Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар



бет20/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Жазуға кірісерде алғашқы күннен бастап орындалуға тиісті гигиеналық талаптар
а) дәптер партаның үстіне баланың кеудесінің қақ ортасына келетіндей болып, сәл көлбете (оңға 65) қойылады;
ә) бала басын оңға не солға, иықтарын, кеудесін алға не артқа қисайтпай, аяқтарын қатар қойып алдына түзу қарап отырады. Бұл олардың омыртқалары көкірегі дұрыс жетілу үшін қажет.
б) балалар табандарын еденге (партаның табан тақтайына) еркін басып отырады.
в) партаға көкіректі тіремеу керек. Өйткені бұл тынысты тарылтады, жаңа өсіп келе жатқан кеудені бұзады;
г) қаламды ұстағанда саусақ қаламұштан 3 см жоғары тұратындай болып және қаламның жоғарғы жақ ұшы оң иықтың ұшына дәл келетіндей жағдайда болғаны жөн.
д) жазғанда баланың көзі мен дәптер аралығындағы қашықтық 25-30 см сақталуы тиіс.
Сауат ашу кезінде жазу сабақтарында балалар әріп элементтерін немесе жекелеген әріптерді жазғанда ұзақ уақыт жазып отырмауын қадағалау керек.
Өйткені ұзақ уақыт бір - екі элементті немесе бір әріпті жаза берсе бала шаршайды да, сабаққа зейін қоюдан қалады, сондықтан 3-5 минут жазғаннан кейін қолдарына демалыс беріп, саусақты жаттықтыру сәті өткізіледі. Сонан соң құрамында үйреніп отырған дыбыс бар сөздер ойлап тауып, ойын, мысалы, қай әріпті жоғалттым ойынын ойнауға болады. Сонан соң ғана жазуға көшкені дұрыс. Жұмыс түрі өзгергенде балалар да оған зейін қоя бастайды.
Сауат ашу барысында балалар сөздер мен сөйлемдерді естерінде ұстап жазуға үйленулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының арасында ешбір айырмашылық жоқ сөздер алынады және бұл кезде әріптердің таңбасы арқылы (жазба таңбасы) берілген сөздер мен сөйлемдерді көшіріп жазу ұсынылады, ал сауат ашу аяқталғаннан кейін, баспа таңбалы әріптер жазылған мәтіндер көшіріледі. Осы жұмыстардың бәрінде де оқушылар жазуға кіріспес бұрын сөздер дыбысқа, буынға талданады.
1.8 Математика сабағында бастауыш оқушыларының білімін бағалау мен тексеру арқылы танымдық қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерін дамыту
Математиканы оқыту процесінде мұғалімнің міндеті оқушыларға толық білім бере отырып, осы білімді көрсете алатын оқушы білімін қалыптастыру. Бұл мұғалімге өте қажет, баға процесінің логикалық дұрыс түсіну арқылы бақылау тақырыптарын дұрыс талдай білу керек.
Білім бағасы — жүйелі процесс, білім ала отырып нақты байланыс деңгейін анықтайды.
Баға процесі мынадай компоненттерден түрады: оқыту мақсатын анықтау, бақылау тапсырмаларын таңдау, осы мақсаттарды тексеру жетістігі;
Оқушы әртүрлі этаптарда жетістіктермен оқу мақсатын анықтай алады. Бұл тексеру мен білімді бағалау үшін бірден-бір қажетті шарт. Кейде таңдалынған бақылау әдісі нақты мақсатты тексермейді. Сол үшін мұғалім мыналарды білуі керек: сұрақ түрлері қандай болуы керек, сұрақ түрлерін бақылай отырып оқыту мақсаты қандай болуы керек.
Оқытуда қолданылатын жауаптарға тәуелді сұрақтарды бөлуге болады:
Ұлттық сұрақтар - тапсырмалардың кең таралған түрі. Математика бойын- ша ұлттық қорытынды бақылау жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының бағдарлама материалын үлгергендігінің қорытындысы туралы ақпарат алуға ыңғайлы.
Қазіргі кезде мектеп үшін маңызды проблема дамытушылық оқыту, оқушылардың білімі мен нақты бағасын көрсететін процесс.
Білім, іскерлік және машықтарды тексеруматематиканы оқыту процесінің маңызды буындарының бірі екені белгілі. Оның мақсаты  әрбір оқушының және бүкіл сыныптың оқу материалдарын меңгеру деңгейін анықтау. Бұл оқушының да, мұғалімнің де қызметін тиімді ұйымдастырудың жолдарын көрсетеді.
Сонымен бірге, оқушылардың білімін, іскерлігі мен машықтарын тексеру білімді қайталаудың, тексерудің және жүйелеудің пәрменді құралы болып табылады. Математиканы оқыту процесінде білім тексеру әр алуан есептерді шығарумен, модельдер жасау, экскурсия кезінде алынған мәліметтер бойынша есептер құрастырумен жиі ұштастырылып отырады, мұның өзі оқушыларға белгілі бір іскерлік пен машықтың қалыптасуына көмектеседі, оларды ойлауға, ауызша және жазбаша сөйлеуге, өзін-өзі тәрбиелеуге, еңбек тәртібін ретке келтіруге әдеттендіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет