№37 жалпы орта білім беретін мектебі
Чч дыбысы мен әрпі
(ашық сабақ)
Сынып жетекшісі: Хамбетова А.Т
2015-2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Ч ч дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға ч дыбысының сөйлеу тілінде айтылуын, ч дыбысы кездесетін сөздерді оқи алу, жаза білуін, сөздік қорларына жаңа дыбысты сөздерді енгізу.
Сабақтың міндеттері:
а) білімділік: ч дыбысы мен әрпін меңгерту, сөз ішінде ч дыбысының орналасуын білу, сөзді буынға дұрыс бөлу, дыбыстық талдау жасау;
ә) тәрбиелік: оқушыларға патриоттық тәрбие беру, отанын, туған жерін сүюге тәрбиелеу;
б) дамытушылық: ақыл-ойын, таным белсенділігін арттыру, шығармашылығын дамыту.
Сабақтың түрі: жаңа материалды түсіндіру сабағы.
Сабақтың әдістері: дамыта оқыту технологиясының әдіс-тәсілдері.
Сабақтың көрнекілігі: проектор, слайд-шоу, дүкен көрмесі ( чупа-чупс кәмпиттері, чипсы, чак-чак тағамы, чебуреки тағамы, т.б.), чемпиондардың суреттері.
Сабақтың барысы:
І. Алғашқы ұйымдастыру кезеңі.
А) Жұмысқа қажетті қалыпты сыртқы жағдайларды қамтамасыз ету;
Ә) Психологиялық дайындық.
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанамыз бәріміз,
Арайлап атқан күнге!
ІІ. Өткенді қайталау.
Достарыңызбен бөлісу: |