Дипломдық ЖҰмыс 5B012000 «Кәсіптік оқыту»


Студенттердің техникалық ойлау қабілеттерің қалыптастыруда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер



бет4/16
Дата25.01.2022
өлшемі0,98 Mb.
#114496
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Абдуллаев Атабек диплом — копия1[1]

2.1 Студенттердің техникалық ойлау қабілеттерің қалыптастыруда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер


Практика көрсетіп отырғанындай, оқушының өз іс-әрекетін жеткілікті деңгейде ұйымдастыруы және психологиялық, теориялық, практикалық даярлығымен қоса, өзбетімен кәсіби іс-әрекеттерді орындай алуы мен олардың жеке басының танымдық ізденімпаздығы, қызығушылығы сияқты қасиеттерінің болуын талап етеді.

Кәсіби қызығушылық — оқушының оқуға, білуге, келешектегі кәсіби қызметіне деген ынта-ықыласының, рухани жан дүниесінің дамуының құштарлығының ерекше көрінісі. Кәсіби қызығушылықты қалыптастыру проблемалық сұрақтың жауабын іздестіруде кәсіптік лицейлерде арнайы пәндерді оқыту арқылы жүзеге асады. Бұдан кәсіби саласы бойынша арнайы пәндерді оқыту үдерісінде кәсіби қызығушылықтарды қалыптастыру үшін Студенттердің кәсіби қызығушылықтарын көздейтін мүддесі – білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын үдету қажеттігі негізінде дамиды. Кәсіби қызығушылықтың ең жоғарғы көрінісі Студенттердің арнайы пәндерді оқыту барысында алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана білуі болып табылады.

Студенттердің кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыру барысындағы келесідей маңызды міндеттерді атап туге болады:

- қоршаған орта мен әлемдегі барлық заттар мен құбылыстар туралы білім жүйесін қалыптастыру, оның басты мақсаты – оған деген дұрыс қатынас тәрбиелеу;

- ақыл-ой әрекетінің, танымдық процестердің іскерліктері мен дағдысын, қабілеттерін дамыту;

- әуестікті қалыптастыру.

Жоғарыда аталған міндеттердің барлығы бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Қойылған әрбір міндеттердің шешімін табу ақыл-ой тәрбиесінің мазмұнымен тікелей байланысты. Ол үшін педагогикалық әдіс-тәсілдер мен жаңа оқыту технологиялары өзінің септігін тигізетіні сөзсіз [20].

Арнайы пәндерді оқыту барысында Студенттердің бойындағы кәсіби қызығушылықтарын қалыптастырудың негізгі әдістеріне мыналарды жатқызуға болады:

- жаңа сабақты түсіндіруде проблемалық баяндау мен проблемалық ситуацияларды қолдану;

- жартылай-ізденушілік немесе эвристикалық әдіс;

- зерттеушілік әдіс, яғни оқушыларға танымдық міндет беріледі де, олар қажетті әдісті қолдана отырып, мұғалімнің көмегімен оны өз бетінше шешуге тырысады;

- ынталандыру ретінде ойын әдістерін қолдану.

Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен Студенттердің бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді. Оқытуда ең басты нәрсе – Студенттердің танымдық жұмыстары. Оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді, теория мен тәжірибенің арасын жақындатады.

Тәсіл – оқыту әдісінің элементі. Жоспарды хабарлау, Студенттердің зейінін сабаққа аудару, Студенттердің мұғалім көрсеткен іс-қимылдарды қайталауы, ақыл-ой жұмыстары тәсілге жатады. Тәсіл оқу материалын түсінуге үлес қосады.

Оқыту тәсілдерінің түрлері:

- ой, зейін, ес, қабылдау, қиялды жақсарту тәсілдері;

- мәселелі жағдаят тудыруға көмектесетін тәсілдер;

- Студенттердің сезімдеріне әсер ететін тәсілдер;

- жеке оқушылар арасындағы қарым-қатынасты басқару тәсілдері.

Сонымен тәсілдер оқыту әдістерінің құрамына кіреді, әдістің жүзеге асуына көмектеседі. Оқыту әдістерінің басты қызметі – оқыту, ынталандыру, дамыту, тәрбиелеу, ұйымдастыру.

Оқыту әдістері және оларды жіктеу мәселесі. Әдістер белгілі бір негіз бойынша топтарға бөлінеді. XIX ғасырдың 20-30 жылдарында Б.Е.Райков, К.П.Ягодовский түсіндіру, тәжірибелік, зерттеу, зертханалық әдістерін жетілдірді. Оқушылар сөзден, кітаптан, көрнекіліктен, тәжірибелік жұмыстардан білім алады. Осыны ескеріп 20-30 жылдарда Н.М.Верзилин, Е.Я. Голант сөздік, тәжірибелік, көрнекілік әдістерін ұсынады.

М.А.Данилов (1899-1973), Б.П.Есипов (1899-1967) дидактикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістерді топтастырды. Олар: білім алу, іскерлік және дағдыларды қалыптастыру, білімді қолдану, шығармашылық іс-әрекет, бекіту, білім, іскерлік, дағдыларды тексеру. Аталған авторлардың пікірлері бойынша оқыту әдісі - дидактикалық мақсатқа жету үшін Студенттердің іс-әрекетін реттеп, ұйымдастыру тәсілдері. Бұл саралауда әдістер оқытудың алдында тұрған міндеттермен сәйкестендірілген.

Ю.К. Бабанский оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдістерін топтады. Ол іс-әрекет 3 бөліктен: ұйымдастыру, ынталандыру, бақылаудан тұратынын атап көрсетіп, әдістерді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері деп бөледі.

М.И.Махмутов оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістерін іріктеген:

а) ақпарат беру әдісі;

ә) түсіндіру әдісі;

б) ынталандыру әдісі;

в) тәжірибелік әдіс [21].

И.Я.Лернер, М.Н.Скаткин оқыту әдістерін Студенттердің танымдық жұмыстарының түріне қарай топтастырған. Авторлар балаларға ақыл-ой жұмысының, өз бетімен білім алудың жолдарын көрсетеді. Оқытушының басшылығымен жұмыс істейтін Студенттердің танымдық белсенділігі әр түрлі.

1) Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы оқушылар ақпараттарды меңгереді. Оны басқаша ақпараттық-рецепция (қабылдау) әдісі деп атайды. Осы әдіс арқылы мұғалім дайын ақпараттарды оқушыларға түрлі құралдармен түсіндіреді, ал оқушылар ақпараттарды түсініп, естерінде сақтайды.

Ақпараттар әңгіме, дәріс, түсіндіру, кітап, қосымша құралдар, көрнекі құралдар арқылы беріледі. Мұғалім – есептер шығарады, теоремаларды дәлелдейді, жоспар құруға үйретеді. Оқушылар мұғалімнің іс-әрекетін қайталайды, тыңдайды, көрнекіліктеріне қарайды, заттармен жұмыс істейді, оқиды, бақылайды, жаңа оқу материалдарын бұрынғы білімдеріне қосады. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс арқылы адамзат жинақтаған тәжірибені аз уақыт ішінде беруге болады. Оның пайдасы ғасырлар бойы тексерілген және көп елдерде қолданылады.

2) Репродуктивтік әдіс арқылы мұғалім оқушының іскерлігін және дағдыларын қалыптастырып, тапсырмалар беріп, өзі меңгерткен білімді, үйреткен іскерлік дағдыларын оқушыларға қайталатады. Оқушылар мұғалімнің есебіне ұқсас есептер шығарып, тіл сабақтарында үлгі бойынша жіктейді, септейді, жоспар құрып, мұғалімнің нұсқауымен станоктармен жұмыс істеп, химиядан, физикадан тәжірибе жасайды.

Репродуктивтік әдіс мұғалімнен ұйымдастырушылық қабілетті талап етеді. Осы әдіс арқылы оқушы «дайын» білімдерді есінде сақтап, кейін қатесіз айтып бергенмен, оның ақыл-ой белсенділігі төмен болады. Репродуктивтік әдіс бағдарламалық оқытумен тығыз байланысты. Ол арқылы тәжірибелік жұмыстар атқарылады. Оқушылар өз бетімен меңгере алмайтынын, олар үшін мүлдем жаңа тақырыптарды репродуктивтік әдіспен беру керек.

3) Эвристикалық әдіс арқылы ақыл-ой жұмысы күшейеді, оқушы білімді өзінің танымдық іс-әрекеті арқылы алады. Бұл әдіс бастауыш мектептерге де таралған. Бірақ сабақты тұрақты түрде мәселелік, эвристикалық, зерттеу әдістерімен өткізу мүмкін бола бермейді.

Эвристикалық әдісті қолданғанда мәселелік деңгей (Студенттердің белсенділігі) едәуір көтеріледі, эвристикалық әңгімелерге танымдық (логикалық) есептер және проблемалық тапсырмалар қосылады. Оқушылар мұғалімнің көмегімен «жаңалық» ашады, бірақ негізінен оқушылар өз бетімен жұмыс істейді. Зерттеу әдісін қолданғанда мұғалім оқушыларға тәжірибелік сипаттағы тапсырмалар (тәжірибе жүргізу, қосымша ақпарат, фактілерді жинап оларды өз бетімен талдау және қортындылау, өз ойын дәлелдеуге керекті материалдарды жинау, т.б) береді. Оқушылар оларды өз бетімен орындайды, бірақ бұдан мұғалімнің басшылығы керек емес деген сөз тумайды [22].

Эвристикалық әдіс арқылы сабақ өткізетін мұғалім алдын ала мәселені шешуге алып келетін, Студенттердің білімдерін еске түсіртетін сұрақтар әзірлейді. Эвристикалық әңгіме үшін құрастырылған сұрақтар мәселелік сипатта болады. Оқушылар ізденеді, шығармашылықтарын көрсетеді. Оқушылар жеке мәселелік сұрақтарды шешсе, онда ішінара – ізденіс әдісінің қолданылғаны. Мұғалім тапсырма әзірлеп, оның қай жерлерін оқушылар зерттеу арқылы орындайтынын белгілейді.

4) Зерттеу әдісі шығармашылық жұмыс тәжірибесін жақсы үйрену үшін қолданылады. Зерттеу әдісі арқылы оқушы білімін қолданып, ғылыми таным әдістерімен жұмыс істеп үйреніп, жаңа мәселелерді шешу тәжірибесін жинақтайды.

Зерттеу жұмыстары сабақта, үйде орындалып, бір аптада, бір айда орындалатын тапсырмалар жоспарланады. Оқушылар барлық жұмысты өз беттерімен орындайды. Олар эксперимент жүргізеді, ғылыми эксперименттерге қатысады, ұзақ уақыт кететін тапсырмалар көп болмау керек. Әр пәннен жылына бір рет тапсырма берген жақсы. Бір оқу жылы ішінде барлық пәндерден зерттеу жұмыстарын беру тиімсіз.

5) Оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру әдісі. Дедуктивтік әдіс арқылы мұғалім ережелерді, формулаларды, заңдарды түсіндіріп, оны оқушы меңгереді. Аталған әдіс оқу материалын тез меңгеруге көмектесіп, абстрактылы ойлауды дамытады. Оны теориялық материалдарды оқуға, есептер шығаруда қолданған дұрыс. Бірақ Студенттердің дайындығын қатаң түрде ескеру керек. Егер олар кейбір ұғымдарды, теорияларды білсе, онда мұғалім оларды жеке зат және құбылыстарды меңгерту үшін қолданады. Дедукция әдісі арқылы оқушы өзі білетін қорытындыларды, ережелерді, ғылыми заңдарды бақылау жүргізгенде, тәжірибе жасағанда, жаттығу жазғанда қолданады.

Индуктивтік әдіс. Индукция - латын сөзі, оқушыларды белгілі бір қорытындыларға әкелу. Алдымен оқушыларға жеке заттар, құбылыстар түсіндіріледі, фактілерден қорытындылар шығартады. Индукция әдісі дедукциямен бірге қолданылады.

Осы екі әдіс арқылы ой-тұжырымдарын жасау - оқытудың логикалық негізі болып табылады. Оқу пәнінің мазмұны, логикасы бағдарламасы индукция әдісін қолдануды талап етеді.

6) Ойын арқылы оқыту әдісі. Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері көп. Ойын - қанағат алу үшін жасалатын іс-әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс-әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф.Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін-өзі көрсеткісі келеді дейді [23].

М.Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г.Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К.Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының, С.Л.Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б.Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады.

Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды. Симулятивтік ойындар кезінде оқушылар өз бетімен күрделі мәселелерді шешеді. Бұл ойындар алғаш рет әскери училищелерде кескілескен шайқастарды бейнелеу үшін қолданылған.

XX ғасырдың 60 жылдарының басында көптеген елдердің білім беру ұйымдарында іскерлік ойындар қолданыла бастады. Іскерлік ойындар арқылы бала түрлі оқиғаларға қатысып, еңбек, отбасылық, қоғамдық қатынастарға енуге әзірленеді.

Ғалымдар зерттеуі іскерлік ойындардың Студенттердің оқу үлгеріміне жақсы әсер ететін дәлелдеп отыр. Іскерлік ойындар оқытудың тиімді, үнемді, негізгі әдістерінің бірі. Олар оқушыны ңысым жасамай оқытуға мүмкіндік береді, оқушының оқиғаны терең толғаныстармен түсінуіне себепші болады. Мұғалімдер көптеген танымдық ойындар өткізеді. Ойын түрінде болатын саяхаттар, викториналар арқылы Студенттердің кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыруға болады. Сонымен қатар алуан түрлі ребустар, сөзжұмбақтар, құпияхаттар, сөзтуымдар, логикалық есептер білім береді және оқушыларды ынталандырады.

Кәсіптік колледждерде белгілі бір қызмет саласы бойынша арнайы пәндерді оқыту барысында Студенттердің кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыруға жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық оқыту әдістері де өзінің септігін тигізеді.

Қазір республика оқу орындары ұсынып отырған көп нұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез-келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде іс жүзінде анықталып табылған оқыту үрдісінің нәтижесін көретін әдіс-тәсілдері, түрлері көбіне жаңашыл, инновациялық болып табылады.

Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек [24].

Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді.

Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.

«Инновация» ұғымын қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі анықтамалар берген. Мысалы, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея», – дейді.

Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың сексенінші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді.

Қазақстанда ең алғаш «инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз – білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н.Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі (жеке – дара кешені, бір-бірімен байланысқан); жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).

Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен:

- дербес оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның әлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттырады.

- қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі;

- оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет;

- саралап деңгейлел оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен әдістері шығармашылық ізденіс іс-әрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады;

- ақпараттық бағдарламалап оқыту – оқытудың мазмұнын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру;

- көрнекті-түсіндірмелі оқытуда «адам-қоғам-табиғат» үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мәдениет қалыптасады;

- ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тәжірибеде «бала-субъект», «бала-объект» тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер «оның тұрмысының әлеуметтік жағдайы мен іс-әрекетінің әлеуметтік нәтижесінің бірлігінде қарастырады.

Инновациялық процестерді ендіру үш өзара байланысты күштер арқылы анықталады: енгізілген технологияның ерекшеліктерімен; жаңашылдардың инновациялық әлеуетімен; жаңалықты енгізу жолдарымен.

Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кәсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір оқушы жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. XXI ғасырда болашақ мамандарды даярлау, олардың кәсіби бейімделуін қалыптастыру мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Сондықтан біз болашақ мамандарды даярлау процесінде олардың кәсіби қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында жаңа педагогикалық инновациялық технологияларды қолдану жолдарын қарастырдық. Болашақ мамандардың жаңа инновациялық педагогикалық технологияларды қолдануға даярлықты қалыптастыру мына көрсеткіштерді қамтиды:

Мотивациялық өлшемдеріне танымдық қызығушылықты қалыптастыру бейнесі жатады. Оған болашақ мамандарды қалыптастыру, құндылық қарым-қатынас, болашақ маманның өзінің кәсіби шеберлігін дамытуға талпынуы, болашақ мамандығын ерекше жақсы көруі, кәсіби жеке біліктілік деңгейін көтеруге бағыттылығы, инновациялық іс-әрекетке ұмтылу әрекеттері кіреді.

Мазмұндық өлшемдеріне болашақ маманның жалпы мәдениеттілік дайындығы мен мәндік әдіснамалық дайындығының деңгейі, мамандығы бойынша білімі, педагогикалық біртұтас білім жүйесі, біртұтас педагогикалық үрдістің заңдылықтары, мен қозғаушы күштерінің жалпы теориялық білім негіздерімен қарулануы кіреді. Оған біртұтас педагогикалық үрдістің теориялық негіздерін және жеке тұлға теориясының ғылыми негіздерін меңгеруі, педагогикалық іс-әрекет теориясының негіздерін білуі, білім алушылардың барлық мүмкіндіктерін пайдаланғанда инновациялық іс-әрекеттің көбіне нәтижелі болатындығын сезіне алуы жатады.

Бейімділік өлшемдерін болашақ маманның барлық жағдайға бейімделе алу қабілеті жатады: бейімділік жағдаятына бағдарлана алуы, микроорта өзгерістеріне сай қолайлы инновациялық педагогикалық технологияларды таңдай алуы. Бейімділік өлшемдері болашақ маманның білімгер мәртебесінен болашақ маман мәртебесіне ауысуының ерекшелігін сезіне білуімен бейімділік іс-әрекетті жүзеге асырудың жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалана алуларымен ерекшеленеді.

Танымдық өлшемдері болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны жедел тани алуымен, өзін кәсіби жүзеге асырудың нәтижелі әдіс-тәсілдерін пайдалануымен, инновациялық педагогикалық технологияларға қызығу танытумен ерекшеленеді. Оған болашақ маманның әлеуметтік кәсіби қоршаған ортаны біліп тануы, кәсіптік білімін өз тәжірибесінде қолдана білуі, инновациялық педагогикалық технологияларды оқып меңгеруі, үйренуі, оларды іс жүзінде қолдана алуы жатады.

Іс-әрекеттік өлшемдері болашақ маманның өзінің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен міндеттерін анықтай алуы және педагогикалық қарым-қатынастық үрдісті тиімді жүзеге асыра алуымен өлшенеді. Оған болашақ маманның өз пәнін жете меңгеруі, біртұтас оқу-тәрбие үрдісінің психологиялық, педагогикалық негіздерін білуі, педагогикалық үрдісті жоспарлап, жүзеге асыра алуымен өлшенеді.

Технологиялық өлшемдері оқытудың мақсаттары, оқыту үрдісі, оның міндетттерін анықтай алуы, оқытудың нәтижесін болжай алуы және психологиялық-педагогикалық пен арнайы пәндер бойынша білімдерді меңгерумен анықталады. Оған болашақ маманның біртұтас оқу-тәрбие үрдісінде сабақты тиімді ұйымдастыра білуі, Студенттермен ынтымақтастық қарым-қатынасты жүзеге асыра алуы, біртұтас педагогикалық үрдісті диагностикалай алуы және сабақтың нәтижесі жоғары болатындай ең тиімді педагогикалық технологияны таңдай алуы қажет.

Шығармашылық өлшемдеріне шығармашылық ептілікті, шығармашылық белсенділікті болашақ маманның шығармашылық-ізденушілікті дамыту кіреді. Оған болашақ маманның ғылыми-зерттеу жұмыстарына өзіндік талдау жасай алуы, өз білімін көтеруге, жетілдіруге талпыныстың болуы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға өзіндік жаңалықтар, өзгерістер енгізумен және жаңалықты шығармашылықпен қолдана алуымен сипатталады.

Осы аталған көрсеткіштердің әсерінен білім, кәсіп, іскерлік, іс-әрекет, игеру, нәтиже құралады. Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады.

Әрбір болашақ маманның инновациялық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары: инновация туралы білімі; инновацияны жан-жақты меңгеруі; инновациялық іс-әрекет диагностикасын меңгеруі; инновацияны тәжірибеге ендіру жұмыстары; инновацияны практикада дұрыс қолдану.

Әрбір білім беру ордаларында бүгінгі таңда белең алып отырған кемшіліктері баршылық, атап айтатын болсақ: білім сапасының төмендігі; білім саласына мемлекет тарапынан реформалар жүргізілгенімен оқудың нәтижесінің болмауы; құжаттар көптеп шығарылғанымен мардымсыздығы; білім алушылардың өздігінен білім алу дағдысының болмауы; білім алушылар мен оқытушылардың бірлескен шығармашылық еңбектерінің болмауы.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы оқу-тәрбие процесінде инновациялық әдіс-тәсілдерін енгізу, әрбір білім алушылардың білімге деген қызығушылықтарын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол ашу. Инновациялық процестің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады [25].

Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады:

- білім алушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау және одан шығатын нәтиже оқытушының кәсіби біліктілігіне тікелей байланысты;

- жаңа инновациялык технологияларды енгізу жүйелі, әрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады;

- жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында әрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, әрі жетіспеуі, кадрлық әлеуметтің төмендігі көп кедергі жасайды.

Арнайы пәндерді оқытуда қолданылатын оқыту әдістері (5 сурет):

Сурет 5 - Оқыту әдістері
Психотехникалық ұйымдастырушылық дайындық - студенттердің техникалық қабілеттерін арттырады және олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін жақсартады. Олар осы әдістің келесі ерекшеліктерімен ерекшеленеді:

1 барлық жұмыс "осында және қазір" қағидаты бойынша, студенттердің ұйымдастырушылық іс-әрекетінің нақты тәжірибесі негізінде құрылады.

2 үнемі оқу процесінде ұйымдастырушылық мінез-құлықтың жаңа өнімді түрлерін іздейді. Көрермендер осы жаңа модельдерді табу, ұсыну және шоғырландыру үшін ең қолайлы атмосфераны жасайды.

3 оқыту топтық практиканы түсінуге және тәжірибеге негізделген, бұл барлық студенттердің ойлары мен сезімдерін білдіруде өзара сенім, ашықтық атмосферасын қамтамасыз етеді.

4 жаңа ұйымдастырушылық тәжірибені келесідей жүргізеді:"әрекет-қатені талдау-балама іздеу-әрекет".

5 жоғары сапалы оқыту бірнеше шолулармен қамтамасыз етіледі.

Ұйымдастырушылық оқыту бағдарламасы оқытудың 3 түрін қамтиды:

рефлексивті жаттығу;

ұйымдастыру дағдыларын үйрету.;

әлеуметтік-инженерлік дайындық.

Рефлексивті тренинг-бұл қатысушыларды техникалық ойлау, қолданбалы ойлау құралдары, құндылықтар мен дүниетаным табиғатына батыруға бағытталған тренинг. Әр әдіс бойынша мұғалім сабақты немесе топты қорытындылайды [26].

Сіз Дрюд әдісін қолдана аласыз. Американдық Роджерс Пирс "Друдла" әдісін ойлап тапты. Друдла-суреттер мен сюжеттерді дамытуға арналған жұмбақтар. Яғни, кескінді толықтыру үшін. Drudla негізі (автомобиль өнеркәсібінде) бөлшектер мен механизмдер болуы мүмкін.

Кластер-бұл белгілі бір материалдың графикалық ұйымы. Кластерлеу студенттерге тақырып бойынша еркін және ашық ойлауға мүмкіндік береді. Кластерлік дизайн мысалы:

1 ақ парақтың ортасында тақырыпқа байланысты "беріліс қорабы" деп жазыңыз.

2 "беріліс қорабын" жазғаннан кейін студент өзінің түсінігін анықтауы керек.

Эдвард де Бононың "жігерлендіретін сөздер" әдісі. Мотивациялық сөздер-кездейсоқ сигналдар арқылы оқушының жаңа білімі мен идеяларын дамыту. Тәсіл:

1 құрылыс өндірісіне қатысты сөздерді кездейсоқ таңдау;

2 бұл сөздерді алдын-ала дайындаңыз;

3 осы сөздерді біріктіру арқылы жаңа білім қалыптастырыңыз.

Миға шабуыл-бұл топтық техникалық ойлау процедурасы немесе қысқа уақыт ішінде студенттер тобынан көптеген идеяларды алу құралы. Бір топ студенттер 1,5 сағат ішінде 100-ге дейін идеяны ұсынатыны қалыпты жағдай деп саналады. Ұйымда студенттердің бірі көбінесе топ жетекшісі болып табылады. Топ шамамен бір әлеуметтік мәртебесі бар студенттерден тұруы керек және жетекші мәселенің мәнін түсіндіруі керек. Осыдан кейін студенттер қабылданған идеяларды еркін білдіре алады. Ойлаудың бұл тәсілі-команданы дұрыс басқарудың, "дұрыс" шешім қабылдаудың көптеген тәсілдерінің бірі.

Синектика әдісі-Гордон в.зерттеуші ұсынған. Кезеңдері:

1 мәселені белгілеу (кестеге барлық ақпаратты енгізіңіз);

2 идеялар тақтаға салынған, бірақ бағаланбайды;

3 мәселені қайта құрыңыз. Егер проблема туралы жаңа көзқарастар болса, оны қайта құру қажет.

4 тікелей аналогияны сызыңыз.

5 жеке тұлғаны құру. Топтық көріністердің біреуін ғана таңдаңыз;

6 символдық ұқсастықты құру. Студенттер басқа ұсыныстарды қарастырады;

7 екінші тікелей аналогияны құру.

8 ұқсастықты талдау.

9 "мәжбүрлі келісім". Таңбалар тізімі бастапқы сұраққа қойылады. Келісім туралы шешім, ол қалай көрінеді ...

10 шешім нұсқаларын қалыптастыру [26,27].

Кеңейтілген және бейнелі факторлардың негізінде практикада қолданылатын диагностикалық тест тапсырмалары жасалады. Бұл тесттер студенттердің техникалық ойлау деңгейін анықтайды. Яғни, оқушы тест тапсырмаларын дұрыс орындап, ақылмен салыстырып, дұрыс шешім қабылдауы керек. Тест тапсырмаларын әзірлеу кезінде әзірлеушілер жеке бөліктерді бөліп, студенттердің техникалық ойлау дағдыларын жақсартуға тырысты. Осындай сынақтардың бірі-Беннет тесті.

Беннеттің тест тапсырмаларының жиынтығы студенттерге суретті қолдана отырып, қысқа сұрақтар арқылы техникалық сұрақтар туралы түсінік қалыптастыру болып табылады. Сұрақтарға дұрыс жауап беру үшін студент жалпы техникалық принциптерді білуі керек. Бұл тестті Студенттердің техникалық ойлау қабілеттерін анықтау үшін қолдануға болады.

Баннет механиканы түсіну сынағы-бұл практикалық жағдайларда физикалық күштер мен механикалық элементтердің өзара байланысын қабылдау және түсіну қабілетін өлшеу құралы. Бұл мүмкіндік механикалық принциптерді түсінуді және қолдануды қажет ететін техникалық колледждер мен университеттердің студенттері үшін маңызды.

Беннет тесті қабілеттілік тестінен және сәттілік тестінен өзгеше. Тест оқушының болашақ оқу қабілетін өлшеу үшін қолданылады. Жетістіктер тесті оқушының ағымдағы немесе алдыңғы жетістіктерін ескереді. Беннет тесті оқушының жұмыс дағдыларын қажет ететін жұмыс орындарындағы болашақ өнімділікті анықтай алатын механикалық принциптерді түсіну және қолдану қабілетін өлшеуге арналған. Механикалық тұжырымдама деп аталатын бұл қабілет ақыл-ойдың аспектілерінің бірі болып саналады, өйткені интеллект толығымен анықталған. Механикалық түсінуді бағалайтын адам күрделі құрылғылар мен автомобильдерді жөндеу принциптерін жақсы біледі.

Тест шарттары:

1 тыныш, жақсы жарықтандырылған бөлмеде тестілеу маңызды. Жақсы жарықтандыру, оқуға немесе үстелге жеткілікті орын, компьютер экранының, пернетақта мен тінтуірдің ыңғайлы орналасуы, Шу мен басқа да уайымдардан арылу керек.

2 сынақ кезінде қағаз бен қарындашты қолдану: әр оқушыға жеткілікті тегіс бет қажет. Ол ашық тест кітапшасы мен жауап парағын орналастыра алатындай үлкен болуы керек.

Тесттен өткеннен кейін және бастапқы Нұсқаулық экраны пайда болғаннан кейін студент компьютерде отыруы және нұсқау беруі керек:

Бұл тест бойынша жұмыс істеуге 15 минут уақыт кетеді және сізге 40 сұрақ қойылады. Тестті бастамас бұрын сұрақтарыңыз бар ма? Студенттердің барлық сұрақтарына жауап беру керек.

Техникалық дайындық деңгейі арнайы бағалау кестесімен анықталады 2.1. Жаһандық рейтингте бес балл бар:

- өте жоғары;

- жоғары;

- орташа;

- төмен;

- өте төмен [27].

Сабақты ұйымдастыру шарттары. Автомобиль жасау саласында колледж студенттерінің техникалық ойлауын дамыту "автомобиль дизайны", "автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету" пәндерін және басқа да арнайы пәндерді оқу кезінде қалыптасады. Оқыту дегеніміз-оқытудың мазмұнын, формаларын, әдістері мен құралдарын жүйелі түрде қарастыру үшін, сондай-ақ студенттерді оқыту мен тәрбиелеу үшін қолданылатын мақсатты оқыту процесі мен байланыс процесін ұйымдастырудың динамикалық және өзгермелі формасы.колледждегі оқу процесі. Сабақ екі бағытта жүргізіледі:

1) білімді, техникалық ойлау дағдыларын, сауатты техникалық сөйлеуді, танымдық қызығушылықты және т. б. қалыптастыру.;

2) өзіне деген сенімділікті, тәртіпті, ұжымшылдықты дамыту.

Сабақтар-оқу бағдарламасында көрсетілген дидактикалық және білім беру мақсаттарына жету үшін әртүрлі әдістерді қолдана отырып, мұғалім студенттердің тұрақты штатымен бекітілген кесте бойынша жұмыс жасай отырып, белгілі бір уақыт аралығында тәрбие жұмысын ұйымдастырады. Бұл форма білім беру процесінің барлық компоненттерін қамтиды-мақсаттар, мазмұн, құралдар, әдістер, ұйымдастырушылық және басқарушылық қызмет және оның барлық дидактикалық элементтері. Бірыңғай дидактикалық жүйені оқыту барысында сабақтың мәні мен мақсаты Мұғалім мен оқушы арасындағы ұжымдық және жеке қатынастарға әкеледі. Нәтижесінде студенттер білім, Дағдылар мен қабілеттерге ие болады, өз қабілеттерін, жұмыс тәжірибесін, қарым-қатынас пен қарым-қатынасты дамытады, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық дағдыларын жақсартады [28].

Сабақтар, біріншіден, жалпы оқытудың басқарушы формасы ретінде, екіншіден, мұғалімнің сабақты ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарымен анықталған оқытудың заңдары мен принциптерінен туындайтын оқытуды ұйымдастыру формасы ретінде анықталады.

Колледждегі арнайы пәндерді оқытуда қолданылатын сабақтың түрлері(2.2 сурет):



Сурет 6 - Сабақтың түрлері
Педагогикалық процесті ұйымдастыру формасы ретіндегі сабақтың артықшылығы оның фронтальды, топтық және жекелей жұмыстармен сабақтастыру мүмкіндігінің көп болуы: оқытушы материалды жүйелі ретпен түсіндіруге, студенттердің танымдық қабілеттерінің дамуын және ғылыми көзқарастарын қалыптастыруға мүмкіндік береді де, студенттердің, басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй тапсырмаларын, сондай-ақ студенттің мақсатқа жетудегі негізгі құралы және қызмет тәсілін таңдау және құрудың шарты ретінде көрінеді [28].

Жоғарыда көрсетілген сабақтарға қойылатын қазіргі талаптар [28,29].

1 Әрбір сабақтарда білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы қажет. Сабақ оқыту үдерісінің басты заңдылығын жүзеге асыруға ықпал етеді. Сабақта белгілі бір тақырыпты баяндай отырып, студенттердің білімін дамытып, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал етіп, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Жеке-тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру үшін алған білімдерін студенттердің мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ұмтылу керек (оқу орнындағы мәдениеттілік, тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау және оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу).

2 Әр сабақ дидактиканың барлық принциптері және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі тиіс. Кез келген сабақ кез келген оқу пәні бойынша– ол үдерістің бір бөлігі, сол себепті, оқып-үйрету ғылыми танымда нақтылықтың критерийі рөлін атқарып, өмірмен, тәжірибемен байланыстыра білуге, ал оқу үдерісінде – оқуға ынтаны, оған оң көзқарасты, айналадағы ортаның құбылыстарын түсіндіру үшін теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану білу дағдысын қалыптастыруға тиіс.

3 Қандай да бір сабақ, ең бірінші, сабақ тақырыбымен жиі ауысатн айқын дидактикалық мақсатпен сипатталуы қажет. Әрбір тақырып бойынша бірнеше сабақ өткізілуі мүмкін және олардың әр қайсысының өзінің нақты дидактикалық мақсаты болуы тиіс: студенттерді ойлау операцияларымен қаруландыру (классификациялау, көшіру, жалпылау, т.б.), алған білімді практикада қолдануға дағдыландыру, тақырып бойынша жекелеген фактілермен таныстыру, теориялық қорытындыларды өздігінен тұжырымдау дағдысын қалыптастыру және т.б. Оқытушы берілген мақсатқа байланысты сабаққа дайындалу үдерісінде студенттерге беретін оқу материалының мазмұнын, сабақтың құрылымын, оқыту әдістерін, құралдарын және т.б. - анықтау керек. Әрбір сабақтың нақты мақсатының болмауы оларды біржақты болуға, ал бұл оқуға дегеп қызығушылықтың жойылуына алып келуі мүмкін[29].

4 Сабақтың барлық кезеңдерінде студенттердің танымдық қызметін арттыру мақсатында оқытудың әр алуан әдістері мен тәсілдерін қолдану. Студенттерге тақырыпты ауызша ұзақ уақыт түсіндірсе, оларды енжарлыққа алып келеді. Олар сабақта зерігеді, оқытушының ақпаратын қабылдамайды. Сол себепті сабақ барысында әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Сабаққа дайындық кезінде, қашан, сабақтың қай бөлімінде қандай әдіс, тәсіл немесе құрал пайдаланылатынын жеткілікті ойластыру керек. Дегенмен, сабақта әдістерді пайдалану барысында студенттердің жас ерекшеліктерін, сыныптың үлгерімін ескеру тиіс. Себебі студенттердің барлығы бірдей қабылдамайды.

5 Эмоционалдық – сабаққа қойылатын талаптардың бірі болып табылады. Ол студенттерді жаңа білімді игеруге итермелеп, сабақта маңызды қызметтің бірі болып саналады. Ол тек сырттай байқалады: оқытушының қатты дауысы, қол сілтеуі және т.б.; оқытушының сабақты түсіндіруде эмоционалдылығы. Студенттердің белсендігін жоғарылату үшін, сабақ эмоционалды өту керек. Сабақ кезінде әртүрлі ситуацияларды қолдану, студенттердің ізденуін жеделдетіп, эмоционалдық жағдай жасайды [29].

6 Әр сабақтарда студенттердің білімін үздіксіз бағалау керек. Сабақ барысында оқытушы, студенттің оқу материалын қалай түсінгенін, оның деңгейін біліп отыру керек. Соған байланысты студенттерге әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар беріледі. Студенттердің білімін бағалаудың түрлерін білу керек. Бұл мақсатта әртүрлі компьютерлік бағдарламалар, жазбаша тапсырмалар, сауалнамалар, перфокарталар қолданылуы мүмкін, олар білімді тексерудің нәтижесін бірден алуға мүмкіндік береді. Бағалауда ең басты, ол –студенттердің оқу барысында оқытушының байқағыштығының жақсы дамуы.

7 Әрбір сабақ дұрыс ұйымдастырылып, студенттің бойында жақсы сезімдер қалдыру керек. Яғни, студенттің сабаққа деген ынтасын арттырып, оқуға деген көзқарасын өзгерту.

8 Барлық сабақтарда қайталану элементтері жүйелі түрде қатысуы керек. Қайталау ешқашан да жаттанды қайта айтуға алып келуі тиіс емес. Сабақта жаңадан оқылатын материалдар бұрын өтілген тұрғысынан қарастырылуы керек. Оқытушы жаңа материалдарды түсіндіргенде мүмкіндігінше оны алдыңғы өткен материалмен байланыстырып, оған сүйенуі керек.

9 Барлық сабақ техникалық және дидактикалық жабдықталған болуы керек. Таным - сезімдік қабылдаулардан басталады. Әйтсе де, көрнекілік, техникалық құралдарды шектен тыс пайдаланбау керек. Оқытушының сабаққа дайындалуына кеткен уақыты, оқытудың нәтижесімен ақталады.

10 Өткен және алдыңғы сабақтардың өзара байланысы. Кез келген сабақ басқалардан оқшауланып қарастырылмауы керек, ол сабақтың жалпы жүйесіндегі белгілі бір буын болуы керек. Оқытушы сабаққа дайындалу барысында өткен сабақты жақсы білуі тиіс. Себебі оқытушы өзінің мүмкіндіктеріне қарай сабақтың материалын өткен материалмен байланыстыруға тырысады. Сондай-ақ алдағы өткізілетін сабақтың құрылымы меп мазмұнын да жақсы білуі керек. Оқытушы сабақта студенттердің білімін қалыптастырып, келесі сабаққа жол ашады.

11 Сабақтың әр уақытын үлкен ұтымды пайдалану. Сабаққа дайындық кезінде студенттердің 80 мин уақыт бойы жұмысын ұйымдастыруды ойластыру қажет. Оқытушының назарынан сынып ешқашан кетпеу керек, яғни оқытушы студенттерді тапсырмалар орындау барыснда қадағалау керек. Сабақ барысында уақытты үнемдеу үшін, алдын-ала көрнекі құралдарды тексеру керек [29].

Бір тапсырмадан екінші тапсырмаға өту уақытты жоғалтады. Сондықтан құрылымды көшіру студенттерге елеусіз болып қалатындай етіп ойластыру керек. Студенттердің сабаққа кешігуін, тәртіп бұзушылық себептерін қоңырау барысында анықтауға болады. Сол арқылы уақытты үнемдеуге болады. Студенттердің ауызша орнында отырып жауап беруі, уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

12 Студенттердің бүкіл сабақ бойында тәртібін қамтамасыз ету. Алдыңғы айтылған талаптарды орындау сабақтағы тәртіпті белгілі бір деңгейде қамтамсыз етеді. Оқытушы алғашқы күндерден бастап, студенттерді сыйлап, оларға тәртіп сақтайтын талаптар қоя білу керек.. Сыныпта тәртіп бұзушылық болмайтынына қол жеткізу керек. Себебі сабақтағы тәртіп - олардың ынтасының орнықты болуына алғы шарттар жасайды. Студенттер тек оқытушыға жай қарап, оны тыңдап қана қоймай, оқылатын материалға қатысты белсенді болып, сабақта тиімді танымдық қызметке септігін тигізетіндей жұмыс жасау керек.

13 Икемділік - сабаққа қойылатын талаптардың бірі болып табылады. Мысалы, оқытушы сабақтың айқын құрылымын, оның нақты мақсатын ойластырды. Бірақ кейде сабақ белгіленген жоспар бойынша өтпейді. Бұл жағдайда оқытушы сабақ барысында қажетті түзетулер енгізіп, оның құрылымын ауыстырып, қосымша тәсілдерді пайдалана білуі керек. Ең бастысы оқытушы қойылған мақсатқа жету керек. Сабақ - спектакль емес, оған көп дайындалғанмен де, ол ешқашан дайындалмайды.

14 Сабақтың кәсіби бағыттылығы. Барлық сабақтың оқу пәніне тәуелсіз, кәсіби бағытты бар. Сабақтың кәсіби бағыттылығында – алған оқу материалдары болашақта бір мамандықтағы иемденудің маңызын көрсетеді.

15 Үй тапсырмасының тиімділігі және оны міндетті түрде тексеру. Оқытушы, үйге тапсырма берген кезде, ол студенттер ол тапсырманы орындай алатынына сенімді болуы керек. Кей уақытта өте қиын тапсырма берілу мүмкін, онда оқытушы студенттерге бағыт беріп, негізгі ережелері қайда оқуға болатынын түсіндіруге міндетті. Берілген үй тапсырмалар әрдайым тексерілу керек, әйтпесе студенттердің сабаққа деген қызығушылықтары жойыла бастайды.

16 Қолайлы моральдық-психологиялық және санитарлық-гигиеналық жағдайлар туғызу. Аталған жағдайлар сабаққа қойылатын барлық талаптардың орындалуын анықтайды. Әрбір сабақта, бәрінен бұрын, сыныптағы студенттердің арасында, оқытушы мен студенттердің арасында қалыпты қатынас орнату керек. Студенттердің психофизиологиялық ерекшеліктеріп де ескеру керек [28,29].

Қазіргі заманғы сабақтың негізгі компоненттері:

1 Ұйымдастыру - сабақ барысында сабақты ұйымдастыру, студенттердің сабаққа дайындығы, тәртіпті қадағалау. Кіріспе сөзде оқытшы сабақтың нысанын, сыныпта жұмыс істеу тәсілдерін (топтарда, жеке-жеке, жалпы пікірталаста), студенттердің ықтимал рөліне және т.б. назар аудара алады. Бұл компонентті нұсқаулық немесе түсініктеме деп атаған дұрыс болар еді. Сабақты ұйымдастыру, сонымен қатар жұмысқа арналған кеңістікті құруды, шағын топтарды қалыптастыруды, сабақтың күтілетін нәтижелерін қоюды қамтиды. Олар студенттерге келесі нұсқаулармен көрсетілген: ұғымдарды анықтау; оларды шешу жолдары мен оларды шешу жолдары туралы өз пікірін білдіру [30].

2 Мақсат - студенттерге жалпы сабақта, оның жеке кезеңдері үшін де оқытудың мақсаттарын белгілеуі. Оқытушы үш түрлі мақсат қоймауы керек: оқыту, дамыту және тәрбиелеу, бірақ сабақта бүкіл жұмыс жүйесіндегі үш мақсатты қамту керек. Тапсырмалар өте нақты болуы керек, сабақтың кезеңдерімен байланысты. Сабақ барысында олардың орындалуын қадағалауға болады («ынталандыруды қамтамасыз ету», «сұрақ қою мүмкін емес сөздер түсінігін кеңейту», «зерттелген материалдың дұрыстығын анықтау»).

3 Мотивациялық - бүкіл курс және тақырып бойынша зерттелетін материалдың маңыздылығын анықтау. Психологтар мотивацияны «адамның белсенді болуына себеп болатын барлық факторлардың (жеке және жағдайлық) үйлесуі» ретінде анықтайды. Бұл үшін өмірлік жағдайды сараптау, бірнеше сөздерді салыстыру, суретті талқылау (плакат, карикатура), видео фрагментті пайдалану, аяқталмаған фразалар (сөйлемдер, сөздер) және т.б. қолданылады.

4 Ақпарат - оқуға арналған материалдарды іріктеу, біріктіру, қайталау, өзіндік жұмыс және т.б. Дәстүрлі ауызша және жазбаша дереккөздер графикалық, электронды, көрнекі, материалдық, бейне ресурстармен толықтырылуы мүмкін. Өзгертілген жағдай білім беру жүйесін студентке ақпарат пен фактілер жиынтығы жүктеп қана қоймай, түсіну және түсіну, іздеу және таңдау дағдыларын дамыту үшін жағдай жасауды талап етеді.

5 Аналитикалық - студенттер мәтіндік ақпаратты графикалық форматқа аударуға, керісінше алынған мәліметтерді қорытуға, маңызды және маңызды емес мәліметтерді ажырата білуге, жалпы және келіспеушіліктерді салыстыруға, когнитивтік қызметтің жаңа өнімін синтездеуге, шығармашылықты көрсетуге, қолда бар баламалы нұсқаларды таңдауға, аргументтерді және қарсы презентацияларды қалыптастыруға мүмкіндік береді[30].

6 Технологиялық - сабақтың түріне, берілген тақырып бойынша, сынып үшін және т.б. технологияны оқытудың формаларын, әдістерін таңдау.

7 Бақылау және бағалау - студенттің белсенділігін ынталандыру және танымдық қызығушылықты дамыту үшін сабақтың жұмысын бағалау. Бағалау таңбалаумен шектелмегенін атап өту керек. Расталған жағынан басқа (бағалау, "тапсырды-тапсырмады" және т.б.) бағалаудан сабақтағы әрбір қатысушыны сабақта не болып жатқанын көрсетеді.

8 Рефлексивті - сабақта студенттердің іс-әрекетін талдау, сабақты ұйымдастыруға арналған өз жұмысының нәтижелерін талдау. Рефлексия тек қана қорытындылайды, бірақ процестің көрінісі және нәтижелер туралы хабардар болады. Не нәрсені өзгерте алатындығын түсіну үшін, жағдайлар жасаудың табысты тәсілдерін білу үшін жағдайлар жасайды. Студенттер негізгі идеяны тұжырымдай білуі, өздерінің негізгі қызмет түрлерін сабақта көрсетуі, сұрақтарға жауап беруі маңызды: сабақта не үйрендіңіз? Тренингтен қандай тәжірибе алдыңыз? Сабақтың ең қиын бөлігі қандай болды? Ең маңызды деп саналатын нәрсе? Ең қызықты деген не?

Барлық осы компоненттер сабақ жоспарында немесе заманауи терминдерде оқу барысында технологиялық картасында көрсетілуі керек. Техникалық сабақ картасы - бұл не? Сабақтың технологиялық картасы оқытушы таңдайтын параметрлерге сәйкес сабақты құруға мүмкіндік беретін сабақтың графикалық дизайны болып табылады. Мұндай параметрлер сабақтың кезеңдері, оның мақсаттары, оқу материалының мазмұны, студенттердің оқу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістері, оқытушының қызметі және студенттердің қызметі болуы мүмкін [30].
Технологиялық карта құрылымы:

- тақырып атауы;

- білім мазмұнын меңгеру мақсаты;

- жоспарланған нәтиже (ақпараттық-интеллектуалды құзыреттілік және;

- тақырыптың негізгі түсініктері.

Технологиялық карта оқу материалын тұтас және жүйелі түрде көруге мүмкіндік береді, курсты меңгеру мақсатын ескере отырып, арнайы пәндерді меңгеру үшін оқу процесін құрастыруға, сабақ барысында студенттермен жұмыс істеудің тиімді әдістерін және нысандарын икемді түрде қолдануға, оқытушының және студенттердің әрекеттерін үйлестіруге, оқу үдерісінде студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруға мүмкіндік береді, білім беру қызметінің нәтижелерін кешенді бақылайды.

Технологиялық картаның артықшылықтары:

- оқытушыларға сабақ өткізудің тиімді емес жұмысынан босатылады;

- оқытушы шығармашылығының уақыты артады;

- педагогикалық процестің барлық қатысушыларының нақты мета-тақырыптық байланыстары мен келісілген әрекеттері қамтамасыз етілген;

- ұйымдастыру-әдістемелік мәселелер жойылды (жас оқытушы, сабақты ауыстыру, оқу жоспарын енгізу және т.б.);

- білім сапасы жақсарады [30].






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет