Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру



бет13/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру
Дағды дегеніміз әрекеттің адам бойында орнығуы. Әрекетке ең алғаш кіріскен кезде адам олақ, басы артық көптеген қимыл-қозғалыстар жасайды. Мысалы, жоғарыда көрсеткеніміздей бала оқу - жазуға үйрене бастаған кезде қаншама қимыл-қозғалыстар жасайды. Атақты физик М.Лауэ оқу, білім жөнінде айта келіп: «Білім – бүкіл оқығандардың ұмытылып қалғанда, бойында сақталатыны, - дейді. Бұл сақталып қалатын не? Ол - әдет, сенім, бағыт, дағды және қабілет - міне нағыз білім - осылар. Дағды - деп көрсетеді психолог С.Л.Рубенштейн - саналы түрде автоматталған қимыл - әрекет түрінде көрінеді, ал сонан соң әрекеттің автоматталған тәсілі ретінде қызмет атқарады»
Қандай да болмасын дағдыға бала басқалармен қарым-қатынас жасау барысында үйренеді. Бала үлкендердің істеген әрекеттерін көріп бақылап, оған еліктейді, кейін оны өзі істей бастайды. Ал оқытуда мұғалім дағдыландыратын әрекеттерін әдейі көрсетеді, түсіндіреді, ал балалар оның орындалуын бақылайды. Осы процесс, сыртқы әрекеттің адамның бойына сіңуі, ішкі психикалыққа айналуы - интериоризация деп аталады, яғни сыртқы заттық әрекеттің ақыл-ойға, санаға өтуі. Мұндай процесті оқытуда баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыру саласын психолог П.Я.Гальперин және оның шәкірттері зерттеді. Бұл зерттеулер бойынша баланың ақыл-ой әрекетін қалыптастыруға болатыны дәлелденді. Мұнда дағды мен біліктіліктің қалыптасу ұзақтығы да, оның нәтижесі де ақыл-ой әрекетін қалыптастыру процесін ұйымдастыруға байланысты екені көрсетіледі. Ендеше мұнда да басты жауапкершілік мұғалімге жүктеледі. Ал осы ақыл-ой әрекетін ұйымдастыруға қандай талаптар қойылады? Олардың негізгілерін атап көрелік:
1) ақыл-ой әрекетін бағыттаудың толық болуы: яғни, қандай да болмасын дағдыны қалыптастырудың өзі балаларға бағыт беру, түсіндіруден басталады. Оқушы осы бағытпен өздігінен орындауға кіріседі.
2) әрекеттің материалдық түрде қалыптасу кезеңі. Оқушы көргенін орындайды, бірақ бұл әлі сыртқы, материалдық формада жазылады, (оқушының таяқша салуға кірісуі: басын қисайтып, иығын бүкірейтіп, бүкіл денесін бір жағына қисайтып, шынтағын көтеріп, саусақтарының бәрін бүгіп, бар күшін жұмсауы);
3) әрекеттің сыртқы сөйлеу ретінде көрінуі (балалар дауыстап сөйлеп отырады). Бұл кезде күрделі әрекеттер бөліп-бөліп орындалады (Мысалы, сауат ашу барысында бір әріпті жазуға үйрену үшін бірнеше элементтерді бөліп-бөліп жазып жаттығады);
4) әрекетті ішінен сөйлеп отырып орындайды. Яғни дағды мен шеберлік -ке саналы үйренеді, әрбір қимылды не үшін, не мақсатпен орындайтынын біледі. Бұл сатыда бірқатар артық қимыл-қозғалыстар жойылып, жинақталады;
5) дағды мен біліктіліктің толық қалыптасып бітуі оның басқа ситуация- ларда өздіктерінен қолдана алуларынан көрінеді.
Сауат ашу кезеңінде мұғалімдер балаларды оқу - жазу әрекетіне үйретуде осы көрсетілген «сатылы қалыптастыру» жүйесін сақтауға тиіс[13]..
1.7 Сауат ашу кезеңі және ондағы жұмыстар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет