлкендеу болады, іргетастың шығынқы бөлігін цоколь дейді.



Цоколь ғимараттың басқа бөліктерінен көбірек әр түрлі ылғалдарға, механикалық температуралық әсерлерге ұшырайды. Сондықтан цокольдің сыртқы бетін цементті ерітінділермен сылайды немесе жауын-шашын әсерлеріне төзімді материалдармен қаптайды. Іргетас арқылы су қабырғаға тимес үшін цокольдің үстіне қабырғамен түйісетін бетіне суоқшалау (гидроизоляциялық) қабат жасайды(мысалы,қара қағздан).

Егер ғимараттың жобасы жертөлемен болса, жертөленің еденінен 10 см төменде тағы бір гидроизоляциялық қабат жасалады. Қажет болса іргетастың сыртқы және ішкі беттері жағылатын немесе желімденетін гидроизоляциялық материалдармен қапталады(битумды мастика, қарақағаз, бризол,гидроизол).



Қабырғалар – сыртқы әсерлерден қорғайтын қабырғалар –сыртқы қабырғалар, ал бөлмелерді өзара бөліп тұратын қабырғалар –ішкі қабырғалар деп бөлінеді.

Бағаналар – арқалық жабындарды, шатырды және қабырғаларды ұстап тұру үшін арналған. Бағаналар астына стакан тәрізді жеке темірбетон іргетастарды орнатады.

Арқалық жабындар деп ғимарат ішкі кеңістігін (биіктігі бойынша) қабаттарға бөлетін элементтерді айтады. Арқалық жабындар өз салмақтарынан басқа үстіне түскен (адам,жиһаз,құрал-жабдықтар салмағы) салмақтарды да көтеріп, оны көтергіш қабырғаларға, бағаналарға,іргетасқа беріледі.

Баспалдақтар – ғимаратқа, қабаттан-қабатқа,шатыр кеңістігіне көтерілуге, жертөлеге түсуге және әр түрлі апат кезінде адамдарды қауіпті жерден түсіруге арналған элементтер. Баспалдақ орналасқан алаң баспалдақ торы деп аталады. Баспалдақтар арналуы бойынша негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.

Есіктер – қоршау бөлшегі болады, ғимаратқа кіруге, бөлмеден-бөлмеге қатынауға және әр түрлі апат болғанда адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға арналады.

Терезелер - қоршау бөлшегі болады, ғимараттың ішкі кеңістігіне жарық түсіру үшін, бөлмелерді желдету үшін арналған.

Шатырлар – ғимараттың салынып біткендігін көрсетіп, оны табиғаттың әр түрлі әсерлерінен қорғайды. Шатырлар көтергіш және қоршау бөліктерінен тұрады. Ғимарат салынатын климатологиялық ауданға және ғимараттың арналуына байланысты шатырлар шатыр асты кеңістігімен және кеңістіксіз болып екіге бөлінеді.

Қабырғалар статикалық жұмысы бойынша(әсер еткен жүктемелерді қабылдау) 3 топқа бөлінеді:

  1. Көтергіш– әсер еткен салмақ жүктемелерді қабылдап алып,оны іргетасқа береді.

  2. Өз салмағын ғана көтеретін- ғимарат қабырғалары биіктігі бойынша тек өз салмағынан ғана жүктемелерді қабылдайды.

  3. Аспалы- олар өз салмақтарынан түскен жүктемелерді бір қабат биіктігі деңгейінде ғана көтереді де, оларды ғимараттың басқа көтергіш бөліктеріне (бағана,жапқыш тақта) береді.

ІV. Жаңа тақырыпты бекіту(25 мин.)

А)Тақтаға ұяшықтарға сұрақтар жасырылады,студент таңдаған ұяшық ашылып сұрақ оқылады.

1. Ғимараттың негізгі бөлшектері (іргетастар, қабырғалар, бағаналар, арқалық жабындар, баспалдақтар, есіктер, терезелер, шатырлар).

2. Іргетас деп нені айтамыз,қандай қызмет атқарады?( ғимараттың жер астындағы бөлігі, ғимараттан түскен салмақты үйдің негізіне береді).

3. Негіз деп нені айтамыз, қандай түрлері болады?( Негіз деп ғимараттан түскен жүктемелерді көтеретін, іргетас астында орналасқан топырақ сілімін айтады. Негіз табиғи және жасанды болады).

4. Табиғи негіздер дегеніміз не?

5. Жасанды негіздер деп қандай негізді айтамыз?

6. Іргетастың табаны деп нені айтамыз?

7. Іргетастың тереңдігі деп нені айтамыз, ол неге байланысты?

8. Іргетас құрылымына қарай қандай түрлері болады?

9. Ростверк дегеніміз не?

10. Цоколь дегеніміз не?

11. Қабырғалар статикалық жұмысы бойынша қандай топтарға бөлінеді?

12. Бағаналар қандай қызмет атқарады?

13. Арқалық жабындар қандай қызмет атқарады?

14. Баспалдақтар қандай қызмет атқарады?

15. Есіктер қандай қызмет атқарады?

16. Терезелер қандай қызмет атқарады?

17. Шатырлар қандай қызмет атқарады?



Б) Тест сұрақтары бойынша әр студентің жеке жұмысы

Тесте өткен тақырыпқа байланысты 10 сұрақ.



В) Конспекті жаздыру

V. Бағалау (3 мин.)

VІ. Үйге тапсырма беру( конспект бойынша дайындалу)

Қосымша материалдар: Бұйымдар түрлері,ғимараттың

№3 сабақ жоспары
Тақырыбы: Құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлері.

Cабақ жоспары:

1. Құрылыс – монтаж жұмыстары

2. Әрлеу жұмыстарына

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлерін түсіндіру.

Білімділік: Оқушыларды білімділік, біліктілік дәрежесін көтеру. Құрылыс жұмыстары туралы мәлімет беру, тақырыпты меңгерту.

Дамытушылық: Студенттердің ойын еркін жеткізуі мен пікірін айту дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, жауапкершілікке, еңбексүйгіштікке, адалдыққа және бірін-бірі бағалауға үйрету.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: көрсетіп-түсіндіру, мәселелі, фронтальді сұрау, тест бақылау және т.б.

Пәнаралық байланыс: Тас қалау, монтаждау, сылау техникасы, майлау техникасы.

Сабақтың көрнекіліктері: Интерактивті тақта, дидактикалық материалдар.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Студенттермен амандасу, оқу құралдарын және сабаққа қатысуын тексеру.

Студенттердің назарын сабаққа аудару мақсатында интерактивті тақтада мамандыққа байланысты өлеңдер, мақал-мәтелдер, жұмбақтар шешіледі.



  1. Әкеден мал қалғанша, тал қалсын.

  2. Ағаш ексең аялап, басыңа болар саябақ.

  3. Бір тал кессең он тал ек.

  4. Қарағайдың түбінен үйіріп алған қобызым,

Үйеңкінің түбінен үйіріп алған қобызым.

  1. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар (киіз үй).

  2. Тұр еді сапта топ кісі, жоқ қылды тиген соққысы (балға.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй тапсырмасының сұрақтары интерактивті тақтада беріледі.

ІV. Жаңа сабақ .

Құрылыс – монтаж жұмыстары

«Құрылыс – монтаж жұмыстары» деген ұғым ғимарат салу кезінде істелінетін бүкіл жұмыстарды қамтиды.

Құрылыстағы барлық жұмыстарды шартты түрде жалпы құрылыс, арнайы құрылыс және тасмалдау және тиеу-түсіру жұмыстарын бөледі.

Ғимараттар мен үй-жайларды құрылыс конструцияларын тұрғызуы байланысты жұмыстарды жалпы құрылыс жұмыстарына жатқызады.

Жер қазу жұмыстарына-жеке бағаналарға арнап щұқырлар мен орлар қазу, топырақ тасмалдау қайта кему, тегістеу, тығыздау жатады.

Тіреу жұмыстарына - қадаларды қағу немесе көму қадалы іргетастарды орналастыру жатады.

Тас қалау жұмыстыранына жеке тастар мен блоктарда тас конструкцияларын тұрғызу жатады. Мұндай жұмыстарға табиғи тастардан қалау, кірпіштен қалау жатады.



Сурет 9 Тас қалау жұмысты
Бетон және темір бетон салу жұмыстарына бетоннан және темір бетоннан конструкциялар тұрғызу кезіндегі жұмыстар жатады: бетон қоспаларды дайындау, оны тасмалдау және қалыпқа келтіре отырып отырып қалау бетонның қатыуы үшін қажетті жағдай туғызу. Жұмыстың бұл түрі қалыпқа арматура қанқасын орналастыруды да қамтиды.

Сурет 10 Бетон және темір бетон салу жұмыстары
Конструкцияларда монтаждауға – дайын бөлшектер мен элементтер орнату, өлшеу және бекіту жұмыстарының жиынтығы жатады.

Сурет 11 Конструкцияларда монтаждау жұмыстары
Құрылыстаға ұсталақ және ағаш жұмыстарына: ағаш үйлер салу,қосалқы қабырғалар, итарқа, арқалықтар, шатыр жамылғысы жұмыстары, сатылып қоршаулар салу, терезе және есік блоктарын дайындау, жиһаздар пакет төсеу жұмыстарын қамтиды. 

Әрлеу жұмыстарына ғимараттар мен үй-жайлардың іші мен сыртын сылақ пен сырлау жұмыстары, сәндік жапсырма қағаздарын желімдеу қаптау және еденге линолеум төсеу жұмыстары жатады.



Сурет 12 Әрлеу, сылау жұмыстары
Арнайы жұмыстарға негізінен конструкциялау кезінде материалдардың ерекше түрлерін және өндіріс әдістерін қолдануға байланысты жұмыстар жатады мысалы: қуат жарық беретін телефон және басқада желілерді, санитарлық-техникалық жүйелерді приборлармен лифтілерді монтаждау жұмыстары.

Кез келеген құрылыс орнында жалпы құрылыс және арнайы жұмыстары басқа толып жатқан тасымалдау және тиеу – түсіру жұмыстары да атқарылады. Оның өзі құрылыс пен жұмыс орнына материалдар мен бөлшектер, қондырғылар жабдықтар мен құрал-саймандар жеткізуге байланысты.

Құрылыс – монтаж жұмыстарын қауіпсіздік техникасы алдын ала нұсқаулар берілгеннен кейін барып жұмысшылар жіберіледі. Олар осы нұсқаулықтарды қатаң сақтау тиіс.

VI. Тақырыпты пысықтау.



  • қолданатын әдістер: тест бақылау, фронтальді сұрау, жалпылама сұрау, әнгімелесу, дискуссия.

Студенттердің тақырып бойынша материалды қалай игергендігін байқау және алған білімдерін бекіту мақсатында жоғарыда көрсетілген әдістермен тексеріледі.

  • Бекіту сұрақтары

  • Құрылыс өндірісі дегеніміз не:

  • Құрылыс процесі дегеніміз не:

  • Құрылыс процесі мен операция арасында қандай айырма бар:

  • Құрылыс-монтажға қандай жұмыстар жатады:

  • Арнайы жұмыстарға қандай жұмыстар жатады:

VII. Оқушыларды бағалау.

Оқушының сабақ барысында белсеңді, жақсы немесе нашар қатысуы айтылып, қорытынды баға шығарылады.

VIII.Үйге тапсырма беру.

Тақырыбы: Құрылыс-монтаж жұмыстарының түрлері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет