5. Ұсынылатын негізгі әдебиет:
1) Сахих Бұхари, Бұхари, 4-том, 148-бет
2) Али ибн Муса аль-Байһақи, «әль-Мадхаль илә әс-Сунаниль Кабир», әль-Байһақи, «Дәруль Хулафа лиль Китабиль Ислами» баспасы, 1983ж, 11-том, 355-бет
3) Али ибн Султан Мухаммад аль- Қори, Муллә аль-Қори, «Шарх Фиқһ аль-Акбар»
Тапсырманың берілген уақыты ___________________
Диплом жұмысының кеңесшісі _______________ Төлеубаева М.
Тапсырманы орындауға қабылдап алған студент ___________ Казакбаева А.
Алматы, 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ...................................................................................................................2
ПАЙҒАМБАРЛЫҚ ЖӘНЕ ПАЙҒАМБАРЛАР...............................................4
ПАЙҒАМБАРЛАРДЫҢ ОРНЫ......................................................................8
ПАЙҒАМБАРЛАРҒА МІНДЕТТІ, ЖӘЙЗ ЖӘНЕ МУСТАХИЛ БОЛҒАН ІСТЕР.....................................................................................................................14
АЛЛА ЕЛШІСІ МҰХАММЕДКЕ (С.А.С) ТЕЛІНГЕН КЕЙБІР ЖАЛҒАН ҚИССАЛАР...........................................................................................................30 АЛҒАШҚЫ ЖАРАТЫЛЫС, ОНЫҢ НҰРДАН ЖАРАТЫЛУЫ ЖӘНЕ КӨП ӘЙЕЛ АЛУ МӘСЕЛЕСІ......................................................................................41 МИҒРАЖДА АЛЛАМЕН КЕЗДЕСУІ, АЛЛАНЫҢ ҚАСЫНДА ОТЫРУЫ ЖӘНЕ БАРЛЫҚ ҒАЙЫПТЫ БІЛУІ..................................................................53
УАХИДІҢ ҮЗІЛУІНЕ, МАДИНА ҚАЛАСЫНА КЕЛУІНЕ ЖӘНЕ УММУ МАКТУММЕН БОЛҒАН ОҚИҒАЛАРҒА ҚАТЫСТЫ МӘСЕЛЕЛЕР..........58
ҚОРЫТЫНДЫ......................................................................................................59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ....................................................62
ТЕРМИН СӨЗДЕР:
Жаиз- шариғатта қандай да бір істі жасауы рұқсат деген мағынада.
Мустахил- араб сөздігінде «мустахил» сөзі- мүмкін емес, лайық емес деген мағынаны береді.
Уәжіп- «міндетті» деген сөз.
Таухид- Алланы бір деп білу.
Танзиһ- Алланы пәктеу.
КІРІСПЕ
Аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын. Кемшілік пен күнәдан пәк пайғамбаымыз Мұхаммедке (с.а.с), сахабаларға, табиғиндерге, олардың артынан ерген күллі мұсылмандарға Алланың сәлемі мен салауаты болсын.
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыс пайғамбарлық және пайғамбарларға тән сиппатар мен оларға лайық болмаған істер жайында болмақ. Сондай- ақ, пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) қатысты жалған хабарларға нақты, әрі анық дәлелдермен жауап қайтарылады.
Дипломдық зерттеудің өзектілігі. Расында, біз құрметті пайғамбарларға (Алланың оларға сәлемі мен салауаты болсын) сеніп, оларға иман еттік. Ақиқаттан ауытқу немесе шектен шығып, құрдымға кетпеу үшін, Құранда келген аяттарға сәйкес, біздің пайғамбарларға деген иманымыз бен сеніміміз ластықтан ада болуы тиіс. Өйткені, Алладан кейінгі сұралатынымыз да- пайғамбарға деген иман. Алла Тағала лайықты адамды ғана пайғамбар етті. Олар- пәк, әрі кемшіліктен ада. Олар пайғамбар болмастан бұрын да, кейін де, жиіркеніш пен зұлымдықтан болған күнәларды жасамаған. Пайғамбарларға пайғамбар дәрежесін түсіретін сипаттардың ешқайсысы лайық емес. Оларға лайық болмаған сипаттардың біреуі болсын телінетін болса, оларға деген иманның дұрыс болмағаны. Бір өкініштісі, қазіргі дамыған заманда, көбірек ізденудің орнына, керісінше дайын нәрсеге бас сұққанды жанымыз сүйеді. Пайғамбарымыздан бері қарай нақты тізбекпен жеткен ғұламаларымыздың емес, бертін келе өзін ғұлама санап жүрген ғалымсымақтардың сөздеріне екіленбей сенетін жағдайға жеттік. Олар пайғамбарларымызды кемсітіп, оларды жиіркенішті көрсету арқылы асыл дінімізді құртпақ. Осы жолда тынбай әрекет жасауда. Ендеше, бізде пайғамбарымыздың үмметі ретінде, сүйікті мырзамызға жабылған жаланы тазартуға ат салысайық.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Дінімізде маңызды болған мәселелердің қазақ тілінде кітап қылып басып шығару. Мұсылмандардың пайғамбарларға телген лайық емес сипаттарынан жадын тазарту. Жалған қиссалар шығару арқылы пайғамбарларымызға кемшілік беретіндерге айқын дәлелдер арқылы жауап қайтару.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмысы барысында ғылыми, салыстыру, интерпретациялау, сипаттау әдістері қолданылды.
Тақырыптың теориялық және практикалық маңыздылығы. Дипломдық жұмыстың тақырыбы өзекті, әрі бұған дейін дипломдық жұмыс ретінде зерттелмегендіктен, ала келетін теориялық және практикалық маңызы жоғары дәрежеде болмақ деп күтілуде.
Жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды, сілтемелер мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші тарауда пайғамбарлық және оған тән сипаттар мен лайық болмаған істер айтылса, екінші тарауда жалған қиссалар мен пайғамбарымыз Мұхаммедке (Алланың оған сәлемі мен салауаты болсын) жабылған жалаларға құран мен сүннет және ижмағ арқылы келген дәлелдер арқылы жауап беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |