Дипломдық ЖҰмыс 5В010200- бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі мамандығы Шымкент, 2021 ф-19-01/02


Дыбыспен таныстыру сабағының үлгісі



бет18/31
Дата22.10.2022
өлшемі294,25 Kb.
#154515
түріДиплом
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
Дипломды Ж мыс 5В010200- бастауышта о ыту педагогикасы мен діс

Дыбыспен таныстыру сабағының үлгісі
Көрнекі құрал: аттың, алманың, ағаштың суреті және «әліппедегі» суреттер.
Сабақтың барысы: оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін, балаларға көздерін жұмып, аз уақыт не естілетініне құлақ салып отыру тапсырылады. Балалар машинаның дүрілі, біреудің дауысы тағы басқа дыбыстар естігенін айтады. Біздің сөйлейтін сөздеріміз де осы сияқты дыбыстардан құралатыны түсіндіріліп, Ажар, апа, асыл, т.б. сөздер мысалға келтіріледі, буынға бөлінеді (а - жар, а - па, а - сыл). Бұл сөздердің басында қандай дыбыс естілетінін айтады. – Осы дыбысты барлығың айтып көріңдерші. Әлия, сен де, Асқар, сен де - барлығымыз айтайық.
Суреттерді қарау және олардың атын атау; атауларды буынға бөлу. Ішінде а дыбысы бар сөздер ойлату. А дыбысының таңбасымен таныстыру. Кеспе - әліппеден а әрібін алып, оның екі тік сызықтан және бір көлденең сызықтан құралғанын ажыратып, қосып көрсету.
А әрібінің кіші таңбасымен таныстыру. Оны да талдау (сопақшалау келген дөңгелекпен имек таяқшадан тұрады). Әріп кассасынан бұл таңбаны табады.
Осы өткен сабақта балалардың өздері атын айтып буынға бөлген еді; бүгін сол сөздерді тағы қайталайық, - деп – мұғалім оқушылар айтқан сөздерді талдау арқылы оның құрамында а дыбысының бар жоғына көңіл аудартады.
Үйге құрамында а дыбысы бар үш-төрт сөз ойлап келу тапсырылады.
Бұл – сауат ашудың басты, негізгі кезеңі. Әліппе кезеңінде дыбыстар оқушыларға алфавит ретімен үйретілмейді, алғашқы кезде балаға естілуі, айтылуы ең оңай дауысты және дауыссыз дыбыстар үйретіледі. Әр дыбыстың тұсындағы суретке байланысты әңгіме өткізіледі.
Қазақ мектептері үшін әліппе жасаушы авторлар мен сауат ашу жұмысын зерттеушілер әліппе кезеңін төртке бөледі.
Бірінші кезеңде жуан дауысты дыбыстар мен созылымды дауыссыздар және олардың таңбалары таныстырылады. Грамматикадан: сөйлеу, сөйлем, сөз, буын, дыбыс практикалық жолмен ұғындырылады.
Жалпы мектептегі мұғалімдер мен әдістемеші ғалымдар жазу оқудан кейін қалмауға тиіс екенін, яғни балалар сауат ашу барысында дыбыстарды оқып, олардың таңбаларын танып қана қоймай, әріптерді де жазып үйренулері қажет екенін көрсетеді.
Ендеше алғашқы кезеңнен бастап-ақ оқушылар үлкен және кіші әріптерді бірден жазып үйренеді. Екі дыбысты сөздерді оқи біледі, сондай-ақ көшіріп те, жатқа да жазып үйренеді.
Оқуда да, жазуда да сөзді буынға, буынды дыбысқа бөлу сияқты, талдау –жинақтау әдісі, сонымен қатар үдету амалдарымен (ат, ат - а, ата т.б.) жасалған сөздерді және бір ғана әрпі немесе дыбысы өзгеше өздерді (ана, ара т.б.) оқу-жазу әдістері кең қолданылады.
-Екінші кезеңде негізінен қысаң дауыстылардың жуаны және қалған сонар, ұяң, қатаң дауыссыздар таныстырылады. Бұл кезеңдегі дыбыстармен танысу жолдары да бірінші кезеңдегідей әдістер арқылы өтеді. Мұндағы айырмашы- лық, ұқсас дыбыстар салыстырыла оқытылады. Танылатын әріп санының көбейе түсуіне байланысты бұл кезеңнің жазу материалында қысқа – қысқа сөйлемдер кездеседі.
Үшінші кезеңде жіңішке дауысты дыбыстармен к, г, п, б, ж, з, ң сияқты дауыссыздар танытылады. Бұл кезеңде оқушыларға үйретілетін буын саны да арта түседі.
Әліппені оқытудың 4-ші кезеңінде тілімізде сирек кездесетін һ сияқты дыбыстар мен олардың таңбалары таныстырылады. Сонымен қатар бұл кезеңнің мақсаты орыс алфавитінен қосылған әріптерді және олардың дыбыстарын саналы түрде таныту.
Жазу жұмыстары, сондай –ақ басқа жұмыс түрлері де алдыңғы, дайындық кезеңіндегі сияқты болып келеді.
Әліппе кезеңінде қолданылатын негізгі құрал әліппе және әліппе серігімен қатар – кеспе әліппе. Кеспе әліппеден балалар сөз құрастырады, сөздерді буынға, дыбысқа талдайды, құрастырған сөздерін оқып жаттығады. Балалар оқыған немесе жазған сөздерінің мағынасы талданады:
Балалар әліппені өтудің бірінші кезеңінде алдын ала буынға, дыбысқа талдап, кеспе әліппеден құрастырған сөздерін оқитын болса, екінші кезеңде үдету амалымен жасалған сөздерді және бір дыбысы өзгеше сөздерді оқиды. Бір дыбысты өзгеше сөздермен үдету амалы арқылы жасалған сөздерді оқыту жұмысы кеспе әліппені пайдалану жұмысымен байланыстырыла жүргізілгенде ғана тиімді және нәтижелі болып шығады.
3-ші кезеңде оқушылардың оқу техникасы мен жазу дағдысын жетілдіре түсу мақсатында әліппе кітабының соңғы жағындағы материалдар пайдаланы- лады. Бұл сабақтардың мақсаты оқушылардың әліппеден алған білімін бекіту ғана емес, сонымен қатар балаларды оқу кітабымен, грамматикадағы материалдарды үйренуге дайындау болғандықтан, әліппе кезеңіндегі сабақтардан гөрі әліппеден кейінгі кезеңдегі сабақтар едәуір ерекшеленеді.
Әліппеден кейінгі кезеңде балалар көлемі шағын қарапайым қысқа - қысқа сөйлемдерден құрылған мәтіндер оқиды. Кеспе әліппе мен жұмыс бұл кезеңде де тоқтатылмайды. Әріптерден сөздер мен буындарды құрап жаттығу және оларды оқу жұмысы әліппеден кейінгі кезеңде де ұштастырыла қатар жүргізіліп отырылады. Жазуға берілетін мәтіндердегі сөздердің айтылуы мен жазылуы бірдей, бір біріне сай болуы әліппеден кейінгі кезеңде де қатты қадағаланады. Балалар бұрын оқылған, талданған сөйлемдерден мұғалімнің айтуы бойынша жатқа жаза алады. Аяқталмаған сөйлемдерді өздері аяқтай алады. Сөйлемдердегі қалдырылып кеткен сөздерді өздері тауып қосу немесе сөйлемді аяқтау жұмыстары, әрине оқушылар бұрыннан оқып талдап, танысқан сөйлемдері бойынша жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет