Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


Оқу және жазу дағдысын қалыптастыру процесінің психологиялық ерекшеліктері



бет12/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Оқу және жазу дағдысын қалыптастыру процесінің психологиялық ерекшеліктері
Адамның психикалық қабілеті сезім мүшелеріне сыртқы дүниенің ықпал етуі арқылы, сезім мүшелерін жаттықтыру арқылы дамиды.
Мектепке алғаш келген бала ежелеп оқиды. Оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта - қайта бұрын оқыған әріпіне көз жүгіртіп отырады, әрбір әріпке жекелеп сөз тоқтатады, «оқу аймағы» тар болады. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың «көру, оқу аймағы» кеңейіп, ол бірте-бірте буындап оқуға, онан әрі тұтас сөзді оқуға дағдылана бастайды. Мұндай дағдыға ие болу балаға оп оңай түспейді, ол көп күш –жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен роль атқарады. Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.
Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Ендеше сөзді, сөйлемді оқығанда олардың мағынасын ұғындыруға баса көңіл бөлу қажет[8].
Сауатты адамдар жазғанда есінде тұтас сөзді ғана емес, сөйлемді ұстайды. Бірақ олар жазғанда еріктің бір толқынынан туған өзара байланыстағы, жүйелі бір қозғалысты (импульсты) іске асырады. Мысалы, бір сөз жазғанда бір импульске асады. Ал жаңа сауаттана бастаған бала бір әріпті жазу үшін оның құрамындағы элементтердің әрқайсысында (таяқша, үтір, ілмек т.б.) бір-бір импульс жұмсайды. Мұнда да көптеген ерік күшін жұмсап, үнемі тиянақты зейін қойғанда ғана ұзақ уақыт жаттығу жұмыстарының нәтижесінде барып дағды қалыптасады: саусақ дағдыланады; ерік, зейін, сананы бағыттайды. Сана жазылатын әріптің немесе сөздің, сөйлемнің мазмұнын ұстайды; сөйтіп, бірте-бірте санада тұтас сөз немесе сөйлем сақталады да, оларды жазу тұтас бір акт ретінде орындалады.
Оқу-жазу процесстерін талдаудан шығатын негізгі қорытынды:
1. Оқушы оқуға, жазуға үйрену барысында меңгеруге тиісті ең басты процесте сөйлемді сөзге, сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрастыру. Егер мұғалім талдау - жинақтауға жеткіліксіз көңіл бөлетін болса бала әрбір әріпті, дыбысты, сөзді жеке жаттайды да олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сондықтан олардың дұрыс байланыстырып оқи да алмайды, жаза да алмайды. Әрбір айтылғанды немесе жазылғанды бір-бірімен салыстырып талдап - жинақтатып, қайталаттырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін дамытуға септігі тиеді.
2. Сауат аша оқу-жазуға үйрену барысында көптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе сөзді жазу үшін нерв жүйесінен бірнеше толқын (импульс)жасалады). Осы кездегі кедергілер мен қиындықтардан баланың нәзік табиғатына нұқсан келтірмей, күш - жігерін мұқалтпай алып шығу мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты талапқа сай ұйымдастырып жүргізу үшін, мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мұғалім толық сауатты болуы керек, сонда ғана әдістемелік жағынан қажетті жұмыстарды шеберлікпен ұштастырып іске асыра алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет