Мазмұны:
ЖОО маманының рецензиясы
Ғылыми жетекшінің жұмысы туралы пікірі.
Аннотация
Кіріспе
Теориялық бөлімі
Зерттеу бөлімі
Қорытынды
Күтілетін нәтиже
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымша материалдар (зерттеу күнделігі, фотоматериалдар, диск/презентация)
Жоспар:
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Компьютердің шығу тарихы
Компьютер және денсаулық
Компьютердің зияны туралы.
Ғаламтордың пайдасы.
Кактустың қасиеті.
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
И.Панфилов атындағы жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесінің 9 сынып
Аннотация
Оқушы Молдамұрат Фариза бұл жұмысты 2015 жылы бастады. Ол бұл жұмысты компьютердің адам ағзасына кері әсер ету жолдарын зерттеді. Зерттеу барысында кітаптардан және интернет ғаламтордан, журналдан мәліметтер жинақтады және зерттеу барысында тәжірибе жинақтады.
Аннотация
Молдамұрат Фариза работаетнад этой работой с 2015 года. Вэтой работе исследует влияние компьютера на организм человека. В процессе исследования она с помощью книг и интернет, журналов собрала информации и в ходе работы накопила опыт.
Annotation
Moldamurat Farisa is a pupil the start this work in 2015 year . She tried to reveal in this work of computerꞌs problem for health of people. In the course of researches of this subject it used literatures internet and also results of the experiments. She find of lot information of the wheat. She will to work next year.
Шығу тарихы.
Ақпарат ғасыры аталып жүрген ХХІ ғасырда бар шаруаны мойнына алған бесаспап бұл құралдың жақсы жақтарымен бірге қазірдің өзінде тигізіп отырған залалдары да аз емес. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, компьютердің зиянды жақтары қазірдің өзінде бой көрсетіп, оның салдарының адамзат үшін оңай болмайтындығын анық аңғартқан сыңайы бар. Бірақ, таяқ басымызға қашан тигенше мән бермейтін бейқамдығымызбен бесаспап құралдың залалдарына бүгінде назар аударып жатқан ешкім жоқ.
Мұхтар Шаханов ағамыз осыдан біраз бұрын компьютер басты жартыкеш адамдар туралы жазып, жұртшылықтың назарын аудармақ болған еді. Бірақ, оған ден қойып, адамзат, оның болашағы үшін үлкен мәні бар бұл мәселеге көңіл аударған пенде болмады.
1990-шы жылдардың соңында табалдырығымыздан имене аттап, өмірімізге енген бүгінде төрімізді түгел жайлап алған компьютердің залалды жақтары қазірдің өзінде әр жерден атойлап анық байқалып отыр. Ол «хакер» деп ат қойып, айдар тағылған компьютердің бес-аспап шеберлерінің түрлі мекемелердің бағдарламаларына еніп, ірі көлемде ақша немесе аса құпия ақпараттар ұрлап, кәделеріне жаратуы сияқты сыртқы залалдарымен басталып, онан қалды, адамдардың ақыл-саналарына тигізетін кесапатты әсерлерімен өмірімізге тереңдеп еніп барады. Компьютер тек арнайы бағдарламалар бойынша белгілі бір саланың мамандарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын қарапайым құрал емес, оның ішінде түрлі қызықты ойындар, анықтамалар, интернет желісіне ену арқылы қалаған тақырыпта ақпарат алуға мүмкіндіктер бар. Бір сөзбен айтқанда, оның мүмкіндігі шексіз. Іздеген тақырыбың бойынша қалаған ақпаратыңды әп-сәтте ала аласың. Қалаған адамыңмен байланысып, көзбе-көз көріп отырғандай сөйлесуіңе немесе хат алмасуыңа әбден болады.
Тірі пендемен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын пенделер қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Шетелдерде компьютерге жабысып, өмірін өткізгендердің арасында аштан өлген оқиғалар да кездесіпті.
Күндіз-түні мониторға қадалып отыру көзді құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Оған ата-ана, туған-туыс, бірге жұмыс істейтін әріптестер, бала-шаға дегеннің бірі де қажет емес. Оның монитордың ішіндегі өз әлемі бар, онда өзі би, өзі қожа, қалағанын жасап, емін-еркін өмір кешеді. Компьютер әлеміне терең еніп, фәни жалғаннан қол үзіп бара жатқан пенделер қазір Батыс елдерінде көп кездеседі. Компьютерге кештеу көшкен ТМД елдерінде бұндай жағдайлардың шет-жағасы енді ғана байқалып жүр. Ол, әсіресе, жастардың арасында жиі көрініс беріп жатады.
Ежелгі үнді елінде үстемдік құрған ведалық өркениетте дхарма деген түсінік бар. Ол адамның туа бітті табиғи міндеті деген мағынаны білдіреді екен. Әр пенденің табиғи міндеті өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамдармен, айналасындағы табиғатпен қарым-қатынаста болу. Егер біз айналамыздағылармен жақсы қарым-қатынаста болсақ, бұл дүниенің қызық-қуанышына кенеліп, тәнімізді тастаған соң жұмаққа енеді екенбіз. Веда ілімі осылай дейді. Яғни, екі дүниенің бақытына кенелудің жалғыз жолы айналамыздағы жандармен түсіністік, сүйіспеншілік, қайырымдылық қарым-қатынаста болу көрінеді.
Ал, жұмысымызды жеңілдетіп, басқа да фәни игіліктермен қамтамасыз еткен компьютер бізді ең басты байлығымыз, айналамыздағы жандармен қарым-қатынасымыздан қол үздіруде. Күнұзақ балабақшада болып, анасын сағынған бүлдіршін оған еркелеп ойнағысы келсе, сүйікті сериалын көруге ынтыққан әйелге сәбиіне көңіл бөліп, бір сәт онымен жылы қарым-қатынаста болу мүлдем қызықсыз көрінеді. Осылайша, ана мен баланың, ерлі-зайыптылардың, көршілердің, әріптестердің ара-қатынасы алшақтап, әр пенде теледидар мен компьютерден, ұялы телефоннан өз қызығын тауып, оқшау тірлік кешуге көшкен түрі бар.
Ислам дінінің ежелгі ғалымдарының жазбаларында болашақта әрбір үйді өзінің еркіне бағындыратын жалғыз көзді құбыжықтың пайда болатындығы туралы мәтін бар. Ол жалғыз көзді құбыжықтың теледидар немесе компьютер екендігін қазір бәріміз көріп, біліп отырмыз. Адамның бойындағы адами ізгі қасиеттерінен айырып, бір-бірінен алшақтатып бара жатқан жалғыз көзді құбыжықтың залалы қазір көріп, естіп жүргендерімізбен бітпесе керек. Яғни, ол біз ойлағаннан әлдеқайда ауыр зардаптарға ұшырататын сияқты.
Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.
Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Мұны барлығы біледі десек, артық айтқандық болмас.
Компьютердің алдында телміріп көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.
Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды.
Компьютер және денсаулық.
Достарыңызбен бөлісу: |