Жоо маманының рецензиясы Ғылыми жетекшінің жұмысы туралы пікірі



бет2/3
Дата04.11.2023
өлшемі84,38 Kb.
#189329
түріПрезентация
1   2   3
Байланысты:
Семинар саба тапсырмалары №1 семинар, Вапролджтимсчсмпиртоь, Қызық екен..., Жер бетіндегі географиялық белдеулер мен зоналар, Халықтар 4, My family
Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.
Мысал келтіретін болсақ: әр пәнен жазылатын рефераттардың көрнекі әрі таза, әдемі жазылуын мұғалімдер талап етеді. Қолмен жай сиямен және компьютерде терілген жұмыстарды салыстырайықшы. Екеуінің айырмашылығы жер мен көктей. Осы жазылған рефераттың бірнеше көшірмесі керек дейік. Оны ашып принтермен көшірмесін жасаған әлде қайда аз уақыт жұмсалады. Сөзімді қорытындылап келіп «Компьютер – уақыт талабы» біз уақытымызды ұтымды пайдаланамыз.

Компьютердің зияны.

Бірқатар елдерде жүргізілген клиникалық зерттеулер электромагнитік өріспен ұзақ уақыт ұштасу «радиотолқынды ауру» деген атқа ие аурудың дамуына алып келетінін көрсетті. Бұл аурудың клиникалық сипаты, ең алдымен жүйке және жүрек-қантамырлары жүйесінің қызметі нашарлап, бастапқы күйінен ауытқиды. Ұзақ уақыт аралығында сәулелену аймағында болған адамдарда келесідей белгілер байқалады:

  • Әлсіздік

  • Ашуланғыштық

  • Тез шаршау

  • Есте сақтау қабілетінің төмендеуі

  • Ұйқының бұзылуы

  • Жүйке жүйесінің вегетативті қызметінің бұзылуы

  • Гипотония

  • Жүректің ауруы

  • Тамыр соғысының бұзылуы

  • Мазасыздану

  • Есте сақтауы және зейін қоюы бұзылады.

  • Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез-келген қоғам мүшесі ең әуелі шет

тілін немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз, бос уақытыңызды өткізесіз, ойын ойнайсыз дегендей...
Дей тұрғанмен, еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін құлағында ойнасам деп талпынған компьютердің адам денсаулығына зияны бар ма? Күн-түн демей интернет клубтардан шықпайтын жас жеткіншектерімізге әсері қалай? деген сұрақ бәрімізді мазалайтыны сөзсіз.
Бұған қоса және жағымсыздықтары бала күнгі құмарпаздықтар секілді еркінен тыс компьютерге тәуелді болып "байланады".Мінезі күрт өзгереді, айналасына немқұрайлы қарауды әдетке айналдырады. Басқа ойындарға, ақыл-ойды дамытатын қызықты тақырыптарға талпынысы болмайды. Баланың көңіл-күйіне де әсер етеді, яғни көңілді, сергек жүргеннен гөрі көбінесе ашулы, күш көрсетуге бейім тұрады. Сонымен бірге балада тек өзіне ғана мәлім "жабық әлем" қалыптасады. Тек компьютермен шектелетіндіктен мұндай бала ерте ме, кеш пе әйтеуір қатарластарымен тілдесе алмайтын халге жетеді. Тіпті,бұған дейін достасып жүрген жолдастарын жоғалтады.
Физика саласы бойынша қарайтын болсақ компьютердегі жоғары жиіліктегі электромагниттік толқындардың адам ағзасына әсері оның тербеліс жиілігіне байланысты. Жиілік жоғары болғанда , яғни толқын ұзындығы қысқарақ болса , зиянды әсері күшейе түседі. Электромагниттік толқындар алысқа тарала алады, сондықтан олардың адамға әсерінің қауіптілігі сақталады. Электромагниттік толқындар судың мөлшері көбірек болатын адам денесінің көз , ми, бүйрек, асқазан және тағы басқа мүшелеріне көбірек әсер етеді. Көз жанарының көмескіленуін тудырады, әрине бұл зақымдану уақыт өте келе байқалады. Компьютер киноскоптарында арнайы қорғаныс қабаттары ескерілгенімен, электромагниттік сәуле шығару тұрғысынан ол әлі де қауіпті болады.
Соңғы кездері компьютердің адам денсаулығына зияндығы туралы жиі айтыла бастады. Компьютер алдында көп отыратын адам арнайы жаттығуларды күнделікті жасап, демалыс уақытын жүйелі орналастырмаса, компьютерден алатын сәулеленудің әсері өте жоғары болмақ. Сондықтан да компьютермен жұмыс істейтін ересек адам әр сағат сайын, ал жас жеткіншектер жарты сағат сайын 10-15 минуттай үзіліс жасап тұруы керек, және күніне компьютер алдында 5 сағаттан артық отырмағаны жөн. Осыдан кейін күндіз-түні интернет клубтарда отырып алып, компьютердің алдынан шықпайтын жастарымыздың халін бағамдай беріңіз. Үнемі қозғалмай отырғандықтан омыртқаның қисаюы, сәулелену ауыруына шалдығады.
Компьютер алдында жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына әсерін тигізетін негізгі факторлар: ұзақ уақыт бойы отырып жұмыс істеу; монитордың электрмагнит сәуле шығаруы; көздің қажуы, қол ұшы буындарына жүктеменің көптігі.
Адам компьютер алдында ұзақ уақыт отырғанда: мойын, бастың, қолдың және иық бұлшық еттеріне күш түсіп, осыдан омыртқаға артық жүктеме, остерохондроз, ал балаларда - сколиоз пайда болады. Отырып көп жұмыс істейтін адамдарда, орындықта көп отырғанда, жамбас мүшелерінде қан айналысының нашарлауына әкеліп соғады, мұның салдарынан - простатит және геморрой пайда болады, бұларды емдеу - ұзақ процесс. Бұдан басқа, қозғалыстың аз болуы май басуға әкеледі.
Қазіргі кезде жұқа экранды мониторлар денсаулыққа қауіпсіз делінгенімен, бірақ әлі де оның белгілі мөлшерде электромагниттік сәулелерді бөліп шығаратыны айтылуда. Ал ескі мониторлардың зияны тіптен жоғары. Сондықтан үстеліңізде ескі манитор тұрса одан ертерек құтылғаныңз жөн.
Демалыссыз ұзақ уақыт бойы компьютер алдында отыру көзге көп кері әсерін тигізеді. Көруді нашарлатады.
Қол саусақтарымен перне тақтаны үнемі басқан соң жансыздану, әлсіздік пайда болады, Бұл қол ұшының буын және байланыстырушы аппаратының бұзылуына әкеледі, ал бұдан әрі қарай қол ұшының ауыруы созылмалы жағдайға өтеді.
Компьютерде және оның маңында шаң көптеп жиналады, бұл сол жұмыс аумағын ластайды. Лас болған жерде әртүрлі микробтар, бактериялар болады. Осының бәрі аллергиядан бастап әртүрлі ауруларды тудыруы мүмкін.
Ал осындай көптеген зиянды әсерінің бар екеніне қарамастан адамдардың одан бас тартпайтыны анық, бұл заңды да. Өйткені өркениетті қоғамның тірлігін компьютерсіз елестету мүмкін емес. Дей тұрғанмен, көп уақытын интернет пен агентте өткізетін жастарымыздың қазіргі күйіне алаңдамай тұра алмайсың.
Қаламызда компьютерлік дүңгіршектер мен вагондар көптеп кездеседі. Мұндай жерлерде ойын бағасы арзан, сондықтан виртуалды ойындарға берілген балалар күні бойы отыруға дайын. Бірақ, ол жерлерде ауа ылғалдылығы төмен. "Шаңды" микроклимат балалардың денсаулығына кері әсер етеді. Сонымен бірге, тек пайданы көздегендер компьютердің жұмыс тәртібіне аса мән бермейді. Негізінде бір ойын компьютері 4-5 шаршы метр жер алуы керек. Ал іс жүзінде ойын клубтарында компьютерлер сығылыстырылып қатар-қатар орналастырылған. Мектепке дейінгі балалар осылайша үздіксіз ойын ойнайтын болса, олардың "қыликөздікке" ұшырауы әбден мүмкін. Ғалымдар компьютер алдында ұзақ отырған балалардың миына ойын кезінде операция жасап жатқан хирургтің миына түсетін дәрежедегі салмақ түсетіндігін айтады. Яғни бала стреске жиі ұшырайды. виртуалды ойындарға еліткеп әр түрлі қылмысты істерге баруы мүмкін. Сондықтан бұл қауіптің алдын алу үшін ата-аналармен қоғам болып бірге күресу, мектеп жасындағы балалардың интернет залға кіруін шектеу керек.
Ал, компьютер пайдаланушылар мынаны есте сақтағаны дұрыс: үнемі компьютер қосулы тұратын бөлменің ақтаулы болғаны, еденіне линолеум төселгені дұрыс. Оны сүрту де оңай. Компьютерлі бөлмелерге балығы бар аквариум немесе су толы ыдыс қойылып, кактус өсірілгені абзал. Өйткені су өзіне негативті энергияны тартып алып, бөлмелерде ылғалдылықты реттейді. Ал кактус болса, электромагнитті өрістерді бойына сіңіреді. Үстелдің пернетақтамен биіктігі 62-88 см, үстелдің деңгейімен санағанда, еденнен санағанда экран биіктігі 90-128 см; үстел мен экранның ара қашықтығы 40-115 см. экран мен оператордың көзінің ара қашықтығы 60-80 см, болғаны дұрыс.
Компьютер - көп жұмыстарымызды оңайлататыны анық. Десе де ағзаға тигізетін кері әсері өз алдына. Ендеше, виртуалды ойынға мас болып экранға байланған, агентпен дос болып, компьютерге қамалған жастарымыздың жағдайына алаңдайтын, жайын бағамдайтын кез келген секілді...
«Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық – коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Интернет мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ, әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20 – 25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60 – 70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Интернет – тиімді байланыс құралы. Көптеген мәліметтер жинақталған. Балама ақпарат көзін табуға болады. Электронды пошта қызметі жылдам хабарласуға мүмкіндік береді.. Біздің өміріміз күнде бір жаңалықпен толығып отырады. Интернетті сол жаңалықтың ішіндегі ең озығы деуге де болар. Себебі, бір өзіне соншама ақпарды сиғызып, жан – жаққа лезде таратып тұру, әлемнің бір шетіндегі кісіні екіншісімен байланыстыру, керек болса, көзбе – көз әңгімелестіріп, бейнесін көрсету қандай жетістік десеңізші.
 Интернеттің жеке – дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана – сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды
қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;
— Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
— Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
— Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
Электромагниттік сәуледен қорғану үшін көзге арнайы дайындалған көзілдірік, үстімізге ақ халат және әрбір компьютердің алдында ыдысқа құйылған су және кактус тұруы мүмкін
.Кактус (Cactaceae) – қос жарнақты көп жылдық, шырын сабақты шөптесін өсімдік; әдетте, жуан, етженді, шырынды сабақтары тікенекті, түкті, қылтанақты болады. Кактустың бұта, ағаш, лиана тәріздес түрлері де кездеседі.
Кактустердің Американың шөлді аймақтарында, Оңтүстік және Оңтүстік Американың ылғалды жерлерінде, тропиктік Африкада және Мадагаскар аралы мен Шри-Ланкада өсетін 220 туысы, 3000-дай түрі бар. Сондай-ақ, Австралияда, Үндістанда, Жерорта теңізі жағалауындағы елдерде жерсіндірілген.
Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде үйде, немесе оранжереяда өсіріледі. Кактус сабағы шар, жұмыртқа, цилиндр, діңгек, жапырақ сияқты жалпақ пішінді, бунақталған болады, түсі жасыл. Сабағының биіктігі 2 – 5 см-ден 10 – 15 м-ге дейін жетеді. Сабағының қабығы мен өзегінде су жиналады, мысалы, кейбір ірі кактустердің сабағында 2000 л-ге дейін су болады. Олардың бір ерекшелігі – суды үнемді пайдалануында.
Техас кактустерін зерттеу нәтижесінде, үш ай қуаңшылық кезінде де көпқылтанды опунция (Opuntіa polyacantha) сабағының құрамында 81% су сақталғаны байқалды. Көпшілігінің жапырақтары болмайды (нағыз жапырақ тек – перескияда сақталған), кейбір түрлерінде біз сияқты (опунцияда), немесе қабыршақ тәрізді (рипсалисте) келеді. Гүлі дара орналасқан, алуан түске боялған. Аналығы 3, кейде көптеген жеміс жапырақтарынан тұрады. Аталығы өте көп (мысалы, карнегиде 3500-ға жетеді). Жемісі – етті, жидек тәрізді. Кактус тағам (жемісі мен шырынды сабағы), діңі – отын және құрылыс материалы ретінде пайдаланылады. Кейбір түрлерінен (лофофора, селеницереус) дәрілік препараттар жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет